Ф-мк-003/048 «Тұлғаның психологиялық денсаулығы» пәні бойынша емтихан сұрақтары



бет49/83
Дата23.05.2020
өлшемі186,17 Kb.
#70868
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   83
Байланысты:
ТПД экзамен

Тіл мүкістігі – жеке дыбыстардың дұрыс айтылмауынан сөздің бұзылуы. Баланың кекештеніп, “р” әрпін айта алмауы – тіл мүкістігінің айқын дәлелі болып табылады. Тіл мүкістігінің бірнеше түрі бар:

  • сигматизм – С, З, Ц, Т, Ж, Г, Щ әріптерін дұрыс айтпаудан сөздің бұзылуы;

  • сақаулық – Р әрпін айта алмау; лямбдацизм – Л дыбысын дұрыс айтпау не басқа дыбыспен ауыстырып айту;

  • быдықтық – дауыс ырғағының бұзылуы және дыбысты дұрыс айта алмаудан сөздің түсініксіз шығуы;

  • дизартрия – әріптерді дұрыс айта алмағаннан сөз көркемдігінің бұзылуы.

Тіл мүкістігінің пайда болуына көптеген себептер әсер етеді. Ең негізгі себебінің бірі баланы дұрыс тәрбиелемеу, яғни ата-анасының не бала бақшасында тәрбиешінің баланың жастайынан қалай сөйлей бастағанына көңіл аудармауы. Кейде баланың ауыз аппаратындағы кемістіктер де (мысалы, тістің қисық шығуы, таңдайдың, тілдің жырық болып туылуы, т.б.) тіл мүкістігінің болуына әкеледі. Егер баланың есту қабілеті нашар дамыған болса, ол айтылған сөзді дұрыс естімейді де оны құлағында анықтап сақтап қала алмайды. Сондай-ақ жүйке жүйесінің зақымдануынан да сөздің бұзылуы мүмкін (мыс., миға қан құйылу). Тіл мүкістігін емдеу кемістіктің пайда болу себебіне байланысты жүргізіледі. Бала тәрбиесінің дұрыс болмауынан болған тіл мүкістігін емдеуді логопед-дәрігер жүргізеді, ауыз аппаратындағы кемістіктерді жою үшін хирургиялық (көбінесе пластикалық) операция жасалынады.

Алалия – сөйлеу қызметінің ең күрделі бұзылуы. Алғашқы кезеңде, бала бірнеше сөз біледі, және олардың көбі былдыр сөздер: тпру, ням-ням, ж.б.

Басқаларға түсіндіруге тырысып, ол ым мен ымдасуына жүгінеді. Екінші кезеңде балаға қолжетімді сөздер көбееді, бірақ бұл сөздер өте жиі бұрмаланған. Сөздер бұрмалауы дыбыстардың қатарын өтуге, қиын айтылатын дыбыстарды жіберуден тұрады. Тіл дамуының үшінші кезеңінде баланың сөз қоры өте бай: былдыр сөздер жоғалып, бұрмалау кішірек болады. Қысқа тұрмыстық мәңісі бар сөз тіркестері пайда болады. Алайда толық сөз меңгеруі жоқ.



Алалия түзету процесі өте ұзақ, сондықтан ата-аналар логопедпен бірлесе жұмыс істеу тиіс, маманның барлық ұсыныстары орындалса, содан кейін ол нәтижелі болады.

Мутизм (лат. мutus- мылқау) - тіл аппараты сау бола тұра, тілдік қарым-қатынас жасаудан бас тарту. Көбіне ұялшақ, денсаулығы нашар, батыл емес адамдарда оларды қорқыту, реніш, жанжал, олардан қолдан келмейтінді талап етуден болады. Кейде мутизм баламен қарым қатынас жасаудың қателігінен, оның өзіне тән ерекшеліктерін елемеуден болады. Мутизм психикалық аурулармен байланысты болса, онда психотерапиялық жолмен емделеді.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет