Ішкімемлекеттік жіне жергілікті қарыздарды өткізуден алынған қаражаттар тиісті бюджеттерге бағытталады. Бұл қарыздардың облигацияларын банк мекемелері таратады. Пайыздық ішкі және жергілікті қарыздардың облигазиялары бойынша табыс облигациялардың номиналына сыйақы (мүдде) есептеу жолымен немесе купондарды төлеу жолымен қарыздарды өтегенде төленеді.
Кәсіпорындардың облигациялары олардың жарғылығына және қолданыстағы заңдарға сәйкес шығарылады және таратылады.
Облигациялар атаулы, сондай – ақ ұсынбалы, пайыздық және пайызсыз (мақсатты), еркін айналатын немесе айналысы шектеулі болып шығарылуы мүмкін. Кәсіпорындар облигациялардың барлық түрлерін меншікті қаражаттарына, ал азаматтар жеке қаражаттары есесбінен сатып алады.
Коносамент – жеке тұлғаның немесе заңды ұйымның жүк жөнелтушіге берген және жүкті тасымалдауға алынғанын куәландыратын қолхат.
Бағалы қағаздар құрамында мемлекет тарапынан, халықтан және заңды тұлғалардан алынған қарыз фактісін куәландыратын мемлекеттік бағалы қағаздар ерекше болып келеді. Олар әр түрлі нысандарда шығарылады: қазынашылық міндеттемелер, қазынашылық бондар, облигациялар және басқалар.
Ұлттық банктің қасқа мерзімді ноттары әр түрлі айналыс мерзіміндегі мемлекеттік бағалы қағаздар болып табылады. Олар ақша – кредит саясатының мақсаттарын іске асыру және айналымдағы ақша массасын жедел реттеу үшін пайдаланылады. Айналысқа 1995 жылдан бері шығарылып келеді.
Мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық валюталық міндеттемелер (МЕОКАВМ) Қазақстан Республикасының эмиссиялық мемлекеттік бағалы қағаздары болып табылады, республикалық бюджеттің ағымдағы тапшылығын қаржыландыру мақсатында Үкіметтің атынан Қаржы Министрлігі шығарады және бағалы қағаздар рыногінде еркін айналыста болады.
Қазынашылық валюталық міндеттемелер ұстаушыларға өтеу кезінде олардың атаулы құнын алуға және төленетін атаулы құнға пайызбен сыйақы (мүдде) алуға құқық береді.
Қазынашылық валюталық міндеттеменің бстапқы құны 100 АҚШ доллары.
Республикалық бюджеттың тапшылығын қаржыландыру үшін пайдаланылатын қаржы құралдарын (инструменттерін) түрлендіру (диверсификациялау) мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында айналым мерзімі бір жыл және бір жылдан астам мемлекеттік индекстелген қазынашылық міндеттемелер (МИҚМ) шығарылды. Мемлекеттік индекстелген қазынашылық міндеттеме мемлекеттік бағалы қағаздар болып табылады, оларды республикалық бюджеттің ағымдағы тапшылығын қаржыландыру мақсатында Үкіметтің атынан қаржы Министрлігі (эмитент ретінде) шығарады және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес Қазақстанның бағалы қағаздар рыногінде еркін айналымда болады.
Индекстелен қазынашылық міндеттеменің бастапқы құны 1000 теңге және олар инвесторлардың арасында аукциондық әдіспен орналастырылады.
Айналыс мерзімі 7 жыл және өтеу күні 2007 жылғы 11 мамыр, бастапқы құны 1000 АҚШ доллары, капиталдың халықаралық рыноктерінде орналастырылған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарды (Еурооблигациялар) шығарылды.
Дамыған экономикалық жүйелердің қаржы рыногінде бағалы қағаздардың өздерінен басқа негізгілерден шығатын туынды бағалы қағаздар болады, олар басқа бағалы қағаздар арқылы білдіріліп, құнға ие болатын бағалы қағаздар. Мұндай бағалы қағаздарға әдетте варранттар, опциондар, фьючестер жатады.
Туынды бағалы қағаздар рынокте айналыста жүрген корпоративтік бағалы қағаздардың тізбесін аяқтайды.
Туынды бағалы қағаздарды пайдалану белгілі бір қажеттіліктерге: қаржы және баға тәуекелдерін сақтандыруға (хеджерлеуге), өтімдіктің артуына, қарыз алу құнының төмендеуіне, қажетті рынокке шығу мүмкіндігін алуға байланысты.
3.Бағалы қағаздардың эмиссиясы.
Бағлы қағаздар рыногінің қатысушылары
Бағалы қағаздарды айналысқа шығару – эмиссия – бұл бағалы қағаздарды лардың бастапқы иелеріне – инвесторларға, яғни заңды тұлғаларға және азаматтарға сату.
Бағалы қағаздардың эмиссиясы:
1) акционерлік қоғам құрған кезде және акциялар олардың құрылтайшылары арасында орналастарған кезде;
2) акциялар шығару жолымен акционерлік қоғамның бастапқы жарғылық капиталының мөлшерін көбейткен кезде;
3) облигациялар және басқа борыштық міндеттемелер шығару жолымен мемлекет, заңды тұғалар, жергілікті билік органдары қарыз қаражаттарын тартқан кезде жүзеге асырылады.