Ф 11-19 Турекулова Ж. Е



бет47/98
Дата02.02.2022
өлшемі1,17 Mb.
#116903
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   98
Байланысты:
Ф 11-19 Турекулова Ж. Е

МОДУЛЬ 2. САЯСАТТАНУ
Тақырып 8. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
Дәріс 8

Қарастырылатын мәселелер



1. Қазіргі білімдер жүйесіндегі саяси ғылымның алатын орны, саясаттанудың қалыптасуы мен дамуы, оның негізгі категориялары

2. Саясаттанудың пәні мен объектісі.

3. Саяси шынайылықты зерттеу әдістері.

4. Саясаттанудың прагматикалық мәні.

1. Қоғамтану ғылымының түрлі-түрлі білім бөлінуіне байланысты саясаттану да өзіндік бір жүйелі, пәндік сипаты, категориялық құрылымдары мен өз заңдылықтары бар ғылым болып қалыптасқан. Оның өз алдына дербес ғылым болып қалыптасуына қоғам өміріне, қоғамдық қарым-қатынастарға саясаттың өктемдік жасап қоғамдық болмыстың (формасына) түр-бейнесіне тигізетін ықпалы күшті, сол арқылы қоғамның саяси өміріне тигізетін әсері себеп болды.



Саясаттану сөзі гректің «политика» (саясат) және «логос» (ілім) деген сөздерінен шыққан, саясат туралы ғылым деген мағынаны білдіреді. Ал саясат сөзінің өзі көне грек ұғымдарына негізделген politike – «мемлекетті басқару өнері немесе мемлекеттік істі жүргізу» деген сөзінен алынған. Алғашқы кезде саясат ұғымының дәлме-дәл аудармасы мемлекеттік істі жүргізу болған болса, қазіргі кезде саясат ұғымының ауқымы кең, күрделі зерттеу мәселесі бар ғылым саласы. Саясаттану қоғамдық ғылымдар жүйесінде өз орны мен ролі, өзіндік атқаратын қызметі бар ғылым болып табылады.

Саясаттану саясат туралы, қоғамның өміршеңдігін, қоғам мен мемлекет арасындағы өзара әрекетті қамтамасыз ететін билік қатынастарымен, қоғамның мемлекеттік ұйымдасуымен, саяси институттар, принциптер мен нормалармен тығыз байланыста болатын адамдар өмірінің саяси саласы туралы ғылым.

Саясаттану рухани, материалдық, тәжірибелік, сонымен қатар саясаттың қоғам өмірінің басқа да салаларымен өзара әрекетін қамтитын саяси өмірдің барлық қырларын зерттейді.

Көпшіліктің санасында «саясат» термині негізі екі мағынада қолданылады. Бірінші мығынада белгілі бір саяси үрдісті басқару болса, мысалы «саяси экономика», «білім саласындағы саясат», яғни мемлекет тарапынан қолдау мен бақылау қажет керек екендігін көрсететін ұғым. Осындай қолдау мен бақылаулар мемлекеттің мүмкіндіктерімен үйлесе отырып, міндеттер мен мақсаттарды айқындауға, оларды жетілдірудегі мүмкіндіктерді белгілейді. «Саясаттың» көпшіліктің санасындағы екінші мағынасы – белгілі бағытталған саяси іс-әрекеттердің адамның өзінің мақсаттарды алға қою бейімділігі мен оларға жетудегі мүмкіндіктері, оны жүзеге асыру кезіндегі шығындары мен нәтижелері болып есептеледі. Бұл ұғымда саясат «стратегия» ұғымымен ұштасады. Мұндай «саясат» терминінің мағыналары - мақсатты айқындау, оны үкіметпен бірлесе отырып жүзеге асыру сияқты түсініктермен байланысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет