Компас бойынша көкжиек тұстарын анықтау Туристік тәжірибеде ең көп тарлған компас – Адрианов компасы. Компас ішінде болаттан жасалған үшкір инеден тұратын магнитті тілі бар дөңгелек қорабша. Қорабшаның ішкі бөлігінде градустық бөліктерге бөлінген шкаласы бар. Компас қорабшасы бекітілген айналмалы қақпақпен жабылған. Көкжиек тұстарын анықтаған кезде, бұрыштарды өлшегенде компасты бағыттау қажет. Ол үшін тежеуішті жіберіп тілінің солтүстік ұшын лимбаның нолімен сәйкестендіру қажет. Көкжиек тұстарын лимбада көрсетілген С, Ю, В, З деген белгілер, яғни солтүстік, оңтүстік, шығыс, батысты білдіреді. Градустардың мәні сағат тілінің жүрісі бойынша болады. Шкаланың әрбір бес бөлігі 15 градусты білдіреді, яғни бір бөлік з градусқа тең. Таныс емес жер бойынша қозғалғанда бірнеше ориентир таңдап, қозғалыс жүрісінде жаңасын белгілеп отыру қажет. Әдетте, ориентирлер алыс және жақын деп белгіленеді. Таяу ориентирге қозғала отырып, қозғалыстың жалпы бағытын алыс ориентирмен текмеріп отыру қажет. Егер бағыт өзгерсе, онда жаңа алыс ориентирін таңдалады. Далалы, шөлді жерлерде бағытталуға ландшафттың біркелкілігі, ориентирлердің аз немесе болмауы қиындықтар тудырады. Орманда ориентир ретінде орман жолдары, өзендер, ашық жерлер, жыраларды қолдану ұсынылады, бағытты компастың бағытымен тексере отырып бағытты анықтайды.
Таулы, қыратты жерлерде бағытталу бағытты шолып отыра алмауы себебінен қиынға соғады. Асуларда, төбелерде жерді көріп бағытты анықтау жақсырақ..
Көкжиек тұстарын анықтау. Көкжиек тұстарын анықтау тәсілдері.
Көкжиек тұсы жергілікті жерде құлабыз (компас), аспан шырақтары және жергілікті белгілер бойынша анықталады. Көкжиек тұсын анықтаудың көп тараған тәсілі – құлабыз көмегімен анықтау. ҚР ҚК-нде Адрианов құлабызы кеңінен қолданылады. Құлабыз корпусында 120 бөлік белгілермен сақина орналастырылған, оған екі қатар сандар салынған. Бөлік белгілерінің үстінде тікелей орналасқан сандардың бір қатары сағат меңзерінің жүрісі бойынша градустық шамада берілген; сағат меңзері жүрісіне қарсы орналасқан сандардың келесі қатары бұрыш өлшегіштің бөлік белгілерін білдіреді. Корпустың үстіңгі жағына лимб айналасында айналмалы ойықты және қарауылды қақпақ бар. Ол кез келген бағытты нысанаға алады, ол кезде қарауыл үнемі бақыланатын заттың бағытына бағытталады. Көкжиек тұсын анықтауда тежеуішті босатып, құлабызды көлденең орнатып, оның магнит меңзерінің солтүстік ұшы шкаланың нөлдік бөлік белгісіне қарсы тұруы тиіс. Құлабыздың бұл орналасуында В-Ю-З-әріптері – шығыс, оңтүстік, батысты , ал нөлдік бөлік белгісі – солтүстік бағытын көрсетеді. Көкжиек тұстары Күн бойынша мейлінше тез анықталады, бірақ жуық нәтижелі болады. Көкжиек тұстары Күн бойынша сағат көмегімен күндіз, кез келген уақытта келесі әдістермен анықталады. Сағат көлденең орналастырылып және сағат тілінің ұшы Күнге қарай бағытталып бұрылады. Сағат меңзері мен күнге бағытталған циферблаттағы 1 санының бағыты арасын ортасынан бөлетін түзу оңтүстік бағытын көрсетеді. Түске дейін 13 сағатқа дейінгі, ал түстен кейін 13 сағаттан өткен доғаны ортасынан бөлеміз. Оңтүстік бағытын біліп алған соң, көкжиктің басқа да тұстарын оңай анықтауға болады. Көкжиек тұсы түнгі ашық аспанда әрқашан солтүстік бағытта орналасқан Темірқазық жұлдызы бойынша анықталады. Оны жетіқарақшы шоқжұлдызымен оңай табуға болады. Ол үшін көрсетілген шоқжұлдыздың шеткі екі жұлдызы а және в арқылы өтетін түзуді ойша жалғастырамыз; осы екі жұлдыздың арасындағы қашықтықтай қашықтықты бес рет көзге көрінетіндей түзу бойына саламыз, соңғы қашықтықта Темірқазық жұлдызы көрінеді. Көкжиек тұстары мейлінше жиі кездесетін келесі жергілікті белгілер арқылы шамалап анықталады. Ағаш қабығының солтүстік жағы бұжырлау және күңгірттеу болып келеді. Бұл әсіресе қайыңның қабығынан байқалады. Мүк пен қына ағаш діңі мен тастың солтүстік жағына шоғырланады. Ауа райының ыстық кездерінде қылқан жапырақты ағаштардың оңтүстік беткей жағына шайыр көбірек жинақталады. Құмырсқалар өз илеуін ағаштың, түбірдің немесе бұтаның оңтүстік жағына салады. Илеудің оңтүстік жағы түйетайлы, солтүстік беткейі одан гөрі қиялау келеді. Жемістер мен жидектер оңтүстікте ерте өң беріп, пісіп жетіле алады. Қар оңтүстік беткейде тезірек ериді (еру кезінде , қарда оңтүстікке қарай созылған, сопақша келген шұңқыр пайда болады).
Картамен жергілікті жерде бағдарлану. Жол бойымен қозгалыс жасау кезінде алдын ала картамен жақсылап зерделеп алып, козғалыс маршрутын: жол сипатын, жол бойындағы құрылыстарды, көкжиек тұсына қатысты жалпы бағыт жолын, өтуге қиын учаскелердің орналасуын жөне оларды айналып өтуге болатын жолдарды, жол айрығы мен жол қиылыстарын есте сақтау керек. Содан соң картада қозғалыс дұрыстығын бақылау үшін қажетті маршрут бойынша негізгі бағдарлар таңдап алынып, іріктеледі. Бүкіл маршруттардың ұзындығы мен таңдалып алынған бағдарлар арасындағы қашықтықтар өлшенеді және жазылып алынады.
Қозғалыс уақыты картада бағдарланған болуы тиіс. Бұл бағдардан келесі бағдарға жылжи отырып, картаны жергілікті жермен жүйелі түрде салыстырып отыру керек. Жүріп өткен қашықтық пен бағдарлар бойынша қозғалыс дұрыстығын бақылау — кез келген нүктеде таңдалып алынған бағдарлар қатынасындағы маршрутта өз тұрған жерінде және козғалыстың соңғы пунктін айқын білу үшін қажет. Әсіресе бағдарлану дұрыстығына күмән туғызатын жерлерде қорғану кезінде мұкият болған абзал.