Инструкция: «Внимательно послушайте текст и выполните задания по тексту»



Дата28.01.2018
өлшемі127,06 Kb.
түріИнструкция


КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК


Аудирование

Инструкция: «Внимательно послушайте текст и выполните задания по тексту».

1. Абайдың үйіне келген ақындар нені жырлады?

A) Барлас «Жүсіп-Злиханы», Байкөкше «Мамырды».

B) Барлас «Еділ-Жайықты», Байкөкше «Жұпар қорығын».

C) Барлас «Қозы Көрпеш-Баян сұлуды», Байкөкше ескі жырларды.

D) Барлас «Қобыланды батырды», Байкөкше «Қозы Көрпеш-Баян сұлуды».

E) Барлас «Еңлік-Кебекті», Байкөкше «Құламергенді».


2. Бала Абайға ерекше әсер еткен «Қобыланды батыр жыры». Бұл нені көрсетеді?

A) Ақындар жырын білетінін.

B) Жақсы тыңдарман екендігін.

C) Абайдың зеректігін, еліткіштігін.

D) Шешесі Ұлжанның тәрбиесін.

E) Ақын Барласты жақсы көретінін



3. Кішкентай күнінен ертек-әңгімені көп сүйетін бала осы жазда, тіпті, көп естіп, көп біліп алған сияқты. Нені біліп алған сияқты?

A) Ақын Байкөкше жырларын.

B) Әжесі Зеренің әңгімелерін.

C) Халықтың бай эпос-жырларын.

D) Қиссаларды.

E) Ақын Барластың жырларын



4. Мәтінде Абайдың шешесі нелерді жақсы айтатынын көрсетіңіз

A) Айтыстарды.

B) Жұмбақтарды.

C) Ертегілерді.

D) Өлең сөздерді

E) Ел ішінде болған оқиғаларды.



5. Әңгіменің негізгі ойы неде?

A) Бала Абайдың портреті туралы.

B) Абайдың поэзияға қызығушылығын оятқан екі шешенің ролі.

C) Әжесі Зеренің әңгімесі туралы.

D) Абайға Қобыланды ерлігінің әсері.

E) Шешесі Ұлжанның өлең сөздің құдыреті туралы әңгімелері.



Инструкция: «Внимательно послушайте текст и выполните задания по тексту».

6. Сәлемдесу кезінде қытайлардың хал-жағдайды сұрау әдебі

A) «Қуаныңыз»

B) «Денсаулығың қалай?»

C) «Қалай, сіз терлейсіз бе?»

D) «Бала-шаға, үй іші аман ба?

E) «Бүгін тамақтандыңыз ба? Қарныңыз тоқ па?»


7. Тілдерін шығарып амандасатын халық.

A) Орыстар.

B) Тибеттіктер.

C) Гректер.

D) Моңғолдар.

E) Француздар.



8. Сәлемдесу кезінде мысырлықтардың хал-жағдайды сұрау әдебі

A) «Қуаныңыз»

B) «Қалай, сіз терлейсіз бе?»

C) «Бала-шаға, үй іші аман ба?

D) «Бүгін тамақтандыңыз ба? Қарныңыз тоқ па?»

E) «Денсаулығың қалай?»



9. Амандасудың шарапаты мен кереметі.

A) Білімділікті көрсету.

B) Өнерлілікті көрсету.

C) Дарындылықты көрсету.

D) Дүние, байлығын көрсету.

E) Достық, жақындықты көрсету.



10. Мәтін бойынша қазақтардан басқа иіліп сәлем беретін халық

A) Тибеттіктер

B) Римдіктер

C) Жапондықтар

D) Латын Америкалықтар

E) Француздар











Лексико-грамматический блок

Инструкция: «Вам предлагаются задания с одним правильным ответом из пяти предложенных».

1. Синонимдік қатарды анықтаңыз.

A) Қызық – қылық.

B) Арзан – қымбат.

C) Суық – ыстық

D) Қымбат – құнды.

E) Қиын – оңай


2. Синонимдер қатарын анықтаңыз.

A) аласа, биік

B) қызыл, көк

C) уақыт, мезгіл

D) жақсы, жаман

E) ұзын, қысқа



3. Үш буынды сөзді белгілеңіз.

A) орамжапырақ

B) уық

C) арзан


D) мемлекеттік

E) дастарқан



4. Бірыңғай қысаң дауыстылары бар сөзді белгілеңіз.

A) қуаныш

B) қарағай

C) достық

D) жыбыр

E) заңгер



5. Сандық, күрек сөздеріне жалғанатын жұрнақтарды анықтаңыз.

A) -тың, -тің

B) -қа, -ке

C) -дай, -дей

D) -еке, -ке

E) -ша, -ше



6. Дара түбірді табыңыз.

A) ТМД.


B) Он бес.

C) Ата-ана.

D) Мәдениет сарайы.

E) Кестеде.



7. Көптік жалғауларды белгілеңіз.

A) -мын, -мін, -сың, -сің

B) -ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің

C) -ым, -ім, -ың, -ің, -м, -ң, -сы, -сі

D) -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер

E) -ыншы, -інші, -ншы, -нші



8. Реттік сан есімді белгілеңіз.

A) Жүз.

B) Отыздаған.

C) Тоғызыншы.

D) Үштен бір.

E) Бесеу.



9. Жақты сөйлемнің белгісін көрсетіңіз.

A) Тек тұрлаусыз мүшелер қатысқан сөйлем.

B) Баяндауыш өзі сөйлемге ұйытқы болады.

C) Тек тұрлаулы мүшелерден тұрады.

D) Бастауышты мүлде қажет етпейтін сөйлем.

E) Баяндауыш арқылы бастауышты табуға болатын сөйлем.



10. «Және, мен, пен» шылауларымен жасалатын сөйлемнің түрін анықтаңыз.

A) Кезектес салалас құрмалас.

B) Ыңғайлас салалас құрмалас.

C) Қарсылықты салалас құрмалас.

D) Шартты бағыныңқылы сабақтас.

E) Қарсылықты сабақтас құрмалас.



11. «Красивый» сөзінің қазақша аудармасын анықтаңыз.

A) Сұлу, әдемі.

B) Мұғалім, ұстаз.

C) Ерте, кеш.

D) Кіші, аласа.

E) Жаман, нашар.



12. Буынға бөлінбейтін сөзді белгілеңіз.

A) ұлт


B) ауыл

C) ермек


D) уақыт

E) әдепті



13. Қандай түбір екенін анықтаңыз.

Сыйлық.

A) Біріккен сөз.

B) Қос түбірлі сөз.

C) Туынды түбір.

D) Қыстырма сөз.

E) Негізгі түбір.



14. Топтау сан есімін анықтаңыз.

A) Алтыншы, сегізінші.

B) Он-оннан, бес-бестен.

C) Алты, жүз бес.

D) Төртеу, жетеу.

E) Тоғыз, қырық төрт.



15. Сөйлемдегі етістіктің шағын анықтаңыз.

Көне түркі жазба ескерткіштері үш топқа бөлінеді.

A) Ауыспалы осы шақ.

B) Бұрынғы өткен шақ.

C) Жедел өткен шақ.

D) Нақ осы шақ.

E) Мақсатты келер шақ.



16. Лепті сөйлемді анықтаңыз.

A) Күн қандай тамаша

B) Елдің бірлігі, ынтымағы нығая береді

C) Бұл қандай көл

D) Қазақ жері кенге бай

E) Қазақстан әлем елдерімен бейбіт өмір сүреді



17. Сабақтас құрмалас сөйлем қандай сөйлемдерден тұратынын анықтаңыз.

A) Жай, күрделі.

B) Лепті, хабарлы.

C) Бағыныңқы, басыңқы.

D) Сұраулы, лепті.

E) Бұйрықты, сұраулы.



18. Синонимдік қатарды көрсетіңіз.

A) Жазды, бақты, келді.

B) Сызық, жазық, дала.

C) Қала, көше, дүкен.

D) Жолықты, ұшырасты, кездесті.

E) Ауылдас, мұңдас, замандас.



19. Пысықтауыш қызметін атқарып тұрған сын есімді табыңыз.

A) Жақсыда жаттық жоқ.

B) Өнерлі өрге жүзеді.

C) Кішіпейілділіктен кішіреймейсің.

D) Қарт кісі келе жатыр.

E) Жанар сабақты жақсы оқиды.



20. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемді белгілеңіз.

A) Жастар жеңіл музыканы ұнатады, ал жасөспірімдер технодиско музыкасын жақсы көреді.

B) Достарыңның алдында қадірлі болғың келсе, өзің де оларды сыйла.

C) Әр адам қоғамға пайда әкеледі және өзін де дамытады.

D) Киіз үй – мал өсірушілердің негізгі баспанасы, өйткені өте ыңғайлы.

E) Түстен кейін демалыс саябағына барып, қайыққа мініп серуендедім.






Чтение

Инструкция: «Внимательно прочитайте текст и выполните задания по тексту».

Бейбарыс сұлтан (1223-1277жж)

Мәмлүк мемлекетінің төртінші сұлтаны Рукн ад-дин Бейбарыс – Әл-Мансури Әл-Мысридің тағдыры өте қызықты және қарама-қайшылықтарға толы. Бейбарыстың әкесі – Жамақ, анасы – Әйнек. Ол хорезмдік бербендік қыпшақ. Оның ақсүйектер руынан шыққанын тарихшылар дәлелдеген. Оның құлдыққа қалай түскендігі туралы екі мәлімет бар. Алғашқысы бойынша, әскери жорықтардың салдарынан, екіншісі бойынша, әкесінің жаулары оны құлдыққа сатып жіберген. Бейбарыс – қатардағы құлдан Мәмлүк мемлекетінің сұлтаны дәрежесіне дейін көтеріле алған адам.

Мәмлүк мемлекетінің іргесін Мұхамед пайғамбар мұрагерлерінің арасындағы көп жылдық қақтығыстар мен қызу тартыстардан кейін оның қызы Фатима мен күйеу баласы Ғали-Арыстан қалады. Өз мемлекетін жаудан қорғауда олар жергілікті халыққа емес, күшті де қайратты қыпшақ жігіттеріне иек артты. Ал 1217 жылдан бастап исламның сопылық бағытқа көшуіне байланысты, әскерге түріктің ұлдары іріктелініп алына бастады, бұл әскери төңкерістердің алдын алудың қамы еді. Мысыр сұлтаны күзет үшін жігіттерді итальян көпестестерінен сатып алды. Осылайша Бейбарыс та Дамаскіде 800 дирхемге сатылған болатын. Мұнда ол өз жерлестерімен қауышты. Бейбарыс өзін әскери өнердің шебері ретінде таныта білді. Мысыр сұлтаны Аюби оны өзінің хатшысы етіп тағайындады. Сол кезеңде Бейбарыс басқарған Мәмлүк мемлекетінің әскері орта ғасырдағы екі ірі қолға – «крест жорығы» мен моңғол басқыншыларына тойтарыс берді.

1260 жылы Күтіз сұлтан қайтыс болғаннан кейін, Бейбарыс таққа отырды. Мысыр мемлекет басына мәмлүк (қыпшақ) әулетінің келуімен және алтын Ордамен байланыстың нығаюына орай жедел қарқынмен дамыды.

Билік тізгінін мықтап қолға алған Бейбарыс әр қаланы күшейтіп, әрбір қалада тұрақты әскер ұстады. Мемлекеттегі тәртіпті нығайтты. Сарай маңында орын алатын өзара қырқысуларды түпкілікті тоқтатты. Арналық жүйені енгізді. Мәмлүк мемлекеті көркейе түсті. Мәмлүктерге әлемнің түкпір-түкпірінен көпестер ағылып келе бастады. Барлық өзендерге көпір және әрбір қалаға бір мешіттен салынды. Бейбарыс шығыстағы барлық араб иеліктерінің әміршісі деген атаққа қол жеткізді.




1. Бейбарыс сұлтанның шыққан тегін көрсетіңіз?

A) Оғыз.

B) Түрік.

C) Араб.

D) Сақ.

E) Қыпшақ.



2. Бейбарыс сұлтан туралы мәтін оқырманның қандай сезімін тудырады?

A) Мақтаныш.

B) Қорқыныш.

C) Алғыс.

D) Қуаныш.

E) Өкініш.



3. Бейбарыс қатардағы құлдан Мәмлүк мемлекетінің сұлтаны дәрежесіне қалай көтерілді?

A) Әскери өнерімен.

B) Айламен.

C) Әскери төңкеріс арқылы.

D) Кресшілердің көмегімен.

E) Арабтардың көмегімен.



4. Бейбарыс сұлтанның билігінің ең көрнекті нәтижесін көрсетіңіз?

A) Мемлекеттегі тәртіпті нығайтты.

B) Мысырды моңғол шапқыншыларынан қорғап қалды.

C) Мысырды кресшілерден тазартты.

D) Мәмлүктер мемлекетін ірі державаға айналдырды.

E) Орта Азиядағы селжүктерді, кіші Арменияны толығымен өзіне бағындырды.



5. Бейбарыс Мысыр еліне қалай келді?

A) Білім алуға келді.

B) Ел аралап келді.

C) Сауда жасауға келді.

D) Соғысқа қатысты.

E) Құлдыққа сатылды.








Инструкция: «Внимательно прочитайте текст и выполните задания по тексту».

Менің ұлым авар анасы үйреткен тілді ұмытуға тиіс емес.

Тау ішінде өз тілін қастерлемейтін адам сый-құрметтен жұрдай болады. Шұбар тілімен жазылған жырын да ешқашан тау-ана оқымайды.

Парижде бір дағыстандық суретшіні кездестірдім. Революциядан кейін Италияға оқуға кетіпті де, итальян қызына үйленіп, еліне қайта алмай қалыпты. Жер жүзін талай шарлап, алыстағы бөтен елдердің жарқ-жұрқ еткен астаналарында да болыпты. Бірақ қайда барса да, туған елін аңсап, зарыққан сезім соңынан қалмай қойыпты. Осындай сезімнің бояу арқылы бейнеге қалай айналғанын көргім келді де, «өзің салған суреттерді көрсетші» – деп өтіндім.

Бір суреттің аты «Елді аңсау» екен. Суретте байырғы авар киімін киген итальянка (суретшінің әйелі) бейнеленген. Ол тау ішіндегі бұлақтың басында тұр, қолында атақты гоцатлин шеберлері нақыштап жасаған күміс құмыра. Тау баурайында – қайғырып, тұнжырап тұрған тас ауылы. Ауыл үстіне төніп тұрған таулар – бұдан да бетер қайғырып, тұнжыраулы. Тау төбесін тұман басқан.

– Тұман, – деді суретші, – көздің жасы. Таудың баурайын тұман басқанда, тастың тілім-тілім әжімін бойлап, мөлдір тамшы ағады ғой. Тұман – бұл мен.

– Елге неге қайтқыңыз келмейді?

– Кеш қой. Кезінде туған жерімнен жанып тұрған жас жүрегімді алып кетіп едім. Енді еліме қаудыраған қу сүйегімді қайтаруға хақым бар ма менің?

Парижден келген соң әлгі суретшінің туған-туыстарын іздеп тауып алдым. Оның шешесі әлі тірі екен. Олар оның тірі жүргеніне қуанды ма, қалай, кенеттен шешесі:

– Сендер аварша сөйлестіңдер ме?

– Жоқ. Біз тілмаш арқылы сөйлестік. Мен – орысша, ал сенің балаң – французша.

Ұлының өлгенін жаңа естігендей боп, суретшінің шешесі бетін қара орамалмен жауып ала қойды. Үйдің шатырын тырсылдатып, далада жаңбыр жауып тұр. Біз Аварияда тұрмыз. Ал жердің екінші жерінде, Парижде, Дағыстанның адасқан ұлы да, мүмкін дәл осы сәтте жаңбырға құлақ салып отырған шығар... . Біраз үндемей отырғаннан кейін, суретшінің шешесі айтты:

Сен қателестің, Расул, менің ұлым баяғыда өліп қалған. Сенің көргенің – менің ұлым емес. Менің ұлым өзім үйреткен, авар анасы үйреткен тілді ұмытуға тиіс емес.




6. Мәтіннің тақырыбы.

A) Дағыстандық суретші.

B) Туған жер.

C) Ана тілі.

D) Тордағы құс.

E) Көне аңыз.



7. Суретші анасының: «Сен қателестің, Расул, менің ұлым баяғыда өліп қалған» – деген сөзінің мәнін ашатын, себебін түсіндіретін ананың өз сөзін табыңыз.

A) Менің ұлым өзім үйреткен, авар анасы үйреткен тілді ұмытуға тиіс емес.

B) Кеш қой... Енді еліме қаудыраған қу сүйегімді қайтаруға хақым бар ма менің?

C) Сағыныш сезімінің суретке түскен бейнесін көргім келді.

D) «Өзің салған суреттерді көрсетші» деп өтіндім.

E) Тұман – көздің жасы... Тұман – бұл мен.



8. Мәтін тақырыбына сәйкес қанатты сөз.

A) Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту –

бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту (Б.Момышұлы).

B) Анық түсініктілік – сөйлеудің басты қасиеті (Аристотель).

C) Шешендік – ақылмен билеу өнері (Платон).

D) Білімсіз, ғылымсыз өнер табылмайды (Шәкәрім).

E) Көп ойлап, жақсы сөйле – нұсқа болсын, қайтарар жауабың да қысқа болсын (Ж.Баласағұни).


9. Мәтіндегі анасының ұлынан айырылғанын көрсететін сөйлем.

A) Үйдің шатырын тырсылдатып, далада жаңбыр жауып тұр.

B) Итальян қызына үйленіп, еліне қайта алмай қалыпты.

C) Суретшінің шешесі бетін қара орамалмен жауып ала қойды.

D) Тастың тілім-тілім әжімін бойлап, мөлдір тамшы ағады.

E) Оның шешесі әлі тірі екен.



10. Автор көрген суреттің аты.

A) «Туған жер»

B) «Парижде»

C) «Елім, елім»

D) «Авар тілі»

E) «Елді аңсау»






Каталог: upload -> iblock
iblock -> Сабақтың тақырыбы: «Әліппенің атасы»
iblock -> М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат
iblock -> Өзі де, сөзі де бөлек дара тұлға Ауызша журнал: Талғампаз өнер иесі
iblock -> №4 қалалық кітапхана Құрастырған
iblock -> Аты-жөні Марапаттау кезіндегі қызметі
iblock -> Абай Құнанбаев- қазақ жазба әдебиетінің
iblock -> Абай Құнанбаев қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы Мақсаты
iblock -> Составитель: библиограф цгб
iblock -> Сабақтың тақырыбы: Шортанбай Қанайұлы
iblock -> Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу