Ф-мк-003/048 «Тұлғаның психологиялық денсаулығы» пәні бойынша емтихан сұрақтары



бет22/83
Дата23.05.2020
өлшемі186,17 Kb.
#70868
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   83
Байланысты:
ТПД экзамен

Имбецильділіклатын сөзі, қазақша аудармасы «әлсіз, дәрменсіз» деген мағынаны білдіреді. Имбециль идиотқа қарағанда ақыл-ой кемістігінің жеңілдеу тобына жатады. Олардың патологиялық кемістіктеріне зерттеу жүргізген кезде жүйке жүйелерінің, әсіресе оң жағының құрылысы мен оның қызметіне залалын тигізетін әр түрлі аурулар жиынтығының бытыраңқы қалдықтарының болатындығы анықталды.

Имбециль балалардың ақыл-ой кемістіктері идиоттарға қарағанда біршама жеңілдеу болғанымен, бірақ олардың да қимыл-қозғалыстарының толық жетілмегендігі айтарлықтай толық білініп тұрады. Демек мұндай балалардың да қимыл-қозғалыстарының толық жетілмегендігі айтарлықтай айқын білініп тұрады. Мұндай балалардың қимыл-қозғалыстары жеткілікті дамымай қалған. Соның салдарынан дене бітімдерінің құрылыстары да қисайып майысып бұзылған. Олар өздерінің дене мүшелерін кез келген нысаналы бағытқа бұрып және бір-бірінен айырып қимылдатып, қозғалтуға шамалары келмейді. Мысалы, бір көзіңді қыс десең, ол бүкіл бетін тыржитып жиырып екі көзін де қысады, кейде қолымен жабады.

Толық жетілмей кем болып қалған дене мүшелері баланың көздеген мақсатына қарай емін еркін қимылдап, қозғала бермейді. Сондықтан да олардың дене мүшелері әсіресе, қолдары ешқандай бағыт-бағдарсыз бет алды салдыр-салақ сілтеніп қимылдайтындары жиі байқалады. Қолдарының, аяқтарының және саусақтарының қимылдары өте әлсіз және ебедейсіз шалажансар болады, емін-еркін иіліп-бүгіліп, ашылып жазылмайды. Сондықтан да мұндай балалар өздерінің үсті-басына қарап, күтінуге шамалары келмейді. Қолдары мен саусақтарының кемістігі олардың жазуды үйренулеріне де қиындық туғызады.

Имбециль балалардың мінез-құлықтары идиоттардікіне қарағанда біршама тыныштау болғанымен, бірақ олардың да өздеріне тән тағылық қылықтары жиі-жиі көрініп тұрады.

Мысалы, олар көп уақытқа дейін өздерін мектептің шәкірттері болғанын, онда дәріс алып оқу керек екенін мойындамайды, өйткені «мектеп, шәкірт, оқу, мұғалім» деген сөздерді ұқпайды. Мұғалімнің қойған талап-өтініштеріне құлақ аспайды, демек, мұғалім сөйлеген сөздерінің мағыналарын түсінбейді. Олар сабақ жүріп жатқан кезде рұқсатсыз орындарынан тұрып, парталарды жағалап, бет-алды ары-бері сандалып жүреді, мұғалім ескертпелеріне құлақ аспайды.

Имбециль балалардың көпшілігінде мінез-құлықтарында еліктеушілік қасиеттері басым болады. Олар не көрсе соны дәл сол қалпында айнытпай салады, тіпті әлдеқашан бұрынғы көргендерін де ұмытпай қайталап сала береді.

Іштен туа бітетін ақыл-ой кемістігінің имбециль тобына кіретіндердің ішіндегі айтарлықтай көп тараған түрі – Дауна синдромы. Бұл кемістіктің дауна деп аталу себебі, 1866 жылы ағылшын дәрігері Лэнгдон Даун аурудың өз алдына жеке бір түрі ретінде ақыл-ой кемістіктерінің басқа түрлерінен бөліп алып арнайы зерттеген. Дауна синдромы ақыл-ойдың хромосомды кемістіктеріне жатады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет