Ф 11-18 Жошыбаева Д. А



бет28/45
Дата16.02.2023
өлшемі1,49 Mb.
#169075
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   45
ауыл шаруашылыгы косіпорындары мен су шаруашылыгы үйым-дарының қырсыздығы, несие берудің және шаруашылық жүргізудің шаруашылық еөеп әдістерінің қағидаттарын бүзушылық салдары-нан болған банк несиелері бойынша есептен шыгарылган берешегі;
"директивалық " кредиттер деп аталшпын нысандагы жинақ-талган, сондай-ақ ішкі республикалық есепке алу міндеттемелеріне қызмет көрсету жоне оларды өтеу жоніндегі берешек Директива-лық кредиттерді Ұлттық банк Қаржы министрлігінің кепілдік-терімен кәсіпорындар мен салаларга дағдарыс жағдайындағы олар-дың шаруашылық қызметін қолдау үшін беретін. Ішкі республи-калық есепке алу кәсіпорындар мен үйымдардың дебиторлык және кредиторлық берешектері бойынша озара борыштарын өтеу үшін жүргізілді. Днректпвалық кредиттер мен озара есепке алуды пай-даланудың нәтижелері бойынша келеңсіз саддарларға байланысты ішкі несие берудің бұл нысандары бұдан былай қолданылмайды. Ішкі мемлекеттік борыштың пайда болуы мен үдей түсуі мемлекеттік бюджеттіңтүрақты тапшылығынан туындайды. Қазақ-стан үкіметінің ішкі мемлекеттік борышы 2000 жылы елдің ЖІӨ-нің 3,4%-ын және жалпы борыштың (сыртқыны қоса) 13,2%-ын қүрады, мүның өзі борыштың бұл түрінің біркелкі параметрлері ретінде корінеді.
Сыртқы мемлекеттік борыш — шетелдік несиегерлер турасын-да (жөнінде) белгілі бір күнге, белгіленген мерзімде өтеуге жата-тын еддің қаржылық міндеттемелерінің сомасы.
Елдің сыртқы борышының болуы орынды дүниежүзілік прак-тика болып саналады. Алайда оның шегі болады, ол шектен мемлекеттік борыштың артуы қауіпті бола бастайды. Мемлекеттік сыртқы қарыз алу бойынша тартылатын қаражатгардың колемі елдің Ұлттық банкісінің таза алтын-валюта резервтерінің 50 пайызынан аспауы тиіс. Сырткы қарыздарды коптен-коп ауқымда тарту не-сиегер елдерді экономикалық және саяси тоуелділікке үрындыруы мүмкін.
Дүниежүзілік практикада мемлекеттік борыштың молшерін салыстырмалы сипаттау үшін арнайы корсеткіш — борышқа қыз-мет көрсетудің коэффициенті пайдаланылады. Ол борыштық толемдердің (негізгі сома және пайыздар бойынша) елдің валюта-лық түсімдеріне қатысы ретінде есептеп шығарылады. Мүндай қа-тыстың қауіпсіз деңгейі 25% болып саналады.
Елдің экономикасының көлемімен салыстырғандағы оның сыртқы борышының мөлшері туралы түсінікті Д үниежүзілік банктің сыныптамасы негізінде жасауға болады. Осы халықаралық қаржы үйымының анықтауы бойынша мемлекеттің берешегі төмен деп есептелінеді, егер:
а) жалпы сыртқы борыштың жалпы ішкі өнімге қатысы 48%-дан аспаса (Қазақстанда — 33,8); о) жалпы сыртқы борыштың экс-портқа қатысы — 132 (бізде — 113); б) берешекке қызмет көрсету сомасыныц экспортқа катысы — 18 (22,8); в) сыйақы (мүдде) толем-дерінің экспортка қатысы — 12 (5,1). Сөйтіп, егер мезгілі өткен
төлемдердің көптігін есепке алмасақ, Қазақстанның берешегін әзірше төмен деп санауға болады. Бірақ республика борышының жоспарлы өсіп отырғанын, ал оның экспортының керісінше томен-деп отырғанын ескерсек ахуаддың нашарлауы мүмкін.
өтелмеген мемлекеттік жоне мемле-кеттік емес сыртқы қарыздардың, сондай-ақ Қазақстан Республи-касы резиденттерінің Қазақстан Республикасы бейрезидент-терімен келісімшарттары бойынша берешектік міндеттемелерінің белгілі бір күнгі сомасы жалпы сыртқы борышты қүрайды. Ол сыртқы мемлекеттік борышты және ішкі мемлекеттік борышты қамтиды. Сыртқы мемлекеттік борыш — Қазақстан Республикасы окіметінің, жергілікті атқарушы органдарының және Ұлттық банкінің Қазақстан Республикасының бейрезидент несиегерлері алдындағы сыртқы мемлекеттік қарыздар мен басқа да борыштық міндеттемелері бойынша мемлекеттік борышының қүрамдас болігі. Ішкі мемлекеттік борыш — үкіметтің, жергілікті атқарушы орган-дардың және Ұлттық банктің Қазақстан Республикасының қарыз-гер-резиденттері аддындағы ішкі мемлекеттік қарыздар мен басқа да борыштық міндеттемелері бойынша мемлекеттік борыштың қүрамдас болігі.
1992 жылы бұрынгы КСРО-дан мүра болып қалған Қазақ-станның сыртқы борышы 3,2 млрд. долларды қүрады. 1993 жыл-дың соңына Россия Федерациясымен бұрынғы КСРО-ның сырт-қы борышындагы Қазақстанның үлестік борышы мәселесін ретте-ген "нолдік вариантты" келісімге қол қойылғаннан кейін және
берешектің бір бөлігін қайта ресімдегеннен кейін Қазақстанның сыртқы борышы 1,9 млрд. долларды қүрады. Бұл борыш экспорт-тық мүмкіншілігі бар Қазақстан Республикасы үшін коп емес еді. 1995 жылдың соңында ХВҚ-дан сатымдық ресурстарды коса жал-пы сыртқы борыш 3,09 млрд. долларды қүрады (шамамен ЖЮ-нің 19%). 1999 жылдың басында жалпы сыртқы борыш ең жоғар-ғы молшерге — 8229,4 млн. долларға жетті. 2001 жылдың басында Үкіметтің сыртқы борышы 3272 млн. долларға, Үкімет кепілдендір-ген сыртқы борыш — 694,6 млн. долларга, жиыны — 3966,6 млн. долларга бағаланды. Бұл ішкі борышты қамтыған Үкіметтің бар-лық борышының 86,8%-ын қүрады. Алайда жекеменшік сектор-дың борышымен бірге — 8456 млн. доллар (соның ішінде фирмаа-ралық берешекті — 6719 млн. доллар) жалпы сыртқы борыш 12422 мдн. долларға жетті. 2002 жылы мемлекеттің сыртқы борышының молшері ЖЮ-нің 12 пайыздайын қүрады.
Мемлекеттік борыштың болуы мезгілі келген пайыздарды және борыштық міндеттемелерді өтеуді төлеу жәніндегі жыл сайынғы шыгындарды қажет етеді, олар мемлекеттік борышты басқару жөніндегі шыгындар деп аталады.
Қазақстан Республикасының өкіметтік борышын өтеуді және оған қызмет көрсетуді Қаржы министрлігі тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасы Заңында козделген қаражат есебінен Ұлттық банк арқылы, Ұлттық банктің борышын өтеуді және оған қызмет көрсетуді Ұлттық банк озінің билігіндегі активтер есебінен, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік борышын өтеуді жоне оған қызмет көрсетуді ол тиісті жылға арналган мемлекеттік бюджетте козделген қаражат есебінен Ұлттық банктің келісімі бойынша жергілікті атқарушы органның қарыздарына қызмет көрсету үшін тартылатың екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.
Барлық мемлекеттік қарыздар Үкімет белгілеген тәртіппен Қаржы министрлігінде тіркеліп, есепке алынуға тиіс.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік борышын есепке алу үшін Ұлттық банк пен жергілікті атқарушы органдар келісілген тәртіппен Қаржы министрлігіне оз қарыздарының талаптары, алы-нуы, оларға қызмет корсетілуі және отелуі туралы ақпарат тапсы-рып отырады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық бюджет-тің қаражатымен қамтамасыз етілетін укіметтік борышты өтеу және оған қызмет көрсету, Ұлттық банк озінің билігіндегі барлық активтермен қамтамасыз етілетін Ұлттық банктің борышын өтеу және оған қызмет көрсету, жергілікті атқарушы органдар оздерінің билігіңде түрған меншік қүқығындағы мүлікпен, қаржы ресурста-рымен жоне басқа да активтермен қамтамасыз етілетін өз боры-шын өтеу және оған қызмет көрсету жөніндегі міндеттемелерді атқарады.
Борыштың негізгі сомасы қайтарылған және борышқа қызмет көрсету жөніндегі төлемдер толық көлемінде төленген жағдайда мемлекеттік борыш өтелген болып саналады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ұлттық банкінің және жергілікті атқарушы органдарының осыңдай шарттың (келісімнің) талаптарында, осындай қағаздарды шығару талаптарында көздел-ген жағдайда, қарыз туралы шарт (келісім) .бойынша міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеуге, мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаз-дарды мерзімінен бұрын сатып алуға қүқығы бар.
Сыртқы борыштың болуы жасалынған өнімнің бір бөлігін ел-ден тыс жерге берудің қажеттігін біддіреді. Мемлекеттік борыш бойынша пайыздық төлемдердің тез өсу тенденциясы бар. Мұңдай төлемақылар болашақ экономикалық дамуды тежейді және реци-пиент-ел бюджетінің тапшылығын үлғайтады.
Сыртқы борыштың өсуі сонымен қатар реципиент-еддің халықаралық абройын төмендетеді және ел үкіметінің саясатына ха-лықтың сенімін кетіреді.
Ірі және созылмалы тапшылықтардың және мемлекеттік бо-рьшггың болуының келеңсіз зардаптары микроэкономикальгқ түрақ-тылықтың бүзылуымен бірігеді.
Инвестициялардың "ығыстыру әсерінен" басқа, мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша пайыздың жоғары деңгейі шетел капи-талын тартады, бірақ қаражаттардың мүндай агыны сыртқы бо-рыштың өсуін білдіреді. Шетел инвестицияларын отандық бағалы қағаздарға жүмсаудың артықшылығы ұлттық валютаға сүраным-ды арттырады және халықаралық валюта рыногінде оның бағамы-ның өсуін тудырады. Валюта бағамының артуы экспорттың қым-баттауыңа және импорттың арзандауына жеткізеді, мүның нәти-жесінде экспорт қысқарады, ал импорт артады. Сауда балансы теріс сальдоға саяды. Таза экспорт (экспорттың импорттан асып түсуі) жиынтық сүранымның компоненті болатындықтан, оның қысқа-руы немесе теріс сальдосы ұлттық өндіріске тежеушілік ықпал жасайды.
Осыған байланысты мемлекеттің өзінің өкілдікті органы ар-қылы қаралған процестерге бюджет тапшылығы мен мемлекеттік борыштың шегін белгілеу жолымен заңнамалық араласуы бюджет шығыстарының жеке баптары бойынша тиым салу қүқығын белгі-леуі мүмкін.
"Мемлекеттік және мемлекет кепілдігімен қарыз алу және бо-рыш туралы" Қазақстан Республикасының заңымен тиісті мемле-кеттік қүрылымдар үшін қарыз алудың лимиттері белгіленген:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет