Ф 11-18 Жошыбаева Д. А


сызба. Салық механизмінің элементтері



бет12/45
Дата16.02.2023
өлшемі1,49 Mb.
#169075
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   45
12.1 сызба. Салық механизмінің элементтері

Салық субъектісі немесе салық төлеуші. Ол — салықты және бюджетке басқа төлемдерді төлеуші түлға, алайда нарық механизмі арқылы салық ауыртпалығы басқа түлғаға — салық салынушыға аударылуы мүмкін.
Салық салынушылар —нақты салық ауыртпалығы (салық жүктемесі) түсетін жеке түлғалар, түпкілікті салық төлеушілер, яғни мемлекет азаматтары.
Салық объектісі. Мүлік пен іс-әрекеттер салық объектілері және салық салуға байланысты объектілер болып табылады, олардың болуына байланысты салық төлеушінің салықтық міндеттемесі туындайды.
Салық базасы. Салық базасы — салық салу объектісі мен салық салуға байланысты объектінің қүндық, заттай немесе өзге де сипаттамалары, олардың негізінде бюджетке төленуге тиіс салықтар және басқа да міндетті төлемдердің сомасы анықталады.
Салықтың негізгі базасы мыналар болып табылады:
табысқа салынатын салық. Бүған корпорациялық табыс салығы мен жеке табыс салығы жатады;
тауарларга салынатын салықтар. Олар қосылған қүнға салынатын салықтарды, кеден баждарын кіріктіреді;
капиталга салынатын салық. Оған жер салығы, мүлікке салынатын салық және басқалары жатады;
Салық шешемі — есеп-қисап үшін белгіленген салық объектісін өлшеу бірлігі (тенге, табыс, айналым, т.б., жердің 1 гектары, тауарды өлшеу бірлігі және басқалары).
Салық мөлшерлемесі. Салық мөлшерлемесі салық базасының өлшем бірлігіне салық есептеулерінің шамасын білдіреді. Ол салық базасының өлшем бірлігіне пайызбен немесе абсолюттік сомамен белгіленеді.
Салық салу практикасыңда мөлшерлемелердің мынадай түрлерін ажыратады:
турақты (берік) салық мөлшерлемесі. Олар табыс көзіне қарамастан салық салу бірлігіне абсолюттік сомада белгіленеді (мысалы, мүнайдың 1 тонасына, газдың 1 текше метріне);
үйлесімді салық мөлшерлемесі. Олар салық объектісіне (оның мөлшерін саралауды есепке алмай) бірдей пайыздық қатынаста іс-әрекет етеді;
прогресивті салық мөлшерлемесі. Бұп жағдайда прогресивті салық мөлшерлемесі табыстың артуына қарай өсіп отырады. Нәтижесінде салық төлеуші салықтың үлкен абсолюттік сомасын ғана емес, сонымен бірге оның үлесін де төлейді. Прогресивті мөлшерлемелер ең алдымен табысы көп түлғаларға ауыртпалық түсіреді;
регрессивті салық мөлшерлемесі. Олар табыстың өсуіне қарай төмендейді және табысы көп түлғаларға тиімді болып келеді, ал табысы аз адамдардың иығына ауыртпалық түсіреді.
Салық кезеңі. Жекелеген салықтар мен басқа да міндетті төлемдерге қатысты белгіленген уақыт кезеңі салық кезеңі деп түсініледі, ол аяқталған соң салық базасы анықталады жөне бюджетке төленуге тиісті салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің сомасы есептеледі.
Салықпүл — субъектінің бір объектіде төлейтін салық сомасы.
Салық жеңілдіктері — заңнамаға сәйкес төлеушілерді салықтан толық немесе ішінара босату. Салық жеңіддіктеріне мьналар жатады:
салық салынбайтын минимум — салық салудан толық босатылатын салық объектісінің ең аз бөлігі;
табыстың есептелген сомасынан шегерілетін шегерімдер (асыраудағы жандарға, мүгедектерге — халықтан алынатын табыс са-лығы бойынша; күрделі қаржыларға, әлеуметтік объектілерді үстауға, табиғат қорғау шараларына жүмсалатын шығындардың сомасынан — пайдаға салынатын салық бойынша және т.б.);
салық салынатын табыстың қүрамына кіріктірілмейтін сома (мысалы, босату кезіндегі ұйеарымды жәрдемақы, халықтан алынатын табыс салыгы бойынша өтемақы төлемдерінің сомасы);
салық салудың жеке субъектілері мен төлеушілердің санаттары үшін салық мөлшерлемесін төмендету.
Салық жеңілдіктеріне сонымен бірге төлеу мерзімін үзарту және салық бойынша бересіні есептеп шыгару да жатады.
Жеңілдік кезеңі — салықтар бойынша заңмен белгіленген жеңілдіктердің іс-әрекет ететін уақыты.
Салық тәлеушілер мен салық органдарының қүқықтары мен міндеттіліктері — билік пен басқару органдарының салық заңна-масымен реттеледі.
Салықтық бақьлау — салық службасы органдарының салық заңнамасының орындалуын, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақтылы аударылуын бақылауы.
Салықтық бақылау мынадай нысандарда жүзеге асырылады:

  • салық төлеушілерді тіркеу есебі;

  • салық салу объектілері мен салық салумен байланысты объектілерді есепке алу;

  • бюджетке түсетін түсімдерді есепке алу;

  • қосылған қүнға салынатын салықты төлеушілерді есепке алу;

  • салық тексерістері;

  • коммерциялық бақылау;

  • салық төлеушілердің қаржы-шаруашылық қызметінің мониторингі;

  • фискалдық жады бар бақылау-касса машинарларын қолдану ережелері;

  • акцизделетін тауарлардың кейбір түрлерін таңбалау жөне акциздік постыларды белгілеу;

  • мемлекет меншігіне айналдырылған мүлікті есепке алу, бағалау жөне сату тәртібін сақтауды тексеру;

  • уәкілетті органдарға бақылау жасау.

Кедендік бақылау комитеті өз қүзыры шегінде Қазақстан Рес-публикасының кеден шекарасы арқылы тауарлардың өтуімен байланысты төленуге тиіс салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетгі төлемдерді өндіріп алу жөніндегі салықтық бақылауды Салық кодексіне және кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
Салық қупиясын салық төлеуші және оның қаржы-шаруашылық қызметі туралы салық службасы органдары алған кез келген мәліметтер қүрайды.
Салық заңнамасын бүзған салық төлеушілерге олардың жасырған сомасын, төмендеткен табыстарын төлеттіріп алу, бүзу ауыртпалығына қарай үлестік немесе еселенген көлемде айьшпүлдар, бюджетке төленетін төлемдер мерзімін өткізіп алғаны үшін өсімдер түрінде санщиялар қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет