Ф 11-18 Жошыбаева Д. А



бет6/45
Дата16.02.2023
өлшемі1,49 Mb.
#169075
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
Эссе Кәсіпорын
Қаржы құқыгы — бұл қоғам дамуының тиісті кезеңіндегі мемлекеттің міндеттерін жүзеге асыру үшін қажетті ақша қорла-рын жасау, бөлу жөне пайдалану процесінде пайда болатын қаржы қатынастарын реттейтін заң нормаларының жиынтығы. Ол біртекті қаржы қатынастарына жататын жеке бағыттар бойынша: бюджет қүқығына, салық қүқығына, шаруашылық қүқығына межеленіп айырылады; қаржының кең үғыныс түрғысыңда жалпы ақша қаты-настары ретінде баян етілуіне байланысты қаржы қүқыгына соны-мен бірге валюта жоне сақтық заңнамасын, банк қүқыгын, мемлекеттік кредитті, ақша айналысын қүқықтық реттеу сияқты бөлімдерді де қосады.
Қаржы қүқығында қаржы-қүқықтық нормалар — қүқықтың негізгі бастапқы элементтері, яғни мемлекет белгілеген жөне қар-жы қатынастарындағы мемлекеттік мөжбүрлеу (күштеу) шарала-рымен қамтамасыз етілген қылықтың қатаң белгілі бір ережесі пайдаланылады. Сөйтіп, қаржы-қүқықтық нормалардың импера-тивтік (әмірлік, бүйрықтық) сипаты боладьь Қағида бойынша, олардың үзілді-кесілді нысанда көрінетін талаптары болады және оларды беталды өзгерте беруге жол берілмейді, қаржы қатынаста-ры қатысушыларының қүқықтары мен міндеттерінің ауқымын дәл анықтайды. Қаржы-қүқықтық нормалар міндеттеушілік, тыйым салушылық жоне уокілеттілік (яғни белгілі бір іс-қимылдарды жа-сауға бағытталған қаржы қатынастары қатысушыларының бекітуші қүқықтары) болып бөлінеді. Сөйтіп, базистік болып табылатын қаржы қатынастары қар-жы-қүқықтық нормаларды пайдаланған кезде қаржының қүқықтық қатынастарына жаңғырады (5.1 сызбаны қараңыз). Олардың қаты-сушылары субъективті заңи қүқықтар мен міндеттіліктер арқылы озара байланыста болады, ал байланыстар (қатынастар) мемлекеттің мәжбүрлеуші күшімен қорғалады. Нормативтік-қүқықтық қаты-настардан тыс қаржылық қызмет орындалмайды. Жүзеге асуы мемлекеттің мәжбүрлеуші күшімен кепілдендірілген тек өзара бай ланысты заңи қүқықтар мен міндеттіліктер кезінде болжанған кірістерді мемлекеттің алуы, оларды белгіленген мақсаттар бойын-ша бөлу жөне пайдалану мемлекеттік қамтамасыз етілуі мүмкін. Бұл орайда мемлекеттік органдарға бшіік өкілеттіктері үлестіріліп берілген, қаржы қүқықтық қатынастарының басқа қатысушыла-рының — кәсіпорындардың, үйымдардың, мекемелердің және аза-маттардың орыңдауы үшін міндетті нүсқамалар шығаруға олардың қүқы бар.
Мемлекеттік-өкіметтік мәжбүрлеудің, яғни билік оргаңдары-ның субъективті іс-әреттердің нысандары мен өдістерінің көмегімен объективті қаржы қүқықтық қатынастарын шаруашылық жүргізудің нақтылы нөтижелеріне жаңғырту қоғамның қаржылық тіршілігін реттеудің қүқықтық механизмі ретінде, ал сан алуан қаржы-қүқықтық нормалар мен кесімдер оның түтқалары ретіңде корінеді. Сойтіп қаржы жөне қүқықтық нысаңцар мен өдістердің экономи-калық процестерге қаржы-құқықтық ықпал етудің бірыңгай механизміне қосылуы болады.
Қаржы қатынастарының бір қатысушыларына мемлекет тарапынан болатын тиісті окілеттіктер үлестіріліп берілген басқа қатысушылар тарапының мемлекеттік-өкіметтік нүсқамалары, сондай-ақ үсыныстары, келісулері қаржы-қүқықтық реттеудің одістері болып табылады. Қаржылық міндеттемелердің орын-далуы кебінесе азаматтар мен лауазымды адамдардың занды созсіз орындауына және саналылығына негізделген сенім әдісімен қамтамасыз етіледі. Қаржылық міңдеттемелерді орындамаган ша-руашылық органдары мен азаматтарға мәжбүрлеу әдісі қолда-нылады: бюджетке уақытында түспеген телемдерді даусыз өндіріп алу және қаржы санкциялары.
Санкциялар қаржы-қүқықтық нормаларды бүзушыларға қол-данылатын жауапкершілік шараларды білдіреді. Олардың ақшалай сипаты бар және оларда ақша қорлары мен қаражаттары арқылы нормаларды бүзушыларға можбүрлеуші ықпал жасаудың шаралары болады. Санкцияларға өсімдер, айыппүлдар, түрақсыздық айыбы (төлемі), қаржыландыру мен несиелендірудің тоқтатылуы, несие-лендірудің шарттарын қатайту, ресурстарды артық жүмсаганы үшін жогарылатылган тарифтер және т.т. жатады.
Басқа жағынан қаржы қатынастарының субъектілеріне олар-дың қүқықтарын әкімшілік сот тәртібімен немесе мемлекеттің би-леп-тостеуші органдарының — окілдікті органдары мен жергілікті әкімшіліктердің қызметі процесінде қорғау мүмкіндігіне кепіл бо-лады; олар оздерінің бақылауыңдағы қүрылымдар актілерінің заңға сәйкес келмеген жағдайда бүза алады.
5.Қаржылқ бақылауды ұйымдастыру
Бақылау - қаржы жоспарының орындалуын, барлық шаруашылық деңгейде ақшалай қорларды қалыптастыру мен пайдалану процесстерін қадағалап отыру. Қаржы бақылауы жалпы қоғамдық өнімнің ақшалай қаражат қорлары мен олардың белгілі мақсаттарға жұмсалуына сәйкес құндық бөлінісінің негіздемесін тексеруге бағытталған ерекше қызмет болып табылады. Бақылау латын сөзінен аударғанда «Контро - рутлус» деген сөзден шыққан, қарама-қарсы қою деген мағынаны білдіреді.
Қаржы бақлауының ерекшелігі ол ақшалай формада жүзеге асырылады. Оның тікелей объектісі табыстар мен жинақтардың қалыптасу процесі, ақшалай қорлардың қалыптасуы мен қолданылуы жатады.
Бірақ қаржы бақылаудың қозғалысы - қаржы басқа да құндық категориялармен тығыз байланысты (табыс, өндірістік қорлар, күрделі салымдар, еңбек ақы, өнімнің өзіндік құны) болғандықтан, өте кең ақшалай қатынастарға таралады.
Қаржы бақылауы мекемелер мен ұйымдардың бюджеттік бөліністі дұрыс қолдануын, олардың қызметінің барлық жақтарынан бекітілген қаражаттарды жұмсау нормативтерінің сақталуын бақылайды.
Қаржы бақылауының қозғалыс саласы басқа бақылау түрлерімен де сәйкес келуі мүмкін: әкімшілік әлеуметтік, техникалық қаржы тәртібі мемлекеттің ақшалай қорлардың кәсіпорындар мен ұйымдардың, оның қалыптасуы, бөлінуі, қолдану тәртібімен белгіленген нормативтерді нақты сақтауы.
2.Қаржы бақылауын жіктеу - субъектілер бақылау қозғалысының өткізу уақыты, бақылаудың өткзілу тәртібі, тәсілі белгілеріне байланысты болады. Осы белгілеріне сәйкес қаржы бақылау 3 бағытқа бөлінеді: түрлері, формалары, жүзеге асыру әдістері бойынша.

Субъектілерге байланысты қаржы бақылауы келесі түрлерге бөлінеді:




Өткізу уақытына байланысты қаржы бақылауының үш түрі бар:


а) қайта бақылау
б) ағымды бақылау
в) келесі бақылау
Қайта бақылау - ақшалай қорлардың қалыптасу, бөлінуі және қолданылуы туралы операциялар жасалғанға дейн өткізіледі. Сондықтан да бұл қаржы тәртібін бұзғандықтан ескерту үшін маңызды. Бұл жағдайда орындау мен бекітуге жататын құжаттар, бюджет жобасы, қаржы жоспары мен сметасы, несиелік және кассалық тапсырыстар тексеріледі.
Ағымды бақылау. Ақшалай операцияның жасалу процесіндегі бақылау (мемлекет алдындағы қаржылық міндеттерінің орындалуы мен алу және қолдануды жұмсау).
Келесі бақылау. Қаржы операциясы жасалғаннан кейін өткізілетін бақылау.
3. Аудиторлық бақылау - бұл тәуелсіз аудиторлық фирмамен кәсіпорын, компания, банк иесінің арасында жасалатын келісім-шарт негізінде қаржы шаруашылық қызметтің жағдайын тексеру. Аудиторлық фирмалар өз қызметін жүзеге асыруда кез келген кәсіпорын немесе үшінші жақтың тексеруімен қорытынды беруге заң және нормативтік акті талаптарына сәйкес өткізуі керек.
Аудит келесі тәртіптегі кезеңдерде өткізіледі:
- жоспарлау
- аудит объектісі туралы ақпарат алу және оны бағалау
- аудит процедурасын жасау және бағдарламасын дайындау.
- Тексеру және бақылау жүйесінің тесті
- Аудит процедурасын өткізу
- Аудиторлық қорытынды жасау.
Аудиторлық қызмет нәтижесі қорытындсы - бұл құқықтық мәні бар ресми құжат. Аудиторлармен сенімделген және бухгалтерлік есеп беру, шаруашылық субъектінің балансы және басқа құжаттардың ұсынған бухгалтерлік есеп жүргізу мен есеп беруді құру талаптарына сәйкес жасалғаны туралы толық ақпарат мазмұны бар құжат болып саналады.
Қорытынды тексерілген объектінің қаржылық жағдайы турлы бекітілген заң тәртібіне сәйкес оның қызметі туралы есебі мен табыс пен зияндар шоттар балансымен бірге жарияланады. Аудиторлық фирмалар бір мезетте кеңес беру қызметін де орындауы мүмкін.
4. Қаржы бақылауы әр түрлі әдістермен өткізіледі және оларды жүзеге асыру тәсілдері, жолдар, құралдары деп түсіну керек. Нақты әдісті қолдану бірқатар факторларға байланысты қаржы бақылауының келесі әдістері қолданылады:
- ревизиялар, тексеру (құжаттарды, есеп беру мен есепке алу жағдайын, шаттық тексеруін, т.б.), тексеріс, қаржы жоспарының жобаларын қарау, тапсырыстарды, қаржы-шаруашылық қызметі туралы есептерді, баяндамаларды тыңдау, міндетті қызметтер ақпараты және т.б. Қаржы бақылауының неізгі әдісі - ревизия (латын тілінен аударғанда, қайта қарау деген мағынаны білдіреді). Бұл өткен бір белгілі мерзім бойынша кәсіпорынның, мекеменің, ұйымдардың қаржы - шаруашылық қызметін толық тексеру. Ревизияны әртүрлі органдар өткізеді. Жоспар бойынша немесе жоғары тұрған басқару органының нұсқаулары бойынша жүргізіледі.
Тексеру объектісі бойынша ревизияның келесі түрлері бар:
- құжатты
- нақты
- толық (біртұтас)
- таңдаулы (бөліктер бойынша)
Олар ұйымдастыру белгісі бойынша жоспарлы немесе жоспардан тыс (арыз, өтініштер түскен кезде ), және кешенді болып бөлінеді.
Құжатты ревизияны өткізуде құжаттар тексереді. Әсіресе бастапқы ақшалай құжаттар (шоттар, төлем ведомстволары, ордер, чектер, бағалы қағаздар) қаралады, есептер мен сметалардан бөлек қарастырылады.
Нақты ревиязия тек қана құжатты ғана тексеріп қоймай, ақша санын, материалдық құндылықтарды да тексереді.
Толық ревизия кәсіпорын, ұйым, мекеменің белгілі мерзімдегі барлық қызметін толық тексеру.
Таңдаулы ревизияда бақылау қаржы-шаруашылық қызметтің кейбір бөліктеріне ғана бағытталады.
Тақырыптық ревизия бұл бірнеше біртектес кәсіпорындар мен мекемелерде, министрліктер мен ведомстволарда қаржы-шаруашылық қызметтің кейбір сұрақтары бойынша өткізіледі.
Ревизия тәсілдері: материалдық құндылықтарды түгендеу (инвентаризациясы), кассадағы нақты, ақша - қаражаттарын тексеру, тексерілетін объекті қызметінің жоспарлы, нормативті, есепті көрсеткіштерін салыстыру, құжатты және қарсы тексеру. Аталған тәсілдер қойылған ревизия мақсатына байланысты қолданылады. Ревизия өткізу үшін бағдарлама жасайды және онда ревизияның мақсат және объектісі, тексеруге жататын тақырыбы мен негізгі сұрақтары көрсетіледі. Ревизияны нәтижелері актімен толтырылады және ревизия тобының басшысымен, тексерілетін ұйым басшысымен және оның бас бухгалтері соңына қол қояды. Басқарушы өз ескертулері мен өтінішін тексеруші объектінің жазбаша түрде қол қояды. Ревизия актісінің негізінде қаржы тәртібін бұзу нықтылап, оны ретке келтіру іс-шаралары өткізіледі. Қаржы бақылауын жүргізуші негізгі органдарға мыналар жатады:
1. салық инспекциясы мен полициялары;
2. қаржы басқармалары;
3. қаржы бақылау органдары;
4. қаржы министрлігі;
5. Ұлттық банк, т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет