Ф-әД-001/046 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Оқытудың техникалық және инструментальдық құралдары



бет4/42
Дата17.11.2023
өлшемі0,54 Mb.
#191931
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
4. Лекция тезистері Word

4 Оқытудың техникалық және инструментальдық құралдары: интеракт. тақта, проектор т.б.
5 Сабақты өткізу тәртібі: Картамен және компуспен тәжірибе жүзінде жұмыс жасау. Сұрақ-жауап, дөңгелек үстел т.б
6 Әр түрлі күрделілік деңгейдегі тапсырмалар:

  • Ориентир бойынша жерді шамалап тану

  • Көкжиек тұстарын анықтау

7 СӨЖ және ОБСӨЖ тапсырмалары (Өзіндік жұмысқа арналған тапсырма нұсқаулары көрсетіледі)

  • Тұрған жері мен қозғалыс бағытын ориентирге шыққанға дейін анықтау.

8 Пайдаланған әдебиеттер
1. Алексеев А.А. Питание в туристском походе, Изд. 4-е – М., 1997. – 56 с.
2. Алешин В.М., Серебряков А.В. Туристская топография. – М.: Профиздат. 1985. – 160с.
3. Баленко С.В. Школа выживания. – М., 1992.


WEB сайттар:
1. WWW.sport.kz 4. WWW. TMFV.ru
2. WWW.sport.ru 5. WWW.sport.com
3. WWW.sport. Ign.kz 6. WWW. youtube.com
3. Лекция тақырыбы: Жүру жолын және уақытты жоспарлау.
1 Жоспары:

  • Азықтану мен тамақ әзірлеу режімі.

  • Азық-түлікті таңдау, тамақ азақ-түлігінің шығыны, сақтау және тасымалдау ерекшеликтері.

  • Жорық кезінде ауыз-су мәселесін шешу, суды тазалау тәсілдері.

2. Мақсаты мен міндеттері: Студенттерге теориялық білім беру, өз бетінше жұмыс жасауға үйрету.
3 Лекция мазмұны (қысқаша):
Туристік саяхатты табысты өткізудің маңызды мәселесі – ол туристердің дұрыс әрі қауіпсіз тамақтануы. Тамақ дене ауыртпалығымен болған күшінінің орнын толтыру үшін қажет. Тамақтануды ұйымдастыру оны есептеуден, сатып алудан, салудан және дұрыс бөлуден тұрады. Азық-түлікке қойылатын ең басты талаптар: жоғары калориялық, салмағының жеңілдігі, ұзақ сақталу мен суланбауға шыдамдылығы. Азық-түлікке қажетілікті анықтау туристік топтың тәжірибесіне, материалдық және көліктік мүмкіндіктеріне қарай есептелінеді. Тағамдар құндылығы оның калориялығымен таңдалады. Тамақ калориялылықпен қатар, тамақ құрамындағы негізгі компоненттерінің дұрыс қатынасымен де сипатталады. Саяхатқа алынған тағамдар ішінде құрамында көміртегі бар азық-түліктер болуы тиіс. Адамға орташа бұндай өнімдерден 500-800 г қажет етіледі.
Тағамның келесі энергетикалық көзі – бұл майлар. Салмағына қарай олар көп калориялы болып келеді. Адамға күніне 70-100 г әртүрлі майлар қажет. Қатты ыстық кездерде ағзаның көміртекке қажеттілігі төмендейді және калория жетіспеушілігінің орнын майлар толтырады. Майлы, құнды тамақтарды қыс уақытында көп қолданады. Көміртек пен майлар қандай да бір деңгейде бір-бірінің орнын толтыра алады.
Ақуыздар (балық, жұмыртқа, сүт өнімдері) негізінен ағза жасушаларын орнына келтіру, гармондар мен ферменттердің жасалу үшін қажет. Адамға күніне 70-100 г ақуызды өнімдер қажет, оның айтарлықтай бөлігі сүт ақуыздарынан болуы тиіс. Тағам ағзаны әрртүрлі витаминдермен қамтамасыз ету керек. Барлық витаминдер ағза үшін жеткілікті түрде жеміс-жидектер құрамында болады. Минералды тұздарды ағза көкөністермен және ішетін сумен бірге алады. Ас тұзы ағза үшін жеткілікті нан құрамында болады. Тағамдарды тұздауға кеткен тұз мөлшерін есепке алсақ адам күніне 20-30 г тұз қолданады. Ыстық күндері бұл мөлшер 40 г дейін өседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет