Ф 11-18 Жошыбаева Д. А



бет37/45
Дата16.02.2023
өлшемі1,49 Mb.
#169075
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   45
Бағалы қағаздар – мүліктік құқықты растайтын ақшалай құжаттар немесе мұндай құжаттарды шығарған ұйымға олардың иелері қарызының қатысы.
Бағалы қағаздардың бір ерекшелігі ретінде олардың мүліктік сипатын айтуға болады. Яғни бағалы қағаздар міндетті түрде оның ұстаушының қалайда бір мүлікке құқылы екендігін куәландыруға тиіс. Бұл белгілі бір тауар немесе нақта акция сомасын алуға мүмкіндік береді. Сондай – ақ бағалы қағаздар белгілі бір қоғамның, кәсіпорынның, фирманың, ұйымның меншігіне қатысуға және басқаруға құқық береді.
Бағалы қағаздардың түрлері сан алуан: оларға акциялар, облигациялар, мемлекеттің борышқорлық міндеттемелері, банктердің депозит және жинақ сертификаттары, Ұлттық банктің мерзімді ноттары жатады. Бағалы қағаздарға банк кредитін алғандығын растайтын құжаттар, борышқорлық қолхаттар, өсиехат (өсиетнама), лотерея билеттері, сақтық полистері жатпайды.
1930 жылғы Женева конвенциясына сәйкес вексель бағалы қағаздарға жатпайды (өйткені ол – кредиттік ақшалардың түрі). Бірақ басқа жағынан, ақша сатып алу – сату процестеріне тартылғандықтан вексельді шартты түрде бағалы қағаздарға жатқызуға болады.
Бағалы қағаздар бойынша олардың иелеріне дивидендтер немесе пайыздар түрінде табыстар төлеу, сондай – ақ бұл құжаттардың тұындайтын ақшалай немесе өзге құқықтарды басқа тұлғаларға берудің мүмкіндігі қарастырылады.
Бағалы қағаздар ұсынбалы, ордерлік және атаулы болуы мүмкін.
Атаулы бағалы қағазбен куәландырылған құқықтар онда аталған адамға тиесілі болады.
Ұсынбалы бағалы қағазбен куәландырылған құқықтар бағалы қағазды ұсынушыға тиесілі болады.
Орделік бағалы қағазбен куәландырылған құқықтар онда аталған адамға тиесілі болады.
Акция – қоғам шығаратын және бағалы қағаздың түрі мен санатына байланысты дивидендтер алуға, қоғамды басқаруға қатысуға және қоғам жойылғаннан кейін оның қалған мүлкінің бір бөлігіне акционерлердің құқықтарын куәландыратын бағалы қағаз.
Облигация ұстаушының оны шығарған адамнан онда көзделген мерзімде нақты құнымен облигация немесе басқа мүліктік балама алуға құқығын куәландыратын бағалы қағаз облигация деп аталады. Облигация өзінің ұстаушысына облигацияның нақты құнының онда көрсетілген сыйақыны (мүддені) не өзге де мүліктік құқықты алуына құқық береді.
Облигациялардың мынадай түрлері болады:
ішкімемлекеттік және жергілікті қарыздардың облигациялары;
кәсіпорындардың облигациялары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет