Федеративтік мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан түрады:
мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет немесе ор-талық мемлекеттің бюджеті;
федерация мүшелерінің бюджеттері (АҚШ-та — штаттардың, ГФР-да—жерлердің (ландтардың), Канадада — провинциялар-дың, Ресейде — федерация субъектілерінің бюджеттері); жергілікті бюджеттер.
Унитарлың (біркелкі) мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі қолданьшады: орталық (ресггубликалық) бюджет жөне толып жат-қан жергілікті бюджеттер. Екі жағдайда да бюджеттердің оқшаула-ну мен дербестігінің түрлі дәрежесі болуы мүмкін, бірақ, әдетгегідей, әлеуметтік-экономикалық процестерді басқаруды орталықтанды-ру деңгейіне байланысты төменгі бюджеттерге қатынасы бойынша белгілі бір реттеуші рөл орталық бюджетте сақталады.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюджет қүрлы-мының унитарлық типімен анықталады, өйткені Қазақстан — федералдық емес, басқарудың Президенттік нысаны және сай-ланатын Парламенті бар унитарлық мемлекет.
Қазақстан Республикасында жиынтығында мемлекеттік бюджетті қүрайтын бекітілетін, атқарылатын және дербес болып табылатын мынадай бюджеттер жүмыс істейді (14.2 сызбаны қара-ңыз);
республикалық бюджет;
облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, ас-тананың бюджеті;
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті.
Қазақстанда төтенше немесе соғыс жағдайында төтенше мемлекеттік бюджеттің әзірленуі, бектілуі және атқарылуы мүмкін.
1991 жылы Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі түбірлі өзгерістерге үшырады. Бүған дейін Қазақстанның мемлекетік бюджеті, басқа одақтас республикалардың мемлекеттік бюджеттері сияқты, КСРО-ның мемлекеттік бюджетіне кірді, онда ел аумағының барлық бюджеттері, соның ішінде ауылдық және поселкалық бюджеттер де қамтьшып көрсетілді. Ол одақтық бюд-жеттен, 15 одақтас республиканың мемлекеттік бюджеттерінен және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бюджетінен түрды. Одақтық бюджетке 1970-1990 жж. мемлекеттік бюджет ресурс-тарының жалпы ауқымының 52-50% тиді, оның 35% республи-калардың республикалық бюджеттерінің және 15% жергілікті бюджеттердің қарамағында бодды.
Бюджет кодексіне сәйкес, мемлекеттік бюджет-араларын-дағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда, республи-калық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін, талдамалық ақпа-рат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет.
Мемлекеттік (республикалық) және жергілікті (муниципал-дық) бюджеттер кез-келген басқа мемлекеттердегідей Қазақстан Республикасы қаржы жуйесінің орталық буыны болып табьша-ды. Бюджет—мемлекеттің қажетті атрибуты және оның егемендігінің негізі. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және муниципалдық қүрьшымдарының ақша қорлары құрылады, бұл қорлар олардың жалпы маңызды міндеттерін орындауды қамта-масыз етеді, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын жүзеге асырудың қаржылық негізін жасайды. Бюджеттерде мемлекеттің қаржы ресурстарының аса ірі бөлігі шоғырландырылады. Бюджетте қаржы ресурстарын шо-ғырлавдыру мемлекеттің қаржы саясатын ойдағьщай жүзеге асыру үшін қажет.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің басты бөлігі республикалық бюджетте шоғырланған.
Республикалық бюджет — бұл салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және орталық мемлекеттік органдардың, оларға ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамта-масыз етуге және мемлекеттік саясаттың жалпыреспубликалық бағыттарын жүзеге асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Жергілікті бюджет (әкіміиілік-аймақтық бірліктердің бюджеттері)—облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала-ның, астананың бюджеті, аудандардың (облыстың маңызы бар қаланың) бюджеті.
Бюджет кодексімен айқындалған салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және облыстық деңгейдегі жергілікті мемлекеттік органдардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, оларға ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қар-жымен қамтамасыз етуге және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырыл-ған ақша қоры облыс бюджеті, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті болып табылады.
Бюджет заңнамасымен айқындалған салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырьшатын және ауданның (об-лыстық маңызы бар қаланың) жергілікті мемлекеттік органда-рының, оларға ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамта-масыз етуге және тиісті аудандағы (облыстық маңызы бар қала-дағы) мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтан-дырьшған ақша қоры аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті болып табылады.
Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен, жергілікті бюджеттер мәс-лихаттардың шешімдерімен бекітіледі.