Бюджеттің кірістері салықтық және басқа міндетті төлем-дер (салықтар және бюджетке төленетін басқа міндетті төлем-дер), ресми трансферттер, мемлекетке өтеусіз негізде берілетін, қайтарылатын сипатта болмайтын және мемлекеттің қаржы активтерін сатумен байланысты емес, бюджетке есептелуге тиісті ақшалар болып табьшады. Салықтық емес түсімдер—бюджетке төленетін міндетті, қайтарьшмайтын төлемдер, сондай-ақ ресми трансферттерден басқа, бюджетке өтеусіз негізде берілетін ақша. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерге мемлекеттік меке-мелерге бектіліп берілген мемлекеттік мүлікті, мемлекеттік ма-териалдық резервтен тауарларды, мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін жеке меншікке сатудан немесе оларды түрақты не-месе уақытша жер пайдалануға беруден, мемлекетке тиесілі ма-териалдық емес акгивтерді сатудан түсетін ақшалар жатады. Ресми трансферттердің түсімдері - бұл бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне Ұлттық қордан бюджетке түсетін трансферттердің түсімдері.
Мақсатты ресми трансферттерді қоспағанда, кірістердің ны-саналы мақсаты болмайды.
Бюджеттің шыгындары — қайтарылмайтын негізде бөлінетін бюджет қаражаттары. Шығындардың қатаң мақсатты арналымы болады.
Бюджет шығындары мынадай түрлерге бөлінеді:
1) мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз ететін шығындар;
2) түрақты сипаты жоқ іс-шараларды үйымдастыру мен өткізуге байланысты шығындар;
3) мемлекеттік тапсырысқа арналған шығындар—мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында (мемлекеттік органдардың өздерінің тұтынуына арналмаған) өндірілетін тауарларға (жүмыс-тарға, көрсетілетін қызметтерге) мемлекеттік органдардың ақы төлеуі;
4) жеке түлғаларға ақшалай төлемдер—қызметкерлерге еңбегі үшін ақшалай төлемдерден басқа, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жеке түлғаларға ақша нысанын-дағы төлемдермен байланысты шығындар;
5) заңи түлғаларға субсидиялар—мемлекеттік мекемелер және қоғамдық бірлестіктер болып табылмайтын заңи түлғаларды өтеусіз және қайтарусыз негізде қаржьшандыру;
6) ресми трансферттер—бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, сондай-ақ Ұлттық қорға трансферттер төлеу және мемлекеттік міндеттемелерді орындауға арналған шығындардың өзге де түрлері.
Заңи түлғаларға субсидиялар нақты саланы немесе қызмет аясын әлеуметтік-экономикалық дамыту міндеттерін іске асы-рудың басқа, неғүрлым тиімді тәсілі болмаған реттерде ғана Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда берілуі мүмкін. Заңи түлғаларға субсидия берудің басым бағыттары орта мерзімді фискалдық саясатпен айқында-лады.
Ресми трансферттердің жалпьшама сипаты да, нысаналы мақ-саты да болуы мүмкін. Нысаналы сипаты бар ресми трансферт-тер нысаналы трансферттер болып табылады.
Республикалық және жергілікті бюджеттерді болжауға бол-мағандықтан жоспарланбаған және ағымдағы қаржы жылында кейінге қалдыруға болмайтын қаржыландыруды талап ететін шығындарды қаржьшандыру үшін республикалық және жергілікті бюджеттердің қүрамында Үкімет пен жергілікті атқарушы орган-дардың резврвтері қүрылады.
Үкіметтің, жергілікті атқарушы органдардың резерві:
1) төтенше резервті;
2) шүғыл шығындарға арналған резервті;
3) облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала-лар, астана бюджеттерінің, аудандар (облыстық маңызы бар қала-лар) бюджеттерінің кассалық алшақтығын жабуға арналған резервті кіріктіреді.
Үкімет резервінің және жергілікті атқарушы орган резервінің жалпы көлемі тиісті бюджет түсімдері көлемінің екі пайызщнан аспауға тиіс.
Үкіметтің және жергілікті атқарушы органдарыныд резервтерінен ақша бөлу тиісті қаржы жьшына арналған респуб-ликалық немесе жергілікті бюджеттерде бекітілген көлемдер шегінде тиісінше Үкіметтің және жергілікті атқарушы органдар-дың ағымдағы қаржы жылы аяқталғаннан кейін күшін жоятығгі шешімдері бойынша жүзеге асырылады.
Резерв қүрамында көзделген ақша толық көлемінде пайда-ланьшған жағдайда Үкімет немесе жергілікті атқарушы орган қажет болған кезде Парламентке немесе тиісті мәслихатқа тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы Үкімет немесе жергілікті атқарушы орган резервтерінің мөлшерін үлғайту тура-лы үсыныстар енгізеді.
Үкіметтің немесе жергілікті атқарушы органның резервінен бөлінген ақша қаржы жылы ішінде пайдаланыл-маған немесе ішінара пайдаланылған жағдайда, бюджет бағ-дарламасының әкімщісі бөлінген ақшаның пайдаланылмаған бөлігін ағымдағы қаржы жылының соңына дейін тиісті бюд-жетке қайтаруды қамтамасыз етеді.
Үкіметтің және жергілікті атқарушы оргаңцардың резервтерін пайдалану тәртібін Үкімет белгілейді.