Сызықтық бағдарламалаудың негізгі есебін шешудін симплекс тәсілі
Сызықтық бағдаpламалау есептерін шешудің негізгі тәсілі симплекс тәсілі болып табылады. Ол тәсілдің авторы АҚШ ғалымы Дж.Данциг және оның оқушылары. Қазіргі кезде ол тәсіілдің әртүрлі алгоритмдері мен түрлері (модификаторы) компьютерді пайдалануға арналып құрастырылған.
Симплекс тәртiбін пайдалану үшін алдымен есеп сызықтық бағдарламалаудың негізгі есебі түрінде жазылуы тиіс. Ол былайша жазылады:
F(Х) =01 х1 + 02 х2 +...+ 0nхn max (4.1)
а11х1 + а12 х2 +...+ 01nхn = b1 (4.2)
xj0, j= 1,n (4.3)
Сонымен, теңдеулер жүйесін (4.2) қанағаттандыратын, теріс емес мәндер қабылдайтын (4.3) және мақсат функциясының (4.1) максимумына сәйкес келетін х j белгісіздерінің мәндерін табу керек.
Ескерту: егер, мақсат функциясының F(Х) максимумы ізделінсе, онда оның таңбасын айыстыру арқылы максимумды қарастыруға болады.
Егер берілген сызықтық бағдарламалау есебінде теңсіздіктер болса, онда қосымша белгісіздерді енгізу арқылы олар теңдеулерге айналдырылуы тиіс. Мысалы, есепте мынадай теңсііздік болсын делік:
а11х1 + а12 х2 +...+ а 1nхn b1 (4.4)
Онда жаңа xn +1 айнымалысы енгізіліп, бұл теңсіздік былайша теңдік күйінде жазылады:
а11х1 + а12 х2 +...+ а 1nхn + xn +1 = b1 (4.5)
Ескерту: Енгізілетін жаңа айнымалылар саны теңсііздіктердің санына тең болады.
Достарыңызбен бөлісу: |