Ф-ӘД-001/036 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет1/2
Дата02.03.2020
өлшемі89,84 Kb.
#59360
  1   2
Байланысты:
В15.119 «XХ ғасырдың алғашқы жартысындағы әдебиет» -оқу бағдарламасы - копия

Ф-ӘД-001/036

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ




ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ атындағы ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ




Филология факультеті




Қазақ ФИЛОЛОГИЯСЫ кафедрасы





«Бекітемін»

Қожа Ахмет Ясауи атындағы

Халықаралық қазақ-түрік университеті



Филология_ факультетінің деканы

______________ Н.Қ.Айтбаева__

«02» _қыркүйек_ 2019 ж.


В15.119 «XХ ғасырдың алғашқы жартысындағы әдебиет» пәнінің

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

5В011700 – қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына арналған
























Түркістан 2019






Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы білім жəне ғылым министрлігінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде дайындалған.

Оқу бағдарламасын құрастырған: ф.ғ.к., проф. м.а. С. Ергөбек

Пікір жазғандар:

1. ф.ғ.к., доцент Н.Нұрпейісов

2. ф.ғ.к., доцент Т. Көшенова

Оқу бағдарламасы кафедраның № 1 «2» -09- 2019 ж. мәжілісінде қаралды.


Кафедра меңгерушісі: ф.ғ.к., проф. м.а. Г.Жылқыбай
Оқу бағдарламасы Филология факультетінің № 1 «2» -09- 2019 ж
Факультеттің академиялық комитет кеңесінде қаралып, мақұлданды.
Факультеттің академиялық комитет кеңес төрайымы: П.Адиева





ТҮСІНІКТЕМЕ
Пән туралы қысқаша сипаттама: Филология факулътетіндегі В15.119 «XХ ғасырдың алғашқы жартысындағы әдебиет» атты пәнде қазақ әдебиетінін дамуы тарихындағы өзіндік ерекшелігі жетерлік бұл кезеңнің жеке пән ретінде оқытылуы, ең алдымен, қазақ жазба әдебиеті тарихының ең бір жемісті тұсы болуымен айқындалады. XХ ғасыр басындағы әдебиет әдебиетімізде бұрынан бар дәстүрлерді жалғастыра отырып, жаңашылдықпен ілгері дамытып, жаңа ғасыр талабына сай өркендеуімен құнды.

XX ғасырдағы қазақ әдебиеті дамуының алғашқы кезеңі - шынайы кәсіби шеберлік деңгейіне көтерілген дәуірі. Кейінгі қанатын кеңге жайған қазақ әдебиетінің түрлі жанрлардағы шеберлік мектебі осы кезеңде қалыптасты.



Пәннің мақсаты. XX ғасырдың басындағы тарихи-әлеуметтік, қоғамдық-саяси өзгерістер әсерінен нәр алған қазақ әдебиетіндегі идеялық-көркемдік ізденістер ұлттық әдебиеттің даму барысын жүйелеуге негіз болады. Бірақ қазан төңкерісінен кейін орныққан саяси-идеологиялық билік қазақ әдебиетінің даму үрдісін басқа арнаға бұрып жіберді. Міне, осының себеп-салдарын ашу XX ғасырдағы қазақ әдебиеті дамуының алғашқы кезеңінің табиғатын терең таньш-білуге септігін тигізу болып табылады.

Пәннің міндеттері:

-XX ғасыр басындағы әдебиетке азаттық сарын, азаматтық рух алып келген ақын-жазушылар шығармашылығының қазақ әдебиетіндегі асыл арналарын жүйелеу;

-Кеңестік әдебиеттің алғашқы кезеңіндегі әдебиетке кері әсер еткен
тапшылдық идеология мен кейбір теориялық тұжырымдардың кемшілігін
ашып көрсету.

Пререквизиттер: Әдебиеттануға кіріспе, Қазақ халық ауыз әдебиеті, Ежелгі дәуір, Хандық дәуір әдебиеті, ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы, Философия, Тарих.
Пререквизиттер: В15.114 Қазақ халық ауыз әдебиеті, В15.106 Ежелгі және хандық дәуір әдебиеті, В15.117 ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
ХХ ғасырдың басында қазақ даласындағы тарихи-әлеуметтік, рухани, мәдени өзгерістерге сәйкес жаңа идеологияның қалыптасуы.

Кіріспе. ХХ ғасыр басында қазақ даласындағы тарихи-әлеуметтік жағдай. Оқу-ағарту ісі, баспасөз, кітап шығару мәселелері. Қазақ әдебиетінің даму бағыттары.

ХХ ғасырдың басында қазақ даласындағы тарихи-әлеуметтік, рухани, мәдени өзгерістерге сәйкес жаңа идеологияның қалыптасуы. Соған байланысты қазақ жеріндегі жалпы мәдениеттің, рухани құндылықтардың өркен жайып, дамуындағы өзіндік ерекшеліктердің дүниеге келуі.

Осы кезеңдегі қазақ әдебиетінің өсу-өркендеу бағыттары. Әдеби дамудың қазақ ұлтының жалпы көркем ой әлемінің кеңеюіне жасаған оқиғалы ықпал-әсері.

ХХ ғасыр басындағы қазақ елінің саяси, әлеуметтік жағдайы және ұлттық мәдениеттің даму бағыттары. Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас. Ресей патшасының отарлу саясатының күшеюі. Ішкі Ресейдегі 1905 жылғы оқиғалардың Қазақстандағы дүмпуі. Қазақстандағы «қоныстандыру бағдарламасының» көбеюі. Олардың мақсаты. «Қарашекпенділер» мәселесі. Соның салдарынан қазақ даласында қалыптасқан жағдай. Соған орай бұқара наразылығының күшеюі. Қазақ зиялыларының ел мүдесін қорғаудағы іс-қимылдары.

Қазақстандағы 1916 жылғы Ресей патшасының әйгілі июнь жарлығынан туындаған оқиғалардың мәні. Түрлі наразылық көріністерінің жалпы халықтық қозғалысқа ұласуы.Ұлт азаттығы жолындағы осынау көтерілістердің ұлт санасын оятудағы маңызы.

Оқу-ағарту ісі. Қазақ даласында осы дәуірде орын алған оқу түрлері. Мектептер жүйесі және оның түрлері.

Баспасөз ісі. Ұлттық баспасөздің тарихынан мәлімет. Қазақша газет-журналдардың көбеюі. 1905 жылғы патша манифесі. Оның мәні.

Кітап шығару ісі. Қазақша кітаптардың көбеюі. Қазақ кітаптары, олардың авторлары мен шығарушылары туралы мәліметтер. Баспа ісі дамуының ұлттық әдеби тілдің, әдеби жанрлардың ұшталуына ықпал жасаған. Қазақ кітаптарының мазмұны мен тақырыбының әралуандығы.

Көркем әдебиеттің дамуы. Қоғамдағы саяси, әлеуметтік өзгерістер мен мәдени жаңғырулардың ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің өркендеуіне тікелей қозғау салуы. Ұлттық әдебиеттің тақырыптық, жанрлық, көркемдік жағынан өркендеуі. Поэзия жанрының дамуы. Поэма жанрының өрісі. Проза жанрының өркендеуі. Драматургия жанрының қалыптасуындағы қадамдар. Алғашқы драмалық шығармалардың дүниеге келуі. Аударма жанрның өрістеуі. Көсемсөз жанрының дамуы. Әдеби сынның қалыптасуы мен дамуы.

Әдебиеттің даму бағыттары. Діни-ағартушылық бағыт өкілдерінің қатарына туған халқының мұң-мүддесін жырлауда ұлттық мәселелер төңірегінде ой толғаған, негізінде шығыстық мотивте шығармалар жазған, бұрын «кітаби ақындар» деп аталып келген топқа жататын ақындардың енетіні. «Кітаби» атауының шартты екендігі. Олардың көзқарасындағы ерекшеліктер. Ағартушы-демократтық бағыт өкілдерінің дүниетанымы мен көзқарастарының ауқымдылығы. Заман өзгерістеріне әртүрлі дәрежеде үн қосуы. Көзқарастарындағы ағартушылық, демократтық идеялардың басымдылығы. 1916-1917 жылдардағы оқиғаларға, «Алаш» қозғалысына қатысты түрлі қозғалыстардың бой көтеруі. «Алаштың» мәні. Азатшыл-демократтық бағыт. Осы тұстағы ұлттық мүдені жоғары ұстау, мемлекеттікті орнату, сол арқылы қазақтың тұтастығын сақтау, тәуелсіздікке қол жеткізу идеяларының көтерілу дәрежесі. Осы идеялардың сол кездегі ұлт қаламгерлерінің ой-пікірлерінде көрініс табуы. Бұл ағымдардан тыссөз өнерінің саз өнерімен тығыз байланысты болғандығының тамаша көрінісін танытатын ақындар болғаны. Бұлардың ішінде Ә.Найманбаев, Мұса Байжанов, Балуан – Шолақ, Ақансері т.б. шығармашылығына ерекше назар аудару. Олардың шығармашылығындағы әдеби көркем реңктер. Бұл топтағы әнші-ақындар шығармашылығының мән-мағынасы.

Қазақ кеңес әдебиетінің көрнекті өкілдері С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин т.б. туған әдебиетті жаңа туындыларымен байытты. Әдебиеттің сол кездегі жас өкілдері Ж.Сыздықов, А.Тоқмағамбетов, Ө.Тұрманжанов, Т.Жароков, М.Дәулетбаев, Қ.Әбдіқадыров, Ә.Тәжібаев, Ғ.Орманов сияқты ақын-жазушылар да өз үлестерін қосты. Осы кезеңде қазақ әдебиеті Д.Әбілев, Ә.Әбішев, Ғ.Сланов, С.Ерубаев, Қ.Аманжолов, Ж.Саин, Ә.Сәрсенбаев, Қ.Сатыбалдин, Қ.Бекхожин, М.Хакімжанова, А.Жұмағалиев, С.Омаров секілді жаңа есімдермен толыға түсті.

Қазақ әдебиеті жанрлық жағынан байып, көркемдік тұрғыда өсті. Тақырыптық жағынан сараланып, толыққанды бейне жасауда мол ізденіс танытқан, төңкеріске дейін өркен жая алмаған прозалық, драмалық жанрларда тәжірибе жинақтала бастаған кезең де - осы шақ.

Бұл жылдарда ұлы ақын М.Жұмабаевтың Қазанда және Ташкентте екі кітабы басылды. «Қорқыт», «Батыр Баян», «Қойлыбайдың қобызы» поэмалары, әйгілі «Тоқсанның тобы» өлеңі жазылды. Бірақ, өкінішке қарай, өз мүмкіндігін толық аша алмай, қапаста қаза тапты.

20-жылдардағы қазақ поэзиясының жан-жақты дамуына айрықша үлес қосқан қаламгердің бірі - Б.Майлин. Ол бостандық, жаңа өмір, өзгерген салт-сана, қазақ әйелінің теңдігі, кедейлер өмірі, еңбекші ауыл тіршілігі тақырыптарына арналған көптеген туындылар берді. Ол туындыларында қазақ кедейінің эволюциялық өсу жолын, психологиялық өзгерістерін суреттей отырып, қара шаруаның типтік бейнесін жасады.

Поэма жанры өрістеп, лирикалық-публицистикалық формамен қатар, сюжетті туындылар жасалды. Эпикалық жанр саласында С.Сейфуллин «Советстан», «Көкшетау», «Аққудың айырылуы», Б.Майлин «Кемпірдің ертегісі», «Маржан», «Рәзия», І.Жансүгіров «Маңпал», «Кәмпеске», «Күй», С.Мұқанов «Сұлушаш», И.Байзақов «Құралай сұлу» поэмаларын жазды. Революциялық күрес, өткен дәуір шындығы, қазақ әйелінің тағдыры, бостандық үшін айқас, көңіл күйі, өнер мұраты — бұл туындыларда осындай сан алуан әуездер, сарындар, идеялар болды.

Халық поэзиясы да қаулап өсті. Күміс көмей, жезтаңдай, майталман ақындар Н.Байғанин, О.Шипин, К.Әзірбаев, Т.Көбдіков өмірді, теңдік, бостандық, еркіндікті мадақтаған құнарлы, тасқынды жырдың өзенін ағызды.

Осы тұста өмірге келген Сәкен мен Ілиястың жаңашыл жырлары, халық поэзиясының жыр алыбы Жамбылдың толғаулары дәуір дабылына үн қосқан шығармалар еді. Ауыз әдебиеті де кең мүмкіндік алып, халық поэзиясы жаңа мазмұнда дами түсті. Жамбыл бастаған халық поэзиясының көрнекті өкілдері Нүрпейіс Байғанин, Кенен Әзірбаев, Доскей Әлімбаев, Шашубай Қошқарбаев, Нұрлыбек Баймұратов, Нартай Бекежанов, Иса Байзақов сияқты суырыпсалма ақындар өз өлеңдерінде халықтың қажырлы еңбегін, жаңаша өмірін шабытпен толғады. Бұл кезеңде Шәкәрім Қүдайбердіұлының «Ләйлі-Мәжнүн», «Дубровский» секілді әйгілі аудармалары басылды.

30-жылдардағы қазақ әдебиетіне көз салғанда, оның партиялық қысым, үкімет тепкісіне қарамастан, тақырып жағынан байып, қаһарман жасау тұрғысынан толыса бастады. Қазақ әдебиетінің ішкі жанрлық мүмкіншіліктері кеңейе түскен бұл түс еліміздегі жүзеге асқан қоғамдық экономикалық өзгерістердің әсерінен туған дәуір еді.

С.Сейфуллиннің «Айша», «Жер қазғандар» хикаяттары, «Тар жол, тайғақ кешу» романы; Б.Майлиннің «Раушан -коммунист» хикаяты, «Қадір түнгі керемет», «Шариғат бұйрығы», «Кедей теңдігі», «Айранбай», «Сексен сом», «Күлпаш», «Күлтай болыс» т.б. әңгімелері; Ж.Аймауытовтың «Қартқожа», «Ақбілек», «Күнікейдің жазығы» роман, хикаяттары, әңгімелері; М.Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» әңгімесі; М.Әуезовтің «Қорғансыздың күні», «Жетім», «Қаралы сұлу», «Барымта», «Ескілік көлеңкесінде», «Қыр суреттері» әңгімелері, «Көксерек», «Қараш-Қараш оқиғасы», «Қилы заман» хикаяттары жиырмасыншы жылдардағы қазақ прозасының даму қарқынын, саяси-әлеуметтік нысанасын, идеялық-көркемдік деңгейін танытатын қатардағы шығармалар емес, әдебиетіміздің алтын қорына қосылған ұлттық классика үлгілері.

Қазақ прозасының туу, қалыптасу дәуірінде шеберлік қырларымен, өзіндік стиль, мәнер, көркемдік үлгілерімен танылып, әдебиетке жаңа бояу, әсем нақыш, терең ой әкелген Ж.Аймауытов, Б.Майлин, М.Әуезов болды.

Ескіні күйретіп, жаңаны тудырып жатқан қаһарлы да қызық уақыттың оқиғалары Б.Майлин қаламына қуат берді. Ол, әсіресе қазақ кедейлерінің қалт-құлт тірлігіне үңіліп, заман талабы, мезгіл шарты тудырған психологиялық құбылыстарды көре білді. Кешегі жоқшылық пен қорғансыздық есеңгіреткен, күңнің күйін кешкен әйелдің серпіліп, таптық күреске тартылып, мәнді іске араласа бастауын баяндап, дәуірдің әлеуметтік шындығын ашты. Бейімбет қазақ кедейлері мен әйелдерінің тұтас образдар галереясын жасады. Өмірі жоқшылықта өткен Айранбайлардың санасының ояну, психологиясының күрт өзгеру эволюциясы ғажап шеберлікпен ашылады.

Сюжет құру, композиция жасау, көркемдік сапа, тіл шеберлігі, бояу байлығы, идеялық тереңдігі жағынан классикалық әдебиеттер үлгісімен деңгейлес әңгімелер тудырған — М.Әуезов болды. Ол ескі қазақ аулындағы трагедиялық оқиғаларды, тұрмыс-тіршілікті, адам характерлерін реалистікпен суреттей отырып, орыс, Еуропа әдебиеттеріндегі жанрлық-стильдік, көркемдік дәстүрлерді қазақ прозасына жаңашылдықпен сіңіре білді.

Сонымен, 20-жылдары прозаның барлық негізгі жанрлық формалары қалыптасып, стильдік-көркемдік, идеялық-эстетикалық ізденістер өріс алды. Жанрдың әңгіме, повесть, роман үлгілері кәсіби дәрежеге көтеріліп, қоғамдық өмірдің сан алуан құбылыстарын бейнелеу талаптарын орындап, әлеуметтік сұранысты қанағаттандырды.

Отызыншы жылдардағы қазақ әдебиетінде проза жанры айрықша өрістеп, кең арнаға түсе бастады. Сан жағынан да, сапа жағынан да бұған дейін болмаған дәрежеге жетіп, көркемдік түрғыдан дамыды. Тарихи тұлғаларды, революциялық дәуір бейнесін, бүгінгі заман шындығын көркем бейнелеп берген роман, хикаяттар, әңгімелер дүниеге келді. С.Сейфуллиннің «Жемістер», Б.Майлиннің «Он бес үй», С.Шәріповтің «Бекболат», Ж.Тілепбергеновтің «Таңбалылар», Ә.Әбішевтің «Зауал», С.Мұқановтың «Балуан Шолақ» хикаяттары уақыт тынысын танытуда, образ жасауда шеберлік қырларының молая түскенін байқатты.

Отызыншы жылдар қазақ әдебиетінде әңгіме жанрының айрықша дамыған, кең қүлаш жайған кезеңі болды. Бұл саланы дамытуда Б.Майлин, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов айрықша өнімді еңбек етіп, халық өмірінің әр саласын бейнелеуге, жаңа психологиялық қарым-қатынастарды көрсетуге арналған көптеген шығармалар берді. Б.Майлиннің «Қара шелек», «Ұлбосын», «Қызыл әскердің үйі», «Арыстанбайдың Мұқышы», Ғ.Мүсіреповтің «Талпақ танау», «Күсен» атты әңгімелері — заманның шындық көрінісін шеберлікпен бейнелеп берген, қазақ әңгімесіне классикалық әдебиеттер дәстүрлерін сіңіре білген ұлттық өнерді байытқан туындылар. 20-жылдардың өзінде-ақ проза мен драматургияда үздік туындылар беріп үлгерген М.Әуезов шығармашылығы жаңа белеске көтерілді.

1919 жылы ұлттық «Алаш» партиясының мүшелеріне Кеңес өкіметі тарапынан кешірім жасалып, олар халық үшін еңбек етуге азды-көпті мүмкіндік алды. Әдеби, ғылыми, педагогикалық, қоғамдық қызметтерде жемісті өнім бере бастағанда, 20-жылдар соңында жойқын репрессия басталып, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Әуезов, М. Тынышбаев, Х.Досмұхамедов сияқты алыптар түрмеге қамалды, лагерьлерге жөнелтілді, сол жерде өлді. Ажал тырнағынан аман шыққан біренсаран азаматтар 1937 жылы қайта ұсталып, опат болды.

Отызыншы жылдардағы ел өміріндегі осындай зор трагедиялар қоғам дамуына, адам санасына, әдебиет, өнер, ғылым салаларының өрістеуіне кеселді ықпалын тигізді, теріс әсер етті. Бірақ қазақ әдебиеті қанша қуғын-сүргін көріп, оның небір алыптары лагерьлерде, түрмелерде азап шегіп, атылып-шабылса да, өнердің ұлы арнасы құрғап қалмай, ұлттың рухани өмір көші ілгері басты.


Діни-ағартушылық бағыттағы әдебиет.

Нұржан Наушабайұлы шығармашылығы.

Нұржан Наушабайұлы /1859-1919/. Туылған жері – Қостанай уезі, Аманқарағай болысы. Оның өлеңдері үш жинақ болып басылып шыққан: «Манзумат қазақия» -Қазан,1903, «Жұмбақ (Сапарғали мен Нұржанның айтысқаны)», Қазан, 1903, «Алаш», Қазан, 1910. Ақын шығармашылығын зерттеуші ғалымдар пікірі бойынша, ол жас кезінде өлеңге, ақындыққа жете мән бермей, серілік құрып жүрген секілді ағартушы педагог Ы.Алтынсарин оның өлеңдеріне жоғары баға беріп халыққа пайдалы, өнегелі сөз екендігін айтады. Осыдан соң ол ақындық өнермен байсалды түрде айналыса бастайды. Заман, қоғам жайлы жастарды оқуға, өнер-білімге үндеп өлеңдер жазады. Оның нәр алған өнер бастауы қазақ фольклоры, ақындық поэзия, түрки жазба әдебиет және шығыс әдебиеті болды. Сол себепті де шығармаларында түрки кітаби сөздерді, араб, парсы сөздерін қолданып отырды. Ақын көптеген өлеңдерінде өзіне дейінгі дейінгі зар заман өкілдері мақамымен заман бұзылды, қазақтың бұрынғы дәуірі құрыды деп толғайды. Жақсы мен жаманның, арзан мен қымбаттың парқы болмай қалды деп қазақ халқының өткенг дәуірлерін аңсап жырлайды.

Шәді Жәңгірұлы шығармашылығы. Шәді Жәңгірұлы /1855-1933/. Шығармашылық өмірбаяны: Қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданының Қызылкөл деген жерінде дүниеге келеді. Он жасына дейін ауыл молдасынан хат таниды. 1865 ж. Шаян медресесіне оқуға түседі. Кейін Шымкент қаласында екі жыл оқиды, бұдан соң Қарнақ медресесінде 1868 ж оқиды. Оқуларын әрі қарай Ташкент, Бұқара қалаларында жалғастырады. Ұзын саны 18 дастан жазғаны. Шәді өлең, көлемді дастан, поэмалар жазған. Олары Ташкент, Қазан, Орынбор қалаларында кітап болып басылып отырған. Өз шығармаларында халықты оятуға, білім беру мәселелерін көтеру, имандылық, ағартушылық идеяда бірқатар шығармалар жазған. Діни аңыздарды пайдалануы: «Назым Сияр Шәриф», «Ибраһим Пайғамбардың хикаяты», «Харунның жер жұтқан оқиғасы». Шығыс фольклоры сюжеттерін негізге алып, «Назым чаһар дәруіш», «Хикаят Хамар заман», «Хикаят халифа Һарун-ар-Рашид», «Хикаят Ораха Күлше» секілді кіітаптарын жазды. Қазақ халқының және орыс патшалығының тарихынан қатысты да шығармалар жазған: «Тарихнама», «Абылай», «Романовтар нәсілінің хукмаранлық қылғанына үш жүз жыл». Өлеңдерінде бейнелеу құралдарының молдығы. Еңбек тақырыбына жазған туындылары /«Атымтай жомарт»/.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармашылығы.

Діни ақындар шығармашылығының күрделілік сипаты, хиссшыл ақындар: Ақылбек Сабал, Жүсіпбек Шайхисламұлы, Шәді Жәңгірұлы, Әбубәкір Кердері. Шығыс әдебиеті туындыларын қазақшаға аудару ісі. Діни-ағартушылық бағыттағы әдебиет өкілдері шығармашылықтарының ұлттық санаға ықпалын айқындау.

Бірінші олардың діни білімділігі. Шығыс әдебиетін, араб, парсы, шағатай тілдерін меңгергендігі. Дін тақырыбындағы шығармаларға қанықтығы. Сол дәстүрде қалыптасқаны. Ел ішінде молда бола жүріп, дін мәселелерімен қатар әдебиетті насихаттады.

Екіншіден, Шығыс әдебиеті туындыларың қазақшаға аударуы немесе сол сюжеттер негізінде өздерінің төл шығармаларын қазақ жұртшылығына Шығыстық классикалық әдебиет үлгілерін таныстыруда елеулі қызмет атқарғаны.

Үшіншіден, олардың шығыстық үлгіде дастандар жазуы. Хиссашыл ақындар атануы. Ақылбек Сабал, Жүсіпбек Шайхисламұлы, Шәді Жәңгірұлы, Әбубәкір Кердері, т.б. ақындар шығармашылығының негізгі сипаттары. Олардың ұлттық көркем ойды дамытуға қосқан үлесі. Хисса дүстүрін жалғастырудағы еңбегі. Кітап шығару ісіне қатысы. Ауыз әдебиеті үлгілерін жинап бастыруы.

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы /1858-1931/ Шығармашылық өмірбаяны. Өз дәуірінің білімдар, парасатты адамы болғандығы. Мәшһүр атануының себебі. Шығы әдебиетіне жетіктігі. Қазақ жұртының жайына қанықтығы. Қазақ даласына, сырт жерлерді көп аралағандығы. Заман мәселелері тақырыбына түрлі мақалалар жазып, «Дала уәлаятының газетіне», «Қазақ» газетіне жариялауы. Қазақтың тұрмыс-тіршілігін ел ішіндегі оқу-ағарту ісі жайындағы ой-пікірлері, қоғамдағы өзгеріске көзқарасы.

Патшаның 1905 жылғы манифесіне қатысты ойлары. «Хал-ахуал». «Тіршілікте көп жасағандағы көргеніміз», «Сарыарқаның кімдікі екендігі»жинақарының жарық көруі. Оларда заман шындығының бейнеленуі.

Сатиралық үлгідегі өлеңдері. Өлеңдеріндегі ағартушылық сарын. Мәшһүр Жүсіптің халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинаудағы еңбегі. Ол жинаған мұралардың молдығы сан салалығы. Қолжазба түрінде жинақталып сақталған «Қара мес» шығармасы және оның мәні.

Мақыш Қалтайұлы шығармашылығы. /1868-1916/. Шығармашылық өмірбаяны. Діни білімінің тереңдігі, айналасына, қоғам қалтарыстарына қатысты көзқарастарының күрделілігі. Кезінде заман талабына лайық өз пікірін айта алғандығы. Айналадағы өзгерістердің мәнін пайымдауы, бала оқыту, халықққа білім беру, оқудың пайдасы туралы пікірлері. Өлеңдерінде адамгершілік пен имандылықты насихаттауы.

Мысал жанры саласындағы еңбектері. Бұрын бар сюжеттерді пайдалана отырып, өзіндік түйіні бар мысалдар жазғаны. Көсемсөз саласында замана тақырыбына мақалалар жазғаны. 1907-1913 жылдар аралығында сегіз кітап бастырғаны.



Мұсабек Байзақұлы шығармашылығы /1849-1932/. Шығармашылық өмірбаяны. Лақап аты Молда Мұса. Шығыстық дәстүрде тәрбие алғандығы. Өмір құбылыстарына сын көзбен қарағандығы. Өлеңдерінде заман суреттерін бейнелеуі. Сыншылдық сарынның көптігі. Өлеңдерінде азаматтық үн, ағартушылық ойлардың көтерілуі. Мысал жанры үлгілеріндегі өлеңдері. Манат қызбен айтысы. Хат арқылы айтысудағы ерекшеліктер.

Ақын шығармашылығын зерттеуші ғалымдар оның әдеби мұрасын негізінен былай жіктейді: 1- ақынның заманға, жалпы тіршілік мән-мағынасына үңіліп толғаған ой түйіндері, табиғаттың әдемі суреттерін тамашалайтын және шынайы сүйіспеншілікті жырлайтын өлеңдері, 2- жалпы адамгершілік қағидаларын уағыздайтын мысалдары, 3- айтыстары, 4- дастандары.


2- Модуль. Ағартушы-демократтық бағыттағы әдебиет

Шәкәрім шығармашылығы.

Шәкәрім Құдайбердіұлы /1858-1931/. Шығармашылық өмірбаяны. Абай ауылында туып, Абайдың тікелей тәрбиесінде болуы. Азамат ретінде, ақын ретінде ұлы ақынның тигізген әсері. Білімдарлығы, тәлім алған рухани бастаулары. Ойшылдығы, өмір құбылыстарына, дінге көзқарастары. Меккеге бару сапары. Ондағы мақсаты. Сапар нәтижесі. Абайдың ақыл-кеңесімен қазақ халқының шежірелік тарихын жинауы. Шежіре еңбегінде дүние жүзі ғалымдарының әр дәуірде айтылған ой-пікірлерін сараптап, пайдалануы. Оларға қатысты өз ойын білдіріп отыруы. Орта жастан асқан шағында оңаша тіршілікке бой ұруы. Философиялық толғаныстарға ден қоюы. 1917жылғы төңкерістерден кейінгі кезеңде замана тақырыбына қалам тартуы.

Лирика жанрында өнімді еңбек еткені. Қазақтың реалистік лирикасын дамытуға қосқан үлесі. Шындықты жырлауда қуатты шабыт танытуы. Адам бойындағы ұсақ-түйек міндерді, қоғам қайшылықтары сынға алуы. /«Сәнқойлар», «Еріншек», «Қазақтың жаманы болмас», т.б./. Сыншыл сарындағы лирикасындағы ой-толғамдардың көркемдік құралдардың Абай дәстүрімен үндестігі. Поэма жанрында Абай дәстүрін жалғастыруы. Ел ішінде ертерек заманда өткен оқиғалар желісімен көркем реалистік дастандар жазуы. «Қалқаман-Мамыр» поэмасы, шығармадаға тарихи фон. Аталас туыстығы бар қыз бен жігіт арасындағы махаббат хикаясы. Әнет баба мен Көкенай бейнелерінің күрделілігі. Қалқаман мен Мамыр образдары. «Еңлік-Кебек» дастаны. Екі жастың трагедиялық тағдыры. Еңлік пен Кебек образдарын сомдаудағы шеберлігі. Поэмада портреттік детальдардың аздығы. Кейіпкерлердің ішкі, сыртқы сұлулығын іс-әрекет арқылы бейнелеу. Кеңгірбай бейнесінің күрделілігі. Этнографиялық детальдардың ұтымды пайдаланылуы. «Нартайлақ-Айсұлу» дастаны. Шығарманың жетістігі мен кемшілігі. Проза жанрындағы еңбектері. Шәкәрімнің көркем прозаның шағын үлгісінде жазылған «Шын бақыттың айнасы» т.б. шығармаларының ерекшеліктері. «Әділ Мәрия» романы. Ғашық жастарға жанашыр Байжан, Асан, Зылихалардың әділетсіздікке қарсы тұруы. Еркінбек, Төребек обрыздары. Романның композициялық құрылымының ерекшелігі. Түрлі шегіністер жасау тәсілінің қолданылуы. Романдағы Шыңғыс тауының обрызы және оны шығарма оқиғасының даму барысына қатысты суреттеудегі жазушының көркемдік ізденістері, өзіндік ерекшеліктері.

Аударма саласындағы еңбегі. Шәкәрімнің Шығыс, Батыс елдерінің классикалық әдебиеттінің шығармаларына үңілуі. «Ләйлі-Мәжінүн» тақырыбына баруы. Физули нұсқасын пайдалану тәжирбиесі. Орыс ақыны А.С.Пушкиннің «Дубровский», «Боран» атты шығармаларын аударудағы ақын қолтаңбасының ерекшелігі. Аударма мен түпнұсқа оқиғалрының арасыныдағы сәйкестік пен айырмашылық сипаты. Аталмыш поэмалардағы адам есімдері мен жер аттарының өзгертілу себептері. Шәкәрімнің бұлардан өзге Л.Н.Толстойдың әңгімелерін т.б. аудармалары туралы деректер. Шәкәрімді тарихшы, философ ретінде танытқан «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі», «Мұсылмандық шарты», «Үш анық» атты еңбектері туралы.

Спандияр Көбейұлының шығармашылығы. /1875-1956/. Шығармашылық өмірбаяны. Ағартушылық, оқытушылық қызметі. Өз кезіндегі қоғам өміріне белсене араласқандығы.

Аударма саласындағы еңбегі. Орыс ақыны И.Крыловтың мысалдарын қазақша сөйлетуі. Ол мысалдардың айтпақ ойы мен сатиралық уытын өз мақсатына орайластыра пайдалануы. Сыншылдық бағыт ұстанғаны. Оқу құралы ретінде аударма мысалдарды пайдалана отырып, «Үлгілі тәржіма» атты кітап шығаруы. Аударма өнеріндегі өзіндік қолтаңбасы. Стильдік, поэтикалық ерекшеліктері. Аудармаларының еркіндік сипаты. Ұлттық әдебиеттің тарихынан алатын орны.

«Үлгілі бала» жинағын шығаруы. Хрестоматиялық оқу құралы ретіндегі маңызы. Оған енген шығармалардың тақырыбы. Олардың шәкірттер ұғымына сәйкестігі. Жинақтағы ақынның аудармалары мен төл шығармаларының ауыз әдебиеті үлгілерінің мазмұндық сипаттары. Кітаптың тәрбиелік, эстетикалық мәні.

Прозасы. Қазақ топрағындағы прозаның алғашқы үлгілерінің бірі «Қалың мал» романы. Қазақ романының даму жолындағы елеулі белесі болып саналады. Романның тақырыбы. Шығармадағы адамдар арасындағы қарым-қатынастардың күрделілігі. «Орындалған арман» - мемуарлық шығарма. Романның композициялық құрылымдық өмірбаяндық мақсатқа бағындырылғандығы. Романдағы дәуір шындығы. Жазушы өмірінің өз айналасында болған тарихи оқиғалар мен әлеуметтік өзгерістермен тығыз байланысты қаралатыны. Шығарманың көркемдік дәрежесі. Жазушының шығармашылық қолтаңбасын танытатын қасиеттер. Романның қазақ әдебиетінде мемуар жанрының қалыптасып дамуына елеулі үлесі қосуы.



Мұхаметжан Сералыұлы шығармашылығы.

Мұхаметжан Сералыұлы /1871-1929/. Қазақ халқының ХХғ басындағы белгілі қоғам қайраткері, ақын, журналисі М. Сералин 1871ж қазіргі Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Өркен колхозында дүниеге келген. Әкесі айтыс ақындарының бірі – ақын Сералы қожа. Әкесі Мұқаметжанның жас кезінде қайтыс болады. Анасы үш ұлын алып Тройцк қаласына келеді. Сегіз жасынан медресеге оқуға түседі. Мұнда алты-жеті жыл оқып, мұсылманша орта дәрежелі білім алады. Шығармашылық өмірбаяны. Қазақтың алғашқы журналисі. «Айқап» журналын шығарудағы еңбегі. Журнал арқылы өзінің мақсат-мұраттарын насихаттап жүзеге асыруы. «Айқап» арқылы ұлт мәдениеттеріне қосқан үлесі. Онда мақалалар жарияланғаны. Тақырыбының әралуандығы. Ел тағдыры, жерді игеру, отырықшылану, білім алу, қала салу, идеяларын насихаттау ерекшеліктері /«Қазақ халқының мұқтаждығы», «Біздің бұрынғы һәм бүгінгі халіміз», «Жер әңгімесі»т.б/. Мұхаметжанның қоғам өміріне араласуы, қайраткер дәрежесіне көтерілуі.

Аударма жанрындағы еңбегі. «Шаһнамаға» назар аударуы. «Рүстем-Зорапты» аударып, баспасөзде жариялауы. А.Сарокиннің «Жусан» әңгімесін аударғаны түпнұсқа таңдаудағы мақсаты.

Поэзиясы. Сюжетті поэмалар жазғандағы «Гүлкәшима» дастандағы махаббат тақырыбы. Екі жастың сүйіспеншілікті бейнелеудегі шыншылдығы. Адалдықты, адам сезімінің пәктігін паш етуі. Шығарманың композициялық ерекшелігі. Тіл көркемдігі. «Топжарға» поэмасының объективті мәні. Ақынның Кенесары тобына қатысты көзқарасы мен сол кезеңдегі қоғам өмірі ұсынған түсінік-ұғымдардың ара қатынасы. Өмірлік деректерді іріктеп алу және оны жүйелеп жеткізуде ауыз әдебиетінің дәстүрлі құралдарын пайдаланғаны. Ұлттық әдебиеттегі сюжетті поэма дәстүріне қосқан өзіндік өрнек бояуы.



Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармашылығы.

Сұлтанмахмұт Торайғырұлы /1831-1920/. Шығармашылық өмірбаяны. Сауат ашу, білім алу қйнарлары. Сұлтанмхмұт және «Айқап» журналы. Демократиялық бағыттағы қазақ ақын санасына ықпалы. әлеумет ісіне, қоғамдық қызметтерге араласуы. Ақынның шығамашылық жолының кезеңдері. Алашордаға қатысы. Шығармаларының жанрлық, тақырыптық жағынан әралуандығы.

Лирикасы. Ақын назарына қоғамдағы жаңғыру нышандарының ілінуі. Өзіне-өзі сеерт бере отырып, ақынның айрықша құлшыныспен алға ұмтылуы. Өлеңдеріндегі өршілдіктің, романтикалық екпіннің ақын жүрегіндегі жалынды отпен ұштасып жатқандығы. Оқуға, білім алуға, сол арқылы халқына қызмет етуге ұмтылуы. Өлеңдеріндегі осы сипаттың көрінісі. Табиғатты, әлеуметтік көңіл күйін, жастық пен махаббаты жырлаудағы шеберлігі. Лирикалық кейіпкері.

Поэмалары. Ақынның «Адасқан өмір» поэмасы. Тақырыбы. Поэмадағы ақын өмір сүрген дәуір суреттерінің бейнеленуі. Түрлі адамдар мен мінез-құлықтың, мың құбылған психолгияның молдығы, автордың сыншылдық көзқарасы. Осы ортадағы лирикалық кейіпкер үнінің айқындығы. Азат өмірді аңсауы, тәуелсіз күнге асығуы. Сол арқылы бүкіл бұхараның ой-арманын бейнелеуі.

«Кедей» поэмасы. Поэмасындағы қарапайым еңбек адам бейнесі. Заман диірменіне түсіп кеткен ауыр өмірі суреттері. Поэмадағы тарихи кезең сипаты. Әлеуметтік теңсіздік үстемдік еткен ортадағы хал-ахуал. Лирикалық кейіпкердің образы. Поэманың қоғамдық идеологиямен үндестігі.

«Қайғы», «Айтыс» поэмалары. Кейінгі жылдарға дейін белгісіз болып келу себептері. Поэмаларда көтерілетін тақырып. Заман ахуалын бейнелеудегі ақынның жетістігі. Қала ақыны мен дала ақынының айтысы арқылы дәуір шындығына қатысты ойлардың алға тартылуы.

Сұлтанмахмұттың поэмадағы көркемдік жаңалықтары. Мазмұны мен түрдің бірлігін шебер ұстана білуі. Ақынның стильдік ерекшеліктері. Поэзиясындағы ерекше екпін, романтикалық шабыт.

Романдары. Ұлттық көркем прозаның даму тарихынан алатын орыны. «Қамар сұлу» романы. Жанрлық сипаты және жазу ерекшелігі. Өз дәуірінің көкейкесті мәселесін көтеруде, шынайы образдар жасауда және көркемдік құралдарды пайдалануда бой көрсеткен жаңашылдық сипаты. Қоғамдағы жағымсыз салт, жат мінез-құлықтың зияндылығын әшкерелеу деңгейі. Қазақ өмірінің шындығы мен қоғам дамуының барысы, ұсынып отырған шындықтың өзара астасқан тұсындағы адамдар тағдырының бейнеленуі. Роман кейіпкерлерінің әралуандығы. Қамар бейнесі. Көркіне парасаты лайық қыздың ел ішіндегі ескі салттың зорлығына өмірінің соңғы сәтіне дейін қарсыласып өтуі. Ахмет, Қасен образдары. Олардың әрекетіндегі жинақылық пен табандалықтың осал түсіп жататыны. Нұрымға қарсы әрекеттрінің оқиға барысымен үйлесімсіздігі. Омардың бейнесіндегі жаңа мінез нышандары. Жорға Нұрым образының сатиралық сипаты. Оның маңайындағы адамдардың бейнеленуі. Оқиғаны баяндауда кездесетін /Қамардың молдамен, бақсымен айтысуы/ ауыз әдебиетіне тән баяндау үлгілерінің қолданысы. Романның композициялық құрылымы, тіл шұрай мен көркемдік өрнектері. Проза мен поэзияны араластыра отырып шығарма жазудағы ақынның ерекшелігі.



Сәбит Дөнентайұлының шығармашылығы.

Сәбит Дөнентайұлы /1894-1933/. Шығармашылық өмірбаяны. Ағартушылық, демократтық бағытта шығарма жазғандығы. Шығармаларының өзіндік ерекшеліктері. Қазақ әдебиетінде сатира жанрының қалыптасып дамуына қосқан үлесі.

Поэзиясы. Сәбиттің өлеңдерінде қозғалған тақырыптар. Қазақ еңбекшілерінің тұрмыс-тіршілігінің бейнеленуі. Олардың екі жақты езгінің астында отырғанын баяндауы. Қоғамдық әлеуметтік әділетсіздікті әшкерелеуі. Халыққа білім беру, сауатсыздықты жою, өлеңдер жазғаны. Абай дәстүрінен үйренуі. «Уақ-түйек» жинағы. Шыншылдыққа бағыт ұстануы.

Мысал өлеңдері /«Бозторғай», «Ыбылыс пен шайтан», «Ауырған арыстан» т.б./. Сәбит мысалдарының өзіне тән ерекшеліктері. Заман тақырыбына ден қоюы. Төңкерістен кейінгі жағдайларды жырлауы. Өлеңдеріндегі ойдың тереңдігі/«Ой», «Қыл»/.

Сәбит поэзиясының тақырыптық, стильдік ерекшеліктері. Шағын формада салмақты ой тұжырымдау қасиеті.

Тұрмағамбет Ізтілеуұлы шығармашылығы. Тұрмағанбет Ізтілеуұлы /1882-1939/. Шығармашылық өмірбаяны. ...Дүниеден өмірім бітіп өтсем де өзім, Аралап жердің жүзін жүрер сөзім. Көре алмай кейінгіні кеттім-ау!- деп, Арманда болмай-ақ қой, екі көзім,- деп өзінің ақындық талантына, әдеби мұрасының өміршеңдігіне бұл дүниеден толық сеніммен көшкен ғажар ақын- Т.Ізтілеуұлы.

Көне түркі, араб, парсы тілдерін еркін меңгерген ақын осы тілдердегі классикалық шығармаларды жырлауға, шығыс даналығы, өнегесімен жазылған қызық оқиғалы поэмаларды жырлауға ден қояды. Оның «Раубану», «Мәрт диқан», «Самұрық», «Өгіздің қикаясы», «Бидай хикаясы», «Төрт дос» секілді дастандарды «Мың бір түн», «Шаһнама», «Тотынама», «Ескендрнама» секілді шығармалардан алып қайта жырланған шығармалары еді. Өлеңдерінде сауатсыздық, әлеуметтік теңсіздік тақырыбын /«Қара қоңыр», «Бар мен жоқ, ал мен бер», т.б./ арқау етеді. Ғылым мен діннің арақатынасы туралы көзқарасы.

Өз шығармашылығында Абай өлеңін құрмет тұтуы. Сол үлгіде жазуға талпынуы. Өлеңдеріндегі философиялық түйіндер. Нақыл негізінде дастан жазуы. Шығыс сюжеттерін пайдалануы. Рубаят жазғандығы. Шығыстың әйгілі шығармасы «Шахнаманы» аударуы.



Ахмет Байтұрсынов шығармашылығы.

Ахмет Байтұрсынов /1873-1937/. Шығармашылық өмірбаяны. Ұлт зиялыларының атасы,қазақ мәдениетінің көрнекті өкілі, қоғам қайраткері болғандығы. Жасөспірім кезінен-ақ әлеуметтік теңсіздікттің сырын сезінуі, ой пайымдауы, оған қарсы үн қатуы. Ахмет өміріндегі «Қазақ» газетінің орны. Оны шығарудағы қиындықтар және ұлт мүддесі. Газеттің басты мақсаты. Тақырыбы. Ұлттық мәдениеттің дамуына адамдар санасының оянуына қатысты газетте қозғалған ойлар. Позициясы, «Маса» жинағындағы халықты ояту идеясы. Ағартушылық ойдың молдығы. Көпшіліктің мүддесін жеке бастыкінен жоғары қою. /«Туысыма», «Қазақ қалп», «Қазақ салты», т.б./. Өлеңдеріндегі сатиралық сарын. Күрес идеясының адамдарға өзінің бақыты жолында алға ұмтылға шақыру ниетінің айқындығы. Халыққа қызмет ету сарыны. Аудармалар. «Қырық мысал» жинағы. Жинақтың құрылымдық және мазмұндық сипаты. И.Крылов мысалдарындағы уытты сатираны қазақ оқырмандарына жеткізудегі қазақ ақынының мақсаты. Елді түзеу, ояту сарыны түп нұсқаға өзіндік өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәжирбесі және оның себептері. Оқиған қазақ оқырманына жақын, ұғымына лайық етіп баяндау шеберлігі. Көсемсөз саласындағы еңбегі. «Қазақ» газетінде жарияланған сан алуан тақырыптағы мақалалары /«Бұ заманның соғысы», «Заман жобасының баяндамасы», т.б./. Әдебиетке қатысты мақалалары / «Қазақтың бас ақыны». т.б./. Мақалаларында тарихи шындықты батыл бейнелеуі, елдің тәуелсіздігін армандауы, отарлық саясаттың құйтырқы пиғылдары мен мақсаттарын әшкерелеуі. Негізгі жолы оқу мен білім жолы, ғылым үйренумен еңбек ету жолы екенін баса айту.

Қазақтың әдебиеті мен тілі зертеудегі ғалымдық еңбегі туралы мәлімет. «Әдебиет танытқыш» қазақ әдебиетіндегі орны. Тұңғыш теориялық еңбектің дүниеге келуі. Әдебиеттің теориясын жасаудағы жаңалық.

Ауыз әдебиетінің озық үлгілерін жинап кітап етіп бастыруы. /«Ерсайын», «23 жоқтау», т.б/.



Міржақып Дулатұлының шығармашылығы.

Міржақып Дулатұлы /1885-1935/. Шығармашылық өмірбаяны. Шығыс пен Батыс әдебиеттерін жетік меңгергені. Ел ісіне, саяси қызметтерге араласуы. Әр тұста жазғандарының /«Жұмбақ», «Біздің жазғандарымыз», т.б./ патша тыңшыларының назарына ілінуі. Қазақтың белгілі зиялыларымен, қайраткерлерімен тізе қосып іс атқарғаны. Баспасөз өміріне араласуы. «Серке» газетінің ұйымдастырылуына араласуы. «Қазақ» газеті мен М.Дулатұлы. Қоғам өміріне атсалысуы. Қайраткерлік еңбегі.

Ақындығы. «Оян, қазақ» жинағында отарлық езгіге қарсы күреск шақыру, халықты ояту идеясын ашық көрсетуі. Кітаптың таралуы, танылу тағдыры. Еркіндік аңсаған халықтың ой-армандары тұжырымдаған сүйікті кітапқа айналғандығы. Міпжақып өлеңдерінде отарлық саясатқа қарсы ойдың, ағартушылық идеяның молдығы. «Азамат» жинағы арқылыоның шын мәніндегі ақындық қуатының танылуы. Онда ақынның тамаша лирик, сезімтал гуманист, сергек публицист ретінде көрінуі. Жастарға үлгі-өнеге көрсетуі.

Прозасы. «Бақытсыз Жамал» романы. Қазақ әдебиетінде таза проза үлгісінде роман жанрының туып, қалыптасуынан, алатын аса маңызды орны. Роман тақырыбының өз заманының көкейкесті мәселесіне араласуы. Жамал мен Ғали арасындағы махаббат трагедиясына байланысты суреттер. Жамал мен Ғали образдары. Міржақыптың қаламына тән реализм. Композициялық құрылымы. Ұлттық көркем прозаның қалыптасып, дамуына үлес болып қосылғаны.

Драматургия жанрындағы шығармалары. «Балқия» пьесасы. Тақырыбы. Маңызы. Қазақ драматургиясын дамытуға қосқан үлесі.

Көсемсөз, аударма салаларында атқарған еңбегі.


Ғұмар Қарашұлы шығармашылығы.

Ғұмар Қарашұлы /1876-1921/. Шығармашылық өмірбаяны. Оқытушылық қызметі. Әдебиет тарихынан алатын орны.

Өлеңдері. Поэзиялық шығармаларының реалистік сипаты. Өлеңдеріндегі сыншылдық сарын. Әділетсіздікті әшкерелеуі. /«Қазақтың байлары мен нашар кедейлері» т.б./ Аударма жанрын дамытуға қосқан үлесі. Аудармашылық стилі, өлең өрнегі.

Нарманбет Орманбетұлы шығармашылығы.

Нарманбет Орманбетұлы /1860-1918/. Шығармашылық өмірбаяны. Білімдарлығы сөзге ұсталығы, шешен адам болғандығы. Абай үлгісінде өлең жазғаны. Шығармаларының көркемдік қанықтығы.

Өлеңдері. Өз аманының ащы шындығын жырлаудағы ақынның реалистік үні. Орыс патшалығының отаршылық саясатына өзіндік өзіндік көзқарасын білдірудегі батыл үні. Осы бағыттағы «Заман», «Аждаһаның аузында», «Сарыарқа» секілді қуатты жырлары.

Өлеңдерінің поэтикалық бояуы, тілінің шұрайы. Бейнелі тіркестің, жанды образдардың қолданысы.

Әріп Тәңірбергенұлы шығармашылығы.

Әріп Тәңірбергенұлы /1856-1924/. Шығармашылық өмірбаяны. Өлеңдерінің көркемдік дәрежесінің әрқилылығы. Ақындық ой мен идеясын жеткізу барысында сатираны пайдалануы. Сыншылдық бағыттағы өлеңдері. Олардағы сықақтың молдығы. Өлеңдерінде ғылымның пайдасын насихаттауы. Дүние, өмір жайындағы өлеңдері. Заман мәселелеріне арналған шығармалары. Ауыз әдебиеті үлгілерін жинаудағы еңбегі. Біржан мен Сараның айтысын бастыруы. Аудармаға атсалысуы.

Бернияз Күлеев шығармашылығы /1899-1923/. Шығармашылық өмірбаяны. Әдеби мұрасынның әрқилылығы, шығармашылығының күрделі сипаты. Өлеңдердегі Абай үлгісінің ықпал әсерінің нышандары.



Ығылман Шөрекұлы /1876-1931/. Т.Жомартпайұлы /1884-1937/ қаламгерлердің шығармашылығы, әдеби мұрасы. Ығылманның «Исатай-Махамбет» дастаны. Тайырдың «Қыз көрелік» романы және оның тақырыбы. Ақындар шығармаларындағы ағартушылық сарын. Олардың әдебиет тарихынан алатын орындары
Жүсіпбек Аймауытов шығармашылығы

Жүсіпбек Аймауытов (1889—1931) - қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.

Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы.

1911-1914 жж. ауылда мұғалім болып істейді.

1914 жылы Семейдегі оқытушылар семинариясына қабылданады. Оны 1918 жылы аяқтап шығады.

Мұнан соң алашордашылардың істеріне араласып, Семейде «Абай» журналын шығарысып, Қ.Сәтбаевпен, М.Әуезовпен танысады. Кейін Алашордадан бөлініп, компартия қатарына өтеді (1919). Қазақстан Кеңестерінің Құрылтайы съезіне делегат болып қатысып, Қазақ АҚСР Халық ағарту комиссариаты комиссарының орынбасары болып тағайындалады (1920). Мұнан соң Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі (1921), «Қазақ тілі» газетінің редакторы. Қарқаралыда мектеп мұғалімі (1922-1924), Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетінің бөлім меңгерушісі (1924-1926), Шымкент педагогикалық техникумының директоры (1926-1929) қызметтерін атқарады.

1929 ж. басталған кеңестік қуғын-сүргін кезінде Қазақстандағы ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар деген жаламен тұтқындалып, ұзақ тергеуден кейін 1931жылы ату жазасына сырттай үкім шығарылған. Шымкенттегі педагогика техникумының директорлығы - міне, мұның бәрі Аймауытовтың жаңа өмірді орнықтыру жолындағы күрес жолын, өмір белестерін көрсетеді. 1929 ж. басталған зобалаң кезінде қармаққа ілінген Жүсіпбек 1931 ж. атылған. Астан-кестең ауыр, бірақ ерекше қуатты да қызық, әлеуметтік төңкерістер, ұлы революциялар заманында өмір сүрген Аймауытов өзінің осы қысқа ғұмырында артына аса бай, бағалы әдеби, ғылыми мұра қалдырып үлгірді. Ол В.Шекспир, В.Гюго, Г.Мопассан, А.С.Пушкин, Н.В.Гоголь, Л. Н.Толстой шығармаларын, «Интернационалды», бірқатар ғылыми еңбектерді аударды, педагогика, психология, методика, эстетик. тәрбие туралы зерттеулер тудырды; әдебиет, эстетика, сын саласына араласты; сан алуан публицистик. мақалалар жазды; «Қартқожа», «Күнекейдің жазығы», «Шернияз», «Ел қорғаны», «Мансапқорлар» пьесалары, «Комплексті оқыту жолдары», «Жан жүйесі», «Өнер таңдау», «Мағжанның ақындығы туралы» еңбектері - күрделі таланттың қазақ әдебиеті тарихындағы өлмейтін орны бар шығармалар. 1918-19 ж. Семей қаласындағы М. Әуезовпен бірлесіп «Абай» журналын шығарды. Осы журналда «Екеу» деген бүркеншік атпен, Әуезовпен бірлесіп, «Абайдың өмірі және қызметі» (1918, № 2), «Абайдан кейінгі ақындар» («Абай», 1918, № 3) деген мақалалар жазды. Бұл мақалаларда Абай өмірінің бірталай қыры сөз болып, оның поэтик, мұрасының аса құндылығы көрсетіліп, кейінгі ақындардың ұлы ұстаздан үйренуі шарт екендігі нұсқалды, Пушкин орыс әдебиетінде қандай тарихи қызмет атқарса, Абай да қазақ әдебиеті үшін сондай тарихи іс тындырғаны орнықты дәлелденген. Қазақ әдеби тілінің қалыптасуына, оның поэтикалық мәдениетінің ержетуіне Абай шығармаларының қаншалықты әсері барлығын көрсеткен. Абай поэзиясының ұлттық дәстүрмен қоса Шығыс, Батыс әдебиеттерімен байланысы қарастырылған. Аймауытов - қазақ әдебиетінде Абайдың шығармашылық мұраттарын ілгері жалғастырған ең ірі тұлғалардың бірі.

Жүсіпбектің қаламынан туған мол мұраны М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғалымдары жинастырып, ғылыми зердеден өткізіп, 1996-1999 жылдары бес том етіп жарыққа шығарды. Сөйтіп, қазақ оқырманы әйгілі суреткердің шығармаларымен арада 60 жылдан астам уақыт өткенде қайта табысты. Ол қазақ әдебиетінде көркем прозада алғаш лиризм әкелген, сондай-ақ пейзаждың үздік үлгісін, психологизмнің терең иірімдерін тамыршыдай дәл басқан нәзік стилист суреткер. 1918-19 ж. М.Әуезовпен бірге Семейде «Абай» журналын шығарып, «Екеу» деген бүркеншік атпен, Әуезовпен бірлесіп, «Абайдың өмірі және қызметі» (1918, №2), «Абайдан кейінгі ақындар» («Абай», 1918, №3) деген мақалалар жазды. А-тың көркем шығармалары эстет. бояуының қашықтығымен, көркемдік қуатымен, стильдік даралығымен қазақ әдебиетінде соны бағыт қалыптастырды. А. пед. оқу орындарында қызмет істей жүріп, жас ұрпақтың жан-жақты білім алуын көздеген еңбектер, оқу құралдарын жазды. Оның пед., псих. және методика саласында жазған ірі еңбектері өз уақытында елеулі рөл атқарды. Олардың ішінде «Тәрбиеге жетекші» (1924), «Психология» (1926), «Жан жүйесі және өнер таңдау» (1926) т.б. бұл бағыттағы ғылымның бастауында тұрған ірі ғылыми еңбектер Жүсіпбек аз ғана ғұмырында әдебиеттің әр түрлі жанрларында өнімді еңбек етіп, құнарлы шығармалар қалдырған. Бес томдық шығармалар жинағында оның өлеңдері мен «Нұр күйі» поэмасы, «Рабиға», «Мансап қорлар», «Сылаң қыз», «Ел қорғаны», «Қанапия Шәрбану», «Шернияз» атты пьесалары, көптеген әңгімелері мен «Қартқожа», «Ақбілек» романдары, «Күнікейдің жазығы» повесі, балаларға арналған ертектері, сын мақалалары мен аудармалары енген.

Бұлардың сыртында «Тәрбиеге жетекші» (1924 ж.), «Пси­хология» (1926 ж.), «Жан жүйесі және өнер таңдау» (1926 ж.), т.б. ірі ғылыми еңбектері бар.

Жүсіпбек Аймауытов қаламынан туған мұралардың қай қайсысы да оның кесек дарын иесі екендігінің, гуманист суреткерлігінің, жалтақсыз ұлтжандылығының жарқын айғағы. Оның шығармалары өзі ғұмыр кешкен заманның, өзі араласқан қоғамның мұқтажын өтеуге, оның ақ қарасын парықтауға арналған. Сөйте тұра көркемдік тегеуріннің қуаттылығы, идеялық ұстанымдарының сонылығы, сөз қолданудағы шеберлігі Жүсіпбек шығармаларының өміршеңдігіне кепіл болмақ.

Мағжан Жұмабай (Әбілмағжан) Бекенұлы

М.Жұмабаев (25 маусым 1893Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы, Сасықкөл жағасы – 19 наурыз 1938Алматы) – Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы өкілі.

Атасы – Жұмабай қажы. Әкесі Бекен саудамен айналысқан дәулетті адам болған. Анасының есімі – Гүлсім. Мағжан ауыл молдасынан сауатын ашып, 1905– 1910 жылдары Қызылжардағы (Петропавл) №1 мешіт жанында белгілі татар зиялысы, мұсылман халықтарының азаттығы жолында күрескен М.Бегишевтің ұйымдастыруымен ашылған медреседе оқыды. Медреседе Бегишевтен Шығыс халықтарының тарихынан дәріс алды, қазақ, татар әдебиеттерін, ФирдоусиСағдиХафизОмар ҺайямНизамиНауаи секілді шығыс ақындарының дастандарын оқып үйренді. Баспадан 1909 жылы шыққан Абай өлеңдерін оқып, “Атақты ақын, сөзі алтын хакім Абайға” деген өлең жазды. 1910 – 1913 жылдары Уфа  қаласындағы “Ғалия” медресесінде білім алды. Онда татар жазушысы Ғ.Ибрагимовтен дәріс алып, белгілі қайраткер С.Жантөринмен тығыз қарым-қатынас орнатады, болашақ көрнекті жазушы Б.Майлинмен танысады. Ибрагимовтің көмегімен 1912 жылы Қазан қаласындағы Кәрімовтер баспасында “Шолпан” атты тұңғыш өлеңдер жинағы басылып шығады. “Садақ”журналын шығаруға қатысады, оған өзінің өлеңдерін жариялайды. 1913 – 1916 жылдары Омбы мұғалімдер  семинариясында оқыды.

“Бірлік” ұйымы жұмысына белсене араласып, “Балапан” қолжазба журналын шығаруға қатысады. Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы  секілді алаш қайраткерлерімен байланыс орнатып, Қазақ газетіне өз өлеңдерін жариялайды.



1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін қалыптасқан саяси жағдайға сай қоғамдық өмірге белсене араласып, Ақмола облыстық қазақ съезін өткізуді ұйымдастырушылардың қатарында болды. Осы жылы сәуірде Ақмола облысы қазақ комитеті құрамына сайланды. Мәскеу қаласында өткен Бүкілресейлік мұсылман съезіне қатысты. Бірінші жалпықазақ съезінің шешімі бойынша Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды.

“Алаш” партиясының Ақмола облысының комитетінің мүшесі болды. “Үш жүз” партиясы өкілдерінің жалған айыптауымен бір айға жуық абақтыға отырып шықты. Екінші жалпықазақ съезіне делегат ретінде қатысып, онда оқу мәселесі бойынша құрылған комиссияға төрағалық етті. 1918-1919 жылдары Петропавл уездік земство басқармасында қызмет етті. 1919-1923 жылдары Ақмола губерниялық “Бостандық туы” газетінде,“Шолпан”, “Сана” журналдарында, “Ақжол” газетінде қызмет істеп жүріп, халық ағарту жұмысына белсене араласады. Сол кезеңде қалың қауымға таныс поэмасы “Батыр Баянды” жазып, жарыққа шығарады.

1923-1927 жылдары Мәскеуде Жоғары әдебиет-көркемөнер институтында оқиды. Онда орыс әдебиетін, Батыс Еуропа әдебиетін терең зерттеп, орыс мәдениет қайраткерлерімен жете танысып, көпшілігімен достық қарым-қатынаста болады. Мәскеуде оқып жүргенде оның шығармалары орынсыз сынға ұшырады. 1924 жылы 24 қарашада Мәскеу қаласындағы Шығыс еңбекшілері коммунистік университетінде қазақ жастарының жерлестік ұйымында жиналыс өтіп, олар Жұмабайұлының 1922 жылы қазанда, 1923 жылы Ташкентте басылып шыққан жыр жинақтарын талқыға салды. Онда ақын шығармаларын теріске шығаратын қаулы қабылданды. Бұл қаулы “Еңбекші қазақ” газетінің 1925 жылы 14 ақпандағы санында басылды. Орынсыз сыннан көңілі жабыққан ақын “Сәлем хат” деген өлең жазды.

Ол “Тілші” газетінде жарияланды. “Еңбекші қазақ” газетінің 1924 жылы 19/12 санында С.Мұқановтың “Сәлем хат жазған азамат Мағжан Жұмабайұлына” деген ескертпемен “Сәлемге сәлем” деген жауап өлеңі басылды.

Жаңа құрылысқа, жаңа тұрмысқа қатысты нақтылы өлең жазбаса да, “уралап айқайламадың” деген кінәмен, тап күресіне белсене араласып, кедей сөзін сөйлемедің деген айыппен Жұмабайұлы қатаң сынға алынды. Жұмабайұлы 1927 – 1929 жылы Бурабайда, одан соң Қызылжарда оқытушылық қызметтер атқарады. 1929 жылы Жұмабайұлы “Алқа” атты жасырын ұйым құрғаны үшін деген айыптаулармен Мәскеудегі Бутырка түрмесіне қамалып, 10 жыл айдауға кесіледі. 1936 жылы М.Горький мен Е.Пешкованың араласуымен бостандық алып, Қазақстанға қайтады. Петропавл қаласынында мектепте орыс тілі мен әдебиетінен сабақ беретін мұғалім болып жұмыс істейді. Көп ұзамай қалалық оқу ісінің меңгерушісі оны саяси себептерге байланысты деген айыппен мұғалімдік қызметтен босатады. 1937 жылы наурызда Жұмабайұлы Алматыға келеді. Аударма ісімен айналысады. 1938 жылы қайтадан қамауға алынып, ату жазасына кесілді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет