Ф 11-18 Жошыбаева Д. А



бет44/45
Дата16.02.2023
өлшемі1,49 Mb.
#169075
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
1) бейімделу саясатын жүргізу немесе инфляцияға бейімделу; бұл кезде табыстарды, жалақыны, пайыздық өлшерлемелерді,
инвестицияларды индекстеу жөнінде шаралар қолданылады;
компаниялар мен фирмалар қысқа мерзімде жобаларды өткізеді, жеке түлғалар табыстың қосымша көздерін іздестіреді және т.сс.
2) инфляцияны төмендету немесе басу жөнінде инфляцияга қарсы шаралардың кешенін жүргізу .
Инфляцияны жою жөніндегі шаралардың кешені қоғамның іс-әрекет етуінің өндірістік — экономикалық, қүқықтық, ин-ституционалдық, моралдық - адамгершіяік сфераларының әр түрлі жақтарына әрекет етуді қамтиды десекте олардың шешушісі ба-залық, өндірістік — экономикалық сфера болып табылады
Сүраным инфляциясын жоюға ақша және фискалдық сая-сатты пайдаланудың біршама қатардағы макроэкономикалық әдістермен жетуге болады.
Инфляцияга қарсы саясат — инфляциямен күреске бағыттал-ған экономиканы мемлекеттік реттеу жөніндегі шаралар кешені. Мүндай саясаттың еқі негізгі жолы белгіленген дефляциялық саясат және кірістер саясаты.
Дефляциялық саясат — мемлекеттің шығындарын азайту, не-сие үшін пайыздық мөлшерлемелерді арттыру, салық ауыртпа-лығын күшейту, ақша массасын шектеу жольшен ақша-несие және салық механизмі арқылы ақша сүранымын реттеуді қарас-тырады. Бұл саясат экономиканың өсуін тежейді.
Кірістер саясаты — бағаға және жалақыға оларды толықтай матау немесе олардың өсу шегін белгілеу жолымен параллелді бақылау жүргізуді қажет етеді. Оны жүзеге асыру әлеуметтік қай-шылықтарды қоздыруы мүмкін.
Инфляцияға қарсы саясат ақшалай үсынымды шектеудің өр түрлі өдістерін кіріктіреді:
1. Орталық банктің нақты ақша эмиссиясын қысқарту арқ-ылы айналыстағы ақша массасының ауқымын азайту.
2. Барлық несие ресурстарын қымбаттату және оларға қол жететіндігін азайту мақсатында орталықтандырылған кредитер үшін қайта қаржыландырудың есептік мөлшерлемесін арттыру.
3. Кредит мультипликаторын қысу және коммерциялық банктердің кредит экспансиясын шектеуге жету үшін Орталық банктің коммерциялық банктерге резервтік талаптарын арттыру.
4. Сондай мақсаттарда Орталық банктің кедитерін тікелей қысқарту.
Инфляцияға қарсы фискалдық саясат салықтарды көбейту, мемлекеттің шығыстарын қысқарту және осының негізінде мемлекеттік бюджеттің тапшылығын төмендету арқылы жүргізіледі.
Салық саясаты инфляция жағдайында екі өзара байланыс-ты, бірақ қайшылықты міндеттерді шешуі тиіс:
бірішіден, мемлекеттік бюджеттің тендестігіне жету және
тапшылығын жою үшін оның кірістерінің деңгейін көтеру керек;
екіншіден, экономиканың бастапқы буындарында - өндіріс пен айырбас сферасында экономикалық белсенділікті жандан-дыру қажет.
Инфляцияға қарсы салық саясаты жанама салық салуды қысқартуда болып отыр . Жанама салықтардың инфляциялық сипаты болады, өйткені олар бағаны өсіреді, сүранымды қысқ-артады. Жоғары салықтардың іс - әрекетінің екінші аспекті өндіріске олардың қысымы болып табылады, бұл үсынымды шектейді. Үшіншіден, едәуір салық ауыртпалығы, әдеттегідей, салық жүйесін күрделілендіретін көптеген салықтардың іс -әрекетімен байланыстырылады, мүның өзі салықтан жалтары-нуға өкеп соқтырады.
Сондықтан инфляция кезінде тұтынуға салық салуға акцен-тпен жеңілдіктеудің шарттарымен ауыртпалық түсірмейтін қара-пайым және сенімді салық жүйесі төуірірек болады.Бұл талапта-рға айтарлықтай дөрежеде табысқа салынатын салық пен мүлік қүнына қарай мөршерлемелерді жіктеудің жоғары дәрежесі бар мүлік салығы сай келеді.
Мемлекеттің шығыстарын қысқарту бұл процесті бюджет сферасына да, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субьектілеріне қатысты материалдық өндіріс сферасына да таратуды қажет етеді.Бұл жерде мынаны ойда үстаған жөн: соңғы жағдайда инф-ляцияға қарсы шаралар инфляцияның екінші қүрамдас бөлігіне — шығындар немесе өндірушілер инфляциясына қатысты болып отыр, сондықтан олардың ықпалы бөлек қарастырылатын бола-ды. Бұл жөнінде инфляцияның екі түрі мен қарсы әрекеттің кешенді әдістері себептерінің өзара байланысы байқалады.
Жалпымемлекеттік және жергілікті деңгейлердің бюджет шығыстары жайында басты бағыт барлық мүмкін болатын бап-тар бойынша оларды барынша қысқарту болып табылады. Әлбет-те, зейнеткерлерді, оқушыларды, тіркелген кірістері бар қызметкерлерді қорғау жөніндегі өміршендік маңызды өлеуметтік қажеттіліктер қамтамассыз етілуі тиіс.
Бюджет шығыстарын шектеуге мыналар арқылы жетуге бо-лады:
а) тура әдістермен — шектеумен (рестрикциялармен), яғни заңнамалық актілер немесе өкілетті мемлекеттік органдардың өкімі негізінде қол жеткен деңгеймен салыстырғанда оларды мәжбүрлеу арқылы;
ә) секвестірлеу өдісімен - барлық шығыстарды әртүрлі факторлармен анықталатын төмендетудің берілген жалпы мөлшеріне сәйкес үйлесімді төмендетумен; ■ б) қолда бар кірістердің деңгейін бақыяаумен;
в) мемлекеттік бюджет тапшылығының деңгейін шектеумен.
Кез келген жағдайда шығыстарды қысқарту дамудың көпте-ген ұлттық бағдарламаларының іс- қимылын, тез қайтарым бермейтін өртүрлі лайықты жобалардан, шаралардан бас тарту-ды және т.с.с. шалады.
Мыналардың нәтижесінде инфляцияның екінші типін—шы-ғындардың (өндірушілер инфляциясының) өсуінен туатын инф-ляцияны жою проблемаларын шешу неғүрлым қиынырақ болып келеді:
1) жалақыны көбейту;
2) ұйымдық сипаттағы себептер бойынша шаруашылық механизмінің бүзылуына байланысты еңбек өнімінің төмендеуі;
3) шикізат және энергетикалық ресурстар иелерінің инфля-циялық тосулары, осыған қарай олар өндірістің бастапқы енімдеріне бағаны көтереді.
Өндіріс шығындарымен байланысты болатын инфляцияны жою езара байланысы проблемалардың бірнеше күрделі блокта-рын шешуді қажет етеді.
Инфляцияны төмендету проблемаларының бірінші блогы экономикалық түрақтандырудың бүкіл жүйесінің орталық буы-ны ретіндегі ендірістің қүлдырауын жоюда болып отыр. Өз кезегінде ол мына өзара тәуелді проблемаларға ыдырайды.
Біріншіден, еңбек өнімділігінің үәждемелік ынталандырма-ларын, оның тиімді нәтижелеріне ынталылықты күшейту мәселелерін шешу, басымдық ретіндегі өндірістік еңбек қызметін қалпына келтіру. Бүған қажырлы еңбек пен оның нәтижелерінің арасында тікелей байланыс болатын жекеше өндірістік секторды дамыту негізінде қол жетеді.
Сауда - делдалдық сфераға қарағанда ендірістік сфераның басымдығын қамтамасыз ету қажет. Өндірістік сфераның дамуын көтермелеуге салықтардың жеңілдік жүйесімен, несиені кедергісіз алумен жөне несиелер бойынша төмендетілген пайыз-
дық мөлшерлемелермен, үдайы өндіріс, еңбекке ақы төлеу қор-ларына даму үшін қолайлы экономикалық нормативтерді, ауда-рымдарды белгілеумен және т.с.с. жетуге болады, қажетті жағ-дайда өндірістік сектор қызметінің басым түрлерін қаржылавдыру жолымен тікелей қолдау жүзеге асырылды .
Инфляцияны жеңіп шығу жөніндегі шаралар жүйесіндегі қажетті элемент нарықтық бәсеке механизмі мен меншіктің барлық нысандарының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің эко-номикалық жауапкершілігі механизмін жасау болып табылады; аталған механизмдердің іс-қимылы мына сызбаға саяды: шығын-дардың төмендеуі — бағалардың төмендеуі — өндірістің есуі есебінен таза табыс көлемінің сақталуы - үсынымның көбеюі — сұранымның қанағаттандырылуы.
Бәсеке механизмін жасау монополияға қарсы шараларды жүргізумен, меншіктің түрлі нысандарын дамытумен, шаруашы-лық- қаржы қызметіндегі олардың теңцігін заңнамалық түрде қамтамасыз етумен байланысты болады.
Инфляцияға ықпал етудің ең түбегейлі қүралы экономика-ны мемлекеттік реттеу шеңберінде бағамен жалақыға бақылау қою болып табылады . Баға мен жалақыны реттеудің ауқымда-рын тандау қысқа мерзімді саясат бағдарламаларында айқында-лады және кеңінен инфляция деңгейіне, өндіріс қарқынына, халықты өлеуметтік қорғаудың қажеттіліктеріне қарай түрленіп оырады. Базалық технологиялық шеісге — шикізат, отын, басқа бастапқы өнімдерді өндіруде бағаны реттеуді жүргізудің маңызы зор .Тап олардың қүны келесі технологиялық шектердің енімі бағасының бүкіл пирамидасының негізіне қойылады.
Жалақыны реттеу бастапқы ( қол жеткен ) деңгейден еңбек өнімділігінің нақты артуына қатаң байланыста жүзеге асырылады, өйткені номиналды жалақы мөлшерлемелерінің еңбек өнімділігі өсуінің қарқынына тең өсімі өзінің сипаты бойынша инфляциялық емес болып табылады.
Сыртқы экономикалық қызметті қамтып көрсететін төлем балансы тарапынан инфляцияны төмендету шаралары оның қүрлымын жақсартуда болады . Бірінші кезекте бұл тауарлар мен қызметтердің, яғни экспорттық — импорттық операциялардың қозғалысымен байланысты болатын ағымдағы операциялар бой-ынша теңдікке жетуге қатысты болады.
Төлем балансының ағымдағы тапшылығын қысқартуға жалпы импортталатын тауарлар мен қызметтерге ішкі сүра-нымды отандық тауарлар мен қызметтерге ауыстыру есебінен, сондай-ақ сыртқы сүранымға қарағанда экспорттық ендірістің
икемділігін арттыру есебінен жету керек. Бүған реалистік дең-гейде валюта бағамын белгілеу саясатын жүргізу, инфляциялық серпіліс кезеңінде сауда жөне валюталық шектеулердің үтымды үштасуы және инфляция қарқыны төмендеген кезде сыртқы экономикалық қатынастарды ырықтандыру арқылы жетеді.
Инфляцияны басқаруды жақсарту және инфляцияға қарсы саясат шараларының бірі ретінде қазіргі кезде инфляциялық таргеттеуге үлкен маңыз беріледі.
Ұлттық банктің негізгі міндеті ретінде бағалардың түрақты-лығын қамтамасыз ету ақша-кредит саясатындағы мүлдем жаңа айқындама Ұлттық банк жариялаған Еуроодақ стандарттарына және инфляциялық таргеттеуге көшумен үйлеседі. Инфляция-лық таргеттеу қағидатарына дайындық жөне оған кешу ақша базасы бойынша мақсатты көрсеткіштерден біртіндеп бас тарта отырып, инфляция бойынша мақсатты керсеткіштерге көшуді болжайды. Соңғы жылдары формалды мақсатты инфляциялық көрсеткіштерді белгілеуге негізделген ақша-кредит саясаты өнеркәсібі дамыған елдерде ғана емес, рыноктық экономикасы қалыптасып келе жатқан елдерде де кеңінен қолданылуда.Ин-фляцияның мақсатты көрсеткіштер жүйесі жүргізілетін ақша-кредит саясатына деген сенімді артырады. Инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштерді қолданатын өтпелі экономикасы бар елдер қатарының өсуі осы жүйенің артықшылықтары бар екендігінің жанама белгісі болады.
Австралия, Канада, Финляндия, Жаңа Зеландия, Испания, Швеция, Үлыбритания инфляцияның мақсатты таргеттеуіне көшті. Сонымен қатар, рыноктық экономикасы қалыптасып келе жатқан көптеген елдер де: Бразилия, Чили, Чехия, Израиль, Польша, Оңтүстік Африка Республикасы инфляцияны таргеттеуге көшеді. Инфляцияны мақсатты таргеттеудің түрлі түрлендірулері болады.
Ұлттық банк рыноктық мөлшерлемелерді репо мөлшерлемесімен айқындалатын кейбір дәлізде үстап түру ар-қылы инфляцияны басқаруды көздейді. Сонымен бірге инфля-циялық таргеттеу тетігінің мынадай түрі болады. Ұлттық банк репо мөлшерлемесі мен оның өзгерістері дөлізінің енін езгерте отырып банктік резервтер мен банкаралық пайыздық мөлшер-лемелер арасындағы белгілі бір балансқа қол жеткізеді. Банкара-лық мелшерлемелер өз кезегінде, кредиттер мен депозиттер бойынша банктік мөлшерлемелерге ықпал етеді, сонымен қатар банктік өтімділікті, яғни инфляцияны да айқындайды. Инфляциялық таргеттеу кезіндегі негізгі қүралдар ашық рынок опера-циялары болады. Ашық рынок операцияларына ішкі рыноктан мемлекеттік бағалы қағаздарды, оның ішінде кері сатып алу міндеттемесімен (репо операцияларымен) сатып алу және сату кіреді. Репо операцияларының көлемі мен мөлшерлемелері оперативтік көрсеткіштер болып табылады. Мемлекеттік бюджет орнықты болғанда, макроэкономикалық түрақтылық және қаржы жүйесінің түрақтылығы, орталық банктің төуелсіздігі, ақпарат-тың ашықтығы жағдайларында инфляциялық таргеттеу табысты енгізілуі мүмкін. Қазіргі кезде Қазақстанда осы алғышарттардың бәрі бар.
Қазіргі уақытта инфляциялық таргеттеуді еңгізуге дайын-дық шеңберінде мынадай шаралар қабылданды. Ұлттық банк 2000жылдан бастап ақша-кредит саясатын жоспарлаудың үш жылдық деңгейін белгіледі. 2004 жылдан бастап инфляция бой-ынша мақсатты көрсеткіштер — "базалық инфляция" индексі қолданыла отырып белгіленеді. Бұл индекс монетарлық емес факторлар бағаларының деңгейіне дағдарыстық ықпалын жо-яды және инфляциялық процестердің негізгі үрдістерін көрсетеді. 2004 жылдың қаңтарынан бастап Ұлттық банктің мақсаты ретінде бағаларды түрақтандыру жөне мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қаржыландыруға тиым салу міндеті заңмен бекітілді, бұл инфляциялық таргеттеу енгізудің қажетті шарттарының бірі болып табылады. Еліміздің орталық банкі ретінде Ұлттық банктің тәуелсіздігін күшейтетін нормативтік-қүқықтық актілер өзірленіп жатыр. Түрақты негізде қайта қаржыландыру мөлшерлемесін белгілеу мүмкіндігі қарасты-рылуда. 2002 жылдың қазан айынан бастап Халықаралық ва-люта қоры Ұлттық банкке инфляциялық таргеттеу тетігін әзірлеу мөселелеріне қатысты ақпараттық жөне консультация-лық көмек керсетіп келеді.
Инфляциялық таргеттеуге көшуге қажетті база жасау үшін Ұлттық банктің алдында бірқатар мынадай ірі проблемаларды шешу міндеті түр:
ашық рынок операцияларын кең ауқымды көлемде жүргізуге көшу үшін жағдайлар жасау;
езінің бағалы қағаздар портфелін үлғайту;
бағалы қағаздардың қайталама рыногын дамыту;
трансмиссиялық тетіктің үлгісін, яғни репо мелшерлемесі өзгерісінің инфляция деңгейіне ықпалын бағалауға мүмкіндік жасайтын үлгіні әзірлеу;
инфляциялық таркеттеуді пайдалана отырып, шешім қабыл-дау қағидаттарын іске асыру рәсімін өзірлеу және т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет