Ф-әД-001/046 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Оқытудың техникалық және инструментальдық құралдары



бет9/42
Дата17.11.2023
өлшемі0,54 Mb.
#191931
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   42
Байланысты:
4. Лекция тезистері Word

4 Оқытудың техникалық және инструментальдық құралдары: интеракт. тақта, проектор т.б.
5 Лекцияның әдістері мен түрлері: Картамен және компуспен тәжірибе жүзінде жұмыс жасау. Сұрақ-жауап, дөңгелек үстел т.б
6 Әр түрлі күрделілік деңгейдегі тапсырмалар:

  • Карталармен жұмыс істеу, компас пен жұмыс

  • Рекреация түсінігі.

7 СӨЖ және ОБСӨЖ тапсырмалары (Өзіндік жұмысқа арналған тапсырма нұсқаулары көрсетіледі)

  • Бағытты анықтаудың дәстурлі әдістері

8 Пайдаланған әдебиеттер
1. Алексеев А.А. Питание в туристском походе, Изд. 4-е – М., 1997. – 56 с.
2. Алешин В.М., Серебряков А.В. Туристская топография. – М.: Профиздат. 1985. – 160с.
3. Баленко С.В. Школа выживания. – М., 1992.
4. Вуколов В.Н. «Основы техники и тактики активных видов туризма» Алматы, 2005.
5. Вяткин Л.С., Сидорчук Е.В., Немытов Д.В. Туризм и спортивное орентирование: учебное пособие для студ. высш. пед. учеб. заведений. – М.: Издательский центр «Академия», 2001.


WEB сайттар:
1. WWW.sport.kz 4. WWW. TMFV.ru
2. WWW.sport.ru 5. WWW.sport.com
3. WWW.sport. Ign.kz 6. WWW. youtube.com
5. Лекция тақырыбы: Жергілікті жерде орналасу
1 Жоспары:

  • Жазықтық, таулы және шөлді жер жағдайындағы турістердің жаяу жүрудің әртүрлі режімдерінің сипаттамасы.

  • Салқындаудың әсері.

  • Шынығудың негізгі қағидалары.

2. Мақсаты мен міндеттері: Студенттерге теориялық білім беру, өз бетінше жұмыс жасауға үйрету
3 Лекция мазмұны (қысқаша):
Шынығу деп организмнің қоршаған орта факторларына, әсіресе, метеорологиялық факторларға (шынығудың арнаулы әсері) қарсы тұру мүмкіндігін арттыратын процедуралар жүйесін түсінеді. Сонымен қатар шынығу организмнің қызмет қабілетін жоғарылатады, әр түрлі ауруларға иммунобиологиялық қарсы тұру (арнаулы емес әсері) дәрежесін арттырады.
Жеке әсерлердің ұзақтығы мен күшінің жүйелі түрде қайталануына байланысты, шынығуды жаттығулардың жеке түрі деп қарауға болады. Бұл жағдай шынығудың негізгі принциптерін ( ақырындап, еппен бастау және жүйелігін сақтау) анықтайды.
Балаларды ерте жастан метеорологиялық факторларға шынықтырудың маңызы өте зор. Дене температурасының тұрақтылығы химиялық және физикалық болып бөлінетін термореттеу процесі арқылы сақталады. Біріншісі- жылу бөлінуін (зат алмасу) реттеу, екіншісі- жылу беруді реттеу болып табылады. Сыртқы ортаның температуралық факторлары, терінің терморецепторларына (жылулық, салқындық) әсер етеді. Бұл рецепторлар дененің барлық аймақтарында біркелкі таралмаған. Оның ең көп бөлігі бет терісінде, ең аз бөлігі иық, қол терілерінде орналасқан. Кейінгі жылдары терідегі жүйке жүйесінің еркін аяқталуы туралы - салқындаған кезде терідегі жиі соға бастайтын импульс яғни салқын сезгіш жіпшелер туралы айтыла бастады. Импульстер рецептордан гипотала-мусқа (организмнің жылу реттеу орталығына) барады. Жылу реттеу реакциялары өз кезегінде зат алмасу және қаңқа бұлшық еттерінің моторлы ортасымен, яғни жылу өндіру орталығымен байланыста болады.
Дене температурасын реттеуде перифериялық қан айналысының жылдамдығы мен көлемі, тері бетінің жылу беру мөлшерін өзгертеді. Температуралық тітіркендіргіштер әсер еткенде қан тамырларының кеңеюуі немесе тарылуы, орталық жүйке-жүйесінің қатысуымен реттеледі. Салқын әсер еткенде, рефлекторлық реакциялар жылу бөлінуді 15-30% кемітіп, қан тамырларының тарылуын қамтамасыз етеді. Сонымен бірге жылу өндіруді ұлғайтатын, шартсыз рефлекстер де іске қосылуы мүмкін.
Бала организмі туған күнінен бастап, термореттеуші жүйемен реттеледі, бірақ ол толық жетілмеген, әлсіз болып келеді. Балалардың терісі ересектердікіне қарағанда жұқалау және капиллярларға бай келеді. Тері бетінің көлемі де салыстырмалы түрде көбірек болады, зат алмасу процессі ересектерге қарағанда үдемелі түрде жүретіндіктен, жылу берілуіне қолайлы жағдай туады, сондықтан олар салқын тигеннен пайда болатын ауруларға бейім келеді.
Жылу реттеу жүйесінің дұрыс жетілуі үшін, организм шынығуды қажет етеді және осы жүйелерге кейбір жүктеме түсіру бала организміне зиянды емес, керісінше, пайдалы болып келеді. Сондықтан, организмнің шынығу процесі термореттеу аппаратының жаттығуына негізделген.
Балалық шақта әсіресе, сәбилік шақта және мектепке дейінгі кезеңдерде химиялық жылу реттеу орталығының өте маңызды қорғаныш рөлін атқарады. Салқын тітіркендіргіштерге тері-тамыр реакциясының жылдамдығы жас өскен сайын арта түседі, бірақ аздаған шынығу процедурасы болуы да мүмкін. Рецепторлық аппараттар мен қан-тамыры реакцияларына қайта-қайта жүктеме түсіру, олардың қызметін жетілдіре түседі және термореттеу жүйесінің функционалдық мүмкіндіктерінің жетілуін жылдамдатады. Белгілі шартсыз рефлекстерден басқа, солардың негізінде, балалар организмінде температуралық әсерлерге термореттеу жүйесін саналы түрде іске қосатын шартты рефлекстер пайда болады.
Шынығудың тиімділігі төменде көрсетілген принциптердің сақталуына байланысты:
1.Процедураларды қолданудың жүйелілігі;
2.Тітіркендіргіштердің күшін ептеп ұлғайту;
3.Жасына, денсаулығына және шынығу дәрежесіне байланысты шынығуды бастаған кезде, жеке бас ерекшеліктерін ескеру;
4.Балалардың ең жақсы жылулық жағдайда болуы;
5.Баланың көңіл-күйінің дұрыстығы.
Балаларды шынықтырудың құралдары болып, негізінен табиғи факторлар алынады: ауа, су, күн радиациясы. Оларды шынығуға пайдалану үшін, белгілі гигиеналық талаптар қойылады. Ауа мен су таза және белгілі температурада болуы қажет. Сонымен қатар ауаның ылғалдылығы мен қозғалу жылдамдығы да есепке алынады. Күн сәулесінің түсетін бұрышы, әсер ету үстемдігі және ұзақтығы белгілі мөлшерде болуы қажет.
Жалпы алғанда, денешынықтыру тәрбиесінің салауаттандырудағы тиімділігі екі негізгі принципті сақтағанда ғана дұрыс болады: тәуліктік қимыл-қозғалыс белсенділігіне гигиеналық нормаларға сәйкес түзетулер жүргізілуі және денешынықтыру тәрбиесінің гигиеналық негізделген жалпы моделінің болуы.
Қимыл-қозғалыс белсенділігінің дұрыс жасалған нормасы негізгі үш талаптың орындалуын: организмнің барлық жүйелерінің үнемді қызмет етуін, олардың сенімділігін және қоршаған ортаның өзгеруіне реакцияның дұрыс сақталуын қамтамасыз етуі керек.
Жылдық динамикада баланың жеке басының және ұжымның денсаулық көрсеткіштерінің жақсы жаққа өзгеруі, жас кезеңдерінің гигиеналық нормасының критерийі болып саналады. Гигиеналық нормалардың диапозондары, өсіп келе жатқан организмнің жеке бас ерекшеліктеріне байланысты қолдануға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет