Ф 11-18 Жошыбаева Д. А



бет9/45
Дата16.02.2023
өлшемі1,49 Mb.
#169075
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   45
Қажетті әдебиеттер
1.Ильясов.К.К.Құлпыбаев.С.Қ«Қаржы».
экономиканық жоғарғы оқу орындары үшін.Алматы «Экономика»2005.ж.
2.Мельников.В.Д.,Ильясов.К.К.«Финансы» учебник для экономических вузов Алматы «Қаржы—қаражат».2006 г.
З.Ильясов.К.К.Саткалиева.В.А. и другие «Государственный бюджет» Алматы РИК 1999 г.
4.Ковалева.А. «Финансы». М финансы и статистика 2002 г.

  1. В.М.Родионова.«Финансы» М. финансы и статистика 2000 г.

  2. Д.Г.Черник «Финансовые аспекты рыночной экономике» М.финансы и статистака 1998 г.

  3. Л.А. Дробозина.«Общая теория финансов» М. банки и биржи изд. обьединение. ЮНИТИ 2003 г.

8.Мельников.В.Д. «Государственное финансовое регулирование экономики Казахстана» Алматы «Қаржы-Қаражат» 1995 г.
9. Дербисов Е.Ж. Финансы Казахстана: между прошлым и будущим « Алматы. изд. ИХТИСАТ 1996 г.


6-такырып. Салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру

1. Салық үғымы және оның әлеуметтік-экономикалық мәні


Ұйымдық –құқықтық жағынан салықтар — бұп мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.
Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жүмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.
Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады.
Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен әдістері өзгерді, игерілді, мемлекеттің қажеттіліктері мен сұрау - салуларына бейімделеді. Салықтар тауар ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта қүрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүреді.
Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық қүрылысы мен саяси іс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі —ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық қүралы, мемлекеттің кірістері жөне бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады. Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмүны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні, олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық қүрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады. Белгілі философ Фрэнсис Бэкон салықтарды төлеу әрбір азаматтың қасиетті борышы деген еді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады, —деп жазылған.
Салықтарда ежелден салық жүктемесін (салық ауыртпалығын) бөлудің екі қагидаты қалыптасқан:
1) пайда (алынған игіліктер) қағидаты;
2) "қайыр көрсету" (төлем қабілеттілігі) қағидаты.
Алынған игіліктерге жөне төлем қабілеттілігіне салық салудың қағидаттарын пайдалану салық мөлшерлемелерін белгілеуге және табыстың өсуіне қарай олардың өзгеруіне саяды.
Салықты үтымды үйымдастырудың классикалық қагидатт-рын бұрын А.Смит үсынған еді. Олар мынаған саяды:
1) салық салық төлеушінің әрқайсысының табысына сәйкес алынуы тиіс (өділеттілік қағидаты);
2) салықтың мөлшері мен оны төлеу мерзімі алдын ала және дәл анықталуы керек (анықтылық қағидаты);
3) өрбір салық салық төлеуші үшін неғүрлым қолайлы уақыт-та және әдіспен алынуы тиіс (қолайлылық қағидаты);
4) салықты алудың шығывдары өте аз болуы тиіс (үнем қағидаты).
Бұп қағидатгарды пайдалану салық салуда зорлық - зомбылықты жоқ етті, бұп процеске реттемелеуді енгізді және А.Смитке "салықтар—оны төлейтіндерге қүлшылықтың нышаны емес, бостандықтың нышаны" деп қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Салық салудың кейінгі даму барысында қағидаттардың түжырымдамалары дәледденді, толықтырылды.
Салық салудың қазіргі қағидаттары мыналарға саяды.
1. Салық салудагы әділдік қагидаты екі аспектіде қарастырылады:
а) "деңгейлес тендікке" жету — салық төлеушілердің табыстарына тең жағдайда біркелкі салық салынады;
е) "сатылас теңдікті" сақтау — жеке түлғалардың табыстарына салық салу табыстардың бір бөлігін қайта бөлу үшін прогрессивті шәкіл бойынша сараланған мөлшерлемелерді қолдана отырып жүргізілуі тиіс.
2. Қарапайымдылык, қагидаты. Салық механизмі салық төлеушіге түсінікті болуы тиіс, ол рабайсыз әрі күрделі болмауы керек.
3. Салықтардың анықтыгы — алдын ала белгіленген шарттар мен талаптардың мызғымас тендігі елдің барлық аумағында және барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін түсіндіру мен қолданудың біркелкілігі.
4. Жеңілдіктердің ең аз саны. Жеңілдіктер құндық үйлесімдерді бұрмалайды және салық салу субъектілерін тең емес жағдайларға әдейі қояды.
5. Салық салудың экономикалық бейтаратпыгы. Салықтар эко-номиканың жүмыс істеуін жақсартуға және инвестициялардың есуіне кедергі жасамауы тиіс.
6. Экономикалық қатынастар бойынша осы елдің басқа әріптес елдермен салықтардың негізгі түрлері бойынша салық мөлшерлемелерінің салыстырмалыгы.
Қазақстанның салық заңнамасында сонымен бірге салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді телеудің міндеттілігі, салық салудың айқындылығы, әділдігі, салық жүйесінің біртүтастығы және салық заңнамасының жариялылығы қағидаттары негізделеді.
Салық төлеуші салық заңнамасына сәйкес салықтық міндеттемелерін толық көлемінде және белгіленген мерзімдерде орындауға міндетті.
Салықтар жөне бюджетке төленетін басқа да міндетті телемдер айқын болуға тиіс. Салық салудың айқындыгы салық төлеушінің салықтық міңдеттемелері туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібін салық заңнамасында белгілеу мүмкіндігін білдіреді.
Еліміздегі салық салу жалпыга бірдей және міндетті болып табылады. Жеке сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тиым салынады.
Қазақстанның салык, жуйесі оның бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге қатысты бірыңгай болып табылады.
Салық салу мөселелерін реттейтін нормативтік-қүқықтық актілер ресми басылымдарда міндетті түрде жариялануга жатады.
Мемлекетке түсетін салық түсімдерінің сипатты ерекшелігі олардың сан алуан қоғамдық қажеттерге кейін иесіз пайдаланылуы болып табылады. Осысымен салықтардың мемлекет, сондай-ақ басқа жергілікті органдар белгілейтін түрлі міндетті мақсатты жарналардан, төлем аударымдарынан айырмашьшығы болады.
Салықтардың әлеуметтік - экономикалық мәні мен мазмүны олар атқаратын функцияларда толық ашыла түседі. Жалпы қаржы категориясы түрғысынан салықтар қосалқы категория болып табылатындығын есте үстаған жөн, сондықтан қаржыға қатысты салықтардың функцияларын қаржының бөлгіштік функциясының қүрамдас қосалқы функкциясы ретінде қарастырған жөн.
Қазіргі кезде салықтар фискалдық, реттеуші жөне қайта бөлу сияқты негізгі үш функция орындайды. Бұпардың әрқайсысы осы қаржы категориясының ішкі белгілері мен өзіндік ерекшелікгерін білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет