Ф 11-19 Турекулова Ж. Е



бет62/63
Дата24.04.2023
өлшемі1,16 Mb.
#175274
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63
Байланысты:
365159 (2)

Сыртқы саясат - мемлекеттің халықаралық қарым-қатынаста ұстанған бағыты. Ол осы мемлекеттің өз қағидаттары мен мақсаттарына сәйкес басқа мемлекеттермен жасайтын қарым-қатынастарын реттейді. Сыртқы саясаттың негізгі өзегі – ұлттық мүдде. Ол ұлттың еркін және тәуелсіз мемлекет есебінде сақталуын, өмір сүруін, сыртқы қауіптен қорғануын, ұлттық әл – ауқаттың өсуін, халықаралық аренада мемлекеттің экономикалық және саяси позициясын қорғауды қамтиды. Ұлттық мүдде сыртқы саясаттың бағыт – бағдарларынан көрініс табады.
Сыртқы саясат мемлекеттің ішкі саясатымен тығыз байланысты. Мемлекеттің саяси жүйесі, билік тұтқасының бағыт – бағдары, алға қойған мақсаты, саяси құрылымы, даму деңгейі – бәрі сыртқы саясатпен ұштасып жатады. Сондай-ақ, мемлекеттің географиялық жағдайы, оның стратегиялық маңызы, этнодемографиялық құрылымы, тарихи қалыптасқан дәстүрлері, жер қойнауының байлығы сияқты факторлар да оның халықаралық қауымдастықтағы беделі мен мәртебесін, сыртқы саясаттың қадау – қадау принциптерін анықтауда шешуші роль атқарады.
Дегенмен де осы заманғы мемлекеттердің сыртқы саяси іс - әрекеттерінің негізіне жататын ортақ принциптер бар екеніне назар аударған жөн:
Бейбіт қатар өмір сүру – бұл принцип мемлекетаралық қарым – қатынастарда жалпыдемократиялық нормаларды басшылыққа алуға негізделген: күш қолданбау, басқа мемлекеттің ішкі ісіне араласпау, дербестігін, территориялық тұтастығын, адам бостандығы мен құқығын құрметтеу, екі жақты тиімді қарым – қатынас жасау, т.б.;
Мүдделер тепе – теңдігі – мемлекеттердің мәселелерді бірігіп шешуге ұмтылысы, екі жақты тиімді қарым – қатынастар орнатуға құлшынысы;
Жалпы адамзаттық мүдделердің маңыздылығын, жоғарылығын мойындау, жалпы адамзаттық құндылықтар мен ұлттық мүддені үйлестіре білу;
Халықаралық қауіпсіздік жүйесін қамтамасыз етуге ат салысу;
Мемлекетаралық қарым – қатынастарда идеологиялық шеңберде тұйықталуды аластау.
4. Қазақстанның халықаралық деңгейдегі бастамаларына терең талдау жасай отыра, осы жолдағы үш маңызды бағытты айқындауға болады. Біріншісі, өңірлік, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға арналған бастамалары болса, екіншісі, аймақтық, халықаралық қауіпсіздікті сақтауға бағытталған күш жігері мен іс –шаралары. Үшіншіден, Қазақстан әлемдік мәдениеттер мен діндердің тоғысқан түйіні, Батыс пен Шығыс мәдениеттерінің тоғысқан жерінде пайда болған ел ретінде ғаламшарымыздағы жасампаздық үрдістерге мол үлесін қосуда. Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік саясатындағы толеранттылық, үйлесім мен өзара түсіністік векторы жалпыұлттық идеяларға айналып отыр. Дін және конфессияаралық үйлестік біздің еліміздің болашақтағы дамуына үлкен мәдени серпіліс берді.
Өңірлік, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға арналған бастамалары ішінен Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы Кеңесінің құрылуы, Еуразия Одағын, Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымын, Азиядағы Өзара ықпалдастық және Сенім шаралары жөніндегі кеңесті ерекшелеуге болады.
«Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесін» құру туралы Келісім Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2009 жылдың 3 қазанында Әзірбайжан Республикасының Нахчыван қаласында қабылданған болатын. Түркі тілдес елдер арасында ынтымақтастықты қамтамасыз ететін бір ұйымның жоқтығы байқалды. Осы мәселеге Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев назар аударып Түркия мен Орта Азияның түркі тілдес республикаларының жоғары деңгейде ұйымдасуларының уақтының келгендігіне көрсетті. Ол сонымен қатар Стамбулдағы түркі тілдес елдер мемлекет басшыларының кездесуінің соңында бір мәлімдеме жарияланатынын ескере келіп «ендігәрі мәлімдемемен шектелуге болмайды. Жоғары деңгейде бір ұйым құрудың кезі келді. Мұндай бір ұйым және ынтымақтастық ешкімге қарсы емес, ол әскери емес, бейбітшілік үшін, халықтардың жақсы тұрмыста өмір сүруі үшін» деді.
Азиядағы Өзара ықпалдастық және Сенім шаралары жөніндегі Кеңесті құру жайында бастаманы 1992 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының XVII сессиясында көтерген Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ə. Назарбаев еді.
Еуразия кеңістігіндегі мемлекеттерді еркіндік, тең құқықтылық, өзара тиімділік қағидаттары негізінде Одақ құру туралы бастаманы да, Н. Ә. Назарбаев, М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің профессор-оқытушылар құрамының алдында сөз еткен болатын. Бұл бастама қазір Еуразиялық интеграция деп аталып жүрген жаңа тарихи үдеріс үшін қадам басар нүктеге айналды.
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына және Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалық ететін жылдары Қазақстан түрлі мәдениеттер мен өркениеттер арасындағы байланысты тереңдетуге атсалысты.
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай транзит дәлізі, «Қазақстан – Түркменстан – Иран» теміржол маршруты, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көмектесетін халықаралық күштерді шығаруға арналған Солтүстік тарату жүйесіндегі Қазақстанның көлік инфрақұрылымы, «Жаңа жібек жолы» бастамасы аясындағы жаңа идеялар – біздің еліміздің өңірлік ықпалдастыққа үлесі», деп санаймыз.
Посткеңестік кеңістіктегі қауіпті қақтығыстардың қатарынан орын алып отырған Таулы Карабах мәселесін шешудегі алғашқы талпыныс 1991 жылы Қазақстан Республикасының президенті Н. Назарбаев тарапынан жасалған. Бұл мәселеде қазақ елінің президенті: қақтығысты тоқтату, жаңа сайлау өткізу, босқындарды қайтару және Таулы Карабахта мемлекет құру туралы ұсыныстарды қарастырған. 1992 жылы тамыз айында Н. Назарбаев Таулы Карабах мәселесін реттеу бойынша бастама көтереді.
Таяу Шығыста өршіп отырған Сирия қақтығысын реттеуге атсалысып отырған Елбасы бастамасымен, 2015 жылғы мамыр айында Қазақстан Сириядағы оппозиция өкілдерінің бірінші тобын қабылдап, дағдарысты дипломатиялық жолмен шешуге бағытталған келіссөз дердің бірінші раундын өткізуге бастама шы болса, сол жылы қазанда екінші раундының сəтті өтуіне де толық жағдай жасаған еді. Соңғы шарада қол жеткен келісімдердің арқасында қоршауда қалған мыңдаған адамның босап шығуына мүмкіндік берген арнайы дəліз ашылған-ды. Əлем қауымдастығы, сонымен қатар Қазақстанның өзге мəмілегершілік қырларымен де жете таныс. Атап айтқанда, Иран ядролық бағдарламасын бейбіт бағытқа бұру, сондай-ақ, Ресей мен Украина арасындағы кикілжіңді бəсеңдету, сол сияқты, белгілі оқиғалармен байланысты Ресей мен Түркия арасында күрт өршіп кеткен саяси шиеленістердің түйінін шешіп, екі елді қайта татуластыруға бағытталған салмақты бітімгершілік саясаттың жемісті болуына да Қазақстанның үлкен үлес қосқаны əлі ұмытыла қойған жоқ.
Ядролық қаруды таратпауға күш-жігер жұмсау Қазақстан сыртқы саясатының маңызды бағыттарының бірі болып табылады. 1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінде – Мемлекеттің тәуелсіздігі туралы Декларация қабылданып, бұл құжаттың 11 тармағында Қазақстан аумағында ядролық қаруды жасауға, сынауға рұқсат етпеу туралы айтылған. Еліміз ядролық қарудан ерікті түрде бас тартып, 1991 жылы 29 тамызда Семей сынақ полигонын жабу бойынша ҚР Президенті Жарлығы жарияланды. Бұл жөнінде мемлекет басшысы: «Қырық жыл бойы Қазақстан халқы жаһандық ядролық сынақтың құрсауында болды. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан полигонды жауып, өз еркімен ядролық қарудан бас тартқан алғашқы мемлекет ретінде тарихта қалды», – деп мәлімдеді.
Тәуелсіз мемлекет басшысы ретінде, осы жылдардан бастап Президентіміз халықаралық қатынастардың ядролық қарусыз жүйесін орнату бойынша нақты қадамдар жасап, бірлігі мол берекелі елдің бейбітшіл басшысы ретінде әлем жұртшылығына танылды. Қазақстан бастамасымен 29 тамыз күні «Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні» деп жарияланды. Ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Президентіміз көтерген G – Global ХХІ ғасыр әлемі бастамасы да халықаралық қауымдастықта кең ықыласқа ие болып, қазір оған әлемнің 190 елі қатысуда.
Ядролық қаруды таратпау және қарусыздану саласындағы бастамаларды көтере отыра Н.Ә. Назарбаев өзінің еңбектерінде, мақалаларында, сөйлеген сөздерінде осы бағытта құнды бастамалар көтеріп, мәселенің шешімі бойынша нақты межелерді айқындаумен келеді. Ол бастамалар Президенттің «Ғасырлар тоғысында», «Тарих толқынында», «Бейбітшілік кіндігі», «Сындарлы он жыл» , «Ғаламдық қоғамдастықты түбегейлі жаңарту стратегиясы және өркениеттер серіктестігі» - еңбектерінде, 2010 жылы жарияланған «Жаһандық әлем және ядролық қауіпсіздік» мақаласында, ядролық қарусыздану бойынша Вашингтон, Сеул, Гаага саммиттерінде сөйлеген сөздерінде көрініс тауып келеді. 2010 жылы Вашингтонда өткен ядролық қауіпсіздік бойынша ғаламдық саммитте Қазақстан Президенті, ядролық материалдар мен қару-жарақтарды сақтау, қоймаларда ұстау, тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету салаларындағы өзекті мәселелерге қатысты жаңашыл бастамалар көтерген еді.
Қазақстан Республикасының Президенті Сеул саммитінде ядролық материалдарды физикалық қорғау конвенциясына 2005 жылғы түзетулерді, олар 2014 жылға дейін күшіне енуі үшін ратификациялау жөнінде шаралар қабылдауға шақырған болатын. Сеул саммитінде Елбасы бейбіт атом энергетикасы саласында жинақталған халықаралық тәжірибені жалпыландыру қажеттігіне тоқтала келе, ядролық қауіпсіздіктің заңды тұрғыдан міндетті стандарттарын қабылдауға шақырды.
2014 жылы наурыз айында Гаагада өткен ІІІ жаһандық саммит қарсаңында Елбасының ядролық қауіпсіздік мәселесі бойынша ой толғамдары «Euractiv» және «Washington Times» сияқты әлемнің жетекші интерактивтік саяси ақпарат көздерінде орналастырылған.
Президент атом энергиясын бейбіт өмірде пайдалануды ұсына отыра, ядролық қауіпсіздік саласында «Қосарлы стандарттарды» қолдануға жол бермеуді, ядролық қарусыз әлемнің жалпыға ортақ декларациясын қабылдау туралы мәселелерді көтеріп келеді.
Президенттің, халықаралық қауымдастық тарапынан кең қолдауға ие болып, әлем жұртшылығын мойындатқан бейбітшілік жолындағы игі бастамалары 2016 жылы Америка Құрама Штаттарындағы ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитінде жалғасын тауып отыр. Президентіміздің ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит туралы мақаласы Америка Құрама Штаттарының «The Hill» басылымында жарияланды. Бұл әрине ядролық қаруды таратпау саласындағы Қазақстанның жетекші рөлінің кеңінен танылуын білдіреді. Президент аталған мақалада: «Қару және ядролық материалдар қорын жою өңірімізге қауіпсіздік пен тұрақтылық әкелді. Алайда, әлдеқайда берік қауіпсіздік барлық тараптың өзара қауіпсіздігіне бағытталған құрылымдар арқылы ғана қамтамасыз етілуі мүмкін», - деп ерекшелейді. Ядролық қарудың түрлі экстремистік топтардың қолына түсу қаупіне алаңдай отыра, Мемлекет басшысы жаһандық қауіпсіздік жүйесі ядролық арсеналдың талқандау мүмкіндіктеріне емес, мүдделердің үндестігі мен халықаралық міндеттемелердің орындалуының жасампаз күшіне негізделуге тиіс екеніне баса назар аударады. «Бұл үшін бүкіл халықаралық қоғамдастықтың бірлескен нақты жұмысы қажет. Мен террорлық ұйымдарға қатысы бар әркімді бақылауға алуға болатын бірыңғай әлемдік желі құру қажет деп санаймын», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сонымен қатар Вашингтондағы ядролық қауіпсіздік жөніндегі төртінші саммит аясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі жария етілді. Менің ойымша бұл тарихи маңызы жоғары қадам. Жетекші мемлекеттер тарапынан көтерілген бастамалардың маңызын ғана мойындайтын, қазіргі таңдағы халықаралық қатынастар жүйесінде қазақ елі Президентінің байыпты, жасампаз саясатын әлем жұртшылығының мойындауының, елдің қауіпсіздік саласындағы елеулі саясатының көрінісі. Бұл қадам көреген Елбасымыздың, оның соңынан ере білген халқымыздың мақтан тұтарлық жетістігі, жас ұрпақты алға жетелейтін желкені.
2017 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы алдағы екіжылдық кезеңге Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде өз жұмысын бастады. Қазақстан Республикасы Президенті БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне саяси үндеуінде: «Қазақстан қауіпсіздік пен бейбітшілікті сақтау мен нығайтудың бірінші кезектегі маңызын ескере отырып, Кеңестің толық күн тәртібі бойынша әділ және бейтарап қызмет атқаратын болады. Біз Қауіпсіздік Кеңесінің барлық мүшелерімен тең негізде ынтымақтасуға, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту мақсатында ымыраға жетуге және бәтуаластықты қалыптастыруға ниеттіміз», - деп мәлімдеді.
2017 жылы қаңтар айында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің «Жаппай қырып жоятын қаруды таратпау: сенім шаралары» атты отырысында сөйлеген сөзінде: «Біз Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануын және бүгінгі төрағалық қызметімізді әлемдік қоғамдастықтың елімізге және оның бейбітшіл саясатына деген сенімі деп білеміз. Біз бұл мәртебелі қызметтегі Орталық Азияның бірінші мемлекеті болып отырмыз. Осыған орай Дүниежүзілік ұйымның бұл маңызды органындағы өңір халықтарының «үніне» айналдық», деп паш етті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет