Ф-мк-003/048 «Тұлғаның психологиялық денсаулығы» пәні бойынша емтихан сұрақтары



бет72/83
Дата23.05.2020
өлшемі186,17 Kb.
#70868
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   83
Байланысты:
ТПД экзамен

Шизофрения – психикалық ауру. Негізінен жоғары жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуынан, әр түрлі жағдайдың, аурулардың адам психикасына әсер етуіне байланысты пайда болады. Шизофрения кезінде төмендегі психикалық өзгерістер байқалады: сандырақ, аутизм, күйіп-пісу, галлюцинация, катотония, еліру, мелшиіп қалу. Басында ауру белгілері айтарлықтай өтеді. Кейін психикалық өзгерістер тұрақтанып күшейе түседі. Ауру күшейген кезде науқастың түсінігі өзгереді, сөйлеген сөздері басқаларға түсініксіз болады. Шизофрения белгілері кейде өте айқын білінсе, кейде бірнеше жылдан кейін байқалады. Ауру кейде ұзақ, ұстамалы түрде өтеді. 15-25, 40-60 жас аралығында адамдар жиі ауырады.

Шизофренияға тән сипат: әртүрлі мазмұндағы сандырақ идеялар, ойлаудың логикалық байланысының бұзылуы, эмоционалды бұзылу, эмоцияның адекватты емес болуы (өз-өзінен күлу ,агрессия)Аурудың клиникалық картинасына байланысты шизофрения формалары гебефреникалық, паранойдты, катотоникалық болып бөлінеді.

Паранойдты форма- ауру әр жаста бастауы мүмкін.Жәй, үздіксіз, кезеңдермен аурудың асқынуы жүреді. Аурудың алғашқы этапында шындыққа ұқсас сандырақ ойлар, ойлауда стандартты емес ассоциация, патологиялық символизм болады.

Гебефреникалық форма- мұнда ең бірінші аурудың клиникалық картинасы эмоционалды бұзылудан басталады.Ауру жасөспірім шақта, ерте жастық шакта басталады. Ағымы әдеттегідей ұстама тәрізді және тез айқын психикалық дефектіге алып келеді.Осы гебефреникалық формаға тән сипат: көңіл-күй көтеріңкі, жүрісі өзгереді, қылықтары адекватты емес, сандырақ ой, пікірлері жан-жақты, эмоционалды мақауылқ, галлюцинациялы эпизод және абулия.

Катотоникалық форма- негізгі аурудың сипаты қимыл, еріктің бұзылуы. Ауру кез-келген шақта басталады. Ауру катотоникалық ступор мен мутизм арақылы дамиды.Сөздерді, қимылды қайталау, эхосимптомдар, негативизм болады.Тән сипаттар: эпизодты галлюцинация, сандырақ ой, эмоционалды адекватсыздық, ойлаудың жинақсыздығы, эмоционалды мақаулық, және абулия. Науқас қимылсыз, мелшиіп қалады, кейде керісінше қатты күледі немесе күйзеліп жылайды, мағынасыз сөйлейді. Маниакалді депрессивті психоз. Бұл – интермессиямен (психикалық бұзылулардың толық жоғалу жағдайы) бөлінген депрессиялық және маниакалық фазалар түрінде өтетін. Ауру көптеген рецидивтерге қарамастан интеллектуалдық және эмоционалдық сфералардың дефектілеріне және тұлғаның өзгеруіне әкелмейді.

Эпилепсия бұл санада және көңіл күйде эпизодтық пайда болатын бұзылулар, пароксизмалдық бұзылулардың болуымен сипатталатын созылмалы ауру. Ауру көп жағдайда тұлғаның біртіндеп өзгеруіне және интеллектінің төмендеуіне әкеледі. Аурудың жеке сатыларында өткір және созылмалы психоздардың пайда болуы мүмкін.

Эпилепсия хроникалық нервті-психикалық ауру. Сана немесе көңіл-күйдің бұзылуының ұстама тәрізді және тұлғаның спецификалық өзгеруімен сипатталатын талма ауруы.Эпилепсия пайда болуының себептері: ген арқылы (тұқымқуалау) және симптоматикалық(бас мидың зақымдалу)

Эпилепсия мен бас миның органикалық зақымдануының клиникасына тән, балалық кезде сомнамбулизм түрінде көрініс береді. Эпилепсия – ұстама тәрізді сана мен көңіл-күйдің бұзылулары қайталанбалы, жүйкелік-психикалық ұзақ уақытқа созылған ауру, сіңірдің тырысуы немесе тырысуы тұлғаның спецификалық өзгеруімен ере жүреді. Бұл ауруға қалтырап-дірілдеп қалу тән. Сырқаттың білінуі де әрқалай. Мысалы, аурудың жедел ұстамасы ұстаған кезде адамның қол аяғының, денесінің еттері дірілдеп, тартылып қалады, есінен танады, дем алысы бұзылады, беті көгеріп, тілі жиырылып, жақтары қарысып қалады. Ұстама тек бірнеше минутқа созылуы мүмкін.Барлық аурулар сияқты эпилепсияның да әртүрлі ағымы, әртүрлі көрінісі болады. Ұстамасы сирек болғанымен ауру өте ауыр өтетін болса, онда адамның ой жүйесі (интеллектісі) төмендейді. Эпилептикалық аурудың пайда болу себептері әртүрлі; бала құрсақта жатқанда әр түрлі зиянды әсерлердің, туған кездегі жарақаттар, нәрестелік кездегі инфекция салдарынан пайда болуы мүмкін. Эпилептикалық ұстамалардың мінездемелеріне байланысты аурудың бір қатар түрлерін бөліп көрсеткен. Олар. Ұзақ тырысатын талмалы эпилепсия, аз талмалы эпилепсия, диэнцефальді эпилепсия, пихомоторлы ұстамалы эпилепсия, психосенсорлы ұстамалы эпилепсия, психикалық эквивалентті эпилепсия.

Ұзақ тырысатын талмалы эпилепсия.

Нейрондардың патологиялық қозуы алғаш өрістеуінде эпилептогенді ошақтың шегінен тыс әртүрлі психопатологиялық құбылыстармен бірге жүреді және ол- аура деп аталады.аураның мінездемесі мидағы эпилептогенді ошақтың шектен тыс шығармауына тәуелді, яғни патологиялық қозуға қай анализатор нейроны қатысатына байланысты.

Аз талмалы эпилепсия

Аз талмалы эпилепсияның көп тараған түрі— абсанс. Бұндай ұстама көбіне 4-5 жасар балаларда кездеседі. Ол сананың қысқа уақытты және терең түнеруінде көрінеді, ауру құлап қалмайды, олао бір позада қатып қалады.Сонымен қатар беттері қызарады немесе ағарып кетеді, көздері бір нүктеге қарап қалады, көздері жыпылықтамайды.

3. Диэнцефальді эпилепсия

Ол сананың бергі жағының бұзылуы түрінде көрінеді. Қалтырау, көп терлегіштік, құсу,тахикардия, ішектің дисфункциясы, кіші дәретке көп баруы, дене қызуы т.б. Ұстама ұзақтығы 10-15 минут, аптасына 1-2 рет болады.

Психомоторлы ұстамалы эпилепсия

Мұндай ауруға шалдыққандар жан-жағынан күдіктеніп, басын қолымен жауып, ұстамалы қатты күлу немесе жылау жүреді. Ұзақтығы 3-5 минут.

Психосенсорлы ұстамалы эпилепсия

Ол сананың онша терең емес қарауытуы фонында жүреді. Онда көлемнің үкендігін, мөлшерін және қоршаған ортадағы заттар мен өз дене мүшесінің қабылдауында бұзылулар болады. Ұстама ұзақтығы 2-3 минут. ОЛ ұйқы кезінде өршуі мүмкін. Ауру ұйқы кезінде бір сөздерді айытп немесе бөлмеде жүріп айналадағы заттар мен жиһаздарды жылжытып жүреді.

Психикалық эквивалентті эпилепсия

Бірнеше сағаттан бірнеше күнге созылған ұстамалар және сананың қарауытқан кезіндегі қиын жүріс-тұрыс, галлюцинаторлы-сандырақты қосылулар немесе көңіл-күйдің дисфориялық бұзылулары.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет