Ф. 4-63 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты Қазақстан және шетелдер тарихы кафедрасы «Түркі халықтарының тарихы» пәні бойынша 5В011400



бет1/4
Дата19.02.2017
өлшемі0,65 Mb.
#10931
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2   3   4
Ф. 4-63
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
Қазақстан және шетелдер тарихы кафедрасы

«Түркі халықтарының тарихы» пәні бойынша

5В011400 «Тарих» мамандығы студенттеріне арналған

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Павлодар


Ф. 4-64

БЕКІТЕМІН

ОӘЖ жөніндегі проректор

______ Ж. М. Мұқатаева

20 14ж. «_____»________

Құрастырушы: _________ аға оқытушы Макишева А.Т.



Қазақстан және шетелдер тарихы кафедрасы

«Түркі халықтарының тарихы» пәні бойынша


5В011400 «Тарих» мамандығы студенттеріне арналған
ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Жұмыс бағдарламасы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі 16.08.2013 ж. № 343 хаттамамен және 17.06.2011 ж. № 261 хаттамамен бекіткен типтік оқу жоспары негізінде және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Білім» тобындағы мамандықтар бойынша Оқу-әдістемелік секциясы 15.02.2012 ж. №18 хаттама дайындаған типтік оқыту бағдарламасы негізінде жасалды
Қазақстан және шет елдер тарихы кафедрасының отырысында ұсынылды

2014 ж. «____» ____________ № ____ хаттама

Кафедра меңгерушісі ___________З.Ә.Сабданбекова

2014 ж. «___» __________ №____хаттамамен

Филология және тарих факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды.

ОӘК төрағасы_____________ А.М.Сыздыкова

2014 ж. «___» __________ №____хаттамамен

КЕЛІСІЛДІ

Филология және тарих факультетінің деканы___________Қ.Қ. Текжанов

2014 ж. «___»__________
МАҚҰЛДАНДЫ

ОҮҰД директоры____________ 2014 ж. «___»__________



1 Пәннің мақсаты мен міндеттері, оның оқу процесіндегі орны


    1. Курстың мақсаты:

«Түркі халықтарының тарихы» пәнінің мақсаты: түркі халықтарының бай тарихы мен мәдениетін оқып үйренуге студенттерді дагдыландыру, түркі қауымдастығының бірлігін жан-жақты ашу, отан тарихының туысқан халықтардың өгкені және бүгінгісімен органикалық байланысын көрсету.


    1. Курстың міндеттері:

- түркі тайпаларының және халықтарының қалыптасу тарихын көрсету;

- ортағаыср мен жаңа кезеңдегі түркі мемлекеттерінің құрылуын оықп меңгеру;

- түркі әлемінің идеясын ашып көрсету;

- қазіргі кезеңдегі түркі мемлекеттерінің қоғамдық саяси өмірін қарастыру


1.3 Студент пән бойынша білуі керек:

- «Түркі халықтарының тарихы» курсының мақсаттары мен міндеттері;

- Түркі халықтарының тарихы пәндерінің даму тарихы;

- Түркі халықтарының тарихы пәнінің ерекшеліктері мен басқа пәндермен байланысы;

- Түркі халықтарының тарихы пәндерінің қолдану әдістемесін;
Құзыреттіліктер:

- оқытылатын курстың мазмұнын толық меңгеру;

- педагогикалық қызметтің барысында өз білімі мен біліктілігін тиімді қолдануы;

- курсты оқып-үйрену барысында алынған білімді жүйелей білу;

- зерттеу жұмыстарының әдіс-тәсілдерін қалыптастыруі;

-оқытудың инновациялық әдістері мен технологияларын таңдай, икемдей, модификациялай білу;

-салалық сыныптарда оқушылардың тарихи пәндер бойынша зерттеу жұмыстарын ұйымдастыра білу;

- жаңа әдістерді пайдалана отырып, салалық сыныптарда оқушылардың тарихи пәндер бойынша өздік және өздік білім алу жұмыстарын ұйымдастыра білу


1.4 Студент пән бойынша білуі тиіс :

- әлем тарихы мен түркі халықтарының тарихы бойынша дерек көздерін, деректану теориясы мен методологиясының негіздерін;

- қазіргі заманғы жаңа білім технологияларын меңгере отырып, түркі халықтарының тарихы бойынша басты мәселелерді;

- Түркі халықтарының түп тамырын;

2 Пререквизиттер:

  • Ежелгі дүние тарихы

  • Орта ғасырлар тарихы

  • Алғашқы қоғам тарихы

  • Ежелгі Қазақстан тарихы

  • Ортағасырлардағы Қазақстан тарихы

  • Археология

  • Этнология


Постреквизиттер:

  • Жаңа және қазіргі заманғы Азия, Африка елдерінің тарихы

  • Жаңа және қазіргі заманғы Еуроап, Америка елдерінің тарихы

  • Жаңа және қазіргі заманғы Қазақстан тарихы

  • Тарихнама

Ф. 4-70


3. Пәннің мазмұны




Пән тақырыптарының атауы

Сағат саны

Дәріс

Тәжір.

сабақтары

СӨЖ+ОСӨЖ

1 семестр



Кіріспе. Прототүріктер: хунну (сюнну, гундар) тарихы

2

1

6



Ерте ортағасырлардағы түркі мемлекеттері

2

1

6



Екінші Шығыс түрік қағанаты

2

1

6



Оғыз және Қарахандар мемлекеті

2

1

6



Хазар және Қимақ қағанаттары. Қыпшақ тайпаларының конфедерациясы

2

1

6



Түркі халықтары Монғол империясының қол астында

2

1

6



Алтын Орда мен Моғолстанның ыдырауы

2

1

6



Ежелгі және орта ғасырлардағы Түркияның тарихы (Осман империясы)

2

1

6



Қырым, Қазан және Астрахань хандықтары

2

1

6



XV-XX ғғ. Өзбектер

2

1

6



XV-XX ғғ. Қазақтар.

2

1

6



XV-XX ғғ. Әзірбайжандар

2

1

6



XV-XVII ғғ.Ноғай Ордасы

2

1

6



XV-XХ ғғ. Қырғыздар мен ұйғырлар

2

1

6



Жаңа тәуелсіз түркі мемлекеттері.

2

1

6

Семестр бойынша барлығы

30

15

90

Пән бойынша барлығы

135


Теориялық курстың мазмұны
3.1 Дәріс сабақтарының мазмұны
1-тақырып. Кіріспе. Прототүріктер: хунну (сюнну, гундар) тарихы. Түркі этностары жэне түркі тілдес халықтар. Олардың территориялық орналасуы. Ностратиттік тілдер. Тілдердің алтайлық макросемьясы. Батыс түрік жэне шығыс түрік тілдері. «Лингвистикалық археология». Қазіргі түркі әлемі. Хунндар туралы алгашқы тарихи мағлұматтар. Олардың коныстанған территориясы. Қытай тарихи хроникалары - «Ши-цзи», «Хань шу», «Хоухань шу» және басқалары хунндар туралы. Хунну державасының күрылуы, территориясы. Түман-шаньюй, Мөде-шаньюй, Лаошань-шаньюй. Хунндар және қытай династиясы Хань.

2-тақырып. Ерте ортағасырлардағы түркі мемлекеттері. Түрік қағанаты. Түркілердің пайда болуы туралы аңыздар. Олардың мекендеген аймагы. Түріктер жужандардың (аварлар) қол астында. Түрік тайпалық одағының нығаюы. Оғыздарды бағындыру. Түріктердің жужандарды талкдндауы және Түрік Элінің - мемлекетінің, қағанатының қүрылуы. Бумьш қаған. Мүған-қағанның билігі. Түріктердің Қазақстанды, Орталық Азияны, Солтүстік Кавказды жаулап алуы. Эфталиттермен соғыс, Иранмен одақ. «Эфталиттік мүраны» бөлісу. Қытаймен ара қатынас, олардың түріктердің күші мен қуатын мойындауы, сыйлықтар (алым) төлеу. Түрік қағанатында жоғары биліктің бастапқы кезден бөлінуі. Естеми-жабғының (қаған) батыстагы билігі. Мүган-қаған және Естеми-қаған өлгеннен кейін түрік мемлекетінде жоғары билік үшін күрестің жэне сепаратизмнің күшеюі. VIIf. басында Батыс түрік каганаты және Шыгыс түрік қағанатына бөліну. 630 жылы Шыгыс түрік каганатын қытайлардың бағындыруы.

3-тақырып. Екінші Шығыс түрік қағанаты. Шыгыс түріктердің тауғаштар (қытайлар) үстемдігіне қарсы көтерілісі. Қүтылықтың басшылығымен жеңіске жету. Түрік мемлекетін қалпына келтіру. Елтеріс (Құтылық)-қаған. Қапаған (Мочжо) қаған, Білге-қаган кезінде екінші Шығыс түрік кағанатының гүлденуі. Түргеш қағанатын бағындыру. Арабтармен согыс. Білге-қаған өлімінен кейін екінші Шығыс түрік қағанатының әлсіреуі. Түріктердің қол астындағы басмылдар, үйғырлар және қарлұқтардың котерілуі. Түріктер билігін қүлату.

4-тақырып. Оғыз және Қарахандар мемлекеті. Оғыздардың (теле) шығуы. Оғыздар түрік қаганатының тарихында. VI ғ. Оғыздардың бір бөлігінің Жетісуға қоныс аударуы. Оғыздар Батыс Түрік және Түргеш қағанаттарының қүрамында. VIII ғ. аяғында қарлүқтардың қысымымен Оғыздардың Сырдария өңіріне ығысуы. Печенегтермен соғыс. Оғыздар мемлекетінің күрылуы. Оғыз билеушісінің титулы - жабғу. Оғыздар туралы Ибн Фадлан, ап-Масуди, Рашид ад-дин, Махмуд Қашғаридің еңбектері. Қорқыт ата кітабы. Алихан Маликшах-хан кезінде Оғыздар мемлекетінің күш-қуатының артуы. Хорезм, Салжүктармен қақтығыс. Огыз-салжүқтардың оңтустік-батысқа, Огыздардың бір бөлігінің (орыс жылнамаларында торки) оңтүстік-шығыс Еуропаға ығысуы. ХІ-ХІІ ғғ. қыпшақтардың огыздарды Сырдария өңірінен Арал маңына ығыстыруы. Қарахандар мемлекеті. «Қарахандар» терминінің және қарахандар династиясының шығуы. Қарахандар мемлекеті - Қарлүқ қағанатының мүрагері. Жетісу жэне Шығыс Түркістандағы түркі тайпалары. Қарахандар және Хорезмшах мемлекеттері. Қарахандардың Саманидтер мемлекетін талқандауы, Орталық Азияны алу. Қарахандардың жэне Газневилердің қарым-қатынастары. Салжұқтардың Қарахандарды бағындыруы. Жетісуда қарақытайлардың пайда болуы, Қарахандардың мемлекеттілігіи сақтай отырып, оларды бағындыруы.

Қарахандар мемлекеті көшпелі жэне отырықшы-егіншілік өркениеттері жүйесінде. Қарахандар династиясьшың исламды ресми дін ретінде қабылдауы. Әскери-ленндік жүйе. Мұсылман-түркі мэдениетінің гүлденуі. Қалалардың гүлденуі, Қарахандар дэуірінің архитектуралық ескерткіштері. Ғылым жэне поэзия. Махмүд Қашгари, Иусуф Баласағуни, Абул-Фадл Байхаіси.



5-тақырып. Хазар және Қимақ қағанаттары. Қыпшақ тайпаларының конфедерациясы. Хазарлардың шығуы және этникалық тегі. «Хазар» этионимі. Хазарлар Батыс Түрік қағанатының қүрамында. Хазар мемлекетінің құрылуындағы Ашинаның - түркілерден шыққан патша тайннсының ролі. Хазар қағанатының территориясы. Билеуші топ. Қағанның жоғарғы билігі. Түрақты армияның болуы. Түрік жазбасы сияқты, мемлекеттік тіл түрік тілі. Араб-хазар соғыстары. Шаруашылығы: отырықшы-егіншілік. Егіншіліктің дамуы, әсіресе жүзім шаруашылығы, бау-бақша, атақты хазар қарбыздары. Дамыган, бай балық аулау шаруашылығы. IX г. басында биліктің хазарларға көшуі, иудаизмді қабылдау, азамат соғысы, қағанның қасиетті түлғаға айналуы, биліктің екі жақтылығы. Хазарлардың Византиямен, Киев Русымен қарым-қатынастары. Халықаралық саудадағы Хазарияның ролі. Этнос пен мемлекеттің бірте-бірте жойлуы. Хазар қағанатының тарихи ролі. Хазартанудың қазіргі таңдағы жағдайы.

Қыпшақтардың шығу тегі мен орналасу аймағы. «Қыпшақ» этносы мен этнонимнің шығуы туралы С.Г. Кляшторный, П.Б. Голденнің болжамдары. Екінші Шығыс түрік қағанатындағы тұріктер мен қыпшақтар. Қыпшақтар қимақ қағанатының қүрамында. ХІ-ХІІ ғғ. шамасындағы қыпшақ тайпалар конфедрациясының қүрылуы. Қыпшақтар Қазақстан территориясында. Олардың шығыс және батыс болып бөлінуі. Қьшшақ мемлекеттілігі. Қыпшақтардың оңтүстікке экспансиясы. Сырдария бассейні мен Сырдария бойындағы қалаларды алу. Қыпшактар жэне Хорезм. Хорезмшахтың мемлекеттік саясатындағы қыпшақтардың (қаңлы) ролі. Қыпшақтар жэне Киев русі. Қыпшақтардың шаруашылыгы, әлеуметтік жэне ру-тайпалық қүрылысы. Қыпшактар қазақ халқының этногенезінде.



6-тақырып.Түркі халықтары Монғол империясының қол астында. XIII ғ. басындағы саяси және этникалық жагдайы. «Отырар апаты». Шыңғыс ханның хорезмшах Мүхаммедке қарсы жорығы. Хорезмшахтың жеңілуі. Шыңғыс ханның Хорезм мемлекетін және қыпшақ (қаңлы) иеліктерін жаулап алуы. Шыңғыс ханның моңғол империясын құруы. Оңтүстік-Шығыс Қазақстан және Дешті-Қыпшақ жері Шыңгысхан үлдары үлысының қүрамында. Дешті-Қыпшақ — Шыңгыс ханның үлкен үлы Жошының үлысы. Жошы улысының үлғаюы жэне Алтын Орданың қүрылуы. Территориясы мен этникалық құрамы. Саяси құрылысы. Экономикасы жэне мэдениеті. Алтын Орданың астанасы - Сарай Батый-хан және оның мүрагерлері кезінде. Сарай ал-Жадид Өзбекхан (1312-1342), Жэнібек хан (1342-1357) кезінде. 1395-1396 жж. Алтын Ордадагы «саяси қүлдырау мен аумағының ыдырау» кезеңі. Жошыньщ баласы Тоқа-Темірдің үрпагы - Тоқтамыс ханның билікке келуі. Ресейге үстемдік жүргізуді қайтадан қалпына келтіру. Алтын Орда және Темір мемлекеті. 1395-1396 жж. Алтын Орданы Темірдің талқандауы. Орыс ханның баласы Қойыршақ ханньщ Алтын Орда тағына отыруы. Едіге бидің билігінің нығаюы. Алтын Орданың ыдырауының басталуы.

7 – тақырып. Алтын Орда мен Моғолстанның ыдырауы. Алтын Орда және Моғолстан территориясындагы этникалық процестер. «Өзбек», «ноғайлы» жэне «моғол» суперэтностары. Шығыс Дешті Қыпшақтағы Тоқа-Темірдің ұрпағы Орыс ханның Ақ Орда хандығы -болашақтағы қазақ мемлекеттілігінің үлгісі ретінде. Моғолстан мемлекеті жэне Темір мен оның үрпақтарының империясы. Темірдің Моғолстанға қарсы жорықтары. Алтын Орданың ыдырауы және этникалық негізде тэуелсіз мемлекеттердің: шайбанидтер эулетінен шыққан Әбілхайыр ханның «кешпелі езбектер мемлекетінің», Қырым, Қазан, Астрахань, Қазақ, Сібір, Өзбек хандықтары мен Ноғай Ордасының қүрылуы. Моғолстанның ыдырауы. Шыгыс Түркістанда Моғолия мемлекетінің қүрылуы. Татар, қырым-татарлары, қазақ, ноғай, қарақалпақ, өзбек, қырғыз халықтарының қалыптасуы. Моғолия күрамындағы ұйгырлар.

8 – тақырып. Ежелгі және орта ғасырлардағы Түркияның тарихы (Осман империясы). Кіші Азияның көне жэне ежелгі тарихы. Хеттер мемлекеті. Б.з.д. XIII г. Кіші Азияда грек-ахейліктердің пайда болуы. Ежелгі мемлекеттер: Фригия, Кария, Лидия. Киммерлердің, скифтердің шабуылдары. Кельттер. Батыс жэне Орталық Анадолыны Рим империясының басып алуы. Византияда Шыгыс Рим империясының күрылуы. Сасанидтік Иранды арабтардың талқандауы. Оңт\'стік-шыгыс Анадолыдагы арабтардың үстемдігі. VIII-X гг. Кіші Азияға түркі тайпаларының енуі. Анадолы Салжүқтардың жаулап алу қарсаңында. Кіші Азияның көне және ежелгі тарихындагы этникалық процестер. Газневи султанаты, оны салжуқтардың талқандауы. ¥лы Салжұқтар мемлекеті. Тогырыл бек. Султан Мэлік шах. Салжуқтардың Византиямеи соғысы. Мауераннахрды, оғыз жерлерін жаулап any, Хорезмді бағындыру. ¥лы султан Санжар. Қараханидтерді бағындыру. Санжардың қарақытайлардан жеңілуі. ¥лы Салжуқтар мемлекетінің элсіреуі және оның ыдырауы. Кіші Азиядагы Салжуқтар мемлекеті (1077-1299). Оның тарихындагы дамудың үш кезеці. Кресшілермен согыс. Салжуқ султанаты мен Данышмендид эмираты арасындагы күрес. Қылыш Арсланның жеңісі. «Рум султанаты». Кіші Азияға моңғол шапқыншылығы. XIII-XV гг. Түркия. «Рум султанаты» қуатының шырқау шегіне жеткен кезі. Султан I Ала әд-дин Кей-Құбаданың (1219-1236) билігі. Закавказьені моңғолдардың жаулап алуы. 1243 жылы Кеседаг

62 түбіндегі ұрыс. Салжуқтардың моңголдарға вассалдық тәуелділігін мойындауы. Султан Кейхусырау олгеннен кейін «Рум султанатының» әлсіреуі. Сулганатты хулагуидалардың бағындыруы. Салжуктар династиясының түпкілікті жоқ етілуі (1307). Бейликтердің құрылуы.Осман бейликтігі. Осман-бей (1258-1324). Бейликтіліктің Орхан-бей, I Мурат, I Баязит кезінде күш-қуатының артуы. Темірмен согыс, I Баязиттің жеңілуі. Аққойлы (Ақ-Қоюнлу) түрік тайпаларының конфедрациясы. Мехмед Фатих -Анадолыны біріктіруші. Мехмед III Фатих. Константинопльдің қулауы (29 мамыр 1453 ж.). Осман империясы.



9-тақырып. Қырым, Қазан жэне Астрахань хандықтары. Қырым ханы Сахиб-Гирей. Олардың Осман империясының сюзеренитетін қабылдауы. Дәулет Қажы Гирейдің билеуі. Хандықтың территориясы. Қырым хандығы жэне Ресей. IV Иванның Қырым ханына вассалдық тэуелділігін мойындауы. Қырым хандығы жэне Ногай Ордасы. Қырым хандыгы және Қазан хандыгы. XVIII г. Ресейдің Қырым хандығын озіне каратуы. Алтын Орда ханы ¥лы Мухаммед. Оның Қазан хандығының негізін салуы. II Василидің жеңілісі. Қазан хандыгы мен Ресейдің арақатынасы. Қазан хандыгы жэне Қырым хандыгы. Қазан хандыгы жэне Ногай Ордасы. IV Иванның Қазан хандығын багындыруы (2 қазан 1552 ж.). Қазан татарларының этногенезі. Үлкен Ордадагы (Алтын Орда) Кіші-Мұхаммедтің билігі, Махумыт хан (1459 ж.). Ахмег ханның бүлігі. Махумыттың Астрахань хандыгының негізін салуы (1465 ж.). Мемлекеттің территориясы. Халқының этникалық қурамы. Астрахань хандығының ногайлармен, Қырым хандыгымен, Ресеймен қарым-қатынастары. IV Иванның Астрахань хандыгын жаулап алуы (1556 ж.).

10-тақырып. XV-XX ғғ. Өзбектер. Орта Азияға көшпелі өзбектердің шабуыл жасауы қарсаңындағы Темір мемлекеті. Өзбек хандығының күрылуы. Мухаммед Шайбани. Өзбектердің моғолдармен, қазақтар мен қызылбастармен соғыстары. Мухаммед Шайбанидің өлімі. XVI-XVI1 гг. Өзбек мемлекеті. Бүхар жэне Хиуа хандықтары. II Абдаллах-ханның билеуі. Моғолдармен, қазақтармен, қырғыздармен қарым-қатынастары. XVII ғ. басында Өзбек хандығында шайбанилер династиясын жәнидтер (аштарханидтер) династиясының алмастыруы. 1753 жылы Өзбек хандығында (Бухара эмірлігінде) маңғыттар династиясыньщ орнауы. Парсыдағы Нәдір-шахпен соғыс. Шахмурад-ханньщ (эмір) экімшілік, әскери, сот жүйесіндегі реформалары. Ферганада Қоқан-тэуелсіз хандығының қүрылуы. Мингілер династиясы. XIX ғ. I жартысында Қоқан хандығьшың нығаюы.Ташкент, Ходжент, Қырғыздың біраз бөлігінің, Қазақстанның оңтүстік аудандарының қосылуы. Ресейдің Қоқанмен соғысуы, оның жеңілуі. 1876 жылы Қоқан хандығының Ресейге қосылуы. XVI ғ. басында Әбілхайыр ханның үрпақтарының бірінің Хиуа хандығын күруы. Түрікмен, қарақалпақтарды бағындыру. 1817, 1839 жылдары Ресейдің Хиуаны бағындыру жолындағы әрекеттері. XVIII ғ. екінші жартысында Хиуада Қоңырат династиясыньщ орнауы. Бүхара әмірлігінің жэне Хиуа хандығының Ресейге вассалдық тэуелділігі. 1920 жылы Бүхара жэне Хорезм халық республикаларының қүрылуы. 1918 жылы «Қокан автономиясының», Түркістан АКСР-нің күрылуы.

11-тақырып. XV-XX ғғ. Қазақтар.Керей мен Жәнібек султандар бастаган кейбір Дешті Қыпшақ тайпаларының Батыс Моголстанға кошуі. «Қазақ» деген терминнің шығуы, оныц этимологиясы. Керейдің хан болып жариялануы, Қазақ хандыгының курылуы (1465 ж.). Қазақ хандары династиясының шыгуы. Кошпелі өзбектердің ханы Әбілхайырдың елімі. Қазақтардың ата журтына оралуы. Хандықтың нығаюы. Бурындық, Қасым, Хақ-Назар, Шыгай, Тэуекел хандардың билігі. Қазақ жерлерінің этникалық шекарасының бекітілуі. Қазақ хандыгының Өзбек хандыгымен, Моголстанмен, Моғолиямен, қырғыздармен, жоңгарлармен ара қатынасы. Қазақтар мен қазақ хандары туралы Фазлаллах ибн Рузбихан, Мирза Махмуд Хайдар, қадыргали бидің еңбектерінің маңызы. XVII-XVIII г. басындагы қазақ хандыгы. Есім хан, Жэңгір хан, Тәуке ханның билеуі. Орбулак шайқасы - қазақ жауынгерлерінің теңдесі жоқ жеңісі. «Жеті жаргы». Қазақ-жоңгар жэне қазақ-ресей қарым-қатынастары. Феодалдық бытыраңқылықтың күшеюі. Жоңгар шапқыншылығы және оның зардаптары. Жүздердің - территориялық-саяси қүрылымдардың пайда болуы. Қазақстанның Ресейге қосылуы. Қазіргі заман тұрғысынан бағалау.

12-тақырып. XV-XX ғғ. Әзірбайжандар. Әзербайжанның ¥лы Салжүқтар мемлекетінің күрамына енуі. Әзербайжандағы Шируаншаһ, Кесрани, Ильдегиздер династиялары билеген мемлекет. Этникалық процестер, эзербайжан этносының қалыптасуындағы түркілік компоненттердің шешуші ролі. Шируаншаһтар, жалайырлар мемлекеті. Қарақойлы (Қара-Қоюнлу) және Аққойлы (Ақ-Қоюнлу) мемлекеттік қүрылымдары. Сефевилер мемлекеті. Түрік-сефевилер соғыстары. Аббас шахтың реформалары. XVII-XVIII ғғ. Эзербайжан Сефевилер мемлекетінің қүрамында. Эзербайжан халқының түрік-парсы үстемдігіне қарсы күресі. Эзербайжан иеліктері Ширван, Шемаханың ролі. 1724 ж. Закавказьені болу туралы Орыс-түрік келісімі. XVIII ғ. 30 жылдарындағы Иран мен Түркия арасындагы соғыстар. Әзербайжанның үсақ иеліктері. Қазақ султанаты. XVIII ғ. соңындағы орыс-иран соғыстары. XIX ғ. басында Гүлстан (1813), Түркменчай (1828) шарттарына сай Әзербайжанның Ресей курамына кіруі.

13-тақырып. Ноғай Ордасы XV-XVIIғ.ғ. Маңғыттардың Едіге ордасының қурылуы. Маңғыттар және көшпелі өзбектер. «Маңғыт», «ноғай» терминдерінің ара қатынасы. Ноғай Ордасы тәуелсіз саяси құрылым ретінде. Ноғайлардың орналасқан аймағы. Қазақ-моінй қарым-қатынастары. Ноғай-қырым татарлары және астрахань қарым-қатынастары. Ших-Мамай би жэне қырым ханы Мухаммед Гирей. «Астрахань катастрофасы». Үлкен Ноғай Ордасы. Юсуф, Исмаил билігі, озара қырқысулар. Алты улыс (Жем-Ойыл) ордасының қурылуы. Кіші Ноғай ордасы. Ормамбает би (1590-1597)-аңыздарда біртутас халықтың казақ және поғай деп белінуі нағыз қасіретті оқига ретінде. Қалмақтар Жайық пен Нділде. Ноғайлардың батысқа кетуі: Қырымға, Солтүстік Кавказға. Қазақтар мен ноғайлардың тарихи-генетикалық байланыстары.

14-тақырып. XV-XХ ғғ. Қырғыздар мен ұйғырлар. Моголстан мен Моғолия қыргыздар мен уйғырлардың саяси тарихының бастау алар нүктесі. Қырғыз этносыньщ қалыптасуындағы моғол компонентінің ролі. Моғол-қазақ, моғол-қырғыз ара қатынастары. II Абдаллах жэне Моғолстан. 1680 жылы жоңғарлардың Жаркендті жаулап алуы. Накшбандардың сопылық ордені, Моғолиядағы оның белогорлық жэне черногорлық секталары. Моғолияның ішкі саяси өміріндегі кыргыздардың ролі. 1702 ж. Қонтайшы Цеван-Рабтанның (1697-1727) Шығыс Түркістанды жаулап алуы. Циндардың Жоңғар хандығын жойғаннан кейін, қазіргі Қытайдың Синьцзян провинциясы болып отырған - Шығыс Түркістанды жаулап алуы. 1762-1821 жж. қырғыздарды зорлықпен Қоқан хандығына қосу. 1925 ж. РСФСР қурамында Қара-Қырғыз АО-ның құрылуы.

15-тақырып. Жаңа тәуелсіз түркі мемлекеттері. 1991 жылы Кеңестер Одағының ыдырауы. 1918 ж. Актінің негізінде Эзербайжан Жоғарғы Кеңесінің мемлекеттің тәуелсіздігін қалпына келтіру туралы Декларацияны қабылдауы (30 тамыз 1991ж.). «Эзербайжан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық актінің қабылдануы (18 қазан 1991ж.). 1990 ж. 25 қазанда Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің мемлекеттік суверенитет туралы Декларацияны кдбылдауы. 1991 ж. 16 желтоқсанда Жоғарғы Кеңестің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тэуелсіздігі туралы» заңды қабылдауы.

Қырғызстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Республика суверенитет! туралы Декларацияны (15 желтоқсан 1990 ж.), Қырғызстанның тәуелсіздігі туралы Декларацияны (31 тамыз 1991 ж.) қабылдауы. 1993 жылы Жоғарғы Кеңестің сессиясында Кыргызстан Республикасының атын Қырғыз Республикасы деп озгерту туралы шешімнің қабылдануы.

1990 жылы 22 тамызда Түрікмен ССР-і Жогарғы Кеңесінің Республиканың мемлекегтік суверенитет туралы Декларацияны қабылдауы. 1991 жылы 26 қазанда бүкіл халықтық референдум барысында республиканың тәуелсіздігі үшін сайлаушылардың 94%-нің дауыс беруі. 1991 ж. қараша айынан бастап мемлекеттің ресми атының Түрікменстан болып өзгеруі.

1990 ж. 20 маусымда Өзбек ССР-і Жоғаргы Кеңесінің Өзбек ССР-нің мемлекеттік суверенитет! туралы Декларацияны қабылдауы. 1991 ж. 31 тамызда Республиканың Жоғарғы заң шыгарушы органының Өзбекстанның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы жэне жеке тәуелсіз мемлекет - Өзбекстан Республикасының қүрылғаны туралы жариялауы.

1992 жылы осы республикалардың барлыгының Б¥¥-на мүшелікке қабылдануы. Осы республикалардың әлеуметтік-экономикалық жэне саяси дамуы. Түркия жаңа жэне қазіргі заманда. Қазіргі түркі әлемі.


3.2 Тәжірибелік сабақтардың мазмұны
1-тақырып. Кіріспе. Прототүріктер: хунну (сюнну, гундар) тарихы..

1. «Түрік» этносы және этнонимі. Түркі этностары жэне түркі тілдес халықтар. Олардың территориялық орналасуы.

2. Ностратиттік тілдер. Тілдердің алтайлық макросемьясы. Батыс түрік жэне шығыс түрік тілдері. «Лингвистикалық археология». Қазіргі түркі әлемі.

3. Хунндар туралы алгашқы тарихи мағлұматтар. Олардың коныстанған территориясы.

4. Қытай тарихи хроникалары - «Ши-цзи», «Хань шу», «Хоухань шу» және басқалары хунндар туралы.

2-тақырып. Ерте ортағасырлардағы түркі мемлекеттері.

1. Түркілердің пайда болуы туралы аңыздар. Олардың мекендеген аймағы.

2. Түріктер жужандардың (аварлар) қол астында. Түрік тайпалық одағының нығаюы. Оғыздарды бағындыру.

3. Батыс түрік қағанаты.



3-тақырып. Екінші Шығыс түрік қағанаты.

1. Шығыс түріктердің тауғаштар (қытайлар) үстемдігіне қарсы көтерілісі.

2. Түрік мемлекетін қалпына келтіру.

4-тақырып. Оғыз және Қарахандар мемлекеті.

1. Оғыздардың (теле) шығуы. Оғыздар түрік қағанатының тарихында. VI ғ. Оғыздардың бір бөлігінің Жетісуға қоныс аударуы.

2. Оғыздар Батыс Түрік және Түргеш қағанаттарының құрамында.

5-тақырып. Хазар және Қимақ қағанаттары. Қыпшақ тайпаларының конфедерациясы.

1. Хазарлардың шығуы және этникалық тегі. «Хазар» этионимі.

2. Хазарлар Батыс Түрік қағанатының құрамында.

3. Қимақтардың шығу тегі мен орналасу аймағы.

4. Қыпшақтардың шығу тегі мен орналасу аймағы.

5. «Қыпшақ» этносы мен этнонимнің шығуы туралы С.Г. Кляшторный, П.Б. Голденнің болжамдары.



6-тақырып. Түркі халықтары Монғол империясының қол астында.

1. Орта Азия мен Қазақстан моңғол шапқыншылығы қарсаңында. XIII ғ. басындағы саяси және этникалық жагдайы.

2. «Отырар апаты». Шыңғыс ханның хорезмшах Мүхаммедке қарсы жорығы. Хорезмшахтың жеңілуі.

7-тақырып. Алтын Орда мен Моғолстанның ыдырауы.

1. Алтын Орда және Моғолстан территориясындағы этникалық процестер. «Өзбек», «ноғайлы» жэне «моғол» суперэтностары.

2. Шығыс Дешті Қыпшақтағы Тоқа-Темірдің ұрпағы Орыс ханның Ақ Орда хандығы -болашақтағы қазақ мемлекеттілігінің үлгісі ретінде.
8-тақырып. Ежелгі және орта ғасырлардағы Түркияның тарихы (Осман империясы).

1. Кіші Азияның көне жэне ежелгі тарихы. Хеттер мемлекеті. Б.з.д. XIII г. Кіші Азияда грек-ахейліктердің пайда болуы.

2. Ежелгі мемлекеттер: Фригия, Кария, Лидия. Киммерлердің, скифтердің шабуылдары.

9-тақырып. Қырым, Қазан жэне Астрахань хандықтары.

1. Қырым ханы Сахиб-Гирей. Олардың Осман империясының сюзеренитетін қабылдауы.

2. Дәулет Қажы Гирейдің билеуі. Хандықтың территориясы.



10-тақырып. XV-XX ғғ. Өзбектер.

1. Орта Азияға көшпелі өзбектердің шабуыл жасауы қарсаңындағы Темір мемлекеті.

2. Өзбек хандығының құрылуы.



11 – тақырып. XV-XX ғғ. Қазақтар.

1. Керей мен Жәнібек султандар бастаган кейбір Дешті Қыпшақ тайпаларының Батыс Моголстанға көшуі.

2. «Қазақ» деген терминнің шығуы, оның этимологиясы.

12-тақырып. XV — XIX ғғ. Әзербайжан.

1. Әзербайжанның ¥лы Салжүқтар мемлекетінің құрамына енуі.

2. Әзербайжандағы Шируаншаһ, Кесрани, Ильдегиздер династиялары билеген мемлекет.



13-тақырып. Ноғай Ордасы XV-XVIIғ.ғ.

1. Маңғыттардың Едіге ордасының қурылуы. Маңғыттар және көшпелі өзбектер.

2. «Маңғыт», «ноғай» терминдерінің ара қатынасы.

14-тақырып. XV-XХ ғғ. Қырғыздар мен ұйғырлар.

1. Моголстан мен Моғолия қыргыздар мен ұйғырлардың саяси тарихының бастау алар нүктесі.

2. Қырғыз этносыньщ қалыптасуындағы моғол компонентінің ролі.

15-тақырып. Жаңа тәуелсіз түркі мемлекеттері.

1. 1991 жылы Кеңестер Одағының ыдырауы.

2. 1918 ж. Актінің негізінде Эзербайжан Жоғарғы Кеңесінің мемлекеттің тәуелсіздігін қалпына келтіру туралы Декларацияны қабылдауы (30 тамыз 1991ж.).

3. Түркия жаңа жэне қазіргі заманда. Қазіргі түркі әлемі.

3.3 Күндізгі бөлімде оқитын студенттердің өздік жұмыстарының мазмұны




СӨЖ түрі

Есеп беру формасы

Бақылау түрі

Көлемі (сағаттар)



Дәріс сабақтарына дайындық

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

15



Тәжірибелік сабақтарына дайындық, үй тапсырмаларын орындау

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

15



Аудиториялық сабақтар мазмұнына кірмеген материалды қарастыру

Конспект

Коллоквиум, библиографиялық және терминологиялық сөздіктер

20



Семестрлік тапсырмаларды орындау

Реферат

Семестрлік тапсырманы қорғау

20



Бақылау шараларына дайындық

-

АБ1, АБ2, коллоквиум (тестілеужәне т.б.)

20

Жалпы

90





3.4 Студенттерге ұсынылған өздігінен оқуға арналған тақырыптар

1. Ежелгі түркі мемлекетіне жаппай ислам дінінің енуі.

2. Түркі халықтарының Кавказбен байланысы.

3. Кіші Азиядағы селжүктер мемлекеті.

4. Түркілер тарихындағы моңғолдар дәуірі.

5. Орталық Азия, Повольжье, Қырым жерлерінде түркі халықтарының пайда болуы.

6. Алтын Орда және Шағатай ұлысы – Монғол империясының түркілік мұрагерлері және олардың Еуропа тарихындағы рөлі.

7. Орталық Азиядағы көшпелі өзбектердің пайда болуы.

8. Өзбек хандығындағы тайпалар мен халықтар – «қазақ» пен «өзбек» атауының арасындағы айырмашылық.

9. Мұхаммед Шайбани тұлғасы және өзбектер. Шайбани державасының құрылуы.

10. Қырғыздар, қарақалпақтар, түрмендер этногенезі.

11. Қырғыздар мен түркмендер қоғамының құрылысы.

12. Қоқан және Хиуа хандықтары және олардың Орталық Азия халықтарының тарихындағы.

13. Түркі тілдес халықтардың Ресеймен 18-19 ғғ. Аралығындағы қарым-қатынасы. Ресейдегі татарлар, «татар» атауының шығуы, олардың этногенезі.

14. Татарлар мемлекеті: Қазан, Қырым хандықтары.

15. Орталық Азияны Ресейдің отарлауы, саяси, экономикалық және саяси үрдістер.



4 Әдебиеттер

Негізгі:

1. Агаджанов С.Г. Очерки истории огузов и туркмен Средней Азии IX-


XIII вв. Ашхабад, 1969

2. Аджи М. Полынь половецкого поля. М, 1994

3. Анар. Деде Коркут. Баку, 1998

4. Артамонов М.И. История Хазар. Л., 1962

5. Ахинжанов СМ. Кыпчаки в истории средневекового Казахстана. Алматы, 1995

6. Босворт К.Э. Мусульманские династии. М., 1971

7. Гордлевский В.А. Государства Сельджуков Малой Азии. Л., 1941

8. Греков БД., Якубовский А.К. Золотая Орда и ее падение. М-Л., 1950

9. Гумилев Л.Н. Хунну. М., 1960

10. Гумилев Л.Н. Древние тюрки, М., 1967

11. Гумилев Л.Н. Древняя Русь и Великая степь. М., 1992

12. Дан Ф. Аттила. М., 1993

13. Еремеев Д.Е., Мейер М.С История Турции в средние века и новое время. М., 1992

14. Ирмуханов Б.Б. Этническая история древнего Казахстана. Алматы, 1998

15. Ирмуханов Б.Б. Древняя история Казахстана. Алматы, 1998

16. Ирмуханов Б.Б. Казахстана: историко-публистический взгляд. Алматы, 1996

17. Ирмуханов Б.Б. Прошлое Казахстана в письменных источниках. Алматы, 1998
Қосымша әдебиеттер:

1. Плетнева СА. Хазары. М., 1986

2. Плетнева СА. Половцы. М., 1990

3. Сафаргалиев М.Р. Распад Золотой Орды. Саранск, 1960

4. Соловьев А. Сокровища Аттилы. М., 1997

5. Стэнли Лэн Пуль. Мусульманские династии. СПб., 1899

6. Сулейменов О.О. Аз и Я. Алма-Ата, 1975

7. Сыздықов СМ. Қарлық мемлекетінің тарихы. Алматы, 2000

8. Тамерлан. Эпоха. Личность. Деяния. М., 1992

9. Тильман Нагель. Тимур-завоеватель. Ростов на-Дону, 1997

10. Шах Махмуд Чурас. Хроника. М., 1976



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет