Ф 11-18 Жошыбаева Д. А



бет26/45
Дата16.02.2023
өлшемі1,49 Mb.
#169075
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   45
Халықаралық кредитте қатынастарға бір жагынан, үкімет, биліктің жергілікті органдары, екінші жағынан басқа мемлекеттердің үкіметтері, банктері, компаниялары, сондай-ак хшіықаралык қар жы-банк үйымдары араласады. Кредит беруші тарап мемлекет-донор немесе үйым-донор, ал кредит адушы ел реципиеит-ел деп аталады.
Шартты мемлекеггік кредит отандык карызгерлер: кәсіп-орындар, үйымдар, фирмалар, жергілікті билік органдары алған карыздарына басқа елдердің несиегерлеріне берілген кепілдіктер бойынша үкіметтің міндеттемелері ретінде болады. Қарыз шартта- _ ры орындалмаған жағдайда үкімет отандык карызгердің уақытьг келген міндеттемелері бойынша қарызгердің мүлкінен немесе бас-қа активтерінен бюджет қаражаттары есебінен қарыздың сомасын төлейді.
2. Мемлекеттік кредиттің нысандары мен әдістері
Мемлекеттік кредиттің негізгі нысаны кредит катынастары болып корінетін мемлекеттік қарыздар болып табылады, бұл қаты-настарда мемлекет негізінен қарызгер ретінде болады.
Қарыздар өтеу мезгілі, орны, орналастыру әдістері, қарыз ва-лютасы, эмитенттер, табыстылық түрлері боіштт ажыратыла-ды. Өтеу мезгілі бойынша: қысқа мерзімді (бір жылға дейін), орта мерзімді (1 жылдан 5 жылға дейін), ұзақ мерзімді (5 жылдан жоға-ры) болып ажыратылады. Орналастыру орны бойынша қарыздар ішкі және сыртқы қарыздар болып бөлінеді. Ішкі қарыздардың облигацияларын шетел азаматтары мен қоғамдар сатып ала алады. Орналастыру одістері бойынша: еркін айналатын, жазылу бойынша орналастырылатын жоне можбірлеме қарыздар болып ажыратыла-ды^Мемлекетгік қарыздар, одеттегідей, ақша нысанында шығары-лады, бірақ қажет болғанда заттай нысаны да болады. Мысалы, . 1922-1923 жж. КСРО-да заттай қарыздар (екі нан және бір қант қарыздары) шығарылды. Оларды шығару сол кездегі ақшаның тез қүнсыздануымен айқындалды. Осындай мақсатпен алтын қарыз-дар да (яғни алтын түрінде есептелген қарыздар) шығарылды. Зат-тай қарыздарды өтеу не зат түрінде, не қарызды өтеу мезетіндегі қанттың немесе нанның рыноктік бағасы бойынша ақшамен жүр-гізілді. Бұл қарыздарды өтеу жыл бойы жүргізілді.
Эмитентке қарай қарыздар үкіметтің қарыздарына және биліктің жергілікті органдарының қарыздарына (муниципалдық қарыз-дарга) ажыратылады.
Табыстылық түрлері бойынша қарыздар пайыздық (қарыз иелері жыл сайын тең үлеспен бекітілген мөлшерлеме бойынша түрлаулы табыс адады); үтыс немесе лотореялық (табыс облигациялардың өтеу тиражы немесе үтыс тиражы шыққанда толенеді) қарыздар
болуы мүмкін. Аталған мемлекеттік қарыздардан басқа олардыі тарихында (бұрынғы КСРО бойынша) шаруа қарыздары (1924 1925, 1927 жж.), үш индустрияландыру қарызы белгілі.
