Ф 11-18 Жошыбаева Д. А



бет20/45
Дата16.02.2023
өлшемі1,49 Mb.
#169075
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   45
Операциялық сальдо бюджет кірістері мен шығындары ара-сындағы айырма ретінде айқындалады.
Бюджет шығындарының бюджет кірістерінен асып түскен сомасы теріс операциялық сальдо, ал бюджет кірістерінің бюд-жет шығындарынан асып түскен сомасы оң операциялық сальдо болып табылады.
Ағымдағы бюджеттік бағдарламалардың жалпы көлемі бюд-жет кірістерінің көлемінен асып түспеуге тиіс.
Таза бюджеттік кредит беру бюджеттік кредиттердің жәнс бюджеттік кредиттерді өтеудің арасындағы айырма ретінде айқ-ындалады.
Қаржы активтерімен жасалатын операциялар:
1) қаржы активтерін сатып алуды;
2) мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдерді кіріктіреді.
Қаржы активтерін сатып алу—заңи түлғалардың, соның ішінде халықаралық үйымдардың қатысу үлестерін, бағалы қағаз-дарын мемлекеттік меншікке сатып алу операцияларымен бай-ланысты бюджет шығыстары.
Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер— мемлекеттік меншіктегі заңи түлғалардың, соның ішінде халы-қаралық үйымдардың, мүліктік кешен түріндегі мемлекеттік ме-кемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың қатысу үлесін, бағалы қағаздарын, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың жедел бас-қаруындағы немесе шаруашьшық жүргізуіндегі өзге де мемлекеттік мүлікті сату жөніндегі операцияларға байланысты бюджетке түсетін түсімдер.
Қаржы активтерімен жасалатьш операциялар бойынша сальдо қаржы активтерін сатып алу мен мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдердің арасындағы айырма ретінде айқын-далады.
Қаржы активтерін сатып алу және мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер Қазақстан Республикасы-ның заңнамалық актілеріне және әлеуметтік-экономикалық да-мудың орта мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Бюджет тапшшыгы (профициті) таза бюджеттік кредит беруді және қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша саль-доны шегеріп тастағандағы операциялық сальдоға тең.
Теріс белгімен алынған шама бюджет тапшылығы, оң белгімен алынған шама бюджет профициті болып табылады.
Бюджет тапшылығының жол берілетін шекті мөлшері әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарымен белгіленеді.
Бюджет тапшшыгын қаржшандыру—к&рыз алу жөне бюд-жет қаражатының бос қалдықтары есебінен бюджет тапшылы-ғын жабуды қамтамасыз ету. Оның көлемі алынған қарыздар сомасының, бюджет қаражаты қалдықтары қозғалысының қарыз-дар бойынша негізгі борышты өтеу сомасынан асып түсуі ретінде белгіленеді.
Бюджет тапшылығын қаржыландыру мәні оң белгімен белгіленеді және бюджет тапшьшығының шамасына сай келеді.
Бюджет профицитін пайдалану—қарыздар бойынша негізгі борышты өтеуге бюджет профицитін, қарыздар қаражатын, бюд-жет қаражатының бос қаддықтарын жүмсау. Оның көлемі қарыз-дар бойынша негізгі борышты өтеу сомасының алынған қарыздар және бюджет қаражаты қаддықтарының қозғалысы сомасы-нан асып түсуі ретіңце белгіленеді.
Бюджет профицитін пайдалану мәні теріс белгімен белгіленеді және бюджет прфицитінің шамасына сай келеді.
Қазақстан Республикасының экономикасы басынан кешіріп отырған нарықтық қатынастарға көшу кезеңі оның бюджетінің мазмүнына, кірістері мен шығыстарына айтарлықтай ықпал етіп отыр. Бюджеттің, әсіресе оның шығыстарының абсолютті жөне относителді тез өсуі оған төн сипат болып отыр. Бұл инфляция-лық процестерден және егеменді мемлекеттің функцияларының кеңеюінен, Қазақстанның ішкі және сыртқы қауіпсіздігін өзі қамтамасыз ету қажеттігінен туып отыр.
Бюджеттің кірістері — бюджетке қайтарылмайтын негізде салықтардан, алымдардан және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден алынатын түсімдердің, салыққа жатпай-тын және өзге де түсімдердің, сондай-ақ негізгі капитадды сату-дан түсетін кірістердің көлемі.
"Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне" сәйкес рес-публикалық бюджетке түсетін кірістер мыналар болып табыла-ды:
1) салықтық түсімдер, алымдар жоне басқа да міндетті төлем-дер: корпорациялық табыс салығы, қосылған қүнға салынатын салық, соның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарларға, орындалған жүмыстар мен көрсетілген қыз-меттерге және Қазақстанның аумағына импортталатын тауарла-рға салынатын қосылған қүн салығы, импортталатын тауарларға акциздер, газ конденсатын қоса алғанда, шикі мүнайға салына-тын акциздер, жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері, экспортқа шығарьшатын шикі мүнайға са-лынатын рента салығы, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік қүралдарының жүріп өткені үшін алым, те-левизиялық жөне радиохабар үйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рүқсат бергені үшін алынатын алым, теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді, азаматтық өуе кемелерін, радиоэлектрондық қүралдарды жөне жиілігі жоғары қүрылғы-ларды, дөрілік заттарды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым, қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байла-нысын бергені үшін, радиожиілік сектрін, кеме жүретін су жол-дарын пайдаланғаны үшін төленетін төлем, өкелінетін және өкетілетін тауарларға кеден баждары, отандық тауар өңдірушілерді қорғау шаралары ретінде алынатын баждар, консулдық алым, Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктерін бергені үшін мемлекеттік баж, жүргізуші куәліктерін және көлік қүралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер бергені үшін алынатын мемлекеттік баж, мемлекеттік нотариат кеңселері нотариустарының нотариаттық іс-әрекет жасағаны үшін алынатын мемлекеттік баж және басқа алымдар мен төлемдер;
2) салықтық емес тусімдер республикалық меншіктен алы-натын кірістер (республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен Ұлттық банктің таза табысы бөлігінің түсімдері, республикалық меншіктегі: акциялар пакеттеріне дивидендтер, заңи түлғаларға қатысу үлесіне кірістер, мүлікті жалға беруден алынатын кірістер, Үкіметтің депозиттері, екінші деңгей банктерінің шоттарында ор-наластырылған мемлекеттік сыртқы қарыздар, республикалық бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар (мүдделер), қару-жарақ пен әскери техниканы сатудан түсетін кірістер, рес-публикалық меншіктен түсетін басқа да кірістер); республика-лық бюджеттен қаржыландырьшатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жүмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін түсімдер және осы мекемелер үйымдастыратын мемлекеттік сатып алуларды өткізуден түсетін ақша түсімдері; мемлекеттік мекемелер салатын айыппүлдар, өсімпүлдар, санк-циялар, өндіріп алулар және республикалық бюджетке түсетін басқа да салыққа жатпайтын түсімдер);
3) негізгі капиталды сатудан тусетін тусімдер (республика-лық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіп берілген мемлекеттік мүлікті, мемлекеттік босалқы қор-лардан, резервтерден тауарларды, материалдық активтерді сату-дан түсетін ақшалар);
4) ресми трансферттердің тусімдері (облыстық бюджеттер-ден, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен алынған ресми трансферттер, Ұлттық қордан республикалық бюджетке алынған мақсатты трансферттер).
Республикалық бюджетке республикалық бюджеттен кредиттерді өтеуден, республикалық меншіктегі мемлекеттің қаржы активтерін сатудан, Үкіметтік қарыздарды өтеуден түскен түсімдер есепке алынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет