5 - сурет. 1 - эпидерма 2 - қатпарлы паренхима; 3 - шайыр жолы;
4 - устьица; 5 - эндодерма; 6 - жиекті саңылаулары бар
паренхималық клеткалар; 7- өткізгіш ұлпаның флоэмасы;
8 – склеренхима; 9 – гиподерма.
Тапсырма 3.
Аналық бүрдің құрылысын зерттеп білу: 1) Кəдімгі қарағайдың бүрлері жалғыздан (біреуден) орналасады. Бірінші жылы көктемде өркеннің ұшында қызғылт түсті кішкене келген бүрлері түзіледі. Онда тозаңдану жүреді. Екінші жылы бүрлері жасыл түсті болады, онда тозаңдану жүреді. Үшінші жылы бүрлері қоңыр түске айналып, онда тұқымы піседі, осы ерекшеліктеріне көңіл аудару. 2) Жетілген аналық бүрлерінің кесіндісінің құрылысының суретін салып, белгілеу: жабындық қабыршақ, тұқымдық қабыршақ, тұқым бүрі. 3) Тұқымбүрінің кесіндісінің суретін салып жəне суретте белгілеу: интегумент, микропиле, нуцеллус жəне архегонии, алғашқы эндоспермде батып тұрады (6-сурет)
Тапсырма 4.
Аталық бүрлердің құрылысын зерттеп білу: 1) Спора түзетін масақшаларының топтасып жиналуына, негізгі осьтен тұратын микроспорофиллдерінің орналасуына көңіл аудару. 2) Микроспорофиллдерінің төменгі жағынан микроспорасы бар микроспорангийді табу. 3) Аталық бүрлердің тікесінен жасалған кесіндісінің суретін салып жəне оның құрамдық бөлігін белгілеу. 4) Тозаңның құрылысының суретін салып, суретте оның бөліктерін белгілеу: экзина, интина, ауа қапшығын, вегетативтік жəне антиридиальды жасушаларды. (6-сурет)
Тапсырма 5. Қарағайдың даму циклінің жүйесін талдау. Сызбасын салу (6-сурет)
Тапсырма 6 Тұқымның морфологиялық құрылысын талдап жəне суретін салу.
Кәдімгі қарағайдың даму циклі
Достарыңызбен бөлісу: |