Сондай-ақ әскери қарыздар, 1946-1950 жж. халық шаруашы-лығын қалпына келтіру жөне дамыту қарыздары (5 қарыз) белгілі, Дербестікке ие болғаннан кейін Қазақстан Республикасында меншікті ішкі қарыздарды қолдану басталды. 1992 ж. республика үкіметі Мешеквттік ішкі қарыз шыгарды, ол кәсіпорындар мен үйымдар арасында таратылды. Сол жылы айналысқа 20 жылга (2012 жылга дейін) есептелінген Қазақстан Республикасының мемлекеттік ішкі утыс қарызының бондары шығарылды. Қарыздар бойынша үтыс-тар жыл сайын 25, 50, 500 мың теңге колемінде 4 рет ойналады.
1996 жылы Қазақстан Республикасында резидент және бейре-зидент-заңды және жеке түлғалар арасыңда номиналы 1000 теңге-ге, айналым мерзімі 364 күнге тең мемлекеттік бағалы қағаздар болып табылатын Мемлекеттік ішкі қарызының ұлттық жинақ об-лигациялары таратыла бастады. Ұлттық жинак, облигацияларына жүзбелі табыстық пайыздары есептеліп, олар тоқсан сайын толеніп түрады.
Ақша ресурстарындағы қысқа мерзімді қажеттіліктерді жабу үшін қарастырылған шараларды бюджеттен қаржыландыру кезіңде кірістердің түспеген немесе жеткіліксіз тускен кезінде кредиттің мемлекеттік қазынашылық міндеттемелері (МҚМ) сияқты ныса-ны пайдаланылады. МҚМ қағазсыз нысанда заңды түлғаларға — коммерциялық банктерге, кәсіпорындарға, фирмаларга арналып 3, 6, 9, 12 ай мерзімге -шыгарылады. Иелері арасында МҚМ-ді орналастыру аукциондық сауда-саттықта жүргізіледі, онда міндет-темелердің кезекті шығарылуының дисконтталынған бағасы белгі-ленеді. Қаржы мннистрлігі оларды айналыс мерзімінің бітуіне қарай көрсетулі қүны бойынша сатып алады, бұл бағалы қағаз номина-лы (атаулы қүны) мен дисконтты баға арасындағы айырмашылық инвестордың табысын қүрайды. Мемлекет МҚМ-ға есеп айырысу мен щаруашылық операциялар бойынша қалыптасатын рыноктік бағалар бойынша (жағдаятты ескере отырып) толемдердің мәртебесін бере отырып, олардың түрақтылығына кепіл болады.
1999 жылдан бастап атаулы қүны 100 АҚШ доллары болатын айналыс мерзімі 5 жыл арнаулы валюталық мемлекеттік облига-цияларды (АВМЕКАМ) жинақтаушы зейнетақы активтерін қоргау мақсатында Қазақстан Республикасы укіметінің атынан Қаржы министрлігі (эмитент) шығарды. Бұл облигациялар иелеріне өтеу кезінде олардың атаулы күнын алуга жоне жылына 6,14% молше-рінде сыйақы (мүдде) алуға қүқық береді. Сонымен бірге Қаржы министрлігі бюджеттапшылығын қаржыландыру үшін пайдаланатын қүралдардың түрлерін кеңейту мақсатында теңгенің еркін айырбас багамы жағдайында айналыс мерзімдері 3, 6, 9, 12 ай болып табылатын мемлекеттік қазынашылық валюталық міндеттемелер (МЕКАВМ) шығаруды бастады. Ол қүжаттық емес нысанда және нақты 100 АҚШ долларына аукци-ондық әдіспен анықталған дисконтталған баға бойьінша орналас-тырылды. Қазынашылық міндеттемелерді үстаушылар Қазақстан Республикасы резиденттері де, бейрезидентттері де болып табыла-тын занды және жеке түлгалар бола алады. Инвесторлардың сатып алынган қазынашылық валюталық міндеттемелер үшін ақы толеу мен Қаржы Министрлігінің қазынашылық валюталық міндеттеме-лердің нақты қүнын өтеу толеу күні мен өтеу күнінің қарсаңын-дағы әр эмиссиясының шарттарын жариялау кезінде Қаржы министрлігі тағайындаған Ұлттық банктің ресми бағамы бойынша теңгемен жүргізіледі.
Мемлекеттің шыгыстарын қаржыландыруға пайдаланылатын несие қорын қалыптастыруға мемлекеттік банктердегі халықтың салымдары бойынша қалдықтардың бір бөлігін айналысқа қосу да мемлекеттік кредиттіңнысаны болыптабылады.
Мемлекеттік кредиттің келесі нысаны — елдің орталық эмис-сия банкінің қаражаттарын тарту. Мемлекет айналыстағы ақша массасының инфляциялық қүнсыздануымен қосарланатын бұл нысанга мемлекеттік кредиттің әр түрлі келеңсіз себептерден — дағдарысты жағдаяттардан, мемлекеттік бағалы қағаздарға сенімнің жоғалуынан, тотенше жағдайлардан туатын басқа нысандарын пай-далану мүмкіндігі болмаған жағдайда иек артады.
КСРО-ның практикасында мемлекеттік кредиттің нысаны ретінде бюджет тапшылығын жабу үшін жалпымемлекеттік несие қорынан қарыз алу нысанының кең таралғаны белгілі. Қаржылан-дырудың мүндай әдісі дүниежүзілік практикада басқарудың тота-литарлық режімі орын алған мемлекеттерге тон. Ол инфляциялық процестерді жоймайды, керісінше, оларды күшейтуі мүмкін. Сон-дықтан Қазақстан Республикасының үкіметі 1998 жылдан бастап жалпымемлекеттік несие қорының қаражаттарынан тікелей қарыз алуды тоқтатты.
Экономиканы тиімді реформалау міндеттерін сонымен қатар шетелдік инвестицияларды кеңінен қатыстырмайынша да шешу мүмкін емес.
Бұл орайда сыртқы кредиттер мен қарыздарды тікелей шетелдік инвестициялармсн шатастырмау керек. Крсдит пен қарыздардыц бөрі инвестицияларға жата бермейді. Әсіресе, 1993-1994 жылдардағы кредиттер мен қарыздар инвестицияға кірмегенін айтқан жөн. Олар бюджет тапшылығын жабу үшін, басқа да зәруліктерді қам-тамасыз ету үшін жүмсалды.
"Мемлекеттік және мемлекет кепілдендірген қарыз алу мен борыш туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес қарыз алудың мынандай түрлерін атауға болады: мемлекеттік қарыз алу және мемлекет кепілдендірген қарыз алу.
Қазақстан Республикасында мешекеттік қарыз апуды оның үкіметі, Ұлттық банкі және жергілікті атқарушы органдары жүзе-ге асырады.
Үкіметтің қарыз алуы республйкалық бюджеттің тапшылы-ғын қаржыландыру мақсатында, Ұлттық банктің қарыз алуы толем балансын қолдау жоне Ұлттық банктің алтын-валюта активтерін толықтыру мақсатында, сондай-ақ елдегі жүргізіліп отырған ақша-кредит саясатымен айқындалатын басқа да мақсаттарында жүзеге асырылады. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қарыз алуы аймақтық инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыруга байланысты жергілікті бюджеттің тапшьшығын жабу мақсатында жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қарыздардың мынадай түрлері мен нысандары болады:
1. Қарызгерге қатысы бойынша:
Қазақстан Республикасы үкіметінің қарыздары; Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қарыздары; Қазақстан Республикасы жергілікті атқарушы органдарының қарыздары болып бөлінеді.
2. Несие капиталының рыногі бойыншасыртқы мемлекеттік қарыздар;
ішкі мемлекеттік қарыздар болып болінеді.
3. Қарыз алу нысаны бойынша:мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясы;
қарыз туралы шарттар (келісімдер) жасау болып болінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет