Ф 11-18 Жошыбаева Д. А



бет16/45
Дата16.02.2023
өлшемі1,49 Mb.
#169075
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   45
Бюджеттің тольщтыгы (толымдыгы) бюджетке үкіметтің барлық қаржы операцияларының, оның жинайтын барлық түсімдерінің және жасайтын шығыстарының, Қазақстан Респу-бликасының салық және бюджет заңнамаларында белгіленетін барлық түсімдердің толық тізбесінің бюджеттерде және Қазақ-стан Республикасының Ұлттық қорында міндетті және толық көрсетілуімен қамтамасыз етіледі. Сөйтіп, ол мемлекеттік билік пен басқару органдарының барлық кірістері мен шығыстарын бюджетке жинақтап, жүмылдырудың объективтік қажеттігін қам-тып көрсетеді. Осыған байланысты барлық ақшатүсімдерін, сон-дай-ақ бюджет шығыстарының көлемі мен нақтылы бағыттарын айқындау қажет.
Бюджет іске асатындай болуы тиіс, нақты экономикалық және саяси ахуалды, өндірістің даму тенденциясын, жалпымемлекеттік қажеттілікті есепке алу қажет. Дұние жүзілік практикада бұл қағидат қазіргі кезде оны дәл қолдану бюджетке кірістерінің дербес көздері бар автономды түрде бөліп көрсетуге болатын аса көп шығыстарды жүктейтіндіктен орынды деп есептелмейді. Қазақстанда мемлекеттік қаражаттарды қалыптастырудың орталықтандырылған әдісі қабылданған, сондықтан 1998 жылдан бастап мемлекеттік бюджетке бюджеттен тыс қорлардың—зейнетақы, әлеуметтік сақтандыру және т.б. қорлардың қаражаттары енгізілген.
Реалистік қаеидаты—параметрлердің экономиканың ағымдағы жай-күйінің көрсеткіштеріне, сондайақ Қазақстанның және аймақтардың параметрлеріне және әлеуметтік-экономикалық даму- ының бағыттарына сәйкестігі. Бюджеттің реалистігіне ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы Президенттің Қазақ-стан халқына жыл сайынғы Жолдауына сәйкес оларды Қазақстан Республикасының өлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарының, аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларының өлшемдеріне сәйкес келтіру арқылы қол жеткізіледі. Сондықтан оның көрсеткіштері көпнүсқа-лық есеп-қисаптармен негізделуі тиіс, бюджетгердің атқарылуы-на, ведомстволардың өткен кезеңцегі қаржы жоспарларына жасал-ған терең талдаудың нәтижесі, болжамдық бағалау есепке алынуы қажет. Дүниежүзілік практика бюджет ресурстарының қозғалы-сын ағымдағы жылға, анағүлым ұзақ мерзімге үлгілеуді, сондай-ақ оларды нақтылы жағдайлардың өзгеруіне байланысты қаржы жылы ішінде түзетуді пайдаланады. Реалистік қағидатына ең ал-дымен жеке қаржы жоспарын, сметаларды және жалпы тиісті деңгейдің бюджет жобасын жасау процесінде қол жетеді.
Реалистік қағидаты бюджет тізімдемесін бүрмалауды бол-дырмау және бүзылуын жою үшін қажет. Ол бюджетте мемлекеттің қаржы операцияларының шынайы көрсетілуін, бекітілген сомалардың бюджеттік арналымдардың атқарылуы-на сәйкестігін алдын ала қарастырады. Нақтылық дамудың бол-жамдары мен бағдарламаларының көрсеткіштеріне негізделетін және бюджеттік резервтердің болуымен нығайтылған кірістердің барлық көздері мен шығыстар бағыттарының есеп-қисаптары-ның негізділігімен анықталады.
Транспаренттшк қаеидаты—бюджет заңнамасы саласындағы нормативтік қүқықтық актілерді, бекітілген бюджеттерді және олардың атқарылуы туралы есептемелерді, мемлекеттің фискал-дық саясатына қатысты басқа ақпаратты міндетті түрде жария-лау, бюджет процесінің ашықтығы, мемлекеттік қаржылық ба-қылауды жүргізу.
Дәйектілік қагидаты дегеніміз мемлекеттік басқару орган-дарының бюджет қатынастары сферасында бұрын қабылдаған шешімдерінің сақталуы.
