Ф-жоокб-01/018 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


-бөлім. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері



бет3/18
Дата10.12.2022
өлшемі0,62 Mb.
#162271
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Ô-æîîêá-01 018 ?àçà?ñòàí ðåñïóáëèêàñû á³ë³ì æ?íå ?ûëûì ìèíèñòðë³

1-бөлім. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері.


1.1. Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты.

Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорыннын қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.


Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтарды қарастыр-мас бұрын, "қаржылық жағдай" дегеніміз немесе "қаржылық жай-күй" дегеніміз не, соны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл ұғым әр түрлі түсіндіріледі. Профессор А.Д. Шеремет "Кәсіпорынның қар-жы (активтер) жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оның қалыптастыру көздерімен (меншіктік капитал және міндеттемелер, яғни пассивтер) сипаттала-ды" деп жазған.
Профессор Н.А Русак [3] бұл ұғымды былайша анықтайды: «Кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен си-патталады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік, ком-мерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстармен қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және пайдалану-мен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым- қатынас-та болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады.
Кәсіпорынның уақтылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының жақ-сылығын көрсетеді.
В.М. Радионова мен М.А. Федотова кәсіпорынның қаржылық жағдайы "қар-жы ресурстарының калаптасуымен, таратылуы және пайдалануымен көрсетіле-ді" деп жазады.
М. Н. Крейнина [5], А.И. Ковалев және В.П. Привалов [6] қаржылық жағдай ұғымын былайша түсіндіреді: ''Қаржылық жағдай - бұл қаржы ресурстарының қолда барын, үлестіріліп таратылуы және пайдалануын сипаттайтын көрсеткіш-тер жиынтығы".
Профессор И.Т. Балабанов "Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайы, бұл оның қаржы бәсекелестік қабілеттілігінің сипаттамасын (яғни төлем қабі-леттілігі, несие қабілеттілігі) қаржы ресурстары мен капиталды пайдалану, мем-лекет алдында және басқа да шаруашылық субъектілерінің алдында өз міндет-темелерін орындау. Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайын талдау-дың келесі түрлерін жүргізеді: табыстылық пен рентабельділік; қаржылық тұ-рақтылық; несие қабілеттілігі; капиталды пайдалану; валюталық өзін-өзі өтеу" - деп жазады [7].
С.А. Стуков осы ұғым бойынша өзінің көзқарасын келесі сөздермен баян-дайды: "Кәсіпорынның қаржылық жағдайы - бұл бірқатар көрсеткіштермен си-патталатын оның саулығы мен өмір сүру қабілеттілігін кешенді түрде бағалау".
Жоғарыда берілген анықтамалар қарастырылып отырған ұғым мәнін жеткі-лікті дәрежеде ашпайды, бірақ олардың әрқайсысында бұл ұғымды дәлірек анықтауға мүмкіндік беретін ұтымды тұжырымдар бар. Бірқатар түрлі әдістер-мен есептелетін бірыңғай көрсеткіштерге қарағанда (мысалы, еңбек өнімділігі, қор қайтарымдылығы, өзіндік құн, жалпы табыс, тиімділік) қаржылық жағдай түрлі көрсеткіштерді есептеу нәтижесінде және олардың жалпы бағалауға тигі-зетін әсерін зерттеу негізінде анықталатыны анық. Қорыта келе, кәсіпорынның қаржы жағдайы әлсіз және өмір сүру қабілеті жоқ кәсіпорындарға аяусыз қа-райтын бәсекелі нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның сенімді бо-луын, тұрақтылығын және келешегі барлығын куәландыруы тиіс".
Біздің көзқарасымыз бойынша, сенімділік кәсіпорын жұмысының үздіксізді-гін және оның төлеу қабілеттілігін көрсетеді.
Осы берілген түсініктерге сүйене отырып, біз бұл ұғымды былай анықтауды ұсынамыз:
Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қар-жылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Ал кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы нені білдіреді? Бұл сұрақ та ар-найы оқулықтарда түрліше түсіндіріледі. Бір авторлар қаржылық тұрақтылықты "өз қаражаттарын шебер пайдалану қабілеттілігі, жұмыс процессінде үздіксізді-гін қамтамасыз ететін қаржының жеткілікті болуы" деп түсіндіреді. Қаржылық тұрақтылық - меншікті және қарыз қаражаттарының байланысы деп жазады [6]. Енді біреулер "өз қаражаттары есебінен активтерге (негізгі қорлар, материал-дық емес активтер, айналым қаражаттары) жіберілген қаражаттарды жабатын, сондай-ақ өтелмеген дебиторлық және кредиторлық қарыздарға жол бермейтін және де өз міндеттемелерін уақтысында қайтаратын шаруашылық субъектілері қаржылық тұрақты болып табылады" деп жазады [8].
Бұл ұғымды А.Д. Шеремет пен Р.С. Сайфуллин өте ықшам түрде анықтай-ды. Олардың ойынша "Қаржылық тұрақтылық - бұл әрдайым төлем қабілеттілі-гін кепілдендіретін кәсіпорынның белгілі бір шоттар жағдайы".
В.М. Родионова мен М.А. Федотова бұл ұғымды келесідей түсіндіреді: "Кәсіпорында тұрақты қалыптасқан табыстың шығыннан артуының өзіне тән айнасы - қаржылық тұрақтылық болып табылады. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдаланып, оларды тиімді қолдану арқылы өндіру мен өнімді өткізу процесі-нің үздіксіздігін қамтамасыз ететін, сондай-ақ қәсіпорынды кеңейтуге және жаңартуға қажетті шығындарын қаржыландыратын кәсіпорынның қаржы ре-сурстық жағдайын сипаттайды. Қаржылық тұрақтылық кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады". Осы еңбегінде бұл авторлар одан әрі мына анықтаманы келтіреді.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы - бұл тәуекелділіктің мүмкін бола-тын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы".
В.Г. Артеменко мен М.В. Беллендир бұл ұғымды былай түсіндіреді: "Қар-жылық тұрақтылық - бұл табыстың шығыннан тұрақты дәрежеде артуы. Ол ақ-ша қаражаттарын еркін пайдалануды қамтамасыз етеді және оларды тиімді пай-далану арқылы өндіру және өнімді сату процесінің үздіксіз болуына жағдай жа-сайды.
Сондықтан да қаржылық тұрақтылық барлық өндіріс-шаруашылық қызметі процесінде қалыптасады және кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады" [9]. Ал кәсіпорынның жалпы қаржылық тұрақтылығы, ол ең алдымен әрдайым табыстың шығыннан артуын қамтамасыз ететін ақша ағымының қозғалысын көрсетеді. Нарық жағдайында ол ең бірінші өнімді (жұ-мыс, қызмет) өткізуден түсетін табыстың тұрақтылығын талап етеді және оның мөлшері мемлекетпен, жабдықтаушылармен, несие берушілермен, жұмысшы-лармен және тағы басқалармен есеп айырысу үшін жеткілікті дәрежеде болуы тиіс. Сонымен қатар кәсіпорынның одан әрі дамуы үшін барлық есеп айырысу-лар мен барлық міндеггемелерді орындағаннан кейін, осы кәсіпорында өндіріс-ті дамытуға, оның материалдық-техникалық базасын жаңартуға және де әлеу-меттік климатты жақсартуға және басқаларға мүмкіндік беретіндей дәрежеде табыс қалуы қажет.
Айта біз олардын кейінгі шешімдерімен келісе алмаймыз. "Қаржылық тұрақтылықтың мәні - қаржы ресурстарын тиімді қалыптастыру, тарату және пайдаланумен анықталады" - деп жазады В.Т.Артеменко мен М.В.Беллендир.
Біздің ойымызша бұл ұғымды А.Д.Шеремет мен В.С.Сайфуллин дәлірек және анығырақ түсіндіреді. Олар қаржылық тұрақтылықтың мәні — бұл қорлар мен шығындардың қалыптасу көздерінен қамтамасыз етілуі - деп түсіндіреді.
Э.А.Маркарьян мен Г.П.Герасименко да дәл осындай көзқараста [10]. "Кәсіпорынның өз міндеттемелері бойынша есептесу мүмкіндігі" [4] немесе "Сауда, несие және басқа да төлем сипатындағы операциялардың нәтижесінде пайда болатын кәсіпорынның төлем міндеттемелерін уақтылы және толық орындау мүмкіндігін көрсететін телем қабілеттілігі, қаржылық тұрақтылықтың сыртқы көрінісі болып табылады"2. Кәсіпорынның жұмысы нарық жағдайына өтумен бірге оның қаржылық жағдайы және оны сауықтыру жолдарын іздеу жөніндегі сұрақтар да шиелінісе түсті.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер етеді, оларды В.М. Радионова және М.А.Федотова келесідей түрлерге жіктейді: 1) пайда болу орнына байланысты - ішкі және сыртқы;
2) нәтижесінің маңыздылығына байланысты-негізгі және негізгі емес;
3) құрылысы бойынша - қарапайым және күрделі;
4) әрекет ету уақыты бойынша-тұрақты және уақытша.
Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланыс-ты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес.
Негізгі ішкі факторларды қарастырайық. Кәсіпорынның тұрақтылығы ең бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көр-сетілген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ, тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.
Кәсіпорынның өндірілетін өнім және өндіріс технологиясымен тығыз байла-нысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі – активтер-дің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару стратегия-сын дұрыс таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы активтерді басқару өнері - кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын қаржы-ның ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады.
Қаржылық тұрақтылықтың ішкі, маңызды факторларының бірі - бұл қаржы ресурстарының құрамы (мен құрлымы, оларды басқару стратегиясы мен такти-касының дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне алады.
Сонымен бірге тек таза табыстың көлемі ғана емес, сонымен қатар оны тара-ту құрылымы, әсіресе өндірісті дамытуға бағытталған бөлігі де өте маңызды бо-лып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар нарығында-ғы қосымша жұмылдырушы (мобилизацияланушы) қаражаттар үлкен әсерін ти-гізеді.
Кәсіпорын ақша қаражаттарын қаншалықты көп тартатын болса, оның қар-жылық мүмкіндіктері де соншалықты жоғары болады, алайда, сонымен бірге қаржылық тәуекелділік те өседі - яғни кәсіпорын өз кредиторларымен уақытын-да есептесе ала ма, жоқ па? - деген қауіп туады. Және де бұл жерде кәсіпорын-ның төлеу қабілеттілігінің қаржылық кепілінің бір түрі ретінде резервтерге үл-кен роль берілген.
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, кәсіпорынның қаржылық тұрақты-лығына әсер ететін мынадай ішкі факторларды атап көрсетуге болады:
•кәсіпорынның салалық топқа жатуы;
•шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) құрылымы және оның жалпы төлем қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;
•төленген жарғылық капиталдьщ мөлшері;
•шығындардың көлемі, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы динами-касы;
• қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса алғандағы мү-лік пен қаржы ресурстарының жағдайы;
•кәсіпорындарды басқару тиімділігі.
Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері, қоғамда үстемдік етуші техника мен технология, төлеу қабілеті бар сұра-ныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы эконо-микалық байланыс және тағы басқалар жатады.
Кәсіпорынның тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыруда оның өз кон-трагенттерімен (салық органдары, банктер, жабдықтаушылар, сатып алушылар, акционерлер және тағы басқалар) өзара қарым-қатынасы үлкен әсер етеді. Сон-дықтан да серіктестермен реттелген іскерлік қатынаста болу - жақсы қаржылық жағдайдың бірден-бір шарты болып табылады. Әрине, акционерлер өз жинақ қорларын тұрақты тиімділікке ие және дивиденттерді ұқыпты төлейтін қаржы-лық тұрақты "кәсіпорындарға салады. Инвестициялық тартымдылығы болуы үшін, тек бүгінгі күні ғана емес, болашақта да кәсіпорынның қаржылық жағ-дайы көршісіне қарағанда жақсы болуы тиіс. Сондай-ақ, бұл жыл сайын өз об-лигациясы бойынша белгілі бір пайызбен алғысы келетін, ал заем мерзімі біт-кен уақытта-облигация құнын толық өтеуді талап ететін облигация иелеріне де қатысты. Кез келген коммерциялық кәсіпорын сияқты банктер де өз несиелері-мен тәуекел ете отырып несие алушының өз қарызын уақытында және толық өтеуін қалайды, сондықтан оны беру туралы шешім қабылдай отырып, кез кел-ген банк өз клиентінің қаржылық жағдайын және бұл қарыздың қамтамасыз еті-луін тексереді. Басқаша айтқанда, кәсіпорынның қаржылық жағдайы банктер осы кәсіпорынға несие беру орынды ма, жоқ па, ал бұл сұрақты дұрыс шешкен жағдайда - қандай пайызбен және қанша мерзімге деген сұрақтарды шешудегі негізгі белгі болып табылады. Жабдықтаушылар мен тұтынушылар сенімді жә-не төлем қабілеттілігі жоғары кәсіпорындармен келісім-шартқа үлкен ықылас-пен отырады. Тіпті қаржы органдары, әсіресе салық инспекциясы кәсіпорын-ның жағдайы тұрақты болғанын қалайды, себебі тек осындай кәсіпорын ғана салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді уакытылы және толық төлей алады.
Осылайша, қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін және оның іскерлік қарым-қатынастағы потенциалын анықтайды, кәсіпорынның өзі-нің және оның серіктестерінің қаржылық және басқа қатынастар тұрғысындағы экокомикалық қызығушылықтары қаншалықты дәрежеде кепілдендірілгенін ба-ғалайды.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының объективті дұрыс бағасын алудың ең жақсы тәсілі, бұл-талдау, ол кәсіпорынның даму бағытын бақылауға, оның ша-руашылық қызметіне кешенді түрде баға беруге мүмкіндік береді және осындай жолмен басқарушылық шешімдерді өңдеумен кәспорынның өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметі арасында байланыстырушы қызмет атқарады.
Кәсіпорын осы мерзімге дейінгі уақытта қаржы ресурстарын қаншалықты дұрыс басқарды деген сұраққа жауап береді: кәсіпорын осы мерзімге дейінгі уа-қытта қаржы ресурстарын қаншалықты дұрыс басқарды. Қаржы ресурстары жағдайының нарық талаптарына сай болуы және де кәсіпорынның дамуына байланысты қажеттіліктерге жауап бере алуы өте маңызды болып табылады, се-бебі қаржылық тұрақтылықтың жетіспеушілігі кәсіпорынның төлеу қабілетінің жоқтығына және оның дамуына қажетті қаражатының болмауына, ал көп болуы
дамуға кедергі жасап, басы артық қорлармен және резервтермен кәсіпорын шы-ғындарын көбейтуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.
Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржы-лық жағдайын талдаудың басты мақсаты (міндеті) келесілер болып табылады:

  • қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісі;

  • активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды тара-тудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;

  • айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы міндетте-мелермен арақатынасын анықтау;

  • қаржы-есептік және несие ережесін сақтау;

  • кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;

  • ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш және қорлар есебі;

  • баланстың өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және төлеу қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау;

  • кәсіпорын табыстылығын бағалау;

  • кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай-ақ олардың дең-гейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару;

  • кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;

  • кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзімді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.

Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның, шаруашылық қызметін талдау-дың қор ытындылаушы кезеңі болып табылады. Және ол 3 сатыны қамтиды:
жабдықтау, өндіріс және өткізу; бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндірістік және қаржылық қызметті құрайды. Кәсіпорынның қаржылық қызметі – бұл оның осы қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады. Ол қаржы ресурстарының жүйелі түрде түсуі мен тиімді пайдаланылуына, есеп және несие тәртібін сақ-тауға, меншікті және қарыз қаражаттарының арасындағы арақатынастың рацио-налдылығына, сондай-ақ кәсіпорынның тиімді қызмет етуі мақсатында қаржы-лық тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Кәсіпорын қызметінің қар-жылық, өндірістік және коммерциялық жақтары арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Осылайша қаржылық қызметінің жетістігі, көбінесе оның өндірістік-сату көрсеткіштерімен анықталады. Кәсіпорынның өзі алатын төлем-дерді және ақша қаражаттарын алуы оның өнімді сатуына, алдын ала қарасты-рылған сұрыпталымды ұстап тұруына, өнім сапасының қажетті деңгейге сәй-кестігіне және оны бір қалыпты өндіруге және төлеуге байланысты болады.
Жоғары сапалы өнімді үздіксіз өндіру және өткізу кәсіпорынның қаржылық ресурстарының қалыптасуына оң әсерін тигізеді. Өндіріс процесінде өнім сапа-сының төмендеуі және оны сатудың қиындықтары кәсіпорын шотына ақша қа-ражаттарының келіп түсуіне кедергі жасайды, нәтижесінде кәсіпорынның төлеу қабілеті төмендейді. Кері байланыс та бар, ол ақша қаражаттарының болмауы материалдық ресурстардың келіп түсуінің іркілісіне, демек өндіріс процесінің тоқтауына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Шығындар көлемі өндіріс процесінің тиімділік деңгейімен анықталады. Олардың тиімділігі қаншалықты көп болса, кәсіпорын өнімді өткізу көлемін сақтай отырып ресурстарды, соның ішінде қаржылық ресурстарды соншалықты аз жұмсайды. Және керісінше, шикізат пен материалдар шығындарының норма-сының өсуі, еңбек өнімділігі деңгейінің төмендеуі, басқа да ресурстардың мөл-шерден тыс жұмсалуы және өндірістік емес шығындар қосымша қаржы қара-жаттарының қажеттілігіне себепші болады. Еңбек және материалдық ресурстар шығыны ең алдымен өнімнің өзіндік құнында, содан соң табыста талдап қоры-тылады.
Соңғы айтылған көрсеткіштің көлемі кәсіпорының өзіндік қаражаттарының көлемін өзгерте отырып, оның жалпы қаржылық жағдайында елеулі көрініс та-бады.
Кәсіпорынның қаржылық қызметінің қалыпты болуы әсіресе өз кезеңіндегі қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды туғызады, оның төлеу қабілеттілігінің кепілі болып табылатын өнім өндірудің үздіксіздігін және кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Біздің ойымызша, қаржылық жағдайды талдауды қаржылық тұрақтылықтан
бастаған жөн және оған мыналар жатады:
• кәсіпорын активтерінің құрылымдық және құрамдық динамикасын талдау; • кәсіпорын активтерінің қалыптасу көздерінің құрамдық және құрылымдық ди-намикасын талдау;
• кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін талдау;
• баланс өтімділігін талдау;
• кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және несие қабілеттілігін талдау.
Жоғарыда айтқанымыздай, қаржылық есеп берудің құрамына бухгалтерлік баланс, құлшылық- қажылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру, ақша қаражатының ақысы туралы есеп беру және түсіндірме хаттамасы (жазбасы) кіреді.
Қаржылық есеп берудің мақсаты пайдаланушыларды есептік кезеңдеі қызметінің нәтижесі мен қаржылық жағдайы туралы пайдалы, әрі мәнді және тиімді ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады.
Бірақ қаржылық ақпараттарды пайдаланушылар кәсіпорынның қызметі тағы әрқилы мәліметтерді қажет етеді, мысалға:
инвесторлар- жасаған инвестициясының тәуекелділік дәрежесі олардың алатын табысына қаншалықты пара- пар келетіндігін анықтау үшін; кәсіпорынға салған инвестициясын инвестициясын сатудың немесе соған сәйкес активтерін сатып алудың, немесе өз иесін сақтаудың қажеттілігі анықтау үшін; кәсіпорынның келешектегі күтілетін дивиденттерді төлеу қабілеттілігін анықтау үшін қажет ақпараттарды талап етеді;
кредитор- алған қарызын және төленетін пайызын өтеу қабілеттілігін (мүмкіндігін) анықтау үшін қажет ақпараттарды талап етеді;
жабдықтаушылар- кредиторлық қарызды дер кезінде өтей алатын қабілетін көтеру үшін қажет ақпараттарды талап етеді;
қызметкерлер- кәсіпорынның тұрақты және рентабельді болғанына мүдделі, өйткені олар, өзінің еңбек ақысын және басқа жеңілдіктері мен төлемін алады, ал акционерлер- тұрақты түрде дивидент алып тұруын көздейді;
Мемлекеттік органдар- кәсіпорынның тұрақты әрі рентабельді жұмыс деңгейіне мүдделі, өйткені олар солардың көмегімен экономикалық саясатты (салық шараларын қоса алғанда) жүзеге асырады, сондай- ақ статистикалық мәліметтерді жинайды;
Жұртшылық- жұмыс орнын табу мақсатында қажетті ақпараттарды елді- мекенді, аймақты дамытуға керек ақпараттарды жинауға (алуға) мүдделі болып келеді.
Қаржылық есеп беру қорының инвестициялық саясатын жасауға, несиелеу жасап дұрыс қалыптастыруға, болашақ ақша қаражатының ағынын бағалауға, кәсіпорынның міндеттемесі мен ресурстарын бағалауға және олардың басқарушы органдарының қызметіне қажет ақпараттармен қамтамасыз етуге өз септігін тигізеді.
Кәсіпорынның қаржылық есеп беруін әрқилы пайдаланушылардың әр түрлі құқы бойынша пайдалануы кәсіпорынның сол жалпы талапқа сай келуі үін оның қызметіне капиталдың жеткілікті болғаны абзал. Сондықтан олардың негізгі құқы (басқа жағдайлары бірдей болғанда): кәсіпорыннан алған меншік капиталы не басқа инвестициясы туралы ақпараттар оларды қанағаттандыруы тиіс.
Бұл ереже барлық пайдаланушылардың мүддесіне ортақ әрі сай келетін ақпарат деп саналады. Жалпы алғанда, пайдаланушылар келесі ақпараттарға мүдделі болып келеді.



Есеп берудің мәліметтері

Пайдалылығы

Экономикалық ресурстары
(активтер құрылымы)

Кәсіпорынның табыс алу қабілетін бағалау және болашақта болатын ақша қаражаты

Қаржылық құрылымы (кәсіпорынның қарызы мен меншік капиталының ара қатынасы)

Қарыз қаражатының келешекке қажеттілігін бағалау және болашақта алынатын пайда мен ақша қаражатын мүдделі тараптардың арасына тарату; кәсіпорынның сырттан инвестицияны тартудың потенциалдық икемділігін бағалау

Өтемділік пен төлем қабілеттігінің коэффициенті

Өз міндеттемесіне жауап беретін кәсіпорынның ұзақ және қысқа мерзімдегі қарыздарын төлеу қабілеттілігін бағалау

Рентабельділік пен іскерлік белсенділігінің коэффициенті

Кәсіпорынның ресурстарды пайдалану тімділігін бағалау

Қажылық жағдайының өзгеруі

Қаржылық инвестициялық, оперативтік қызметінің нәтижесінде, кәсіпорынның алған ақша ағынын бағалау; кәсіпорынның келешектегі ақша қаражатына қажеттілігін болжау

Қаржылық есеп беру өзара байланысты, өйткені ондағы шаруашылықтың бір ғана операциясы әртүрлі фактімен көрініс табады. Әрбір есеп беру әртүрлі ақпаратты береді, ал оны сол немесе басқаша күйінде шаруашылық жүргізуші субъект пайдаланылады.
Қаржылық есеп пайдаланушылар үшін айқын, түсінікті болуы және барлық мәнді ақпараттарды ашуы тиіс. Қажет болған кезде түсініктеме хаттамасында (жазбасында) баптардың жіктемесі мен ақша қаражаттары туралы қосымша мәліметтер арқылы олардың мазмұнын түсіндіру керек.
Қаржылық есеп беруде заңды тұлғалардың атауы, тұрған жері, есеп беру кезеңі мен күні көрсетілуі тиіс. Сондай- ақ, ұйымның қызмет түрі, заңды нысаны, өлшем бірлігі келтірілуі тиіс.
Қаржылық есеп беру өткен кезеңдердің мәліметтерімен салыстырылады. Есеп беру Қазақстан Республикасының валятасында жасалады, өлшем бірлігі- мың теңге. Жылдық есеп берудің есептік кезеңі болып толық календарлық жыл саналады; ал жаңадан құрылған субъектілер үшін- заңды тұлға ретінде статусын алған күнінен бастап есепті жылдың 31- ші желтоқсанына дейін саналады. Меншік иесінің есеп берудің басқа да кезеңдігін белгілеуге құқығы бар (жылына бір реттен кем болмауы керек).
Қаржылық есеп берудің элементтері. Қаржылық есеп беру мәміленің және басқа да оқиғаның нәтижесін класқа топтастырып, экономикалық мазмұнына сәйкес көрсетіледі. Экономикалық мазмұн қаржылық есеп берудің элементтері болып табылады.
Актив- бұл құндық бағасы бар субъекттің құқығы мен жеке мүліктік және мүліктік емес игілігі.
Активтер болашақта жүзеге асатын экономикалық олжа ретінде көрсетіледі. Ол өткен мәміленің немесе оқиғаның нәтижесі болып табылады, бірақ ол өздігінен активтің пайда болуына әкелмейді. Актив өнімді (жұмысты, қызметті) өндіру үшін, сондай- ақ өндірісті басқару және басқа мақсаттар үшін пайдаланылады. Болашақ экономикалық олжа ретінде жүзеге асатын активтер өндірісте және күрделі құрылыста сатылуы немесе басқа активтерге айырбасталуы, кәсіпорынның міндеттемесін өтеу үшін қолданылуы, меншік иелерінің арасында бөлінуі мүмкін.
Активтердің физикалық нысаны да бар болуы мүмкін (ғимараттар, қондырғылар, машиналар т.б.) және ондай нысаны болмауы да мүмкін (лицензия, “ноу- хау”, гудвилл және т.б.); сондай- ақ активтер дебиторлық қарыз іспеттес те болып келуі мүмкін.
Шаруашылық жүргізуші субъекттің активтерге меншік құқығы болуы да және оның болмауы да мүмкін (жалға берілген мүліктер, консигнацияға немесе қайта өңдеуге қабылданған тауарлар т.б.) бірақ сол активтер кәсіпорынның өз меншігіне жатпаса да, олардың сақталуын қамтамасыз етеді және оларды пайдаланудан алынатын олжаны бақылай алады. Жаңа активтерді жасау мен оларға жұмсалған шығыстардың арасында тікелей байланыс болады, бірақ олар уақыт кеңістігінде әр уақытта бір- бірімен тұспа- тұс келе бермейді (мысалға, аяқталмаған құрылыс, көп жылдық екпе ағаштарын егу және негізгі табынды қалыптастыру). Бұл жағдайда шығын тек болашақ олжаны іздестіру үшін жасалғандығын көрсетеді (пайдалануға берілген объектіден, көп жылдық екпе ағаштарын пайдаланудан, малды өсіруден), бірақ бұл активтердің түпкілікті өз арналымдарына сәйкестігін көрсетпейді.
Міндеттемелер- бұл өткен мәміленің нәтижесі, ол жүзеге асқандықтан қарызданушының міндеттемесінің пайда болғанын, белгілі бір әрекеттің кредитор пайдасына жасалатындығын көрсетеді: қарызды төлеу немесе одан бас тарту, ал кредитор қарызданушыдан өз міндеттемесін орындалуын талап етуге құқығы бар. Міндеттеменің осы шақтағысы мен болашақтағысының жігін ашу қажет. Субъекттің болашақта активтерді алу ниеті міндеттеменің пайда болуына әкелмейді. Міндеттеме тек актив алынған кезде немесе субъект келісім- шарттық қатынасқа отырған кезде пайда болады. Міндеттеме оны төлеу жолымен өтеледі, немесе басқа активті берген кезде жойылуы мүмкін. Сондай- ақ міндеттемеден кредитордың өзі бас тартқан кезде ол өтелген болып саналады (сот шешімі бойынша, немесе іздестіру мерзімі өтіп кетсе).
Меншік капиталы- бұл субъекттің міндеттемесі шегерілген активі. Бухгалтерлік есепте ол бірнеше класқа бөлінеді: жарлық капиталы, қосымша төленген капиталы, резервтік капитал, тартылмаған табыс. Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар үшін бұндай бөліну, шаруашылық қызметін талдаған кезде қажет. Егер де баланс пассивінің құрылымында меншік капиталының үлес салмағы көп болса, онда ол субъектінің қаржылық жағдайының тұрақтылығын көрсетеді.
Қаржылық нәтижесі- бұл есепті жылдағы кәсіпорынның қаржылық- шаруышылық қызметінің нәтижесі (шығыс пен табыстың айырмасы). Қаржылық нәтижесін өлшеу элементі: табыс пен шығыс болып табылады.
Табыс- бұл есепті кезеңдегі активтердің өсуі, не міндеттемелердің азаюы; шығыс- бұл есептік кезеңде активтердің азаюы, не міндеттемелердің көбеюі (өсуі). Бұл жерде иеленушілердің жарлық капиталына салған салымы субъекттің табысы болып табылмайды, ал субъект иелеріне меншік капиталын таратып беру- шығыс болып танылады.
Қаржылық есеп беруде шаруашылық жүргізуші субъект қызмет түріне (өндірісіне) қарап табыс пен шығысты бөліп көрсетуіне болады. Мысалға, өнеркәсіп өндірісі, делдалдық қызмет, ауыл шаруашылық қызметі бойынша және т.б., сондай- ақ табыс пен шығысты әдеттегі қызметі мен төтенше жағдайдан алатын табыстары немесе шығыстары бойынша бөлуі мүмкін.
Табыстар- бұл субъекттің негізгі және негізгі емес қызметінің нәтижесі. Негізгі қызметтен алатын табыстардың қатарына: өнімді, жұмысты, қызметті сатқаннан алынған табысы; сондай- ақ тауарлы- материалдық құндылықтардан, жалға беруден, инвестициялық қызметтерден түсетін табыстары жатады. Ал негізгі емес қызметтен түсетін табыстардың қатарына: негізгі құралды, материалдық емес активтерді, бағалы қағаздарды (акция бойынша табыс және пайыз түріндегі табыс) сатқаннан және бағамдық айырмадан түскен табыстары жатады.
Шығыстар- өнімді өндірумен, жұмысты атқарумен, қызметті көрсетумен байланысты шығындар, негізгі және негізгі емес қызметтен шеккен зияндар және төтенше жағдайдан туындаған шығындары. Шығыстар, әдетте, шығыс (отток) нысанын қабылдайды немесе активтердің пайдалануын көрсетеді (ақша қаражаттары, материалдық запастар, негізгі құралдар т.б.). Зиян экономикалық олжаның азайғанын көрсетеді. Зиян өз табиғаты бойынша, шығыстан айтарлықтай ерекшеленбейді және ол жеке элемент болып та саналмайды.
Қаржылық есеп берудің элементтерін тану- бұл бухгалтерлік балансқа енгізу процесі немесе қаржылық- шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп берудің бабы, ал ол элементтерге берілген анықтамаларына сәйкес келеді және мынадай тану тұжырымдамасын (критериясын) қанағаттандырады:

  • кез- келген болашақтағы олжаның осы баптарда көрініс табу ықтималдығы бар, оның түсуі де, шығып кетуі де мүмкін;

  • баптың құны бар, ол үлкен дәлдікпен өлшенуі мүмкін.

Қаржылық есеп берудің элементтерін бағалау. Бағалаудың көмегімен олардың құны анықталуы мүмкін, соның нәтижесінде (активтер мен міндеттемелер) танылады және қаржылық есеп беруге тіркеледі. Бағалаудың келесі түрлері бар:
бастапқы құны- активтер тараптардың келісімі бойынша белгіленген және олардың алынған бағасы бойынша көрініс табады; міндеттеме келіп түскен сомасы бойынша көрініс табады, түрлі жағдайлардың тоғысуының (салдарынан) қалыпты кезінде олардың өтелуі үшін төлем жасалады;
ағымдағы құны- активтер есеп берудегі ақшалай сомасы бойынша көрініс табады, егер де осы немесе осыған ұқсас актив алынса, онда ол сол сомада төленеді; міндеттемелер есеп берудегі дисконтталмаған бағасы бойынша көрініс табады және тап осы сомада өтелуі талап етіледі;
сату құны- активтер өзінің сатылған құны (ақша қаражатының сомасы) бойынша көрініс табуы мүмкін; міндеттемелер өзінің өтелген сомасы бойынша көрініс табады, демек дисконтталмаған сомасын білдіреді және олардың өтелуін талап етеді;
дисконтталған құны- активтер келешекте келіп түсетін ақша қаражатының дисконтталған құнын білдіреді, ағымдағы құны бойынша көрініс табады, ол субъекттің әдеттегі қызметінің барысында солайша топтап көрсетіледі (немесе қортындыланады);
баланстық құны- актив пен міндеттеме баланстық есеп берілген күніндегі бағасы бойынша көрініс табады.
Субъект қаржылық есеп беруді жасау кезінде активтер мен міндеттемелерді бағалау үшін бастапқы құнын негізге алады және сонымен қоса басқа да бағалау әдістерін пайдаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет