Қажетті әдебиеттер
1.Ильясов.К.К.Құлпыбаев.С.Қ«Қаржы».
экономиканық жоғарғы оқу орындары үшін.Алматы «Экономика»2005.ж.
2.Мельников.В.Д.,Ильясов.К.К.«Финансы» учебник для экономических вузов Алматы «Қаржы—қаражат».2006 г.
З.Ильясов.К.К.Саткалиева.В.А. и другие «Государственный бюджет» Алматы РИК 1999 г.
4.Ковалева.А. «Финансы». М финансы и статистика 2002 г.
В.М.Родионова.«Финансы» М. финансы и статистика 2000 г.
Д.Г.Черник «Финансовые аспекты рыночной экономике» М.финансы и статистака 1998 г.
Л.А. Дробозина.«Общая теория финансов» М. банки и биржи изд. обьединение. ЮНИТИ 2003 г.
8.Мельников.В.Д. «Государственное финансовое регулирование экономики Казахстана» Алматы «Қаржы-Қаражат» 1995 г.
9. Дербисов Е.Ж. Финансы Казахстана: между прошлым и будущим « Алматы. изд. ИХТИСАТ 1996 г.
15-тақырып. Қаржы және ннфляция
Инфляцияның табиғаты және оның қаржымен өзара байланысы.
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді. Оны тіпті ақшаның шығуымен бірге пайда болды әрі ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп саналады.
Инфляция термині (латынның inflatio сөзінен шыққан кебіну, ісіну) ақша айналысына қатысты ХІХ ғасырдың орта шенінде пайда болды және АҚШ тың Азамат соғысы жылдары қағаз долларының қисапсыз көп шығарылуымен байланысты болды.
Инфляцияның дәстүрлі ең жалпы анықтамасы – тауар айналымының қажеттілігімен салыстырғанда айналыс сферасының артық қағаз ақша массасымен лықа толып кетуі, оның құнсыздануы және соның нәтижесі ретінде тауарлар мен қызметтер көрсетуге бағаның өсуі, ақшаның сатыпалуға жарамдылығының төмендеп кетуі. Инфляция кезінде қоғамдық өндіріс процесінің алшақтықтарына және артық көп ақшаның шығарылуына байланысты ақша айналысының заңы бұзылады.
Инфляция ақша жүйесінің дағдарысты жай күйі.
Ақшаның құнсыздануына мына факторлар себепші болады.
Айналысқа артық ақшаның шығарылуы;
Қолайсыз төлем балансы;
Үкіметке сенімнің жоғалуы;
Ұзақ уақыт бойы инфляцияны монетарлық құбылыс деп сынай отырып, ол ақшаның құнсыздануымен тауар бағаларының өсуі тұрғысында түсіндіріліп келді. Әлі де бірқатар шетелдік авторлар инфляцияны экономикада бағаның жалпы деңгейінің артуы ретінде анықтайды. Инфляция әлемнің көптеген елдеріндегі экономиканың қазіргі дамуының ең өткір проблемаларының бірі болып есептелінеді.
Бүгінде инфляция бағаның өсуі нәтижесінде ақшаның сатып алу жарамдылығының құлдырауымен ғана емес, сонымен бірге елдің экономикалық дамуының жалпы қолайсыз ахуалымен де байланысты. Инфляцияға өндіріс пен өткізу сферасындағы әртүрлі факторлар тудырған өндіріс процесінің қарама қайшылықтары себепші болады.
Инфляцияның ішкі және сыртқы факторларын айыра білу қажет. Ішкі факторлардың арасындаақшаға жатпайтын және ақшалай монетарлық факторларды бөлуге болады.Ақшаға жатпайтындары бұл шаруашылық сәйкестігінің бұзылуы, экономиканың циклдық дамуы, өндірістің монополизациялануы, инвестициялардың теңгерімсіздігі, әлеуметтік саяси сипаттағы ерекше жағдайлар және басқалары. Ақшалай факторлары мемлекеттік қаржының дағдарысы, бюджет тапшылығы, мемлекеттік борыштың өсуі, ақша эмиссиясы сондай ақ несие жүиесінің кеңейуі, ақша айналысы жылдамдығының артуы нәтижесінде несие құралдарының өсуі және басқалары жатады.
Дүниежүзілік құрылымдық дағдарыстар басқа елдерге инфляцияны экспортқа шығаруға бағытталған мемлекеттік валюта саясаты, алтынды, валютаны жасырын экспортқа шығару инфляцияның сыртқы факторлары болып табылады.
Сөйтіп, көпфакторлы процес ретінде инфляция бұл ақша айналысы заңының бұзылуымен байланысты болатын қоғамдық ұдайы өндіріс дамуындағы алшақтықтың көрінісі.
Инфляцияның әрекетін қаржы проблемаларымен байланыстырып отыру қажет, өйткені инфляция құбылысы мынадай қаржылық факторларға тәуелді болып келеді.
Белгілі бір салық нысандары мен әдістерін қолдану ;
Инфляциялық сипаттағы шараларды мемлекеттік бюджет арқылы қаржыландырудың ауқымы;
Мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабудың әдістері;
Мемлекеттік берешектің көлемі;
Нарықтық экономика кезінде қаржы инфляциялық процеске бірқатар факторлар арқылы айтарлықтай әсер етеді.
Бірінші фактор мемлекет шығыстарының өсуі, бұл ерекше төлейалушылық сұранымының артуына жеткізеді, сөйтіп тікелей баға белгілеуге әсер етеді. Тауарлар мен қызметке бағаның көтерілуіне байланысты ақшаның құнсыздануы бюджет шығыстарының көбеюіне соқтырады, ал оның кірістері, ең алдымен, салық түсімдері қажеттіліктен артта қалып қояды.
Екінші фактор табысқа салынатын салықтың көбеюі . Салықтың едәуір бөлігі баға механизмі арқылы тұтынушыға ауысады және рыноктағы бағаның көтерілуінің басты себебі болады.
Үшінші фактор бюджеттердің ұзақ уақытты тапшылықтары.
Инфляция қаржы қатынастарында өзгерістерге ұшыратады.
Біріншіден , инфляция тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуі салдарынан мемлекет шығыстарының өсуін жандандырады.
Екіншіден , инфляция қаржы ресурстарын құнсыздандырады және салық түсімдерін арттырудың қажеттігін тудырады .
Үшіншіден , инфляциялық процесс мемлекеттің берешегі проблемаларын шиеленістіреді.
Сөйтіп қаржы мен инфляция өзара тәуелді болып келеді.( 22.1` қаржы инфляциялық процестердің тездеткіші бола алатыны сияқты, инфляцияда қаржы қатынастарына әсер етеді. Ақшаның құнсыздануы және бағаның көтерілуі мемлекеттің шынайы кірістерін төмендетуге , бюджеттің шығыстарын көбейтудің қажеттігіне , салық ауыртпалығының күшеюіне , мемлекеттің бюджет тапшылығынан болатын мемлекеттік борыштың өсуіне ұрындырады. Инфляцияның жоғарғы қарқыны мемлекеттің қаржы ресурстарын құнсыздандырады, өйткені салықтық кірістер мен қарыздар оларды есептегеннен кейін уақыттың белгілі бір межелдемелері арқылы түседі, сондықтан мемлекеттің алу сәтінде олар құнсызданады. Қаржы қатынастарымен инфляциялық процестердің бір бағытты келенсіз сипаты, бірін бірі өзара толықтыра отырып , экономикалық жүйедегі келенсіз нәтижелерге апарады.
Инфляцияны бағалау өлшеу үшін бағалар индексінің көрсеткіші пайдаланылады. Бағалар индексі тұтыну тауарлары мен қызметтердің белгілі бір жиынтығының сатып алу бағасымен базалық кезеңнің бағасы арасындағы арақатнасты өлшейді. Ағымдағы жылдың индексінің қарқыны былайша анықталады. Ағымдағы жылдың бағалары индексінен өткен жылдың бағалары индексі шегеріліп , өткен жылдың бағалары индексіне бөлінеді, сонан соң жүзге көбейтіледі.
Инфляция қарқыны=Iб1- Iб 0 / Iб 0*100
Дүние жүзілік практикада егер инфляцияның қарқыны жарты жыл ішінде және одан көбірек жағдайда айына 50 пайыз немесе аптасына 11,5 пайыз құрса, онда мұндай деңгей әсіреинфляцияға сәйкес келеді.
Инфляциялық процестің қуаттылығын бағалауды және инфляцияның түрлерін мынадай критерийлер бойынша ажыратады.
Бағалар өсуінің қарқыны бойынша:
Достарыңызбен бөлісу: |