Сабақтың тақырыбы: №7 зертханалық жұмыс. Электр тогының жұмысы мен қуатын өлшеу. Сабақтың мақсаты



Дата25.12.2021
өлшемі43,02 Kb.
#105165
түріСабақ
Байланысты:
00121b06-3d83dd12
Информатика әдістемелік нұсқау, sillabus zhobalardy baskaru, 466d4d41-9a69-11e6-ad9a-353c8f18caafдля преподавателя, 6809d9d8-0145-11e8-8177-60752b77d4c3бага тех(1) (3), kasipkerlik zhb, 1rged6jk, 1rged6jk, Кезекшілік, Кітапхана жұмысы жоспары, Кітапхана жұмысы жоспары, Сабақ кестесі, Кезекшілік, Жаңа технологиялар Сагинган Назерке, Информатика 10 сынып қазақша, 0000b7ff-17ef2fb9

Мерзімі: 16.02.18.

Сынып 8 «А»

Сабақтың тақырыбы: №7 зертханалық жұмыс. Электр тогының жұмысы мен қуатын өлшеу.

Сабақтың мақсаты:

  1. Электр тогының жұмысы мен қуатын есептеу формулаларын практикада қолданып, есептеулер жүргізе алауы;

  2. Электр тізбегін құрастырып, жұмыс жасай алу қабілеттерін шыңдау, меңгерілген білімді практикада, өмірде қолдана алуға жеткізу;

Демонстрация: электр тогының жұмысы мен қуатын өлшеу

Сабақтың түрі: зерттеу жұмысы

Көрнекілігі: электрлік құралдар (ток көзі, жалғағыш сымдар, вольтметр, амперметр, реостат, резисторлар, шамдар), үлестірме материалдар, көрнекі формулалар, сызбалар

Техникалық құралдар: проектор, компьютер, слайд

Күтілетін нәтиже: құралдар арқылы өлшенген шамалардың көмегімен электр тогының жұмысы мен қуатын формула бойынша есептей білу дағдылары дамиды

Қолданылатын әдіс- тәсілдер: 1) топпен жұмыс (фасоль әдісімен үй жұмысын тексеру.)

2) зерттеу жұмысы

3) бақылау сұрақтары



Сабақты ұйымдастыру: Сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлау (2 мин)

Барысы: Бүгін біз электр тогының жұмысы мен қуатын зерттеуге арналған зертханалық жұмыс жасаймыз. Зертханалық жұмысты жасау барлық оқушыға міндетті. Жасаған жұмыстарыңыздың қорытындысын тексеріп бағалау жүргізіледі.

Қайталап, жұмысты жасауға дайындық үшін, мына сұрақтарға жауап берейік. (5-7 мин)

  1. Электр тогының жұмысы деген не?

  2. Оны қалай есептеуге болады?

  3. Ток жұмысы қандай өлшем бірлікпен өлшенеді?

  4. Ток жұмысы қандай аспаппен өлшенеді?

  5. Ток жұмысы өлшенетін аспаптағы жұмыстың өлшем бірлігі? (кВт*сағ)

  6. Ток қуаты деген не?

  7. Оны қалай есептеуге болады?

  8. Ол қандай өлшем бірлікпен өлшенеді?

  9. Ток қуатын өлшеуге арналған аспап?

  10. Электр тізбегіне амперметр мен вольметр қалай жалғанады?


Оқушыларға зертханалық дәптерлеріне жазып алуға уақыт беремін. (5-7 мин)

Сонымен, жұмыстың жасалу барысымен танысайық. (3 мин)

Оқушы жауабы:

– Электр тізбегінің сызбасын сызу.

– Схема бойынша тізбек құрастыру.

– Ток күші мен кернеуді есептеу.

– Формула бойынша ток жұмысы мен қуатын есептеу.

– Шамдағы белгіленген қуатты анықтау.

Екі жағдайда анықталған қуаттың мәнін салыстыру.



II. Электр тогымен жұмыс жасау барысындағы қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.

( 2 мин)

И Н С Т Р У К Ц И Я

Физика кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі


  1. Мұғалімнің айтқанын мұқият тыңдаңдар.

  2. Мұғалім рұқсатынсыз жұмысты бастамаңдар.

  3. Құралдарды стол үстіне құлап кетпейтіндей етіп мұқият орналастыр.

  4. Жұмысты бастамас бұрын жұмыстың жасалу жолымен жақсы таныс.


III. Экранда жұмыстың жасалу барысы туралы нұсқаулық берілген. (10 мин)

Жұмыстың мақсаты: Амперметр мен вольтметрді пайдаланып, қыздыру шамындағы токтың жұмысы мен қуатын есептеу.

Жұмыс барысы:



  1. Амперметр мен вольтметрдің шкалаларын қараңыздар, олардың бөлік құнын анықтаңдар.

  2. Сұлба бойынша электр тізбегін жинаңдар.

  3. Тізбекті тұйықтап, шамның қосылу уақытын екеріңдер. 60 c тең деп алыңдар.

  4. Вольтметр мен амперметрдің көрсетуін алыңдар.

  5. Тізбекті ажыратып, шамның өшу уақытын ескеріңдер.

  6. P=IU формуласы бойынша шамдағы ток күшінің қуатын есептеңдер.

  7. A=Pt, мұндағы t-шамның жанып тұрған уақыты, формуласы бойынша ток жұмысын анықтаңдар.

  8. Барлық өлшеулер мен есептеулер нәтижесін кестеге түсіріңдер.

Есептеу барысында алынған қуаттың мәнін, қыздыру шамындағы белгіленген қуатпен сәйкестігін тексеру.



Қыздыру шамындағы қуат P=UхI = Вт

Экспериментте = Вт

ІҮ. Қорытынды: (5 мин)

Қыздыру шамының қуаты Вт,

1 минуттағы токтың жұмысы = Дж.

Қуаттың мәні сәйкес келмейді, себебі,



V. Есеп шығару (ерте аяқтаған оқушылармен):

1. Электр шамының баллонында 240 В, 95 Вт деп жазылған, ток күшін есептеп шығарыңдар. (Жауабы: 0, 4 А жуықтап)

2. Кедергісі 10 Ом өткізгіштің ұштарына 12 В кернеу берілген. 20 с та қандай жұмыс істейді? (Жауабы: 288 Дж)

3. Есептеу арқылы 1 кВт = 3,6 МДж екенін дәлелдеңдер.



ҮІ. Сабақты қорытындылау: (2 мин)

  1. Бүгінгі сабақта мен білдім......

  2. Мен үйрендім........

  3. Мен енді білемін.............

  4. Маған қызықты болды...............

  5. Маған қиын болды........................

  6. Мені таңқалдырды....................

  7. Бүгінгі жұмысымды ...........................бағалар едім.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет