Ф 11-18 Жошыбаева Д. А



бет15/45
Дата16.02.2023
өлшемі1,49 Mb.
#169075
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   45
Төтенше мемлекеттік бюджет республикалық және Қазақ-стан Республикасындағы төтенше немесе соғыс жағдайларында енгізіледі.
Төтенше мемлекеттік бюджетті бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және ол Қазақстан Республикасының заңцарында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітіледі.
Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төтенше немесе соғыс жағдайын енгізу және оның күшін жою туралы Президенттің Жарлығы төтенше мемлекеттік бюджетті енгізуге және оның қолданылуын тоқтатуға негіз болып та-былады.
Төтенше мемлекеттік бюджеттің қабылданғаны туралы Қазақ-стан Республикасының Парламенті дереу хабардар етіледі.
Төтенше мемлекеттік бюджеттің қолданылу уақытына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның және тиісті қаржы жылына арналған барлық деңгейлердің жергілікті бюджеттері туралы мәслихаттар шешімдерінің қолда-нылуы тоқтатыла түрады.
Төтенше мемлекеттік бюджет төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген мерзім ішінде қолданыста болады.
Төтенше мемлекеттік бюджеттің қолданьшуы тоқтатылған-нан бастап республикалық және жергілікті бюджеттердің атқа-рылуы тиісті қаржы жьшына арналған республикалық бюджет туралы заңға және тиісті қаржы жылына арналған барлық деңгейлердің жергілікті бюджеттері туралы мәслихаттардың шешімдеріне сәйкес жүзеге асырьшады.
Қазақстан Республикасының жекелеген жерлерінде төтенше жағдай енгізілген ретте төтенше мемлекеттік бюджет енгізілмейді.
Қазақстан Республикасының бірнеше аймақтарының аумақ-тарында бір мезгідде төтенше жағдай енгізуге төтенше жағдай-дың зардабы ұлттық мүдделерге жөне республиканың экономи-калық қауіпсіздігіне нақты қатер төндіруі мүмкін болатын ретте ғана төтенше мемлекеттік бюджет енгізуге негіз бола алады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры оқулықтың 16 та-рауында қаралған.
Бюджет жүйесінің жүмыс істеуі бюджеттердің өр түрлі деңгейлерінің өзара байланысына негізделеді және оларды жос-парлау, әзірлеу, қарау, бекіту, атқару, бақылау тәртібімен, сон-дай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есеппен қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі мемлекеттік * бюджет жүйесіне кіретін барлық бюджеттердің бірлігі, дербестігі, толықтығы, реалистігі, дәйектілігі, жариялылығы және т.б. қағидаттарына негізделеді.
Бюджеттің бірлігі қагидаты бюджет жүйесін ұйымдық-эко-номикалық орталықтандырудың дәрежесін білдіреді. Бірлік қағидаты КСРО-ның бюджет жүйесінде неғүрлым толық көрінді. Қазіргі кезде биліктің жергілікті органдарының дербестік алуы-мен және оларға қаржы ресурстарын иелену жөніндегі қүқықтар-дың берілуімен байланысты бұл қағидат біршама әлсіреді. Бюд-жет жүйесінің бірлігі бірыңғай қаржы саясатын қамтамасыз етуге бағытталған және ең алдымен Қазақстан Республикасы егеменді мемлекетінің жалпы экономикалық және саяси негізін тірек етеді. Ол реттеуші кіріс көздерін пайдалану арқьшы барлық деңгейдегі бюджеттердің өзара іс-қимылына, төменгі деңгей бюджеттерінің теңгерімділігі үшін оларды қаржылық қодцауға, сондай-ақ ішінара қайта бөлудің мақсатты және аумақтық бюджет қорларын жа-сауға да негізделген.
Бюджеттердің бірлігі бірыңғай бюджет заңнамасын қолда-нумен, соның ішінде Үкімет бекіткен бірыңғай бюджеттік сы-ныптамасын, бюджет процесін жүзеге асырудың бюджет рәсімдерін пайдаланумен қамтамасыз етіледі. Бюджет жүйесінің бірлігі салық саясатын қоса бірыңғай әлеуметтік-экономикалық саясат арқылы іске асырылады.
Алайда бюджеттердің бірлігі бюджет жүйесін қүрудың ма-ңызды қағидаты болып отырған оның жеке буындарының дербестігін жоққа шығармайды. Бюджеттердің дербестігі қаеида-ты түрлі деңгейдегі бюджеттердің арасындағы түсімдерді түрақты бөлуді белгілейді жөне оларды жүмсаудың бағыттарын анықтайды.
Биліктің өрбір органы өз бюджетін жасайды, бекітеді және оны атқарады. Бюджеттердің жеке түрлерінің арасындағы кіріс көздері мен шығыстарды бөлуді шектейтін айқын қүқықтар белгіленген. Жергілікті бюджеттердің атқарылуы барысында қосымша алынған кірістерді, жергілікті бюджеттер қаражатта-рының бос қалдықтарын жоғарғы бюджетке алып қоюға, тиісті өтемсіз жергілікті бюджеттерге қосымша шығыстарды жүктеуге жол берілмейді. Сонымен бірге бюджеттердің барлық түрлерінің шығыстары осы аумақтың (аймақтың) әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерімен жөне биліктің тиісті органдарының нақты функцияларымен, қүзырымен анықталады. Бюджет қаражатта-рын пайдалана отырып, өзара талаптарды есепке алу сияқты бюджет қаражаттары бойынша талаптардан да шегінуге жол берілмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет