Ф 11-18 Жошыбаева Д. А



бет34/45
Дата16.02.2023
өлшемі1,49 Mb.
#169075
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   45
13-тақырып. Қаржы рыногы
1.Қаржы рыногы туралы ұғым
Қазақстан Республикасының қатаң түрде орталықтандырылған жоспарлы экономикадан қағидалы жаңа, мемлекет тарапынан реттелініп отыратын нарықтық экономикаға көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық институттармен бірге қаржы рыногінің құрылуын талап етті. Қазақстанда қаржы рыногі бұрын – соңды болған емес.
Қаржы рыногі – бұл, ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктредің, жинақтаушы зейнетақы қорларынан, сақтық институттарынан, мемлекеттің және халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, кредит, сақтық, валюта және т.б. рыноктермен (капитал, жұмыс күші, тұрғын үй, жер, алтын және т.б. рыноктермен) етене байланысты.
Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайындағы қаржы рыногі қаржы ресурстарын үздіксіз қалыптастырып отырудың, оларды неғұрлым тиімді пайдаланудың, ұлттық шаруашылықта ақша қозғалысына ұтымды ұйымдастырудың айырықша нысаны болып табылады және бағалы қағаздар рыногі, сондай – ақ кредит рыногі түрінде де іс - әрекет етеді. Қаржы рыногі экономиканың түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында қайта бөлуді барлық әр түрлі нысанда реттейтін нарықтық қатынастардың бүкіл жиынтығын біріктіретін неғұрлым жалпы (ортақ) ұғым болып табылады.
Экономикалық әдебиеттерде және шаруашылық практикада қаржы рыногі ұғымы ақша, валюта кредит, капитал рыноктерін қоса отырып кеңінен түсіндіріледі. Бұл қаржыны жалпы ақша мен күн категорияларына бара – бар категория ретінде қарастыратын практикамен, негізінен дүниежүзілік практикамен байланысты, өйткені экономикалық ресурстардың кез келген түрі меншіктің титулдары болып табылатын ақшамен немесе тиісті бағалы қағаздармен, басқа құжаттармен ортақтастырылуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет