1-жаздық өркен және түйнекгі тамырсабақ; 2-тамырсабақты споралы масақты өркен; 3-спорофиллді стробил; 4-калқанша мен аяқшадан тұратын спорофиллде орналасқан спорангийлер; 5-ылғалды ортадағы элатералы спора; 6-құрғақ ортадағы элатералы спора; 7-спораның өсуі; 8-архегониялы аналық гаметофит; 9-антеридийден сперматозоидтардың шығу кезеңдері көрсетілген аталық гаметофит. Тақырып 6. Папортник тәрізділер бөлімі.
Сабақтың мақсаты: Папоротниктәрізділердің құрылысы және даму циклімен танысу.
Тапсырма. Папоротниктердің спорофитінің құрылысын қарау.
Папоротниктердің даму циклімен танысу және схемасын құру.
Қажетті материалдар мен құралдар:Еркек усасырдың (Dryopteris filix mas) даму циклі көрсетілген кесте, еркек усасыр гербарийі, лупа.
1. Папоротниктердің спорофитінің құрылысын қарау.
Жұмыстың орындалу барысы: Папоротниктердің гербариінен, жапырақтың астыңғы жағында орналасқан сорустарды қарап, жапырақта орналасуының суретін салыңыз.