Ф 11-18 Жошыбаева Д. А



бет17/45
Дата16.02.2023
өлшемі1,49 Mb.
#169075
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   45
Бюджет тусімдерінің сыныптамасы бюджет заңнамасына негізделген барлық деңгейлер бюджеттерінің түсімдерін белгілі бір сыныптамалар бойынша топтастыру болып табылады. Бюджет түсімдері сыныптамасының топтамасы санаттан, сыныптан, ішкі сыныптан және ерекшеліктен түрады. Санаттар түсімдерді экономикалық белгілері бойынша топтастыру болып табылады. Сыныптар мен ішкі сыныптар түсімдерді оллардың көздері мен түрлері бойынша топтастырады. Ерекшелік бюджетке төленетің төлем немесе түсім түрін айқындайды.
Бюджет шыгыстарының функциялық сыныптамасы барлық деңгейлер бюджетінің шығыстарын топтастыру болып табылады, ол мемлекет функцияларының орындалуын, республикада мемлекеттік саясаттың жүзеге асырьшуын қамтып көрсететін функциялық және ведомстволық белгілер бойынша бюджет қаражаттарының жұмсалу бағыттарын анықтайды.
Бюджет шығыстарын функциялық сыныптауды топтастыру мынадай деңгейлерден түрады: функциялық топтар, функциялық кіші топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, бюджеттік бағдарламалар және ішкі бағдарламалар.
Функциялық топ — салалық белгілері мен функциялық бағыты бойынша бюджет шығыстарын біріктіру. Функциялық ішкі топ —функциялық топ ішінде бюджет қаражаттарын жүмсаудың ба-ғыттарын нақтылайды.
Бюджет шығыстарының функциялық сыныптамасының негізінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін, функциялық топ-тар мен бюджеттік бағдарламаларды (ішкі бағдарламаларды) топ-тастыру арқылы жасалатын бюджет шығыстарының ведомстволық сыныптамасы қалыптастырылуы мүмкін.
Мемлекеттік басқарудың функциялары мен мемлекеттік са-ясатты жүзеге асыру жөніңцегі бюджеттің шығыстары бюджеттік багдарлама деп аталады. Оның мақсаты бюджеттік бағдарламаны орындау кезінде қол жеткізуге тиіс белгілі бір түпкілікті нәтиже болып табылады.
Экономикалық нотижелерге қарай бюджеттік бағдарламалар былайша ажыратылады:
агымдагы бюджеттік багдарламалар, олар түрақты сипаты бар немесе дамудың бюджеттік бағдарламаларына жатпайтын біржолғы шаралар өткізуді көздейтін заңнамалық актілерге сәйкес мемлекеттік басқарудың функциялары мен мемлекет міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуге бағытталады;
дамудың бюджеттік баедарламалары, олар бюджеттік инвес-тицияларды жүзеге асыруға бағытталады.
Белгілі бір функцияларды атқаратын мемлекеттік басқару деңгейіне қарай бюджеттік бағдарламалар республикалық бюджетте бектілетін республикалық жоне жергілікті бюджеттік багдарла-маларга бөлінеді.
Жузеге асыру тосіліне қарай бюджеттік бағдарламалар бір әкімші жүзеге асыратын жеке-дара бюджеттік багдарламалар және бюджеттік бағдарламалардың бір әкімшісі бойынша бюджетте бекітілетін және бюджеттік бағдарламалардың түрлі әкімшілері арасында қаржы жылы ішінде бөлінетін бюджеттік багдарламалар болып бөлінеді.
Бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау үш стадияда — бюджеттің жобасын әзірлеу кезінде, бюджетті атқару кезінде және бюджеттің атқарылуын бақылау кезінде жүзеге асырыла-
ды.
Жоғарғы және төменгі бюджеттердің бюджет процесіндегі қатынастары бюджетаралық қатынастар болып табылады.
Нарықтық экономика жағдайында бюджет процесінде жоғарғы және төменгі бюджет арасындағы бюджетаралық қатынастар жөне кірістер мен шығыстарды бюджеттер деңгейлері арасында бөлу аса маңызды проблемалардың бірі болып отыр.
Бюджет кодексіне сәйкес бюджет процесінде облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің басқа осындай бюджеттермен, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің бір-бірімен өзара қарым-қатынастарына жол берілмейді.
Бюджетаралық қатынастар мемлекеттік басқарудың деңгейлері арасында функциялар мен өкілеттікгердің ара жігін дәлме-дөл ажыратуға, бюджеттер деңгейлерінің арасында түсімдер мен шығыстарды бірыңғай болуге, сондайақ бюджетаралық қатынастарды айқындау өдістерінің біртүтастығы мен ашықтығына негізделген. Үкімет пен орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың жергілікті атқарушы органдарының тиісінше облыстардың, рес-публикалық маңызы бар қалалардың, астананың және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджет процесіне ара-ласуына жол берілмейді.
Шығыстардың өкілеттіктерін немесе түсімдердің жекелеген түрлерін бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне беру бюджет кодексіне өзгертулер енгізгенде ғана жүзеге асырьшады.
Бюджетаралық қатынастар мынадай қағидаттарға негізделеді:
1) облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің республикалық бюджетпен өзара қатынастарда, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің жоғар-ғы облыстық бюджетпен өзара қатынастарда тендігі;
2) түсімдерді тиімді бөлу, ол түсімдердің ара жігін ажырату-дың мынадай өлшемдерін бір мезгілде сақтауды ескереді:
төменгі бюджеттерге түрақты сипаты бар, сыртқы фактор-лардың әсеріне тәуелсіз салықтық және салықтық емес түсімдер бекітіледі;
мемлекеттік мекемелер көрсеткен қызметтер үшін төлемақы болып табылатын салықтық және салықтық емес түсімдер атал-ған қызметтер көрсету қаржыландырылатын бюджет кірісіне түседі;
қайта бөліну сипаты бар, сондай-ақ салық базасы әркелкі орналастырьшатын салықтар бюджет жүйесінің неғүрлым жоға-ры деңгейлеріне бекітіледі;
салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді бекіткен кезде оларды жинаудың неғұрлым жоғары дәрежесін қамтамасыз ететін бюджет деңгейіне артықшылық беріледі;
нақты аумақтық байланыстылығы бар салықтық базадан алы-натын салықтар жергілікті бюджеттерге бекітіледі;
3) Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктерінің бюджеттік қамтамасыз етілу деңгейлерін теңестіру;
4) жергілікті атқарушы органдарДың бірдей деңгейде мемлекеттік қызмет көрсетуін қамтамасыз ету;
5) мемлекеттік қызмет көрсетуде үсынудың барынша тиімділігі мен нәтижелілігі — мемлекеттік қызмет көрсетудің не-ғүрлым тиімді және нөтижелі жүргізілуі мен үсынылуын қамта-масыз ете алатын мемлекеттік басқару деңгейіне мемлекеттік қыз-меттер көрсетуді бекітіп беру;
6) мемлекеттік қызмет көрсету деңгейін оны алушыларға барынша жақындату—қызметтерді алушылардың қажеттерін жақсылап есепке алу және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатымен, көрсетілетін қызметтерді атқару-ды бюджет жүйесінің мүмкін болғанша неғүрлым төмен деңгейіне беру;
7) бюджеттің әрбір деңгейінің алынған ресми трансферттер мен кредиттердің тиімді және нысаналы пайдаланылуы үшін жауаптылығы.
Бюджетаралық қатынастар:
1) республикалық және облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің арасывда: ресми трансферттермен; бюджеттік кредиттермен;
2) облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қала-лар) бюджеттер арасында:
ресми трансферттермен;
бюджеттік кредиттермен;
кірістерді бөлу нормативтерімен реттеледі.
Ресми трансферттер жалпы сипаттағы трансферттер ағым-дағы нысаналы трансферттер, дамуға арналғын нысаналы транс-ферттер болып бөлінеді.
Бюджетаралық қатынастарды реттеу нысандарын айқында-ған кезде бюджеттер деңгейлерінің әрқайсысының салықтық әлуеті, аймақтардың объективтік бюджеттік қажеттіліктерін ба-ғалау нәтижелері, бектілген заттай нормалар ескеріледі. Бюджет-аралық қатынастарды реттеу нысандары орта мерзімді фискал-дық саясатқа сәйкес белгіленеді.
Нысаналы трансферттер мен кредиттерді жергілікті атқа-рушы органдар тек қана олардың нысаналы қызметіне сәйкес пайдаланады. Нысаналы трансферттер мен кредиттердің ны-саналы мақсатқа сай пайдаланылмаған сомалары осы транс-ферттер мен кредиттерді бөлген жоғарғы бюджетке ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанына дейін міндетті түрде қай-тарылуға жатады.
Нысаналы трансферттер мен кредиттердің қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомалары осы трансферттер мен кредиттерді бөлген жоғарғы бюджетке қаржы жылы аяқталғаннан кейін он күн ішінде міндетті түрде қайтары-луға жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет