Күрделі: адамдардың сөздерін естиді,бейнелер көреді.
Гипногогиялық: тек ұйықтар алдында.
Гипнопомпиялық:оянар кезде.
Функциональды: нақты анализатор тітіркенген жағдайда. Мысалы желдеткішті қосқанда оның шуымен қатар әңгіме естиді.
Шынайы галлюцинация- шынайы қабылдаудың барлық белгілеріне ие және шын мәнінде бар объекттерден ажырамайды. Галлюцинаторлы бейне сезімдік шынайылыққа ие: күші,биіктігі,дауыс ырғағы,кеңістіктен қабылданады.
Псевдогаллюцинация- жасандылық сезімімен жүретін және жалған объекттерді қабылдауда елестетулер сферасымен шектелген.
Күрделі галлюцинациялар:
Зоологиялық галлюцинациялар (зоопсии) – жануарлар, жәндіктер, жыландарды көру.
Демономаниялық галлюцинациялар – шайтан, періште, құдай, мистика мен мифология бейнелерін көру.
Антропоморфты – тірі және өлі адамдардың бейнесін көру.
Фрагментарлы – адам денесінің жеке бөліктерін көру: көз, бас, аяқ-қол және т.б.
Аутоскопиялық – өз-өзін көру.
Полиопиялық галлюцинациялар– жалған объектілердің көптеген бейнелері: стақандар, тышқандар, құмыралар т.б.
Психосенсорлы бұзылыстар
сыртқы әлемді және өз денесін қабылдаудың күрделі бұрмаланыстарын білдіретін бұл ұғымды М.О Гуревич енгізген яғни бұл кезде сезім мүшелерінен тарайтын сезімдер емес олардың синтезі- сенсорлы синтез бұзылады.Дене схемасын қабылдау бұзылысы науқас адамға бүкіл денесі үлкейген сияқты болып көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |