Ф 11-18 Жошыбаева Д. А



бет32/45
Дата16.02.2023
өлшемі1,49 Mb.
#169075
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   45
Қажетті әдебиеттер
1.Ильясов.К.К.Құлпыбаев.С.Қ«Қаржы».
экономиканық жоғарғы оқу орындары үшін.Алматы «Экономика»2005.ж.
2.Мельников.В.Д.,Ильясов.К.К.«Финансы» учебник для экономических вузов Алматы «Қаржы—қаражат».2006 г.
З.Ильясов.К.К.Саткалиева.В.А. и другие «Государственный бюджет» Алматы РИК 1999 г.
4.Ковалева.А. «Финансы». М финансы и статистика 2002 г.

  1. В.М.Родионова.«Финансы» М. финансы и статистика 2000 г.

  2. Д.Г.Черник «Финансовые аспекты рыночной экономике» М.финансы и статистака 1998 г.

  3. Л.А. Дробозина.«Общая теория финансов» М. банки и биржи изд. обьединение. ЮНИТИ 2003 г.

8.Мельников.В.Д. «Государственное финансовое регулирование экономики Казахстана» Алматы «Қаржы-Қаражат» 1995 г.
9. Дербисов Е.Ж. Финансы Казахстана: между прошлым и будущим « Алматы. изд. ИХТИСАТ 1996 г.


12-тақырып. Экономиканы мемлекеттік каржылық реттеу
1.Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеудің жалпы сипаттамасы мен сыныптамасы.
Мемлекет тарапынан экономикалық процестерді реттеу кез келген қоғамдық жүйенің, соның ішінде қаржыны басқарудың ажырағысыз элементі болып табылады.
Экономиканы реттеу әдетте екі нысанда - өзін өзі реттеу мен мемлекеттік реттеу нысанында жүргізіледі. Біріншісі қоғамдық өндірістің түрлі буындарында қаржы базасын қалыптастырудың шаруашылық жүргізуші субъектілердің өздері жасап, пайдаланатын әдістерімен сипатталады. Екінші нысан қоғамдық өндірістің даму процесіне мемлекеттің сан алуан экономикалық тетіктері, соның ішінде қаржы тұтқалары арқылы араласуын бейнелейді. Экономиканы мемлекеттік реттеуге қаржы жүйесінің барлық сфералары мен буындары қатысады, оның үстіне қаржы жүйесінің әр буыны ықпалының өзгешеліктері болады, айталық, ұлттық экономика арақатынастарының (ұдайы өндірістік, салалық, аймақтық және т.б.) сан алуан түрлері реттеледі.
Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу бұл макроэкономикалық тепе-тендікке және экономиканың жұмыс істеуінің әрбір нақтылы кезеңінде оның үдемелі дамуына әсер ету үшін, сондай-ақ қаржы ресурстарын шебер пайдаланудың күнделікті процесін қамтамасыз ету үшін шаруашылық жүргізуші субъектіге мемлекеттің қаржылық ықпал жасауының нысандары мен әдістерін мақсатты және дәйекті қолдану процесі ретінде сипатталады. Мұндай реттеудің қажеттігі мемлекет тарапынан қоғамдық өндірістің барысын қоғамға керек бағытта түзетіп отыруды талап ететін өндірістің сипатымен анықталады.
Мына бастапқы негіздемелер мемлекеттік қаржылық реттеуді жүзеге асырудың алғышарттары болып табылады:
1. Қоғам дамуының объективті экономикалық заңдарының іс-қимылын есепке алу.
2. Қоғамның барлық мүшелерінің түпкілікті мүдделерін білдіретін қоғам дамуының ғылыми негізделген стратегиялык, бағдарламасын әзірлеу. Бағдарлама мемлекет пен оның төменгі құрылымдарының нормативтік актілерін қамтамасыз ететін тұтас, ұзақ мерзімді бағыт ретінде анықталады; ойда болмаған жағдайларға байланысты тактикалық сипаттағы түзету жасалуы мүмкін.
3. Көзқарастарды білдіретін демократиялық жүйенің болуы және халықтың барлық жіктерінің, әлеуметтік, ұлттық топтарының мүдделерін еркін білдірудің мүмкіндіктеріне арналған олардың демократиялық институттарының болуы.
4. Шаруашылық қызметте халықтың нормасы мен ережесінен шегіністі айқын және жедел сезінетін елде жақсы жолға қойылған заңнамалық жүйенің болуы.
Қаржылық реттеудің көмегімен мемлекет халықтың төлем қабілеттігінің сұранымына, қорланудың қарқынына, тауарлар мен қызметтерді өткізуге, елдер арасындағы тауарлар мен капиталдардың қозғалысына, макроэкономиканың салалық және аумақтық құрылымына ықпал етеді.
Сонымен бірге қаржы тұтқаларының көмегімен мынадай негізгі мәселелер шешіледі:
- материалдық өндіріс сферасында жұмылдырылатын қаржы ресурстарының жалпы деңгейін реттеу;
- өндірістік сферадағы монополиялық қызметті экономикалық шектеу;
- кәсіпорындардың, ұйымдардың сыртқы экономикалық қызметін реттеу, олардың құқықтық және келісімшарт тәртібін қамтамасыз ету;
- кәсіпорындарда, ұйымдарда, фирмаларда өндірісті дамытуды материалдық жағынан ынталандырып отыру;
- кәсіпорындардың, ұйымдардың, фирмалардың ақшалай ресурстарын бөлудің ішкі өндірістік арақатысын реттеу;
- ел, аймақ, сала, кәсіпорын, ұйым, фирма көлемінде инвестициялық және инновациялық процестерді реттеп отыру. Сөйтіп, өндірісті қаржылық реттеу мен ынталандырып отырудың негізінде жалпы алғанда елдің экономикалық дамуының тенденциясына қаржы тұтқаларының көмегімен ықпал жасалады.
Нәтижелікке, яғни мемлекеттік қаржылық реттеудің нақтылы қорытындысына оны жүзеге асырудың белгілі бір шарттары сақталған кезде қол жетеді. Мұндай шарттарға мыналар жатады:
а) экономиканы құрылымдық жағынан қайта құру;
ә) басқарудың барлық деңгейлерінде және меншіктің барлық нысандарында шаруашылық процестер мен құрылымдарды монополиясыздандыру;
б) нарықтық бастамаға, коммерциялық қызметтің, зандағы ескертпелерден басқа қызметтің бірдей барлық түрлеріне еркіндік беретін барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер меншігінің бүкіл нысандарының шынайы тендігін - жасау негізінде бәсекені, кәсіпкерлікті дамыту;
в) жоғарыда айтылған шарттардан туындайтын мемлекет шеңберінде де, халықаралық кооперация мен еңбек бөлінісінің артықшылығынан шығатын ынтымақтастықты дамыту жөніндегі экономикалық одаққа бірігетін бірнеше елдердің бірыңғай интеграциялық кеңістігі шегінде де салалар, өндірістер, аумақтар арасында өндірістің өзгермелі факторларының (әр түрлі нысандағы капиталдардың, жұмыс күшінің, технологиялардың, ақпараттың, меншік құқықтарының және т.б.) еркін кедергісіз ауысу мүмкіндігі.
Әдетте реттеу процесі объективті және субъективті факторлардың, экономиканың жұмыс істеу шарттарының сан алуандығымен, әр түрлі категорияларды, олардың элементтерін пайдаланумен сипатталады. Сондықтан осы негіздемелер бойынша мемлекеттік реттеудің жүйесін межелеудің типтерге, түрлерге, нысандарға және әдістерге сыныптаудың маңызы зор.
Реттеудің екі типі бар: ол экономикалық (оның: қаржылық, бағалық, кредиттік, валюталық, еңбекке ақы төлеу бөліктерімен) жөне окімшілік реттеу.
Қаржылық реттеудің турлері салықтық, бюджеттік, мемлекеттік-кредиттік, кедендік-тарифтік, валюталық-қаржылық, шаруашылық ішіндегі (фирма ішіндегі, кәсіпорын, ұйым, корпорация шегіндегі және т.б.) реттеуді қамтиды. Қаржылық реттеудің осы түрлеріне сәйкес оның мынадай нысандарын атауға болады: мысалы, бюджетте —қаржыландыру (субвенциялар, субсидиялар, трансферттер), салықта—тура және жанама салық салу, валюта-қаржыда-сыртқы инвестициялау, сыртқы қарыздар, сыртқы борыш. Бұлар — қаржылық реттеудің негізгі нысандары.
Ортақ нысан жоспарлау (болжау) болып табылады.
Нарықтық экономика кезінде экономикалық, соның ішінде қаржылық нысандар мен әдістер арқылы жанама реттеме іс-әрекет етеді. Дүниежүзілік практика мынадай реттеуіштерді (әдістерді) жасады: салық салуда — салықтардың мөлшерлемелері, салық салу жөніндегі жеңілдіктер мен санкциялар, табыстарды, мүлікті, активтерді мағлұмдамалау, аванс телемі және басқалары; бюджеттен қаржыландыру кезінде — шығыстарды нормалау, қаражаттардың пайыздық аударымдары, бюджет тапшылығын қаржыландырудың әдістері, бюджет артығын пайдалану; амортизацияның нормалары, кәсіпорындардың, фирмалардың қорларына аударылатын аударымдардың нормативтері, әлуметтік қамсыздандырдың нормативтері және басқалары. Бұл реттеушілер ақша (қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалар, эмиссияның көлемі, валюталық бағам), кредит (кредит үшін сыйақылар (мүдде-лер), есеп мөлшерлемесі мен ұлттық банктердің резервтік талаптары, ашық рыноктағы ұлттық банк операцияларының ауқымы), баға (реттемелі бағалардың деңгейі, еркін және тіркелген бағалардың арақатынасы, рентабелділіліктің шекті деңгейі) реттеуіштерімен толықтырылады.
Мемлекеттік қаржылық реттеу тұтқаларының ішінде салықтарға аса маңызды орын беріледі. Салықпен реттеу көсіпорындар мен халықтың экономикалық белсенділіктегі ынталығын қамтамасыз етуге арналған. Салықтардың көмегімен рентабелділіліктің деңгейі мен кәсіпорындардың қарамағында қалатын ақша қор-ланымдарының көлемі реттеліп отырады. Бұған жоғарыда айтылған салық салудағы әдістер арқылы қол жетеді.
Мемлекеттік қаржылық реттеу проблемасының екінші жағы бюджеттен қаржыландыруды пайдалану тиімділігінің дөрежесі болып табылады.
Валюталық-қаржылық реттеудегі негізгі әдістер мыналар болып табылады: валюталық бағам, ақша капиталының пайыздық мөлшерлемелері, халықаралық төлем қаражаттары мен бағалы қағаздардың бағамдары, валюталық тәуекелдерді сақтандырудың сан алуан әдістері.
Реттеудің ішкі шаруашылықтық түрінде коммерциялық немесе шаруашылық есеп, қаражаттарды нормалау әдістері, қаржы қорларына аударылатын аударымдардың нормативтері және оларды пайдалану қолданылады. Сонымен бірге экономика мемлекеттік қаржылық ықпал жасаудың бәрін тегіс қамти алмайды. Ол, әдетте, өлшеулі және экономиканы реттеудің қосымша нысандары мен әдістерін қажет етеді.
2.Макроэкономикалық тепе-теңдік және қаржы
Макроэкономикалық тепе-теңдіктің жай-күйі мынадай аса маңызды экономикалық параметрлерді теңестіруді қажет етеді: сұраным мен ұсыным; тауар және ақша массасы; жинақ ақша мен инвестициялар; инфляция және жұмыссыздық; еңбек өнімділігі және оған ақы төлеу; қаржы ресурстары және қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктері; мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары; бюджет тапшылығының мөлшері және оны жабудың көздері; төлем балансының активі мен пассиві. Аталған арақатынастардың тіпті біреуі бойынша ғана тепе-теңсіздікке жету бір мезгілде біреуінде немесе бірнеше басқаларында тепе-тендікті тудыратыны анық.
Қаржы теориясында мемлекет қаржыларының ұлттық өнім мөлшерімен өлшенетін өндіріске әсерін түсіндіру үшін "мультипликатор " ұғымы пайдаланылады.
Мультипликатордың тұжырымдамасы жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) ауқымын екі әдіспен анықтаудан барып шығады:
1) шығыстар бойынша, яғни бүкіл өндірілген өнім массасын сатып алуға қажетті экономикалық субъектілердің барлық шығыстарының жиынтығы бойынша;
2) кірістер (немесе бөліс) бойынша, яғни субъектілердің өнім өндіруден алатын табыстары тұрғысынан.
Тепе-тенді ұлттық өнім жөне шығыстардағы ұлттық өнімдердің осы өзгерісін тудырған бастапқы өзгерістен ауытқудың арақатынасын шығыстардың мулътипликаторы, ал салық төлемдеріндегі өзгерістің тепе-тенді ішкі ұлттық өнімнің одан туындайтын өзгерісіне қатынасын салықтардың мультипликаторы деп атайды.
Бірінші критерий бойынша ЖҰӨ-нің құны мына формула бойынша қалыптасады:
ЖҮӨ (GNP) = С+І8+ G+Хп
Мұндағы: С — үй шаруашылығының немесе елдің бүкіл халқының тұтыну шығыстарының келемі;
І8 — жалпы жекеше ішкі инвестициялар;
G — тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік көтере сатып алу (өндірісті арттыратын трансферттік төлемдерді шығара отырып);
Хп — таза экспорт, яғни экспорт көлемінің импорттан асып түсуі.
Барлық кірістердің сомасы бойынша ЖҰӨ-ні өлшеу мына элементтерді жиынтықтау арқылы жасалады:
1) тұтынылған капиталдың көлемі (амортизация);
2) бизнеске салынатын жанама салықтар;
3) жалдамалы қызметкерлердің жалақысы;
4) ренталық төлемдер;
5) пайыз (ақшалай капиталдың жеткізушілеріне жекеше бизнестің ақшалай табысын төлеу);
6) меншіктен (жеке жұмсалымдардан) түсетін кірістер;
7) корпорациялардың пайдасы (бұл пайдаға салынатын салық, дивидендтер, бөлінбеген пайда).
Бұдан әрі, жалпы ұлттық өнімнен ЖҰӨ мен капиталды тұтынуға аударылатын аударымдар, яғни амортизациялық аударымдар арасындағы айырма ретіндегі таза ұлттық өнім (ТҰӨ) бөліп шығарылады.
Инфляцияны немесе дефляцияны (бағалардың төмендеуі) ескере отырып түзетілген ЖҰӨ көрсеткіші нақты ЖҰӨ деп аталады.
Мультипликатор іс-әрекетінің негіздемесі "үнемдеуге шекті бейімділік" — МРS және "тұтынуға шекті бейімділік"— МРС ұғымдарымен анықталады. Бірінші жағдайда бұл үнемдеулердегі өзгерістің кірістегі өзгерісіне қатынасы, екіншісінде — тұтынуға өзгерістің кірістегі өзгерісіне қатынасы. Осыны негіздей отырып, мультипликатордың сандық мәнін мына ара салмақпен білдіруге болады.

Мультипликатордың құбылысы ұлттық өндірістің нақтылы көлемі мен жұмыстылықты өзгерту, инфляцияның үстінен бақылау және экономикалық өсуді тездету мақсатымен мемлекеттің шығыстарымен және салықтармен саналы айла-шарғы жасау болып табылатын дискредициялық фискалдық саясатты жүргізген кезде пайдаланылады.
Салықтар тұтыну мен үнемдеудің көлемін төмендетуге және тепе-тенді ТҰӨ-нің мөлшерін азайтуға жеткізетін кірістердің қысқаруын тудырады. Өнімнің көлеміне (салықпен бірге) үнемдеу мен импорт осыған ұқсас әрекет етеді.
Салықтардың төмендеуі жиынтық шығыстардың графигінің ауысуын және ТҰӨ-нің еселенген артуын тудырады. Шығыстар мультипликаторының іс-әрекетіне қарама-қарсы салық мультипликаторының іс-әрекеті осылайша көрінеді.
Салық мультипликаторының маңызды сипаттамасы оның кірістердің тұтыну компонентіне тәуелділігі болып табылады, яғни ол мынаған тең:
mt = Т х МРС,
мұндағы: Т — салықтық төлемдердің мөлшері.
Сөйтіп, сан жағынан салық мультипликаторы мемлекет шығыстарының мультипликаторынан аз болады (МРС пен МРS-тің осы мөлшерлері кезінде). Демек, мемлекеттің шығыстарындағы өзгерістер осындай мөлшердегі салықтардың өзгерістеріне қарағанда жиынтық шығыстарға күштірек ықпал жасайды. Кірістер мен шығыстар мультипликаторларының бұл қасиеттері мемлекеттің шығыстары мен салық салудың тең артуы сол мөлшерге тепе-теңді ТҰӨ-нің өсуіне жеткізетін теңдестірілген бюджет мулътипликаторының феноменін тудырады. Мысалы, егер Т і^іен О әрқайсысы 10 ^отрд. теңгеге көбейтетін болса, онда ТҰӨ-нің 10 млрд. теңгеге көбейтетінін күтуге болады. Сонымен, теңдестірілген бюджеттің мультипликаторы мынадай өлшемге тең болады:
mв = mс + mt = 1
мұндағы: mв — тендестірілғен бюджеттің мультипликаторы; mс - шығыстардың мультипликаторы; mt— салықтардың мультипликаторы.
3. Фискалдық саясаттың нұсқалары
Қаржылық реттеудің басты мазмұны фискалдық саясатты — бюджет (мемлекеттің шығыстары) пен салық саясатын жүргізуді қамтамасыз етуде затталады. Тікелей қаржылық реттеудің процесін жүргізе отырып, ұлттық табыстарға кәсіпорындардың, аймақтардың үлесін көбейту немесе азайту арқылы мемлекет олардың дамуын көтермелеп немесе шектеп отырады. Бюджеттік қаржыға аса зерек өндірістік емес сфераның жай — күйі де осындай тәртіппен реттеледі.
Мультипликаторлардың іс-әрекеттерінің жоғарыда баяндалған мүмкіндіктері ескеріле отырылып экономикалық циклдың сипатына қарай дискредициялық фискалдық саясаттың нұсқалары тұжырымдалады. Құлдырау кезінде ынталандырушы фискалдық саясат жүргізіледі, ол мыналарды қарастырады:
1) мемлекет шығыстарының көбеюі;
2) салықтардың төмендеуі;
3) мемлекеттің шығыстары артуының үлкен нәтижесін ескере отырып фискалдық саясаттың бұл бағыттарының үйлесуі.
Тежеушілік фискалдық саясат бюджет артығына жетуге бағдарлануы тиіс.
Артық сұраныммен және инфляциямен шарттасылған тежеушілік фискалдық саясат кері бағыттарды қамтиды:
1) мемлекет шығыстарының азаюы;
2) салықтардың көбеюі;
3) бұл бағыттардың үйлесуі.
Дискредициялық емес фискалдық саясат акцентті нарықтық өзін-өзі реттеуге қоя отырып, мемлекеттің қаржы процестеріне аз араласуын қажет етеді.
Дискредициялық емес фискалдық саясат автоматты, яғни кіріктерме тұрақтандырғыштардың (кіріктірме тұрақтылық) механизмі негізінде іс-әрекет етеді. Бұл жағдайда экономикалық циклдің түрлі фазаларында салық алынымдарының сомасы ұлттық өнімнің мөлшеріне тепе-тең түрінде түрленеді: өрлеу кезінде сұранымды шектей отырып, салық түсімдері өседі және автоматты түрде экономикалық өсуді тежейді; құлдырау кезінде, керісінше, ұлттық өндірістің азаюын жеңілдете отырып, салық түсімдері төмендейді. 19.1 сызбада мемлекеттің шығыстары мөлшерінің (О сызығы) тұрақтылық жағдайы кезіндегі бұл өзгерістер (Т сызығы) көрсетілген.

19.1 сызба.



Автоматты тұрақтандырғыштардың іс-әрекетінің маңызды ерекшелігі бюджет тапшылықтары мен артығын реттеу болып табылады: бюджет тапшылығы өрлеу фазасында қысқарады, онан кейін жоғалады және бюджет артығы пайда болады, бұл инфляцияны тежеуге жәрдемдеседі, өйткені ұлттық өнімнің жоғары деңгейі инфляциямен жалғасады; құлдырау фазасында құлдырауды жоюға ынталандыратын бюджет тапшылығы біртіндеп өсе бастайды.


Практикада тепе-теңдік үлгілерінде қаралған тәуелділіктер қосымша факторлардың әсерін бастан кешіреді:
1) фискалдық саясаттың қабылданатын шараларының уақыттылығы (уақыттың кешеуілдеуі);
2) ығыстыру әсерінің іс-әрекеті, бұл ақша рыногында пайыздық мөлшерлемелердің өсуімен байланысты үкімет шығыстарының көбеюі кезінде жекеше инвестициялар элементтерінің қысқаруында көрінеді;
3) сұранымды ынталандыру жиынтық ұсынымға әсер етеді, бұл бағалардың инфляциялық көбеюіне әсерін тигізеді және жиынтық шығыстардың көбею әсерін төмендетеді;
4) ашық экономикада ұлттық өндіріс жиынтық шығыстардың элементі ретінде таза экспорттың мөлшерін өзгертетін валюта бағамдары өзгерістерінің ықпалын басынан кешіреді.
Сондықтан ынталандырушы фискалдық саясаттың шаралары жоғарыда айтылған факторлардың іс-әрекетінен әлсіреуі мүмкін. Сөйтіп, кейнсшілдік тауарлар мен қызметтер көрсетуге болатын сұранымды экономиканы реттеудің негіз қалаушы факторы ретінде бөліп көрсетеді: мемлекет жиынтық сұранымды ынталандыруға мүмкіндік туғызады, ресурстардың қамтылу деңгейінің артуына ықпал етеді, мемлекет көтере сатып алудың көлемін кеңейтеді, кредиттің құнын реттейді. Кейнс шаралары салықтарды төмендетуді, шығыстарды көбейтуді, инвестицияларды ынталандыруды (пайыз мөлшерлемелерін төмендетудің көмегімен) қажет етеді.
Монетаризмнің кейнс және неокейнс теорияларынан айырмашылығы ол ақша айналысын экономикалық процестерді реттеудің басты құралы деп мойындайды. Сонымен қатар рыноктар-бәсекелестер макроэкономикалық тұрақтылықтың жоғары дәрежесін қамтамасыз етеді деп болжанады. Экономиканың жұмыс істеуіне мемлекеттің араласуын азайту жөнінде курс жүргізіледі. Ақша экономикалық процестерді жанама реттеудің шешуші факторы ретінде қаралады. Айырбастың МхУ = Рх(3 тендеуіне салынған қағидат пайдаланылады. Теңдеудің сол жақ бөлігінде сатып алушылардың өндірілген игіліктердің көлемін сатып алуға жұмсалатын шығыстардың жалпы саны көрсетіледі, ал оң жағындағы бөлігінде бұл көлемді сатушылардың түсім-ақшасы көрсетіледі.
Монетаристердің тұрақтандыру бағдарламалары мыналарды қамтиды:
1) бюджет тапшылығын қысқарту (мемлекеттік инвестицияларды, әлеуметтік шығыстарды, субсидияларды секвестрлеу, мемлекеттік сектордың қызметтер көрсетуінің бағасын арттыру, салықтарды көбейту;
2) тұтыну сұранымын қусыруға бағытталған жалақының өсуін шектеу;
3) шектеулі кредит-ақша саясаты, ақша эмиссиясына және Орталық банктегі мемлекеттік қарыздарға лимит енгізу, банк пайызының мөлшерлемесін көбейту;
4) бағаға және экспорт-импорт операцияларына бақылауды әлсірету, экономиканың экспорттық секторына ресурстардың қайта құйылымын көтермелеу;
5) төлем балансын сауықтыру үшін ұлттық ақша бірлігін девальвациялау;
Бірақ бұл үшін мына шарттарды орындау қажет:
1) ақша массасына бағалардың жоғары икемділігі;
2) дүниежүзілік бағалардың қозғалысына ішкі бағалардың жеткілікті икемділігі;
3) бағалардың қозғалысына тауарларды өндірудің (ұсынудың) жоғары икемділігі.
4) экономикалық ресурстардың едәуір өзара алмасушылығы (ұсынымның өзгергіштігімен байланысты).
Стагфляцияны жеңу үшін ұсыным экономикасы теориясының жақтаушылары ұсынған шаралар жарамды. Тұжырымдаманың мәнісі — өндіріс шығындарын төмендету жөніндегі қаржы және ақша саясаты шараларының кешені есебінен ұсынымға нысаналы ықпал ету, бұл рынок субъектілерінің инфляциялық болжамдарын төмендетуге жеткізеді. Ұсынымды ынталандыру жөніндегі шаралар мыналарды қамтиды:
1) өндіріс шығындарына қосылатын салықтарды қысқарту;
2) еңбекке ақы төлеуге жұмсалатын шығындарды тежеу (еңбек өнімділігінің өсу қарқынын оған ақы төлеудің өсу қарқынынан озық жүруі);
3) өндіріс ауқымын арттыру жөніндегі ұйымдық-техникалық сипаттағы шаралар (жабдықтың тиелімін, оның жұмысының ауысымдылығын арттыру, бос тұрып қалуларды азайту, өндірістің ырғақтылығына жету);
4) өндірісті техникалық жағынан жетілдіру жөніндегі инновациялық бағдарламаларды енгізу.
Бұл бағытта зандылыққа сәйкес Филлипс ауытқымасы бойынша анықталғандай тұрақтандыруға және инфляцияны төмендетуге жұмыссыздықтың өсуі есебінен жетуге болмайды.
XX ғасырдың аяғында жаңа теория — тұрақты даму теориясы қалыптасты, онда қазіргі кездегі жағдайлар тұрғысынан ғаламдық экономикалық және қаржылық процестер түсіндіріледі.
Девальвация — ақша реформасы әдістерінің бірі, заңнамалық тәртіппен елдің ақша өлшемінің құрамындағы ресми алтынды азайту немесе басқа елдердің валюталарына катынасы бойынша оның бағамын төмендету арқылы жүзеге асырылады; бір нәрсенің құндылығының, маңызының жоғалуы, құнсыздану.
Стагфляция — инфляциялық тенденциялардың бір мезгілде дамуы кезінде тоқыраумен сипатталатын ел экономикасының жай-күйі, күрделі шаруашылық жүйелердің тұрақты эволюциялық дамуы жөнінде ұсыныстар жасалынады.
Тұрақты даму теориясында тұрақты жұмыс істейтін жүйелерді — төменгі шаруашылық жүргізуші субъектіден ұлттық экономика мен бірнеше елдің экономикалық одағына дейінгі жүйелерді дағдарысты құбылысқа алып келетін себептер айшықталады. Бұл теория мына қағидаттарға негізделген.
1. Кез келген ауқымдағы күрделі экономикалық жүйелердің өздігінен дамуының мәнін қамтып көрсететін эволюциялық қағидаты. Бұл осы теориядағы өзекті қағидат.
2. Экономикалық мүдделерді үйлестіру қағидаты қалыптасқан тепе-теңдікті тұрақсыздандыратын сан алуан факторлардың үздіксіз өзара іс-қимылының күрделі жағдайларында өзара іс-әрекет ететін тараптар мүдделерінің балансын сақтауды қажет етеді.
3. Эволюциялық қағидатының логикалық дамуы мен оны нақтылау ретіндегі әртараптандыру қағидаты. "Әртараптандыру" термині кең мағынада экономикалық жүйенің құрамды бөліктерінің әр алуан түрлерінің, түрпаттарының жиынтығы, құрылымдық нысандардың әр түрлілігі, функциялық әртараптандыру ретінде пайдаланылады.
4. Экономикалық жүйедегі оның дамуына қарай иерархиялық саралау қағидаты. Орташа деңгейді бөліп көрсетуді қажет етеді.
Бір жағынан, дағдарыстық құбылыстардың терең себептерін және екінші жағынан, өндірістің құлдырауына қарсы іс-әрекет ету механизмдерін анықтау тұрақты дағдарыссыз дамудың негізгі қағидаттарын айырып, ажыратады, оларды қолдану келеңсіз фак-торлардың есерін айтарлықтай төмендетуге және тіпті экономикалық жағдайдың жалпы дүниежүзілік нашарлау кездерінде де экономикалық өсуді қолдап отыруға мүмкіндік береді.
4.Нарықтық тепе-теңдікке салықтардың әсері
Салықтар саласындағы фискалдық саясат олардың ықпал етуінің екі бағытын қарастырады: сұранымға (кейнстік үлгі), ұсынымға (ұсыным теориясы). Бірінші жағдайда салықтар төмендеген кезде жиынтық сұраным артады. Бұл ұлттық өнімнің көлемін жэне бағалардың деңгейін көбейтеді, яғни инфляцияның қарқыны тездейді.
Екінші жағдайда салықтардың төмендеуі жиынтық ұсынымды көбейтеді, өйткені халықтың табыстары мен жинақ ақшалары, ал кәсіпкерлердің өндірісті инвестициялауы өседі. Қызметкерлердің аз табыс салығы жалақыны көбейтіп, еңбекке деген ынталандырмаларды күшейтеді, мұның өзі өндірістің ұлғаюына жеткізеді, бұл ұлттық өнімнің өсуін, бағалардың төмендеуін білдіреді.
Мұнан басқа "ұсыным экономикасының" теориясы салықтардың аса төмен мөлшерлемелері салықтық түсімдердің сомаларын қысқартуға міндетті еместігін, керісінше, салық базасын кеңейту — ұлттық өндіріс пен табыстың көбеюі есебінен оның өсуіне жеткізетіндігін көрсетеді.
Салықтардың инвестициялық қызметке ықпал етуінің теориялық дәлелдемесі ретінде американ оқымыстылары — "ұсыным экономикасының" өкілдері А. Лаффэр және басқалары әзірлеген салық салудың үдемелілігі мен бюджет кірістері арасындағы тәуелділік қызмет атқарады.
Бұл теорияға сәйкес салық мөлшерлемелерінің белгілі бір шекке дейін өсуі салықтық түсімдердің (кірістердің) өсуіне мүмкіндік туғызады, одан кейін өсу бәсеңдейді, сонан соң бюджеттің кірістері кенет құлдырайды. Бұдан экономиканы, ең алдымен инвестициялық белсенділікті ынталандырудың міндетін салық ауыртпалығын түбегейлі жеңілдетудің жолдарынан іздестіріп, шешу керек деген жалпы түйін жасалынған. Экономиканың қозғаушы күші, бұл оқымыстылардың пікірлері бойынша,— бұл рыноққа бағытталған экономикалық қарекеттегі шаруашылық агенттерінің ынталылығы. Егер бұл қарекет оларға пайдалы болса, онда ұдайы өндіріс интенсивті қарқындарда жүзеге асырылатын болады. Лаффэрдің ойы бойынша, бюджетке салық түрінде кәсіпкерлер мен халықтың табыстарының бүкіл сомасының 30%-ынан артық алуға болмайды. Егер табыстың 40-50% алынатын болса, онда бұл жинақ ақшаны, сонымен бірге экономиканың жекеше секторындағы инвестицияны да қысқартады.
Американ ғалымдарының пікірлері бойынша, егер салықтардың мөлшерлемесі белгілі бір, айтарлықтай жоғары деңгейге жететін болса, онда өндірісті ұлғайтуға, кәсіпкерлік бастамаға арналған ынталандырмалар қысқарады, пайда азаяды және, тиісінше, бюджетке түсетін салық түсімдері төмендейді (19.2 сызбаны қараңыз).
Сөйтіп, қисық сызық салықтар мөлшерлемелерінің шамасы мен олардың есебінен мемлекеттік бюджетке қаражаттардың түсуі арасындағы өзара байланысты қамтып көрсетеді. Салықтың мөлшерлемесі артқан кезде мемлекеттің кірістері салықтар есебінен алғашқыда көбейеді. Егер салық мөлшерлемесі бір шекарадан — Т' нүктесінен асып кетсе, онда салық түсімдерінен түсетін кірістер азая бастайды. Жоғары салықтар өндірістің ынталандырмаларын төмендетеді және олардың есебінен мемлекеттің кірістерін азайтады және керісінше. Салықтардың төмендеуі мұндай жағдайда мемлекет қаржысының жай-күйін жақсартады.
Лаффэрдің қисық сызығына сәйкес салықтық түсімдер тым жоғары мөлшерлеме кезінде Т нүктесінде және тым төмен мөлшерлеме кезінде Т' нүктесінде бірдей болады. Бірақ егер Т нүктесінде салықтардың мелшерлемесі сұранымды ынталандырмайтын болса, Т' нүктесінде салықтардың мөлшерлемесі өндірісті ұлғайтуды және ұлттық табысты көбейтуді ынталандыра отырып, жұмысқа, жинақ ақшаға және инвестицияларға ынталандырмалар жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет