-сурет. Дала қырықбуыны (Е. arvense)
бет 11/25 Дата 25.02.2018 өлшемі 12,52 Mb. #38268
1.8-сурет . Дала қырықбуыны (Е. arvense).
1-жаздық өркен және түйнекгі тамырсабақ; 2-тамырсабақты спо ралы масақты өркен ; 3-спорофиллді стробил; 4-калқанша мен аяқшадан тұратын спорофиллде орналасқан спорангийлер ; 5-ылғалды ортадағы элатералы спора ; 6-құрғақ ортадағы элатералы спора ; 7-спораның өсуі; 8-архегониялы аналық гаметофит ; 9-антеридийден сперматозоидтардың шығу кезеңдері көрсетілген аталық гаметофит.
Тақырып 6. Папортник тәрізділер бөлімі.
Сабақтың мақсаты: Папоротниктәрізділердің құрылысы және даму циклімен танысу.
Тапсырма.
Папоротниктердің спорофитінің құрылысын қарау.
Папоротниктердің даму циклімен танысу және схемасын құру.
Қажетті материалдар мен құралдар: Еркек усасырдың (Dryopteris filix mas) даму циклі көрсетілген кесте , еркек усасыр гербарийі , лупа.
1. Папоротниктердің спорофитінің құрылысын қарау.
Жұмыстың орындалу барысы: Папоротниктердің гербариінен, жапырақтың астыңғы жағында орналасқан сорустарды қарап , жапырақта орналасуының суретін салыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: