Қажетті әдебиеттер
1.Ильясов.К.К.Құлпыбаев.С.Қ«Қаржы».
экономиканық жоғарғы оқу орындары үшін.Алматы «Экономика»2005.ж.
2.Мельников.В.Д.,Ильясов.К.К.«Финансы» учебник для экономических вузов Алматы «Қаржы—қаражат».2006 г.
З.Ильясов.К.К.Саткалиева.В.А. и другие «Государственный бюджет» Алматы РИК 1999 г.
4.Ковалева.А. «Финансы». М финансы и статистика 2002 г.
В.М.Родионова.«Финансы» М. финансы и статистика 2000 г.
Д.Г.Черник «Финансовые аспекты рыночной экономике» М.финансы и статистака 1998 г.
Л.А. Дробозина.«Общая теория финансов» М. банки и биржи изд. обьединение. ЮНИТИ 2003 г.
8.Мельников.В.Д. «Государственное финансовое регулирование экономики Казахстана» Алматы «Қаржы-Қаражат» 1995 г.
9. Дербисов Е.Ж. Финансы Казахстана: между прошлым и будущим « Алматы. изд. ИХТИСАТ 1996 г.
14-такырып. Сыртқы экономикалық байланыстар жүйесіндегі каржы
1. Сыртқы экономикалық байланыстар Қаржы нарығының инфрақұралымы
Сыртқы экономикалық байланыстар – жүйесінде қаржы үлкен рол атқарады. Ол шаруашылықты жүргізудің экономикалық инструменті ретінде Қазақстанды дүниежүзілік экономикаға ықпалдасуды жүзеге асыру үшін пайдаланылады.
Нарыққа көшу өзара байланысты және дүниежүзілік экономикамен бәсекелестікке дамитын ашық тұрпаттағы экономикамен бірге дүниежүзінің көптеген елдерімен халыралық экономикалық байланысты кеңейтуді қажет етеді. Халықралық экономикалық байланыстар сферасында қалыптасып отырған қаржы механизмі Қазақстан Республикасының халықралық ынтымақтастығы саласында мемлекеттің қаржы саясатын іске асырудың құралы болып табылады.
Іс -әрекет етудің айырықша нысаны ретінде сыртқы экономикалық қызметтің қаржысы өзгеше белгілерге ие. Ол тек ұлттық валютада ғана емес, сондай-ақ шетелдік валютада да қалыптасатын ресурстарды нақты түрде көрінеді.
2.Халықаралық байланыстарды дамытудағы қаржының ролі - үш бағыт бойынша көрінеді:
Қаржы көздерін іздестіру және халықаралық ынтымақтастықтың әртүрлі бағыттарын қаржыландыру үшін қажетті қаржы ресурстарын жұмылдыру;
Халыралық ықпалдастық процестерді реттеу;
Халықаралық қатынастардың әрбір түрін және бұл қатынастардың тікелей қатысушыларын көтрмелеу.
Дамудың қазіргі кезеңінде сыртқы экономикалық байланыстарға мыналар жатады: 1.сыртқы сауда;2. шетелдік инвестициялау, соеың ішінде бірлескен кіспкерлік, заңды тұлғалардың мүлкіне акциялар және басқа бағалы қағаздар арқылы үлестік қатысу, концессиялар шаруашылық және өзге қызметті жүзеге асыру үшін шаруашылық объектілерді және табиғи ресурстарынды пайдалануға мүлік құқықтарын алу, меншікті жалдау. 3. Халықаралық қаржы - несие ұйымдарына қатысу, шетелдік несиелер мен займдарды беру сыртқы экономикалық қызметтің осы нысанымен байланысты және халыралақы қаржы және басқа ұцйымдарға жарналар төленеді. 4. ғылым, техника, мәдениет, туризм салаларындағы ынтымақтастық; 5. шет елдерде елшіліктерді , консулдықтарды және басқа персоналды ұстау жөніндегі есеп - қисаптарды жүргізу.
Сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту мемлекеттің шетелдермен валюта- қаржы , есеп- қисап және несие қатынастарының негізіне қойылған. Қазақстандағы нарықтық реформаларды табысты жүзеге асыру үшін бүкіл дүниежүзілік банк, Халыралық валюта қоры, Еуропалық қайта құру және даму бангкі, Ислам даму банкі, Азия даму банкі секілді беделді халықаралық қаржы мекемелерімен іс- әрекетті үйлестірудің үлкен мәні бар.
Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу әртүрлі әдістерді - тура және жанама әдістерді қамтиды. Тура әдістерге реттеудің әкімшілік нысандары : лицензиялар мен квоталар жатады. Реттеменің жанама немесе экономикалық әдістері неғұрлым пәрменді және дамыған сыртқы экономикалық қатынастарға сай болып табылады. Бұлар: салықтар, соның ішінде кеден баждары, валюта бағамы, дүниежізілік баға, сыртқы несиелер бойынша пайыздық ставкалар, облигациялар, басқа бағалы қағаздар мен төлем қаражаттырының бағамы. Сыртқы экономикалық қызметі қалыпты жүзеге асыру үшін дамыған сыртқы экономикалық инфрақұрлым қажет. Осы мақсатпен Үкіметтің, Экономика министрлігінің, Қаржы Министрлігінің , Ұлттық банктің құрылымында сыртқы байланыстарды басқарудың органдары құрылған.
Достарыңызбен бөлісу: |