Тиімділік пен нотижелілік қагидаты—бүя бюджеттік бағдар-ламалардың паспорты қарастырған нәтижеге жету үшін қажетті бюджет қаражаттарының оңтайлы көлемін пайдалана отырып белгілі бір нәтижелерге жетудің қажеттігіне қарай бюджеттерді әзірлеу және атқару.
Басымдық қяемдать/—бюджеттік процесті республиканың немесе аймақтың өлеуметтік-экономикалық дамуының басты бағыттарына сәйкес жүзеге асыру. Жауапкершілік қагидаты—бюджеттік процеске қатысушылар-ды бюджет заңнамасын бүзғаны үшін жауапқа тарту.
Бюджеттердің жариялылыгы қаеидаты бекітілген бюджет-тер мен алдағы қаржы жылына арналған бюджет туралы заң мен өткен кезеңцегі олардың атқарылуы туралы есептердің жарияла-нуы арқылы қамтамасыз етіледі.
Бюджет кірістерінің қалыптасуы (ең алдымен салықтар, алым-дар арқылы) бюджет ресурстарының бағытталуы сияқты шаруа-шылық жүргізуші субъектілердің және қоғамның барлық мүшелерінің мүдделерін шалады. Сондықтан олар бюджеттің маз-мүны, оны қалыптастырудың көздері, салық төлемдерін алудың тәртібі, сондай-ақ бюджет қаражаттарының бағыттары туралы ха-бардар болуы тиіс. Президент қол қойған Қазақстан Республика-сының бюджеті заң мәртебесін қабылдайды және оның атқары-луы бюджет рәсімінің қатысушылары үшін міндетті болады. Заң, өткен кезендегі бюджеттің атқарылуы туралы есеп баспасөз бетінде жарияланады. Осылайша бюджеттің кірістері мен шығыстарының көлемі, оның негізгі түсім көздері, шығыстарының бағыттары, тап-шылық көлемі және оны жабудың әдістері (шығындарды қысқар-ту, кірістерді көбейту, қарыздар, ақша эмиссиясы) жария етіледі.
Бюджет жүйесін құрудың барлық қағидаттары өзара үйлестірілген және бірін-бірі толықтырып отырады, олар егеменді еліміздің Конституциясында және Бюджет кодексінде, "Жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы", "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы" арнайы заңдарда және басқа да заңнамалық актілерінде қамтып көрсетілген.
Нақтылы жағдайда бұл қағидаттардан жиі ауытқиды. Мысалы, кейде бюджеттің бірлігі қағидатынан аутқиды, өйткені көптеген арнаулы және бюджеттен тыс қорлар пайда болады. Нақтылық қағидаты да өзінің маңызын жоғалтып барады: әр түрлі бюджеттен тыс қорлар жүмыс істеуі мүмкін, олар арқылы мемлекет қаржы қатынастарын саралауға ұмтылады.
Бюджет жүйесі реттеуші кіріс көздерін пайдалану, мақсатты және аймақтық бюджет қорларын құру, оларды ішінара қайта бөлу арқылы жүзеге асырылатын барлық деңгейлер бюджеттерінің өзара іс-қимылына негізделген.
Кірістер мен шығыстардың сгжей-тегжейлі тізбесі мен топ-тамасы бюджетттік сыныптамамен айқындалады. Бірыңгай бюджеттік сыныптама сыныптау объектілеріне топтастыру код-тарын бере отырып функциялық, ведомстволық және экономи-калық сыныптамалар бойынша бюджеттің түсімдері мен шығыс- тарын топтастыру болйп табылады. Ол кірістердің сыныптама-сынан, бюджет шығыстарының функциялық және экономика-лық сыныптамаларынан түрады. Бірыңғай бюджеттік сыныпта-ма Қазақстан Реепубликасы бюджет жүйесінің барлық деңгейлері бюджеттерінің көрсеткіштерінің салыстырымдьшығын қамтама-сыз етеді.
Бірыңғай бюджеттік сыныптама бірыңғай және бюджеттердің барлық деңгейлері үшін міндетті болып табылады. оны бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган әзірлейді және республика Үкіметі бекітеді.Бюджет процесі бірыңғай бюджеттік сыныпта-ма негізінде жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет