Ф-мк-003/048 «Тұлғаның психологиялық денсаулығы» пәні бойынша емтихан сұрақтары


Идиотия, имбецильділік, дебильділік бұзылыстарына сипаттама



бет21/83
Дата23.05.2020
өлшемі186,17 Kb.
#70868
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   83
Байланысты:
ТПД экзамен

Идиотия, имбецильділік, дебильділік бұзылыстарына сипаттама.

Идиотия – гректің сөзі, қазақ тілінде «нақұрыс» деген мағына береді. Демек идиотия туа біткен психикалық бұзылудың нәтижесінен болатын ақыл-ой кемістігінің ең ауыр түрі.

  1. Идиот балалардың физикалық дамуы өте қатты күйзеліп бұзылған. Олардың бас сүйектері мен дене құрылысы сүйектерінің сыртқы мүсіндік тұлғалары майысып-қисайып бүлінген және соның салдарынан қимыл-қозғалыстары толық жетілмей қалған.

Физикалық кемістіктің мұндай зардабынан идиот балалардың кейбіреулері тіпті өздігінен емін-еркін отырып тұрып, түзу жүре де алмайды. Сондай-ақ идиот балалардың көпшілігінің алақандарын шапаттайтын, бастарын шайқайтын немесе изейтін, қолдарының немесе аяқтарының саусақтарын немесе бармақтарын ауыздарына салып үздіксіз шолпылдататын, сорып отыратын ритмикалық жасанды қылықтарын да жиі байқауға болады.

  1. Идиот балалардың сөйлеу тілдері жекелеген кейбір жеңіл дыбыстарды айтудан әрі бармайды. Тек кейбір жағдайларда ғана бір-екі буыннан тіркескен бірнеше сөздерді бұрмалап бұзып айтуға шамалары келеді.

  2. Бас миының үлкен жарты шары қыртысының жұмыс істеу қызметінің соншалықты өрескел қатты бұзылғандығының нәтижесінен идиот балалардың тіпті қарапайым деген шартты рефлекстерінің өздері де өте қиыншылықпен орындалады.

  3. Идиот балалардың мінез-құлықтары тағы тақылеттес болып кетеді. Олардың кейбіреулері өлі денеге ұқсап айналасындағыларға көңіл аудармастан ұзақ қимылсыз құлап жатып алады немесе қозғалмастан бір орында мелшиіп отырады да қояды; ал басқа біреулері керісінше, тынымсыз жүгіреді, секіреді немесе тоңқалаң асып құлайды да аунақшып дөңбекшіп домалай бастайды.

Қорыта келгенде, жоғары жүйке қызметі іс-әрекетінің мұндай ерекшеліктері идиот кемістігіне шалдыққан балалардың психикалық дамуының қатты күйзеліп, бұзылғандығын көрсетеді.

Дебильділік – латынның сөзі, қазақ тіліндегі аудармасы «деліқұл» деген ұғымға тура келеді.

Баланың іштей жетілмей туатын физикалық және психикалық дамуындағы патологиялық кемістігін «дебильділік» - деп атайды. Дебиль балалардың ақыл-ой қабілеттерінің таяздығы идиот пен имбецильге қарағанда әлде қайда жеңіл болады. Сондықтан да олар өздеріне арналған арнайы мектептің жеңілдетілген оқу бағдарламасын ойдағыдай меңгереді және сонымен қатар қарапайым қол жұмыстарымен атқарылатын еңбектің түрлерімен шұғылдануға бейімделеді.

Алайда бұл кемістік патологиялық процестің негізінде пайда болғандықтан дебиль балалардың физикалық дамуында да болмашы жеңіл ауытқулар байқалып тұрады. Бірақ бұл ауытқулар жайшылықта көп біліне бермейді. Тек кейбір иіліп-бүгілуі, қайырылып-бұрылуы қиын күрделі қимыл қозғалыстарды орындағанда ғана байқалады. Мысалы, футбол, волейбол, баскетбол, ұзындық пен биіктіктен жүгіре секіру сияқты және басқа да спорт ойындары. Дегенмен де, педагогикалық тәсілдердің қағидасымен жүргізілетін түзету, тәрбие жұмыстарының нәтижесінде дебиль балалардың физикалық дамуындағы патологиялық кемістіктерінің тіпті де білінбей кететіндері соншалықты, олардың кез келген қарапайым қол еңбегінің түрлерімен айналысуына мүлде кедергісі болмайды.

Дебиль балалар күнделікті қарым-қатынаста қолданылатын дағдылы қарапайым сөздерді ауызекі сөйлеу тілдерінде еркін меңгеріп, оңай түсінеді. Ал, мазмұны күрделі, мағынасы астарлы болып айтылатын сөздерді байыптап түсінуге ақыл-ойларының зерделілігі жетпейді.

Олигофренияның дебиль тобына жататындардың өздері ауыр және жеңіл дәрежелі болып екіге бөлінеді. Өйткені олардың ақыл-ойларының даму процестері мен сөйлеу тілдерінің бұзылулары біркелкі болмайды. Сөйлеу тілі ақыл-ойдың ең негізгі құралы ретінде оның даму процесіне байланысты бірыңғай жетіледі.

Ақыл-ойларының патологиялы кемістері жаңадан нышан көрсетіп, енді-енді байқала бастаған мектеп жасына дейінгі ересек топтағы балалардың сөйлеу тілдеріндегі мүкістердің түрлері мен олардың айтылуындағы ерекшеліктері әр алуан болып келеді. Мұндай балалардың сөйлеу тілдердегі мүкістері, әсіресе олардың мектептің бірінші және екінші сыныбында жүрген кездерінде анық байқалады.

Ақыл-ойы кем балалардың арасында оқығанын түсінбейтін кемістіктері бар балалар да кездеседі. Олар берілген мәтінді қатесіз оқығанымен оның мағынасын түсінбейді. Себебі, мәтінді оқыған кезде не бастапқы, не соңғы сөз тіркесін ұмытып қалады. Соның салдарынан мәтіннің мазмұнына сәйкес қойылған сұраққа дұрыс жауап бере алмайды. Егер сол мәтінді басқа біреу дауыс ырғағымен мәнерлеп оқып берсе оны жақсы түсінеді. Демек, дебильдің жеңіл дәрежесіндегі балалар мәтіннің немесе сөйлемнің құрамындағы тіркескен сөздердің бір-бірімен грамматикалық синтаксистік жолымен байланысып, белгілі бір мазмұнды тудырып тұрғандарын ұқпайды және өздерінің оқығандарын түсініп, естерінде сақтай алмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет