Ақша рыногі дегеніміз қолма – қол ақша ғана емес, қолма – қолсыз төлем қаражаттарын да қосатын төлем қаражаттарының рыногі.
Кредит рыногі несие бойынша банктердің кредит операцияларымен байланысты.
Ақша мен кредит рыноктері, әдеттегідей, айналым активтерінің қозғалысына қызмет етеді.
Капитал рыногінде қоғамдық өндіріс қатысушыларының орташа және ұзақ мерзімді қорланымдарының қозғалысы жүзеге асырылады.
Қаржы рыногінде сатып алу – сатудың объектісі айрықшалықты тауарлар – ақша және бағалы (ақша) қағаздар болып табылады. Сондықтан онда бағалы қағаздардың қозғалысымен ортақтастырылатын экономикалық қатынастар болып табылатын бағалы қағаздар рыногі маңызды орын алады. Қор құндылықтарының – бағалы қағаздар мен туынды бағалы қағаздар айналысымен байланысты болғандықтан оны қор рыногі деп атайды. «Қор рыногі» термині бастапқыда бағалы қағаздармен мәміле жасалынатын және ресімделінетін мекеменің – қор биржасының атымен байланысты.
Функционалдық тұрғыдан қаржы рыногі – бұл шаруашылық жүргізуші субъектілердің, банктердің, мемлекеттің уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландыру және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жүйесі. Бұл рыноктің жұмыс істеуі көптеген экономикалық, әсіресе инвестициялық процесстері тәртіпке (ретке) келтіріп, олардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұған осы рыноктің қор құралдарының, ең алдымен бағалы қағаздардың сан алуандығымен қол жетеді.
Рыноктің барлық тұрпаттарының өзара байланысты қаржы рыногінің жұмыс істеу шарттарын айшықтайды. Оған мыналар жатады.
реттелінген тауар рыногінің болуы, яғни кез келген түрлердегі және арналымдағы тауарлар мен қызмет көрсетулер бойынша сұраным мен ұсынымның теңгерімдігі;
Ұлттық (орталық) банк тарапынан ақша айналысын қалыпты реттеп отыру: бұған қолма – қол және қолма – қолсыз айналым бойынша эмиссияға бақылау жатады;
Кредит рыногінің жандандырылуы, оның толық коммерциялануы, яғни кредит ресурстарын еркін рынокке орналастыру; кредит ресурстарының қозғалысы Орталық банктің пайыздық есептік мөлшерлемесін, коммерциялық банктердің міндеттері резервтерінің нормасын, ашық ақша рыногінде операциялар жүргізуді белгілеу арқылы реттелінеді.
Кезкелген субъектінің қаржы ресурстарына қажеттілігі және оны қанағаттандырудың нақты көздерімен тура келмеуі қаржы рыногінің жұмыс істеуінің объективті алғышарты болып табылады.
Қаржы рыногінің жұмыс істеуінің негізгі алғышарттарына мыналар жатады:
1) бәсекені дамыту мен монополизмді шектеу мақсатындағы материалдық өндіріс сферасының бастапқы шаруашылық буындарының – меншіктің барлық нысандары кәсіпорындарының, соның ішінді мемлекеттік сектордың да кең дербестігі;
2) қаржы ресурстарының қайта бөлудегі мемлекеттер рөлінің қысқаруы: өндірістік күрделі жұмсалымдары орталықтан қаржыландырудың, қаражаттарды кәсіпорындар арасында ішківедомстволық қайта бөлудің азаюы;
3) шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың бағалы қағаздарға және басқа активтерге инвестицияланатын ақшалай табыстарының өсуі;
4) бюджет тапшылықтарының қаржыландыру үшін несие қорын пайдалануын тоқтату; республикалық, сондай – ақ жергілікті бюджеттердің тапшылықтары мемлекеттік қарыздары шығару арқылы жабылуы тиіс.