Ф 7-007-03 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты түзету жаттығуларын жүйелеу және қолдану



бет6/7
Дата25.12.2016
өлшемі1,78 Mb.
#4924
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7

2.2 Отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты түзету жаттығуларын жүйелеу және қолдану

Анықтау эксперментінің нәтиже көрсеткішін негізге ала отырып, коррекциялық жұмыс жүргізуді мақсат еттік. Арнайы ұйымдастырылған топтарға қатысу, тұлғааралық қатынастар мәселелерін шешуге көмектеседі.Психокоррекциялық топтарда сыналушы көзқарастары мен мінез – құлқына ықпал етуші факторлар анықталады, топ қатысушысы ұқсас проблемасы немесе тәжірибесі бар топ мүшелерінен кері байланыс пен қолдау алуына мүмкіндік беріледі.

К. Рудестамның айтуынша,топтық психотерапияның бір ерекшелігі топтық құрылымда пайда болатын және өңделетін реакциялар топтан тыс жерлерде тұлғааралық қақтығыстарды шешуде көмектеседі. Достық және бақлаушы жағдайда жаңа дағдылар меңгеруге, жаңа мінез – құлық типтерімен эксперимент жасауға болады. Психологпен қатар теңқұқылы серіктестердің қатысуы қолайлы жағдай орнатады. Өзіне сенімсіз топ мүшелері өздерін алаңсыз бірқалыпты, қолдауды сезінеді.

Бұл тарауда біз бірнеше тренингтердің техникалары мен жаттығуларын келтіреміз, оларды ортақ атаумен «Коммуникативті қабілеттер мен мәселені шешу дағдылары тренингі» жаттығулар мен техникалар К. Фогельдің «Команда құру» және «Топтағы бірлік пен білімділік» атты еңбектерінен алынған.

Қазіргі таңда топта әрекет ете білу қабілеті бұл сенімділік, көмек көрсетуге даярлық, сезімталдық, көз қарасының кеңдігі, шыдамдылығы және өзін -өзі сыйлау сыйлау сияқты қасиеттермен бірдей қатарда тұр. Бұл қасиеттер басқалармен қарым – қатынас өзара сыйластық, коммуникация және қызметтестік негізінде құрауға ұмтылыстардың барлығына қажет. Қазіргі өмір бәсекелестікке бағыттала дамиды.

Экономика саласында бәсекелестік прогресстің түрткісі және бизнестің өмір сүру кепілі болып табылады. Мектептерде оқушыларды бір –бірімен жарыстырып жеңуші мен жеңілушілердің болуын болжайтын арнайы конкурстар мен сайыстар ұйымдастырады. Кейде хобби мен еліктеулер жарысу мен бәсекелестікті білдіреді. Өкінішке орай, бәсекелестік кейде жеке өмірге де еніп кетеді. Ерлі –зайыптылар кім ақшаны көп тауып жатыр, кімнің жарысары жетістікті деген сияқты мәселелерде өзара бәсекелеседі. Балалардың мінез –құлқына ықпал ету үшін ата –аналар көбінесе бауырларды бір –бірімен салыстырады. Соның барысында барлығы әдетте жеңушілер жеңілушілерге қарағанда неғұрлым аз екендігін түсінеді. Әрқашанда жеңіліске ұшырау қаупі бар екені есте тұрады және оны түсіну өзіне сенімсіздік пен әртүрлі қорқыныштар ұялатады. Нәтижесінде, жеңушілер де жеңілушілерде аса ашуланшақ болып, басқа адамдармен қарым –қатынасы нашарлайды. Бәсекелестік біздің анағұрлым тұйық болуымызға ықпал етеді, ертелі ме кеш пе өз күшіне ішкі сенімділікті бұзады.

Қызметтестік адамдарға бірге тіршілік етуге көмектеседі. Өз серіктестерін жақсы жақтан көру және олармен қатынасты бағалай білу табиғи нәрсе. Адамдар жетістікті бөліскен кезде, бір –біріне қолдау көрсетуге бейім болады. Қызметтестік атмосферасында басқаларға достық қатынас көрсету оңайырақ түседі.

Қызметтестік қақтығыс мүлдем жоқ дегенді білдірмейді. Нағыз қызметтестіктің арқасында әркім өз үлесін қосады, әркім өз пікіріне ие болады.Жағымды қатынастар негізінде шартты түрде «құрылымдық қақтығыс» деп аталатын қақтығыс туындайды. Әртүрлі қызығушылықтар мен әртүрлі көзқарастар туралы сөз болғанда барлық қиындықтарды шешу жеңіл болады, егер олар жеңіс пен жеңіліс сұрақтарымен байланысатын болса.



«Менің отбасым –қазір және ертең»

Тренинг мақсаты: өзінің отбасылық тәжірибесін түсіну және қабылдау; жыныстық –рольдік иденфикация, қарама –қарсы жыныс өкілімен қатынас орнату іскерлігі, отбасындағы қарым –қатынас, отбасының болашағы жайлы түсінік қалыптастыру.

Қойылған мақсатына сәйкес тренинг 3 кезеңнен тұрады.

1.Өзінің отбасылық тәжірибесін түсіну және қабылдау. Өзінің отбасылық тәжірибесін түсіну мен қабылдау өмірін одан әрі дұрыс құруға қажет. Өзінің барлық уайымдауларын анықтай біліп, ата –аналарға деген қарама –қарсы сезімдерін айыра білу өте маңызды.

Тренинг барысында қатысушылар келесілерді орындауы қажет:



  • отбасындағы өз бағытын анықтай отырып, өзіндік бақылау дағдыларын жетілдру;

  • өзіндік сананы арттыру;

  • отбасының жүйелік табиғатын түсіну;

  • дисфункционалды отбасындағы қатынастар динамикасы туралы түсінік алу;

  • өз отбасыларындағы қатынас динамикасы жайлы түсініктерін жетілдіру;

  • өз отбасындағы бұрын ескермеген қарым –қатынас ерекшеліктерін түсіну;

  • өзіндегі және отбасындағы мүмкіндіктерін өзгерту.

«Отбасы мүсіні»жаттығуы

Жаттығуды орындау үшін әртүрлі өмірлік жағдайларды ойнау үшін қажет болатын жиһаздар жиналған бөлме қажет.

Әр қатысушы кезекпен мүсіншігіе айналады. Ол өз отбасының бейнесін «жанды мүсін» үлгісінде жасайды. Бұл үшін ол қатысушылар арасынан отбасы мүшелерін өзі таңдап, бөлмеге орналастырады. Идеал ретінде мүсінші өзінің роліндегі басқа адамды да таңдады. Егер отбасы мүшелері қатысушылар санынан көп болса, мүсінші өз ролін өзі ойнайды. Мүсінді аяқтағаннан кейін мүсінші өзінің жұмысын талдайды. Неліктен отбасы мүшелері осылай орналасты. Бұдан кейін жетекші мүсіншіге отбасын өзі көргісі келетіндей етіп қайта орналастыру ұсынылады.

«Отбасы оқиғалары» жаттығуы Жаттығуды орындау үшін үлкен қағаз парақтары және түрлі –түсті қарындаштар немесе фломастерлер қажет болады.

Әрбір қатысушы қағазды екіге бөледі де, екі отбасылық естеліктің суретін салады –бақытты және жағымсыз құбылыстардың бір ғана отбасы ішінде болатынын бейнелейді. Сурет салып болғаннан кейін, әр қатысушы топқа өз суретін көрсетеді де, салынған оқиғаны түсіндіріп береді.



«Отбасын ойнайық»жаттығуы

Топ «отбасыларға» бөлінеді.Ішкі топтар бөлменің әртүрлі бөліктерінде орналасады.Қатысушылар міндеті –«отбасы» құрамын, отбасы мүшелерінің жас ерекшелігін, отбасылық рольдерді анықтайды. Әр қатысушы немен айналысатынын, қайда қызмет атқаратынын, қандай киім киеді, таңертеңгілік асқа не жегенді жақсы көреді деген сияқты мәселелердің барлығын ойластырады. «Отбасы» мүшелері жай күн мен демалыс күндерді қалай өткізіетіні жайлы, отбасы міндеттерін қалай бөлетіні жайлы, қарым –қатынастары қандай, отбасы сұрақтарын коллегиалық түрде шешеді ма, әлде отбасының басты адамы бар ма деген сияқты мәселелерді шешеді. Отбасы өз тегін ойлап табады. «Отбасы» өз елтаңбасын жасап, девиз құрастырады, сонымен қатар қоршаған адамдарға айтпайтын отбасылық құпиясын ойластырады. Барлық ойластырулар қағаз бетіне жазбалар және суреттер түрінде тіркеледі. Суреттердің саны мен мазмұны әр отбасында жеке –немесе жалпы орындалады –ішкі топ өзі шешеді.

Егер топта консультанттан басқа тағы да бір ересек болса, онда олар әртүрлі «отбасына» тарайды. Олар кіші балалардың рольдерін алуы қажет.Бұл жағдайда қатысушылар өз бетінше әрекет етуді және шығармашылық белсенділікті неғұрлым көп көрсетеді.

Тапсырманы орындағаннан кейін әрбір ішкі топ кезекпен өз «отбасын» таныстырады, содан соң « отбасына» нақтылаушы сұрақтар қойылады.

Бір маңыздысы,қатысушылар қандай отбасы құрамын таңдайтынын анықтау қажет: толық отбасы ма, әлде толық емес пе, отбасында балалар бар ма.Жеткіншектер әдетте отбасының басты адамы ретінде әкесін таңдайды. Ол көбінесе фирмасы бар және жеткілікті түрде бай. Отбасында әдетте әжесі мен атасы бар, қатынастары жақсы, бір- бірімен ұрыспайды. Жеткіншектерге отбасылық проблемалар туралы түсініктері аз болғандықтан, жетекші көмектеседі.Көптеген ұсыныстардан қатысушылар бас тартады, тек бұл мәселелер уақытша болса ғана оңай шешілетін болса ғана келіседі. Мысалы, ұлы жоғары оқу орнына түсе алмады, келесі жылы көреді. Ал науқастану, алкоголизм, кедейлік деген сияқты мәселелерден бас тартады.

Жаттығуды орындап болғаннан кейін, бірден келесіні жүргізу қажет.Өйткені отбасы қандай да бір уақыт құрылып, «өмір сүрді».



«Бір тізбекпен байланысқан» жаттығуы.

Әрбір отбасында оның мүшелері бір –бірімен тығыз байланысады, қарым –қатынасқа түседі, бір –біріне әсер етеді. Берілген жаттығу отбасындағы қатынасты түсінуге мүмкіндік береді. Орындау үшін әр қатысушыға 1 метр ұзындықтағы жіп үзіндісі мен әрбір «отбасы» үшін жіп орамасы және қайшы даярлап қою қажет.

Қатысушылар беліне жіпті байлайды. Содан соң « отбасылар» қолдарын созғандағы аралықта кейін тұрып, беліндегі жіпті тағы да басқа жіппен байланыстырады.Барлық отбасы мүшелері байланады. Ешкім бос қалмауы қажет.

«Бұл сіздердің әрдайым байланыста болатындарыңызды сезіну үшін». Қандай да бір күнделікті жағдайды елестетіп, әрекет ете бастаңыз. Мысалы, анасы мен әкесі бір- біріне жақындап, құшақтасқысы келеді немесе ұлы өз ойыншықтарымен ойнағысы келеді.

Сіздер өздеріңізді қаншалықты байланғаныңызды сезіндіңіз? «Отбасы не істегісі келеді, сонда барлық мүшелер қайда болды? Қай жерде қысым пайда болды? Оны азайту үшін не істей аламыз?

Бұл жіптерді әртүрлі сезімдер ретінде қарастыруға болады: махаббат, мазасыздық, қобалжу, басқаларға жауапкершілік. Біз әр адам өзінің жеке өміріне құқысы бар деп жіптерді босатамыз.



«Өзінің болашақ отбасы жайлы түсініктері» жаттығуы.

«Көздеріңізді жұмып, босаңсыңыз және барлықтарыңыз өзіңіздің ішкі кеңістігіңізге еніңіз. Сіз ересек адам екендігіңізді көз алдыңызға елестетіңіз. Міне сіз көшеде келе жатырсыз, өз үйіңізге жақындадыңыз, баспалдақпен көтеріліп келе жатырсыз, есікті өз кілтіңізбен ашасыз. Сіз не көріп тұрсыз, не істеп тұрсыз, қандай иістер сезесіз ? Сіздің отбасыңыз сізді қуана қарсы алып жатыр немесе әркім өз ісімен айналысып жатыр ? Сіз бөлмеге өттіңіз. Жақсылап қарап алыңыз, не көріп тұрсыз, онад кім бар екен ?»

Содан соң әрбір қатысушы не көргені жайлы айтып береді. Бұл жаттығуды топ қатысушыларының күйін анықтау үшін тренинг барысында бірнеше рет жүргізуге болады.



«Менің отбасым қазір және болашақта» жаттығуы.

Қатысушыларға осы тақырыпқа екі коллаж жасау ұсынылады. Коллажбен жұмыс істеу картонның үлкен парақтары немесе ватман және әртүрлі қағаз, түрлі- түсті газеттер, журналдар, ашық хаттар, жарнамалық қағаздар, ескі кітаптар. Әдетте жеткіншектерге коллаж жасаған ұнайды, бірақ ұсынылған тақырыптар кейде қиындық тудырады. Жеткіншек өзін жалғыз сезінуі мүмкін. Тек өзі ғана отбасын белгілейтіндей болып көрінеді. Бұл жағдайда жетекші жеткіншекке қолдау көрсетіп, оның назарын басқа жақын адамдарына аударуға ұмтылу қажет.

Коллаж жасап болғаннан кейін қатысушылар өз жұмыстары жайлы әңгімелеп бере алады.

Немесе тағы бір нұсқаны қолдана алады «Біздің отбасы» тақырыбында жаттығу барысында құрылған отбасы мүшелері біріге отырып коллаж жасайды.



«Идеалды отбасы» жаттығуы.

Жеткіншек идеалды отбасын қалай елестетеді? Онда ата- аналар қандай қызмнт атқарады? Жеткіншектердің балаларды «дұрыс» тәрбиелеу, «жақсы» балалар жайлы түсініктері қандай? Ата-аналардың олардан не күтетінін қалай түсінеді? Бұл тақырыптарды тек талқылауға ғана емес, сурет түрінде бейнелеуге болады.

Кіші жеткіншектер идеалды отбасын ата-аналарының балаларына деген махаббатымен түсіндіреді. Олардың пікірінше, махаббат дегеніміз баланың қалағанын сатып әперуде, ештеңеге қарсылық көрсетпеуден көрінеді. Ал бала барлық уақытта ата-анасын тыңдайды, айтқан нәрсенің барлығын істейді. Ата-аналары өз балаларын ешқашан жазаламайды.

«Идеалды отбасы өмірі» жаттығуы.

Топ қатысушылары отбасының өміріндегі қуанышты немесе қайғылы оқиғаларды таңдап сахнада ойнайды. Қатысушылардың біреуі (өз еркімен) басқалардың арасынан рольге адамдар таңдайды да, идеалды отбасы өмірінен үзінді ойнайды. Қалған қатысушылар –көрермендер. Көрініс біткеннен кейін, көрермендер көргені жайлы өз пікірлерімен бөліседі. Содан соң көріністі басқа адамдар ұйымдастырады да, қалғандары көрермен болады. Бұл отбасына шын мәнінде не қажет, қатынастар, мәселелер, отбасының дамуы жайлы талқылау жүргізуге мүмкіндік береді.



«Өзіңе қолайлы жағдай жаса» жаттығуы.

Жаттығу қатысушылардың бір- біріне вербалды емес формада бағытталуын қажет етеді, бұл отбасылық өмірдің аналогиясы болып табылады. Біріншіден, жұптарға бөлініп, бір- біріне арқасымен орналасып, дене босаңситындай етіп өзіне ыңғайлы жағдай тауып алу қажет; екі жаққа да ыңғайлы болу үшін қысымды түсіру қажет. Содан соң жұптарға үшінші қатысушы қосылады (ата-аналардың баласы пайда болады). Жаттығу оңай бола салмайды, біреулерге ыңғайлы болады, ал келесілерге қысымды сезінумен байланысты болуы да мүмкін.



«Нәресте» жаттығуы.

Бұл жаттығу қойылым түрінде жүреді. Үш қатысушыны таңдайды. Оның екеуі -әкесі мен анасы, ал үшіншісі-нәресте. Ол әлі сөйлей алмайды, тек төсекте жатыр. Ол тек ым- шара және дыбыстар арқылы ғана жауап береді. Ата- аналар нәрестеге жақындап, онымен ойнайды, тамақтандырады, жаялығын ауыстырады, оның нені қажет ететінін түсінуге тырысады. Бес минуттан соң қатысушылар рольдерімен ауысады. Ойынның барысында жетекші отбасының өмірінде болатын қандай да бір жағдайды ойластыруы мүмкін, мысалы, телефон соғады немесе қонақ келеді. «Нәресте» бірдеңе қажет еткен уақытты алуға болады. Жаттығу аяқталған соң, әр «отбасы

мүшелері» өз пікірлерімен бөліседі. Не ойлағаны жайлы, қосалқы жағдай қалай әсер етті. Содан соң қойылымды басқа қатысушылар ойнайды.

«Дүкен» жаттығуы

Қатысушылар «отбасылық жұптарға» бөлінеді. Барлық жұптар бір қатарға отырып, дүкеннен зат сатып алады. Оның сатушысы ролін жетекші ойнайды. Ойын шарты бойынша барлығы дүкенге суға түсетін киімдерімен келеді. Бір нәрсе сатып алу үшін консультант жасырған сөзді табу қажет. Консультант суретті алып (мысалы, балалар лотосының карточкасы), бірінші жұпқа келіп сұрақ қояды: «Бұл қандай жеміс (көкөніс, жануар, жихаз) ? Әр жұп кезекпен атап өтеді. Жауабын тапқан жұптар кез- келген затты сатып алуға мүмкіндік алады. Әдетте қатысушылар алдымен киім- кешек, кейіннен пәтер, жихаз, көлік алады.

«Ерлі- зайыптылар» қаншалықты затты сатып аларда кеңесті? Серіктесінің пікірлерімне санасты ма?Олардың қызығушылықтары қаншалықты сәйкес келеді? Қатысушылар олардың жұптарының қаншалықты байланысты екндігін талқылайды.

Әдетте жаттығу өте қызықты өтеді; сол себепті де бұл жаттығуды топ бірлігін арттыру мақсатында да қолдануға болады.



«Отбасылық оқиға» жаттығуы.

«Отбасы» мүшелері топпен құрылған шеңбердің ортасына жайғасады. Олар отбасындағы рольдерін анықтап алады да, жетекші оларға қандай да бір отбасында қуанышты немесе өкінішті жағдайдың болғанын айтады, мысалы: «Сіздің отбасыңыз лотореядан үлкен ақша ұтып алды» немесе «Әкесі аяғын сындырып алды», оларға пікірталас жүргізуді ұсынады. Жетекші көрермендерге алдын- ала «отбасы» қаншалықты мәселені бірлесе отырып шешетінін бақылауға нұсқау береді. Немесе әр көрерменге нақты «отбасы мүшесінің» мінез- құлқын бақылауды ұсынуға болады. Мысалға, ұтыс жағдайында отбасы мүшелері неге ақша кетіруді қалайды:оқуға, саяхатқа, бір нәрсе сатып алуға;басқаларды өз ұсынысымен қызықтыра алды ма; дәлелдерді қаншалықты ұсына алады.

Талқылаудан кейін, бірнеше қатысушылар орын ауыстырып ортаға отырады да, басқа тақырыпты талқылайды.

Осылайша әртүрлі жағдайды келтіруге болады. Мысалы, анасының әкесі ауылда тұрады, оның өз үйі және шаруашылығы бар, ол ауырып қалды, бірақ қалаға келгісі келмейді. Отбасы не істейтінін шешуі қажет. Қойылымды ойнағанға дейін әр отбасы мүшесінің қалауларын анықтап алуға болады. Мысалы, анасы ауылға кеткісі келеді, өз шаруашылығымен айналысқысы келеді, әкесі мұны қаламайды, өйткені оның қалада жақсы жұмысы бар, үлкен ұлының да барғысы келмейді, өйткені оқуға түспек ойы бар, кіші үлы барғысы келеді, жазда шомылуға болады, қыста шаңғы тебуге болады. Осы жерде шешім қабылдауға көп ықпал еткен кімболды, «ата- аналар» қаншалықты «балаларының» пікірін ескере алды, «отбасы» ортақ пікірге келе алды ма, келісімге келе алды ма, сол сияқты мәселелерге көңіл бөлу қажет.



«Отбасы өмірінен жағдай» жаттығуы.

Қатысушылар екі топқа бөлінеді де, кез- келген өмірлік жағдайға қойылым ойнайды. Бұл бұрынғыдан немесе болашақтан алынған жағдай болуы мүмкін. Сөзді қолдануға да, қолданбауға да болады. Ең бірінші ым- ишара, қимыл- әрекетке көңіл бөледі, яғни қатынас пен сезімнің берілуі. Сөзбен берілетін бөліктерінде қатысушылар ойланып табатындай етіп жасырын сөздермен бере алады. Қойылым ойналып болған соң тоқталады. Көрермендер мен жетекші жағдайды талқылайды. Көрермендер орын ауысып, басқа жағдайды ойластырады.



2. Жыныстық рольге идентификация, болашақ серіктесті табу.

Тренингтің бұл кезеңінің мақсаты- жеткіншектерге өзінің жыныстық ерекшелігін түсініп, ер адам мен әйел адамға тән сәйкес бейнесін қалыптастыра білуге, өз жыныс ерекшелігін қабылдай білуге көмектесу. Мұнда көбінесе ұл бала мен қыз бала арасындағы қарым- қатынасты басынан өткеру; болашақ серігінің бейнесі, серіктесімен махаббат пен өзара қатынас сияқты тақырыптарға назар аударылады.



«Ұл деген кім және қыз деген кім»? жаттығуы

Егер топта екі жыныс өкілі де болса, екі топқа бөлінуге болады. Қыздар «қыз деген кім»? тақырыбында коллаж жасайды, ал ұл балалар «ұл деген кім»? тақырыбында коллаж жасайды. Коллаж жасау- қиялдың дамуына ықпал етуші қызықты әрекет. Жұмыс орындалғаннан соң, әр топ өз туындылары жайлы әңгімелеп береді. Әңгімелеуде қатысушылардың жас ерекшелігіне сай ұл балалар мен қыз балалардың, ер адамдар мен әйел адамдардың денелік айырмашылықтары туралы кітаптар қолданса болады.



«Біздің сұрақтарымыз» жаттығуы.

Жетекші ортаға қорабша қояды да, қатысушыларға өздері дауыстап сұрауға батпай жүрген, ұялып жүрген сұрақтарын қағаз бетіне жазып, қорабшаға салуға болатындығын ұсынады. Есімін жазудың қажеттігі жоқ екнін ескертіп қою қажет. Жеткіншектер өзін қауіпсіздікте сезінуі қажет. Егер сұрақтар көп болса, келесі сабақтарда да қ олданса болады. Егер сұрақтар аз болса, қорабшаны бір жерге қойып, қатысушылардың сұрақтарды басқа кездесулерде де қоя беруіне мүмкіндігін жасау қажет.

Ер адамдар мен әйел адамдар жайлы біздің түсінігіміз көп дәрежеде мәдени стереотиптерге байланысты. Әйел адам жұмсақ, нәзік жан болатыны, қатал әрі ашуланшақ болмауы қажет деген стереотиптер қабылданған. Ал ер адамдар болса, бұл күш және қатаңдық, ол жылап қалып немесе нәзік болмауы керек. Осы стереотиптерге сүйене отырып, ер адамдар әйел адамдарды әлсіз және тәуелді ретінде, ал әйел адамдар ер адамдарда қаталдықты көреді. Бірақ табиғи ерекшеліктеріне, тәрбиесіне, нақты жағдайға сәйкес әйел адамдар да, ер адамдарға нәзік және қатал, күшті және әлсіз бола алады. Ер адамда нәзіктік дамымаса, әйел адамдағы осы қасиетке әсер ете алады ма? Әйел адам ер адамның қаталдығы мен шыдамдылығы жайлы түсінігі болмаса, қалай бағалайды?

Жеткіншектермен олардың идеалды ер адам мен әйел адам туралы түсінігіне әңгіме жүргізуге болады.



«Сұраңыз- жауап береміз» жаттығуы.

«Бұл жаттығу сіздерге қарама- қарсы жыныс өкілінен қыз бала мен ұл бала арасындағы қатынас жайлы пікірлері мен көзқарасын сұрауға болады. Ұл балалар бұл сұрақты қыздар қалай талқылайтынын және керісінше естиді.

Әр қатысушы парақ бетіне бір сұрақтан жазады. Сұрақ тақырыптары- ұл балалар мен қыз балалардың қатынасы және кездесу.Мысалы, кездесуде не істеуді ұнатасың? Біреуге ұнайтыныңды қалай анықтай аласың?Ұл балалардың (қыз балалардың) киім киісінің қандай стилі ұнайды?»

Ер балалар мен қыз балалар топтары екі жаққа тарайды да біріге отырып сұрақтар тізімін жасайды. Әр сұрақ жеке параққа жазылып, парақтар екі қорабшаға немесе кәрзеңкеге салынады.

Сұрақтарды талқылауды қыздар бастайды. Біріншіден, қыз балаларда сөйлеу әрекеті жақсы дамыған, сұрақтарды талқылау бірден қызықты пікірталасқа айналады. Екіншіден, жеткіншек қыз балалар ұл балаларға қарағанда «ересектеу» болып саналады. Демек қыз балалар, ұл балаларға үлгі бола алады.

Қыз балалар жерге шеңбер қүрып отырады, ал ұл балалар олардың артына орындықта отырып, пікірталасты бақылап отырады. Қыздар кезекпен сұрақтарды бір- біреуден шығарып, оны дауыстап оқып, талқылайды және оған жауап береді. Сұрақты оқытып, қатысушы оны талқылауды жүзеге асырады. Егер ұл балалардың біреуі бір нәрсені нақтылағысы келсе, қолын көтеріп, сөз берілгенше күтеді. Сұрақтардың барлығы талқыланғаннан кейін, ұл балалар ортаға отырып қыз балалардың сұрақтарын талқылайды, ал қыздар болса жетекшілер рұқсат бергенше сөйлей алмайды.



«Біреудегі екеу» жаттығуы.

Бұл жаттығу жеткіншектерге «ер адамның» және «әйел адамның» мәдени ерекшеліктерін түсіну және өзіндік әлем ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Жеткіншектер интуициялық түрде өз жынысының құндылықтары, идеалдары мен қызығушылықтарыәлеміне енеді. Ересек кезеңде санадан өткенді өзгерту қиынға соғады: түсініктер, стереотиптерге айналып, басқа адамдармен қарым- қатынас орнатуға мүмкіндік бермейді.

Бұл үшін ер адам және әйел адам әлемімен дәстүрлі түрде байланыстыратын әртүрлі заттарды даярлап қою қажет. Қыздар үшін бұл киімдері бар қуыршақтар, ыдыс- аяқтар, ойыншық төсектер, боянатын заттар, зергерлік бұйымдар, шарфтар, сөмкелер мен гүлдер т.б.Ұл балалар үшін – ойыншық машиналар, мотоциклдер, қарулар т.б.Сонымен қатар қағаздар, борлар, қарындаштар, матаның үлкен қиықтары қажет болады, олармен бөлмеде жоқ заттарды толықтыруға болады. Қыз балаларға «әйел әлемін», ал ұл балаларға -«ер әлемін» жасау ұсынылады. Бөлме шартты түрде екіге бөлініп, қатысушылар басқа әлемнің қалай құрылып жатқанын көре алады. Ұл балалар да «әйел» затымен қолдана алады, және керісінше.Бұл жеткіштерге өз қиялдарын стереотиптерге сүйенбестен көрсете білуіне мүмкіндік береді. Қыз балалар мысалға: пиваның бос ыдысын, бөтелкелерді, қаруларды жиі қолданады. Ал ұл балалар болса: қалпақтар киіп, еріндерін бояп, қыз балалар сияқты сөйлейді.

Жаттығу жүргізу барыснда топтың біріктірілуі өте маңызды. Кейде жеткіншектер бір ғана «ер (әйел) әлемін» ғана емес, бірнеше ішкі топқа бөлініп, бірнеше әлем жасайды.

«Құрастырылған кеңістікте кім өзін қалай сезінеді ? Өз әлемі туралы не айтқысы келеді ? Сіздің әлеміңіздегі өмір қалай өтеді ?»

Әңгімелесуден кейін бір нәрсе қызықты болып көрінсе, жетекші мен қатысушылар сұрақ қою акрқылы нақтылай алады. Содан соң қыз балалар «ерлер әлемі» жайлы жаңадан білген нәрселері туралы өз ойларын айтады, және керісінше. Әр топқа ватман қағаз және борлар беріп, қарсы жыныс өкілдерінің әлемін құрып, түсіндіріп беруіне ұсыныс жасалына алынады.

Содан соң бір –біріне қонаққа келуге, немесе екі әлемді де біріктіріп көруге болады, егер қатысушылар мұны қаласа.

3. Серіктес таңдау, болашақ таңдау өкілінің қасиеттері.

Серіктесті таңдау мәселесін талқылау барысында жеткіншектерді бұл мәселенің күрделілігіне назар аударуын қамтамасыз ету қажет.Егер адам сырттай тартымды болса, қарама- қарсы жыныс өкілдері оңды реакция білдіреді, бірақ бұл өмірдің бір жағы ғана. Адамдар бір –біріне денелік жағынан ұнауы мүмкін, бірақ бұл олардың рухани жақындығын қамтамасыз ете алмайды. Ол үшін адамдардың қызығушылықтары көп нәрседе сәйкес келуі қажет.

Махаббат тәртіптерге бағынбайды. Ол беймәлім мезгілде келеді, бірақ ол өмір сүріп, дамуы үшін оны толықтырып отыру қажет. Махаббат бұл жерден өзі өніп шыға алатын дән секілді, бірақ оған қамқорлық жасалмаса, өліп қалады. Махаббат отбасында серіктестердің оны әрдайым қолдап отыруын түсінген жағдайда ғана мүмкін болады. Мұны қалай істеуді олар өздері шешеді. Жұп ортақ шешім қабылдайды. Бұл өмірдің барлық сферасына қатысты болады: ақша, тамақ, демалыс, жиһаз, ортақ сезімдер. Бірдей адамдар болмайды, көп нәрсені олар әртүрлі түсінеді, оларға келісімге келуге тура келеді.

Осы тақырыптың аумағында келесі сұрақтар туындайды: Махаббатты қалай түсінесіңдер ? Сүйікті болу дегенді ше ? Сендердің таңдауларың қандай қасиеттерге ие болуы қажет ? Болашақта неке ге тұруды жоспарлайсыңда ма ? Некеге тұрсаңыздар өмірлеріңіз қалай өзгереді ? Жұбайы болу дегенді қалай түсінесіңдер ?



«Хабарландырулар тақтасы» жаттығуы.

Жаттығуды орындау үшін газеттерден немесе тағы басқа баспа түрлерінен некелік хабарландырулар жинақталады. Бұл хабарландырулар топпен талқыланады. Сендерге қандай хабарландырулар ұнады ?. «Бақуатты, бірақ интелегентті ер адам......», «Екі сүйкімді қарлығашпен екі жігіт танысқысы келеді.......», немесе т.б. Сендерге серіктестің қандай рухани қасиеттері маңызды ? Сырт келбетінің қандай ерекшеліктері ? Осы сияқты хабарландыруда өздерінің қандай қасиетіңізді келтіретін едіңдер ?....».

Жеткіншектер өз қасиеттері және серіктесінен қалайтын қасиеттерді сипаттай отырып хабарландыру жасайды. Қатысушылардың келісімімен олардың хабарландырулары талқыланады.

«Досымды іздеймін» жаттығуы

Барлық қатысушылар хабарландырулар жасайды және «Танысу» атты тақтаға іліп қояды. Егер біреуді қандай да бір хабарландыру қызықтырса, оған белгі қойып қояды. Нәтижесінде, бір хабарландырулар «басымдық» алады, ал басқалары қызықтырмайды.«Танымал хабарландыру несімен тартымды ? Неліктен басқаларға аз көңіл аударды ? Олардың мазмұнында не жетіспейді ?» Таңдау жасау тәжірибесі серіктестің бойындаңы қасиеттердің әртүрлі мүмкіндіктердің мәнін сезінуге көмектеседі.

Содан соң сұрақтарды талқылауға болады:Өз таңдауыңызды қалай елестетесіз ? Сіз үшін жақсы дос, өмірлік серік деген кім ?

«Өзара әрекеттесу» тренингі.

Бұл тренингтің тұжырымдық негізі ретінде ересек пен баланың өзара қызметтесу болып табылады, сол себепті де оның басты мақсаты – ата –ана мен баланың серіктестік қарым –қатынасы мен қызметтестігінің қалыптастыру және дамыту. Бағдарламада Т. Гордонның, К.Роджерстің, Я.Адлердің, Р.Дрейкустің, Е.В.Сидоренконның, Е.И. Лебедеваның, Г.И. Исуртнканың жұмыс тәжірибелері қолданылады. Тренинг марковскаяның (2000) еңбегіне негізделеді.

Бағдарлама міндеттері:



  1. өз баласын түсіну мүмкіндіктерін кеңейту;

  2. баламен өзара қатынасты жақсы түсіну;

  3. баламен өзара әрекеттің жаңа дағдыларын меңгеру;

  4. отбасындағы коммуникацияны белсендіру.

Көп жағдайда тренинг бағдалламасы мектепке дейінгі балалар мен кіші мектеп оқушыларына қолайлы. Осында сипатталған нұсқа ата –ана және балалар мен 12 сабақты болжайды; аптасына 2 рет 2-3 сағаттан, яғни курс ұзақтығы 1,5-2 ай.

Сабақ №1. Танысу.

Қатысушылардың бір –бірімен және топтық жұмыс формасымен танысуы. Ата –аналардың күтулері мен қауіптенілерін анықтау. Ата –ана мәселелеріне толығымен бағдарлану.

1.Психолог қатысушыларды тренинг мақсаттары және міндеттерімен таныстырады. Жұмыстық тәртібі және шарттары ойласытылады, топтық жұмыстың ережелері ендіріледі. Психолог сабақтар қандай формада жүргізілетіні және қандай негізгі тақырыптарға негізделінетіні жайлы айтады. Сонымен қатар, қатысушыларға балалармен қатынас пен өзара әрекет ерекшеліктерінің құралу философиясын түсіндіреді: бала тұлғасын қолдау және қызметтестікке ұмтылу.

2.Танысу барысы: қатысушылар өзін таныстырып өтеді және болашақ жұмыс істеудегі өз қауіптенулері мен үміттенулерін белгілейді. Топтағы жұмысты жеңілдету үшін бейдж қолдану ыңғайлы, әр қатысушы оған өз есімін, немесе ойдан шығарылған есімін жазып қояды.

3.Психогимнастикалық жаттығу: орнынан тұрып, қандай да бір қажет бойынша орнын ауыстыру, мысалы, шашының түсіне қарай немесе бойына қарай.

4.Психолог өз -өзін және баланы түсіне білу өте маңызды екенін айтып, ата- аналарға бірнеше сұрақтарға жауап беруді ұсынады. Ата –аналар күнделікке назар аударады, психолог күнделік туралы ерекше айтып өтуі жөн. Күнделіктердің жүргізілу ерекшеліктері мен үй тапсырмасын орындау маңыздылығы жайлы нақтылап айтып өту қажет. Үй тапсырмасына келесі күнгі сабақтарға талқылау жүргізілетіні жайлы ескертіп қою қажет.



2.3 Отбасында тұлғааралық қарым-қатынастың зерттеу нәтижесін жинақтау
Бақылау экспериментінде коррекциялық жұмыстар нәтижесін байқау мақсатында келесі экспериментті жүргізуді жөн көрдік.

Ата-ана мен бала өзара қатынасы жеткіншек жас кезеңіндегі бала мен ата-аналарға арналған сауалнама екі жақты бағалаудан тұрады. Авторы И.М.Марковская (1999) Онда отбасы өзара қатынасын анықтау мақсатында Жеткіншектерде тұлғааралық қатынас қалыптасуында көрінетін қақтығыс деңгейін анықтауды жөн көрдік. Жүргізілген әдістеме «Жеке тұлғаның қақтығысын анықтау» тесті. Бұл әдістемеде индивидтің қақтығысын бағалауға арналған (Қосымша №3).

Құрылымы: 3 варианты бар сөйлем беріледі. Олардың варианты а, б, г деп белгіленеді. Өзінің ойындағысына жеткіншектер «+» белгісін (иә) қояды.



Әдістеменің нәтиже көрсеткіші: Егер ұпайдың қосындысы 30-дан 44-ке дейін болса, онда ол индивид қақтығысуды ұнатпайды. Сын жағдайларынан қашады. Айналасындағыларға жақсы көрінгісі келеді. Бұл төмен қақтығыс.

Егер ұпайдың қосындысы 15-тен 29-ға дейін болса, сіз өз ойыңызды білдіре алатын адамсыз. Бұл пікіріңіз жеке басыңызға, қарым-қатынасыңыздағықарым-қатынасыңызға әсер етсе де. Сол үшін де сізді айналаңыздағылар сыйлайды. Бұл орташа қақтығыс.

Егер ұпайдың қосындысы 10-нан 14 ұпайға дейін болса, сіз қақтығысқанды жақсы көресіз. Сол қақтығысу үшін себеп іздейсіз. Сынды, өз ойыңызды айтқанды қатты жақсы көресіз. Өте жоғары қақтығыс.

Осы әдістемені жүргізгендегі, нәтиже көрсеткіші 4-кестеде көрсетілген.

4-кесте

Сыналушы тобы

Төмен деңгей

Орташа деңгей

Жоғары деңгей

Бақылау тобы

5-35%

8 -48%

3-18%

Тәжірибе тобы

6-30%

9-45%

5-25%

«Жеке тұлғаның қақтығысын анықтау» тестінің нәтиже көрсеткіші 5-суретте көрсетілген. 5-сурет



Анықтау экспериментінде тақырып көлемінде қарастырған әдістемеден алған көрсеткіштеріміз, оған түзету жаттығулар нәтижесі бақылау экспеиментімен салыстырмалы қарастырсақ толық қарастырудағы көрсеткіштер дәлелденгенін байқадық.





Екінші тарау тұжырымы

Тәжірибелік бөлімде экспериментті үш деңгейде қарастыртырдық. Анықтау экспериментінде ата-ана мен жеткіншек арасындағы қарым-қатынасынта қақтығыс мәселелері бірнеше әдістемелер негізінде қарастырылды. Нақтылап өтсек: «Отбасылық қобалжуды анықтау» сауалнамасы. «Отбасылық социограмма» телімелі тесті. «Отбасында эмоционалды қатынасты анықтау» эдістеме. «Отбасылық серия» осы психодиагностикалық әдістемелер тақырып көлемінде қарастырылды. Нәтиже көрсеткіштері өңделіп, гистограмма мен диаграммаға түсірілді. Анықтау экспериментінде тәуелді топтар мен қобалжуы жоғары сыналушылар алынды. Осы төмен көрсеткіштермен жеке және топтық әрі тақырыптық тренингтер қарастырылды. Соңында нәтижелі дәлелді көрсеткіштер алу мақсатында бақылау экспериментін жүзеге асырдық. Бақылау экспериментінде де екі тест ала отырып, ата-анамен жеткіншек арасындағы қарым-қатынастағы қақтығыс мәселелерін қарастырдық. Соңғы жетістікті салыстырмалы қарастырдық. Қорыта келгенде тұзету жаттығуларын жас және дара ерекшелігін есепке ал отырып жүзеге асыруда нәтижеге жетуге болатынын эксперимент арқылы көз жеткіздік. Осы нәтиже көрсеткішінен төмендегідей психологиялық ұсыныстар береміз.



  1. Жеткіншек пен ата-анасы арасындағы қарым-қатынаста тұлғааралық қатынасты үлкендер достық қатынасты орната отырып жетуге болады.

  1. Жеткіншектерге «дос» деген сөзге түсінік берумен қатар дос табуға мүмкіндік туғыза білу .

  1. Жеткіншектер мен ата –ана арасында қарастыратын шағым айту процесін ашық бүрде екі жақ бірге талқылайтын деңгейді меңгерту.

  2. Достық қатынасты біртіндеп көлемді тұлғааралық қатынасқа әкелдіру.


ҚОРЫТЫНДЫ
«Отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың психологиялық аспектілері» тақырыбы бойынша жүргізілген дипломдық зерттеу нәтижесінде келесі қорытынды жасадық.

1. Отбасы психологиясында қалыптасқан тұжырымдамалық көзқарастарға теориялық талдау жасау арқылы ғылыми қағидаларға сипаттама жасалынды. Оларды отбасының қоғамдағы орны, атқарар қызметі, іс-әрекеттеріне және отбасындағы қарым-қатынас ерекшеліктеріне анықтама беріліп, сипаттама жасалынған. Отбасындағы қарым-қатынас пен оның тұлға қалыптасу процесінде алатын орны туралы Б.П.Парыгин, А.Г.Харчев, С.Голод, З.Янкова, А.М.Уматинов, Э.К.Васильева т.б. ғалымдар зерттеулерінде отбасы мүшелері арасында қысымның болу себептерін және отбасы қызметінің үш тобын қарастырады. Олар шаруашылық-экономикалық, генеративті-тәрбиелік, мәдени. Сонымен қатар отбасы қызметінің басқада түрлерін анықтаушылар бар. Отбасы проблемаларына арналған зерттеулердің көптігіне қарамай әлі отбасы қызметінің ортақ топтамасы немесе жіктемесі жетік түрде толық жасалмаған. Мысалға, Г.М.Свердлов және В.Л.Ресенцев отбасының маңызды қызметтеріне ұрпақ жалғастыру, тәрбиелеу, шаруашылық және өзара көмек көрсету қызметтерін айтады. Отбасының анықтамасы туралы да әлі ортақ пікір қалыптаспаған. А.Б.Харчев берген отбасы анықтамасы жалпылама болып табылады: «Отбасы денелік өмір мен әлеуметтік ағза өмірінің арасында байланыстырушы звено болып табылады.

2. Отбасындағы ең басты іс-әрекет ол ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас. Қарым-қатынас – адамзат өмірінің аса маңызды және негізгі сферасы болып, соның нәтижесіде тұлғааралық байланыс орнығып, өзара мәміле қалыптасып дамиды. Қарым-қатынас дегеніміз өзара пікір алмасу, сезім әлемінде бірлесіп ләззат алу, қайғы, қуанышта ортақтас болу сенімді кең ауқымды эмоция спектрлерін қамтиды. Қарым-қатынас барысында екі не бірнеше тұлға арасында рухани әлем және ой-пікір, сана-сезім, мінез-құлық, қылық-жорықтар, келісім, не өзара түсіністік тұрғысында, не болмаса қақтығыс, талас-тартыс, қарама-қайшылық тұрғысындағы мәміле үрдіс іске асады. Отбасылық қарым-қатынаста оның осы функциялары толық орын алады. Егер тартыс-талас, қарама-қайшылық, түсінбеушілік басым болса отбасында балаға дұрыс тәрбие беру мүмкіндіктері төмендейді. Қарым-қатынасы бұзылған отбасыларына психологиялық және психотерапиялық көмек көрсетуге көптеген психотехникалар пайдаланылады. Отбасының екі тармағы - ерлі-зайыптылар мен ата-ана – бала қатынасы кеңінен қарастырылып, олардың ерекшеліктері, артықшылықтары және қиындықтары талданып, одан шығару жолдары көрсетілді.

3. Тәжірибелік бөлімде үш деңгейде жүргізілген эксперимент нәтижелері келесі. Айқындау экспериментінде ата-ана мен жеткіншек жас кезеңіндегі балар арасындағы қарым-қатынасынта қақтығыс мәселелері бірнеше әдістемелер көмегімен зерттелінді: «Отбасылық қобалжуды анықтау» сауалнамасы, «Отбасылық социограмма» телімелі тесті, «Отбасында эмоционалды қатынасты анықтау» эдістемесі, «Отбасылық серия», пиқтограмма түрлері. Зерттеу нәтижесі үш көрсеткіш бойынша топтастырғанда (дағымды, жағымсыз және тәуелді қатынас) жағымсыз қатынас көрсеткіші басым болды, екінші орында тәуелді қатынас, ал үшінші орында жағымды қатынас орналасты. Отбасында қарым-қатынас көрсеткіштерін коррекциялау мақсатында қайта құру эксперименті жүргізілді. Кеңес беру және коррекциялық топтар жұмысына 15 отбасы мүшелері қатынасты. Олар тәуелді топтар мен қобалжуы жоғары сыналушылар алынды. Жүргізілген коррекциялық іс-шаралар нәтижесінде жағымды қатынас көрсеткіші жоғарылады (бақылау тобында өзгеріс байқалмады). Сондықтан отбасына психологиялық қызмет көрсетудің нәтижесі оң болды деп тұжырымдаймыз.



Тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың психологиялық нормалары бұзылған отбасына психологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру туралы келесі ұсыныстар жасадық.

  1. Жеткіншек пен ата-анасы арасындағы қарым-қатынаста тұлғааралық қатынасты үлкендер достық қатынасты орната отырып жетуге болады.

  2. Отбасының психологиялық жағдайын диагностикалауға арналған әдістемелердің басым көпшілігінің психокоррекциялық әсері мол. Өйткені зерттеу нәтижесін талдау барысында зерттелінушілерге психологиялық кеңес беріліп, қақтығыстар мен келіспеушіліктердің себептері анықталады.

  3. Психокоррекциялық іс-шараларға ата-аналармен қатар балалары да қатысуымен жүргізілсе отбасында орын алған келіспеушілік, шағымдану, басқа да қақтығыс жағдайларды талдау және оны шешу жолдарын анықтау, тіл табысу мәселерін шешу тиімділігі арта түседі.

Дипломдық зерттеу барысында жинақталған материалдарды отбасына психологиялық кеңес беру, психокоррекциялық сабақтарды жүргізу барысында, мектеп психологиялық қызметін ұйымдастыруда және студенттерді даярлауға кеңінен пайдалануға болады.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. Абдракова А.Б. Роль общения в воспитании трудных подростков. Автореф.дис. канд. Алматы, 2004.

  2. Айдарбеков Қ.А. Развитие диалогическии сруктуры самосознания у подростков в системе внутрисемейных взаимодействии Автореф.дис. канд. Алматы, 2003.

  3. Атоян А.Д Конфликтология М.: Смысл, 2006

  4. Әбдумүтәліп К.Д. Тәртібі қиын жасөспірімдерді арнайы мектеп жағдайында тәрбиелеудің және қайта тәрбиелеудің педагогикалық жолдары Автореф. канд.дис. Алматы, 2004.

5. Вестник НАПК 2005, № 2

6. Вестник НАПК 2005, № 4



  1. Валеология дене тәрбиесі спорт 2003, № 3

  2. Елубаева С.Б Психологические особенности этнической и идентичности и самооценки современных казахских подростков. Автореф. канд.дис. Алматы, 2004.

  3. Жақыпов С.М, Бизақова Ф.Ә Білім беру жүйесінде қолданылатын психокоррекциялық жаттығулар Тараз.: Қорғау, 2007

  4. Жақыпов С.М, Бизақова Ф.Ә Білім беру жүйесінде қолданылатын психодиогностикалық жаттығулар. Тараз.: Сенім, 2006

  5. Күнсләмова Т.К Жеткіншектердегі өзіндік бағалау, өзіндік реттелу және эго күйдің белсендірілуі мен агрессиялықтан өзара байланысын психологиялық-педагогикалық тренинг негізінде зерттеу . Автореф. канд. дис. Алматы, 2002.

  6. Мұқанов М.М Жас және педагогикалық психология А.:Білім, 2002

  7. Торыбаева М.З Жасөспірім оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы мектеп, отбасын және қоғамдық қауымның бірлескен жұмысы Автореф.канд.дис. Алматы, 2004.

  8. Познай себя №2 , 2004

  9. Познай себя №2, 2006

  10. Прикладная психология Журнал № 5, 1999

  11. Прикладная психология Журнал № 4, 2006

  12. Петровскии А.В Педагогикалық және жас ерекшелік психологиясы А.: мектеп, 1998

  13. Шалгинбаев Т.М Особенности личностных свойств и межличностных отношений подростков с дезадаптивным поведением и их учет в реабилитационной работе Автореф.дис. ...канд. психол. Наук. А, 2004.

  14. Шужебаева А.И Психологияеские-педагогические исследования трудностей в общении детей в условиях семейного воспитания Автореф. канд. дис. Алматы, 2004

  15. Шарафадин А.А Отбасында ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын артырудың педагогикалық шарттары Автореф.дис. ...канд. психол. Наук. А, 2004.

  16. Малкина- Пых Г. Семейная терапия. Изд-во ЭКСМО, 2006

  17. Назарбаев Н.Ә.. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан.-2007

  18. Жақыпов С.М.. Управление познавательной деятельностью студентов в процессе обучения. –Алматы, 2002.-117б.

  19. Елизарова Т.Ю. Детерминация психологического преодоления критических ситауаций: Автореф. дис…канд.психолог.наук. –Минск, 2000.-28б.

  20. Погодин И.А.. Динамика психологических характеристик личности в процессе адаптации в условиях относительной социальной изолояции: … Автореф.дис канд. психол наук:19.00.01.-Минск,2002.21б

  21. Выготский Л.С. Избранные психологические труды.-М.:Институт практической психологии.1995..-352б.

  22. Фонтана Д.Как справтиьсся со стрессом. Перри Г. Как справиться с кризисом.Брум А., Джеллио Х. Как жить с вашей болью /Пер. с англ.-М.: Педагогика –Пресс, 1995.-323б.

  23. Василюк Ф.Е. Психологический анализ преодоления критических ситуаций: Автореф. канд.дис.-М.,1981. –28 б.

  24. R.S.Lazarus.. Psychological stress and the coping process.-N.-Y.Mc Graw-Hill,1996,-Р.457..Осницкий А.К,. ЧуйковаТ.С Саморегуляция активности субъекта в ситуации потери работы //Вопросы психологии.-1999.-№1.-С.92-104бб.

  25. Василюк Ф.Е.. Психология переживания.-М.:МГУ,1984.-200с.

  26. Вайзер Г.А. Смысл жизни и «двойной кризис» в жизни человека //Психологический журнал.-1998.-Т.18,№5.14б.

  27. Селье Г.Стресс без дистресса.-М.:Прогресс,1982.-124б.

  28. Томэ Х.Теоретические и эмпирические основы психологии развития человеческой жизни //Принципы развития в психологии / Сб-к науч.тр.-М Г.С..:изд-во МГУ,1978.-С 201-231б.

  29. Абрамова А.Г. Алгоритмы работы психолога со взрослыми.-М.:2003.-155б.

  30. Бэрон Р.Б.,Ричардсон Д. Агрессия.-СПб.-М.-Харьков-Минск,1999.-340с.

  31. Карцева. Изменение образа Я в ситуациях жизненных перемен: Автореф. дис… канд. психол.наук. –М.., 1989.-27б

  1. Эриксон Э. Детство и общество/ Пер. с англ.-СПб.:Речь,2000.-416с.

  2. Асмолов А.Г. Психология личности.- М.: Изд-во Моск.ун-та,1990.-367б.

  3. Фрейд З. Я иОно / Пер. В.Ф Полянског.-М.,1990.-56б.

  4. Хьелл Л.,Зиглер Д. Теории личности.-СПб.:Изд-Во «Питер»,1997.-608б.

  5. Ломов Б.Ф. Вопросы общей,педагогической и инженерной психологии /Ред.сост. и авт. В.А Барабанщиков. –М.: АПН СССР, 1991. –295б.

  6. Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность.–М.:Политиздат,1975.-303б.

  7. Ананьев Б.Г. Человек как предмет познания.-Л.: Изд-во ЛГУ, 1968.-327 б.

  1. Шибутани Т.Социальная психология. Ростов –на Дону,1998.-538б.

  1. Ахметова Р.А. Жеке тұлғаның биографиялық дағдарысы: Автр реф. Дис… канд. Психоло.наук. –Алматы, 1999.-30б

  2. Шалғынбаев Т.М. Мінез-құлқында дезадаптивтік жас өспірімдердің кісілік қасиеттері мен кісіаралық қатынастар ерекшеліктері және оларды келтіру жұмысында есепке алу: автр.реф. Дис … канд. психол. наук: А,2001.-47б

  1. Қозыбаева М.В. (1999ж) Тұлғалық алаңдаушылықтың көріну механизмдері өзгеруіне әр түрлі факторлардың әсері : Автореф.дис. ...канд. психол. Наук. А, 2004.

  2. Қарақұлова З.Ш. Тұлғаның суицидтік мінез-құлқының психологиялық механизмі: Автр реф. Дис… канд. Психоло.наук. –А.,2000.-31б

  3. Серова Л.К. Жеке тұлғаны күрделі әрекет жағдайында басқарудың психологиялық сұрақтары. Психологический журнал. –2000. –Т.20, №4. 21б.

  4. Хомик В.С., Пантилеев С.Р. Самоотношение как эмоционально –оценочная система . –М.: Изд-во МГУ, 1991.-108б.

  5. Ли Е.П. Бес жастағы балалар мінез-құлқындағы гуманистік бағыттылықты қалыптастырудың психологиялық шарттары: Автр реф. Дис… канд. Психоло.наук. –М., 1997.-30б

  6. Қабақова М.П. Бірлескен өмірлік іс-әрекет процесіндегі ерлі-зайыптылардың қатынас тұрақтылығының психологиялық факторлары:... Автореф.дис канд. психол наук.-А,2004.17б

  7. М.И.Лисина, И. Зографова Проблемы агрессивности человека. –М., 1990. –22б.

  8. К.Н Поливанова. Психология возрастных кризисов.- М.:Академия,2000.-184б.

  9. Божович Л.И. Проблемы формирования личности:избранные психологические труды. –Воронеж, 1995. –352б.

  10. Петровский В.А. Психология неадаптивной активности. –М.: ТОО «Горбунонк», 1992.-224б.

  11. Беркович Л.В. Агрессия: причины ,последствия и контроль. –СПб.: Прайм –УВРОЗНАК, 2002. –512б.

  12. Ковалев С.В. Психология современной семьи.-М., 1988. –208б.

  13. Мясищев В.Н. Психология отношений. –М.: Институт практической психологиии,.И.Личность в экстремальных условиях. –М.: Политиздат, 1989. –303б

  14. Елизаров В.И. Структурно –функциональные особенности субъективной репрезаньации жизненных событий: Автореф.дис… канд. психол наук.-М.,2000.27б.

  15. Алешина Ю.Е. Цикл развития семьи: исслед.и проблемы Вестник МУ Сер14 №2.122б

  16. Абульханова –Славская К.А Стратегия жизни. –М.: Мысль,1991. –299б.

  17. Домбровский А., Велента Т. Кризис семьи // Семейная психология и семейная терапия. 2005.№3. 45б

  18. Дж. Хейли. Необычная психотерапия.-М., Мысль,1991. –200б.

  19. Лабиринты одиночество /Пер., сост.Н.Е Покровский. –М.:Прогресс, 1989.-623б.

  20. Наенко Н.И. Психическая напряженность.-М.:Изд-во Моск.ун-та,1976.-112б.

  21. Рубинштейн С.Л. Проблемы общей психологии. –М.:Педагогика,1973. –423б.

  22. Антипов Е.Е. Введение в теорию адаптации.-М., 1991.-24б.

  23. Эйдемиллер Э.Г., Юстицкий В.В. Семейная психотерапия. –Л.: 1989. –192б

  24. Ковалев С.В. Психологния семейных отношений. –М.:Педагогика, 1987. –159б.

  25. Фромм Э. Искусство любить: Исследование природы любви /Пер. с англ. –Минск: Полифакт. 1990. –160б

  26. Шмелев А.Г. Острые углы семейного круга: Психология обыденной жизни.-М.Знание, 1986, 1986. –93б.

  1. Сапарова И.А. Психология переживания болезни. –Алматы: Каусар –булак, 1998. –268б.

  2. Небылицин В.Д. Избранные психологические труды / Под ред. Б.Ф. ломова. –М.: АПН СССР, 1990.-403б.

  3. Герасимович Г.И., Ковалев С.В. Советы врача молодеженам / Психология семейных отношений –Алма –Ата ,- 1992 –224 б.

  1. Маслоу А. Психология бытья/ пер. с англ. М., Прогресс 1997

  1. Столин В.В Системная семейная психотерапия // Вопросы психологии. –1982. -№4 -105-115бб.

  2. Эйдемиллер Э.Г., Юстицкий. Семейная психотерапия.-Л.,1999 -165б

  3. Семья сегодня / Под ред. Т.М. Афанасьевой .-М.: Знание, 1977. –95б.

  4. Олифирович Н.И., Зинкевич-Куземкина Т.А., Т.Ф.Велента., Психология семейных кризисов.-СПб.:Речь,2006.-360б.

  5. Фромм Э. Бегство от свободы / Исследование природы любви /Пер. с англ. –Г.Ф.Швейника /Общ.ред. П.С.Гуревича. –М., 1990.-160б.

  6. Шавердян Г.М Функции социальной установки в процессе адаптации личности: Дис … канд. Психол.наук: 19.00.05.- Ереван, 1988.-220б.

  7. Фрейд З. Введение в психоанализ.- М., 1989.,- 455б.

  8. Фрейд А. Анализ «Я» и механизмы защиты / Пер.с англ. –М.: Просвещение, 1993.-234б.

  9. Вопросы психической адаптации.Сборник статей.-Новосибирск,1974.-239б.

  10. Березин Ф.Б. Психическая и психофизиологическая адаптация человека. –Л.: Наука,1988.-267б.

  11. Началджян А.А. Социально-психическая адаптация личности.-Ереван,1988.-262б.

  12. Кузнецов П.С. Адаптация как функция развития личности. –Саратов, 1991. –28б.

  13. Николаев А.Н. Психическая адаптация человека к усложненным условиям деятельности: Дис … канд.психол.наук: 19.0001. –Л., 1984.-257б.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет