Ғ ылымижоб а тақырыбы: Газдалған сусындардың зияны. Секциясы: Адам денсаулығы және қоршаған орта Орындаған: Жетекші


Кесте 1. Адам ағзасына газдалған сусындардың әсерін зерттеудің қорытындысы



бет20/22
Дата11.05.2022
өлшемі38,41 Kb.
#142308
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
Газдалған сусындардың зияны

Кесте 1. Адам ағзасына газдалған сусындардың әсерін зерттеудің қорытындысы.

Газдалған сусынның аты

Жұмыртқа қабығы

Тырнақ бөлігі

Спрайт

Өте нәзік, сынғыш

Өзгермейді

Кока — кола

Өте нәзік, сынғыш, қара дақ пайда болады

Барлығы еріп кетеді.

Минералды су
«Сары ағаш»

Өзгеріс жоқ

Өзгеріс жоқ


  1. Газдалған сусындардың тазартқыш қасиеттерімен танысу.

Газдалған сусындардың тазартқыш қасиеттерімен танысу үшін жүргізілген зерттеудің қорытындысы 5-ші және 6-шы қосымшаларда көрсетілген.

  1. Біздің мектептегі оқушылардың газдалған суды пайдалана ма?, соны анықтау мақсатында олармен саулнамалар жүргізу.

Ғылыми жоба жұмысын бастағаннан кейін 3- 4 сынып оқушылары арасында, қандай газдалған сусынды оқушылар көп пайдаланады екен? , осы сұраққа жауап табу мақсатында сауалнамалар жүргізілді. Жүргізілген сауалнамалар қорытындысына сүйенсек, газдалған сулардың адам денсаулығына ешқандай пайдасы жоқ екенін біле тұрса да, оқушылардың 73% газдалған сусындарды, соның 44% «Кока-кола» мен «Спрайтты» пайдаланады екен.

IV.Қорытынды.
Газдалған сусындардан зерттеу мақсатында «Кока-кола», «Спрайт», және минералды су «Сары ағаш» алынды. Зерттеу нәтижелері негізінде мынадай қорытындылар жасалды:
Газды сусындардың құрамымен және олардағы тағамдық қоспаларымен танысу үшін өзімізге тәжірибеге алған сусындардың жапсырмаларын оқып қарап шықтық, соның нәтижесінде газдалған сусындар зиянды деген қорытындыға келдік. Мысалы, Ағзаға зиянды дәм күшейткіш- аспартам, ыдырау нәтижесінде өте улы зат формальдегид түзеді, консерванттар натрий бензоаты, канцероген ортофосфор қышқылы бар

  1. Кейбір газдалған сусындардың тазартқыш қасиеттерімен тәжірибе жүзінде таныса отырып, оның адам ағзасына да зиянды деген қорытынды жасадық.

  2. Адам ағзасының құрамына кіретін, жасушалық құрылыс пен кальций тұздарына кофеин мен қышқылдардың әсерін зерттеу негізінде газдалған сусындарды көп мөлшерде пайдалану, сүйектің ауруы остеопорозға, тіс ауруы тіс жегісіне апарып соғатыны анықтадық. Сонымен газдалған сусын құрамына кіретін барлық қоспалардың адам ағзасына әсері бар екенін анықтадық. Олардың зияндылығы қауіпке дейін апарып соғады, әсіресе аллергиясы бар адамдарға өте қауіпті!

Сусынның дәмін, иісін, түсін келтіретін барлық химиялық қоспалар, сонымен бірге сақталу мерзімін ұзарту үшін қосылатын консерванттар адам ағзасына аса қауіпті болып саналады.
Газдалған сусындар құрамында сонымен қатар көмірқышқыл газы болады, көп мөлшерде пайдаланған сусыннан асқазан – ішек жолдарының сілемейлі қабықшасын қоздырып гастриттің пайда болуына, іштің кебуіне әкеліп соғады. Сондықтан ішек құрылыстары ауратын адамдарға , соның ішінде гастритпен, асқазанның ойық жарасында, он екі елі ішектің ауруларында мүлдем мұндай сусындарды ішуге тиым салады.
«Пепси-Кола» құрамында кездесетін ортофосфор қышқылы артық мөлшерде қолданудан ағзада кальций жетіспеушілікті және тас байлану ауруларын тудырады.
Ұзақ уақыт пайдаланудан бұл сусындардан адамдарда аллергия ауруы туындайды.
Бірақ осы ұсыныстардың барлығы бірдей дәлелденбеген.
Мысалы, салқындатқыш сусындардың бәрі бірдей семіздік ауруын қараптан қарап тудырмайды. Құрамында қант болғаннан кейін олардың әрине калориясы жоғары болады, бірақ, семіздікті сусындардың өзі емес, оны егер шектен тыс көп ішсе ғана ол калорияны жоғалтпай жатып екіншісі қосылғаннан адамда артық салмақ пайда болады. Шектен тыс көп мөлшерде пайдалану адамның бүкіл ағзасына зиянды болып табылады. Шегені қақтан тазалау «Кока-кола» құрамындағы қышқыл реттеуіш ортофосфор қышқылының әсеріне байланысты. Бұл қышқыл бізге химия курсынан белгілі тұз қышқылына қарағанда әлсіз қышқыл. Ал тұз қышқылын білеміз, ол адамның асқазанында асқазан сөлінің құрамында кездеседі, ендеше ортофосфор қышқылының кереметтей адам ағзасына зияны бар деуге де болмайды.
Әрине , газдалған сусындар тәтті, бірақ адам ағзасына зияны жоқ, сенімді, кәдімгі таза суға жететін ештеме жоқ. Ал егерде суда көпіршіктер болсын десең, одан да стакан минералды суды пайдалан. Онда да көпіршіктер бар, олар жасанды емес, табиғи көпіршіктер.
Минералды сулардың шипалы қасиетін өте ерте кездерден, осыдан төрт мың жылдар бұрын, Ежелгі Грекияда және Ежелгі Римде айтылған болатын. Ұлы ғалым Гиппократ өзінің «Ауа,су және жергілікті жер туралы» еңбегінде ауруларды храм ішінде ерекше сумен емдегендіктері туралы айтылған.Минералды судың шипалы қасиетін олар құпия ұстаған.
Біздің тәжірибелерден де көрініп тұрғандай, минералды сулар адам ағзасына ешқандай зиян тигізбейді. Сондықтан адамдар газдалған сусындардың зиянды әсерін өздері біліп ойланулары тиіс. Келесі жолы, газдалған суды дүкеннен сатып алған кезде де ойланып алыңыз, барлық нәрсенің өз шегі болуы керек. Газдалған сусынды мүлдем ішуге долмайды демеймін, бірақ мынадай қиын емес шараларды орындауға болады деп ойлаймын.
— сусын алған кезде, оның жапсырмасындағы жазулармен танысуға ерінбеу;
— Табиғи негізде жасалған сусындарды алуға тырысу;
— Газдалған сусындардан соң міндетті түрде ауызды таза сумен шаюға тырысу;
— ауыз қуысының жалпы гигиенасын сақтау;
— Газдалған сусындарды жиі әрі көп мөлшерде пайдалан бермеу;
Газдалған сусындар өте қуіпті сусындар емес, әйтпесе дүкендерде сатылмас та еді ғой, бірақ әр нәрсені өз шегімен пайдаланып, сақтанғанның еш зияны болмайды. Денсаулықтарыңыз мықты болсын!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет