2 сызба. Лаффэрдің қисық сызығы
Жеке табыс салығын салу, фискалдық мағынасынан басқа, маңызды әлеуметтік функция орындайды — халықтың түрлі әлеуметтік топтарының табыстарын теңестіруді қамтамасыз етеді. Нақ осы функцияны әлеуметтік бағдарламалар бойынша бюджеттік шығыстар да орындайды, соның нөтижесінде табыстары төмен адамдар табыстары жоғарырақ топқа ауысады, сөйтіп әлеуметтік теңсіздік біршама қысқарады.
Бұл жағдаятты Лоренцтің қисық сызығы сипаттайды (19.3 сызба). Деңгейлес білікте (осьте) от басыларының пайызы, ал сатыласта табыс пайызы салынған. Биссектриса сызбада табыстардағы абсолюттік теңдікті, Лоренцтің сызығы теңсіздікті, бірақ қисық сызық 1 салықты төлегенге дейінгіні, қисық сызық 2 оларды төлегеннен кейінгіні, ал қисық сызық 3 мемлекеттік бюджеттен төленетін трансферттік төлеуден кейінгіні қамтып көрсетеді. і" нүктесі абсолюттік теңсіздіктің жағдаятын білдіреді. Сызбаның штрихталынған бөлігі салықтарды төлегеннен кейінгі табыстардың және мемлекеттік бюджеттен төленетін трансферттік төлемдердің теңсіздік дәрежесін қамтып көрсетеді.
Мөлшерлемелердің шамасымен және тиісінше салықтық алымдардың шамасымен байланысты болатын салықтық реттеудің маңызды аспектісі ішкі қорланымдарды "ұстаудың" және шетелдік инвестицияларды тартудың мүмкіндігі болып табылады. Жоғары салықтар капиталдарды қолданудан алынатын табыстарға салықтардың аз мөлшерлемелерімен салық салынуы мүмкін, неғұрлым жайлы салық климаты бар елдерге "капиталдардың безінуін" тудырады.
Бұл факторға сондай-ақ салық салу деңгейі төмен немесе тіпті ол болмайтын "оффшорлық аймақтардың" бар болуы жағдай жасайды. Басқа жағынан, жоғары салық мөлшерлемелері елге шетелдік капиталдың дендеп енуіне кедергі жасайды, мұның өзі ішкі қорланымдардың жетіспеуі кезінде экономиканың дамуын тежейді.
Сондықтан салықтық реттеу бұл факторларды ескеруі және экономикалық қарым-қатынаста (байланыста) болатын елдердің салықтық шарттарын теңестіруге жәрдемдесуі тиіс.
Қажетті әдебиеттер
1.Ильясов.К.К.Құлпыбаев.С.Қ«Қаржы».
экономиканық жоғарғы оқу орындары үшін.Алматы «Экономика»2005.ж.
2.Мельников.В.Д.,Ильясов.К.К.«Финансы» учебник для экономических вузов Алматы «Қаржы—қаражат».2006 г.
З.Ильясов.К.К.Саткалиева.В.А. и другие «Государственный бюджет» Алматы РИК 1999 г.
4.Ковалева.А. «Финансы». М финансы и статистика 2002 г.
В.М.Родионова.«Финансы» М. финансы и статистика 2000 г.
Д.Г.Черник «Финансовые аспекты рыночной экономике» М.финансы и статистака 1998 г.
Л.А. Дробозина.«Общая теория финансов» М. банки и биржи изд. обьединение. ЮНИТИ 2003 г.
8.Мельников.В.Д. «Государственное финансовое регулирование экономики Казахстана» Алматы «Қаржы-Қаражат» 1995 г.
9. Дербисов Е.Ж. Финансы Казахстана: между прошлым и будущим « Алматы. изд. ИХТИСАТ 1996 г.
Достарыңызбен бөлісу: |