Ф-әД-001/046 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Оқытудың техникалық және инструментальдық құралдары



бет34/42
Дата17.11.2023
өлшемі0,54 Mb.
#191931
түріЛекция
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   42
Байланысты:
4. Лекция тезистері Word
тест өбс-811, 13-Дәріс.Басқарушылық және көшбасшылық, КТ сессия Шахсанам, КТ сессия Шахсанам, GELENEK VE D N T RKMEN STAN IN D N HAYATINDA GELENE N ROL [#436985]-826881, Дәріс 3-4. Азаматтық-саяси қарама-қайшылықтар, Дәріс 3-4. Азаматтық-саяси қарама-қайшылықтар 2, Акимшилик жауаптары (копия), кылмыстык бож 111
4 Оқытудың техникалық және инструментальдық құралдары: интеракт. тақта, проектор т.б.
5 Лекцияның әдістері мен түрлері: Картамен және компуспен тәжірибе жүзінде жұмыс жасау. Сұрақ-жауап, дөңгелек үстел т.б
6 Әр түрлі күрделілік деңгейдегі тапсырмалар:

  • Туризм турлері және олардың сипаттамасы.

  • Таулы, жаяу, шаңғы, ат, вело, авто-мото туризм түрлерінің ерекшеліктері.

  • Туристтік маршруттар және спорттық жорықтардың жіктелуі.

7 СӨЖ және ОБСӨЖ тапсырмалары (Өзіндік жұмысқа арналған тапсырма нұсқаулары көрсетіледі)

  • Туризм оқыту әдістемесі бойынша жорық жоспарларын құрастыру.

  • Өз бетінше жорық жоспарын әзірлеп жүргізу

8 Пайдаланған әдебиеттер
1. Алексеев А.А. Питание в туристском походе, Изд. 4-е – М., 1997. – 56 с.
2. Алешин В.М., Серебряков А.В. Туристская топография. – М.: Профиздат. 1985. – 160с.
3. Баленко С.В. Школа выживания. – М., 1992.


WEB сайттар:
1. WWW.sport.kz 4. WWW. TMFV.ru
2. WWW.sport.ru 5. WWW.sport.com
3. WWW.sport. Ign.kz 6. WWW. youtube.com
14. Лекция тақырыбы: Су кедергілерінен өту
1 Жоспары:

  • Қар көшкіні пайда болу себептері, түрлері.

  • Сел тасқыны, тас көшуы, су бөгеттері, мұздықтар, жел, қаранғылық.

  • Улы жыландар мен жіндіктердің шағуы.

2. Мақсаты мен міндеттері: Студенттерге теориялық білім беру, өз бетінше жұмыс жасауға үйрету.
3 Лекция мазмұны (қысқаша):
Қауіпсіздік шаралары.
Қауіпсіздік – туризм дамуына әсер ететін басты фактор, әсіресе туристік ағымдардың көбеюі немесе азаюына әсер етеді.
Туризмнің қауіпсіздігі деп туристердің жеке қауіпсіздігі, олардың мүліктерінің бүтін сақталуы және саяхаттар кезінде қоршаған табиғи ортаға зиян тигізбеуді атаймыз.
Турист сапарға шыға отырып, әртүрлі кездейсоқ оқиғаларға, экстремальді жағдайларға тап болады. Орман өрттері, жер сілкіністері, көшкіндер, қарлы және шаңды борандар, техногенді апаттар, терроризм, әлеуметтік жанжал қақтығыстар – бұлар әлі туристердің жолында кездесетін қауіптердің толық тізімі емес. Басты қауіптер адамдардың өздерінен де болады, мысалы, олардың сенімсіздіктерінен, өздерінің күштері мен мүмкіндіктерін асыра бағалаудан, қауіпсіздік ережелерін ескермеуден, қарапайым өмір сүру жолдарын білмеуден, тіпті жеңілтек алаңғасырлықтан да қауіптер туады. Адамдар ауа райының қолайсыздығына қарамастан жолға шығады, көшкін қаупін төндіретін қарлы жерлермен жүреді, жорыққа қажетті құрал-жабдықтарынсыз, апатты жағдайларда керекті қорларынсыз шығады. Сондықтан осындай туристер апаттар алдында қорғаныссыз қалады, қарапайым, бірақ өмірде өте қажетті, мысалы, алғашқы дәрігерлік көмек көрсету, тұрған жерден бағытты анықтау, азық-түлік іздеп табу және т.б. осылар сияқты іс-әрекеттерді жүзеге асыруға қабілетсіз келеді.
Туристке мынадай білім және тәжірибелік дағдылар қажет. Олар – жорық болатын ауданның климатының, ауа райының ерекшеліктері, сол жердің жер қабаты, жан-жануарлар мен жәндіктері туралы білімдері; аспан денелері, табиғат белгілері т.б. тәсілдер бойынша бағытты анықтау, меициналық көмек көрсету т.б. бойынша тәжірибелері.
Туристердің осындай білімдері мен тәжірибелері қиындықтар кезінде үлкен көмек беріп қана қоймай, сонымен бірге, оның осы қиындықтарды жеңіп шығуына сенімділік, күш-қуат береді. Туристің кездейсоқ жағдайларға кез болғанында осындай психологиялық жағынан дайындылығы қайрат-күшінің беріктілігін арттырады және болған экстремальді жағдайды тез әрі дұрыс бағалауға, өзін ұстамды ұстауға көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет