Агрессивтік мінез-құлық-(лат.aggressio- қаз.шабуыл жасау)- адам әрекетінің ерекше формасы,мұндай мінез құлық субъекттің нұқсан келтіру мақсатымен өзінен басқа адамға немесе адамдар тобына өз артықшылығын білдіріп, қыр көрсетуі немесе күш қолдануға тырысуымен сипатталады. Агрессивтік мінез-құлық қарқындылығы мен пайда болу дәрежесі бойынша : жеккөрушілік, жақтырмаушылықтан - тіл тигізуге ("вербалдық агрессия") және дөрекі түрде күш қолдануға ("физикалық агрессия") дейін түрленеді. Әллеуметтік психологиялық тұрғыдан келгенде: жекелеген адамдардың агрессивті мінез-құлықтары жиынтығының, бұқаралық сипаттағы құбылық ұғымының шеңберіндегі тұлғаралық агрессияның топтық агрессияға айналуының мәні бар.
Деперсонализация, сананың күнгірт қалпы, онейроидтік қалып, делириоздық қалып бұзылыстарына сипаттама.