Ф 11-18 Жошыбаева Д. А



бет13/45
Дата16.02.2023
өлшемі1,49 Mb.
#169075
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   45
7- тақырып. Мемлекеттік бюджет
1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен ролі
Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығында жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады. Мәселен, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілермен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді қүндық бөлудің ерекше саласын қүрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттанды-руға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастыру-мен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынаста-рының бұл жиынтығы "мемлекеттік бюджет" үғымының экономикалық мазмүнын қүрайды. Демек, мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны үдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің қүнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық қатынастарды білдіреді.
Қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясы-нан ажырататын өзгеше белгілер тән: бюджет қатынастарының бөлгіштік сипаты бар, әрқашан ақша нысанында жүзеге асыры-лады, мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайда-ланумен қосарлана жүреді. Сонымен бірге, бюджет қатынаста-рына белгілі бір өзіндік ерекшелік тән, алайда ол қаржымен ортақ өзгеше белгілердің шеңберінен шықпайды.
Қүндық бөліністің айрықшалықты сферасы ретінде мемлекеттік бюджет мына өзгеше белгілермен сипатталады:
1) мемлекеттен жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін оқшау-ландырумен және оны қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттанды-руға пайдаланумен байланысты бөлгіштік қатынастардың айрық-ша экономикалық нысаны болып табылады;
2) құнды жасау және оны тұтыну процесін шарттастыратын материадцық өндіріс қаржысынан және құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістік емес сфера қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы ол ұлттық шаруашылықтың салалары, аумақ-тар, экономиканың секторлары, қоғамдық қызметтің сфералары арасында қүнды қайта бөлуге арналған;
3) қоғамдық өнімнің оның тауар нысанындағы қозғалысы-мен тікелей байланысты емес қүндық бөліністің стадиясын білдіреді және одан белгілі үзілісте жүзеге асырылады, ал қаржы қатынастары материалдық өндірісте де, өндірістік емес сферада да тауарақша қатынастарымен тығыз тоқайласып жатады.
Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық катего-рия сияқты, өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты материалдық- заттай турінде болады: бюджет қаты-настары мемлекеттің орталықтандырылган ақша қорында — бюджеттік қорында затталынады. Мүның нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық (бөлгіштік) процестер мемлекеттің жүмьщдыратын және пайдаланатын ақшаның ағынында өзінің көрінісін табады. Бюджеттік қор — бұл қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың қүндық бөліністің белгілі стадияларын өткен және үлғаймалы үдайы өндіріс, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, қорғаныс және басқару жөніндегі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекетке түсетін бөлігі қозғалысының объективті шарттасылған экономикалық нысаны. Бюджеттік қордың қалыптасуы мен пайдаланылуы қүнды бөлу және қайта бөлумен байланысты оның қозғалыс процесін білдіреді.
Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде жал-пы қаржы сияқты бөлу және бақылау функцияларын орындайды. Бұл функциялардың іс қимылы, мазмүны, мәні мен маңызы бюджет қатынастарының қаралған айрықшалығымен айқындалды. Бөлгіштік функцияның іс-әрекетінің өзіндік ерекшелігі сол, қоғамдық өнімнің қүны қоғамдық өндірістің сфералары, ұлттық шаруашылықтың секторлары, аумақтар, салалар, жеке шаруашы-лық жүргізуші субъектілер арасында бөлінеді. Мемлекетік бюд-жет арқылы бүгінде Қазақстанда жалпы қоғамдық өнімнің ша-мамен 10% және жалпы ішкі өнімнің 20% бөлінеді. Сонымен бірге мемлекет қаржысының негізгі буыны ретінде мемлекеттік бюджет бөлгіштік функция шеңберінде қосалқы функцияларды, атап айтқанда: ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімді қайта бөлу; экономиканы мемлекеттік реттеу және ынталандыру; әлеуметтік саясатты қаржымен қамтамасыз ету; ақша қаражаттарының ор-талықтандырылған қорын жасау және пайдалануға бақылау жасау сияқты сипатты функцияларды орындайды. Бақьшау функциясы бюджет қорларын бөлудің сандық үйлесімдерінде, олардың қоғамдық өндіріс дамуының қажеттіліктеріне сай келетіндігінде, бөлудің үнамсыз барысынан ауытқуын анықтау және оларды жою мүмкіндігінде көрінеді.
Мемлекеттік бюджеттің сан қырлы маңызын ескере отырып, оны тек экономикалық категория және мемлекеттің орталык тандырылган ақша қоры ретінде ғана емес, сонымен бірге негізгі қаржы жоспары, әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеу механизмінің жиынтық ұғымы ретінде қарауға болады. Мәселен, мемлекеттік бюджетте қоғамдағы барлық экономикалық про-цестер бейнеленетіндіктен, сондайақ барлық негізгі қаржы институттары - салықтар, мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік кредит, мемлекеттік қарыздар жөне т.б. өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады. Ол нақты кезеңге, әдетте, бір жылға жасалынады, бюджеттің кірістерін, шығындарын, ор-талықтандырылған қаржы ресурстарының шешуші бөлігінің қозғалысын анықтайды. Бюджетті негізгі қаржы жоспары деп мойындау оның ұлттық табысты қайта бөлудегі маңызды ор-нын, қаржы жоспарларының жүйесіндегі басымдық жағдайын, сондайақ қоғамдық ұдайы өндірістегі айрықша рөлін айқындайды. Негізгі қаржы жоспары мемлекеттің қаржылық қызметінің жемісі болып табылады. Елдің негізгі қаржы жос-парының көрсеткіштері республика Парламентінің жыл сайын қабылдайтын Республикалық бюджет туралы заңына сәй-кес сөзсіз орындауға жатады.
Мемлекеттік бюджет улттың экономиканы басқарудың басты механизмдерінің бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтан-дырылған ақша қорын жасау мен пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылатын бюджеттік механизм арқьшы ықпал етеді. Жалпы экономикаға ықпал етудің қүралы ретіндегі бюджеттің рөлі осында көрінеді. Экономиканы реттеу орталықтандырылған ақша қорының сандық көлемін анықтау, оны жасау мен бөлудің нысандары мен өдістерін реггеу, бюджеттің атқарылу процесінде қаржы ресурстарын қайта бөлу жолымен жүзеге асырылады.
Ақырында, мемлекеттік бюджет орындалуы міндетті мемле-кет заңдарының бірі болып табылады (мысалы, келесі қаржы жьшына арналған республикалық бюджет туралы заң).
Сөйтіп, бюджетті осы жоғарыда айтылғандардың жиынтығы ретінде қараған жөн (14.1 сызбаны қараңыз).
Нарықтық механизмге көшу жағдайында мемлекеттік бюджеттің қаражаттары ең алдымен экономиканың қүрылымын қайта қүруды, кешенді мақсатты бюджеттік бағдарламаларды қар-жыландыруға, ғылыми-техникалық әлуетті арттыруға, әлеуметтік дамуды тездетуге және халықтын табысы аз жіктерін (зейнеткерлерді, мүгедектерді, аз қамтьшған отбастарын) қол-дау, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру жөне мәдениет мекемелерін әлеуметтік қорғауға бағытталуы тиіс.
Шығындар мен салықтар арқылы бюджет экономика мен ин-вестицияларды реттеудің жоне ынталандырудың, өндіріс тиімдшгін арттырудың маңызды қуралы болып табылады.
Қаржылық жоспарлау процесінде бюджет ұлттық шаруашылықтың салаларына және өндірістік емес сфераның мекемелеріне айтарлықтай ықпал етеді. Мемлекеттің ақша қорын жасау және пайдаланудың негізгі қаржы жоспары бола отырып, бюджет барлық шаруашылық жұргізуші субъектілермен және ұжымдармен етене байланысқан.
2. Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы
Мемлекеттік органдардың өздерінің функцияларын орындауы үшін басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы мақсатпен әр елде аймақтардың шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір әкімшілік-аумақтық бірліктерді абаттандыруды, заң шығарушы билікті, басқару аппаратын ұстауды және басқа шараларды қаржыландыру үшін олардың ақша ресурстарын жұмылдыруды қамтамасыз ететін бюджеттер тармақтарының желісі құрылады. Бюджеттердің жекелеген түрлерінің кірістері мен шығындарын қалыптастыру, оларды теңдестіру процесінде заңмен реттеліп отыратын белгілі бір қаржылық өзара қарым-қатынастар пайда болды. Осы элементтердің барлығы — бюджет жүйесін үйымдастыру мен қүрудың қағидаттары, оның буындарының өзара қатынаста-ры мен байланысының ұйымдық нысандары, бюджет қүқықта-рының жиынтығы — бюджет ңурылысын қүрайды.
Дүниежүзінің өр түрлі елдерінде бюджет қүрылысы мемелекеттің қүрылысына, аумақтық-әкімшілік бөлінісіне, экономиканың даму деңгейіне және нақтылы мемлекеттің басқа айрықша белгілеріне байланысты өзгешеліктермен ерекшеленеді.
Бюджет қүрылысында басты орынды бюджет жуйесі алады, ол экономикалық қатынастарға және қүқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлер бюджеттерінің, сонымен бірге бюд-жет процесі мен қатынастарының жиынтығын білдіреді. Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің қүрылымы, бюджеттердің же-келеген түрлерінің саны жағынан түрліше болып келеді, өйткені олардың аумақтық қүрылысы мен аумақтық бөлінісіне байла-нысты болады.
Бюджет жүйесінің қүрамы елдің ұлттық-мемлекеттік қүры-лымымен анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитар-лық қүрылымы болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет