Лептосоматик, пикник, атлетик, диспластик түрлеріне сипаттама.
Ежелгі дәуірлерден бастап зерттеушілер адамдардың дене құрылымы және физиологиялық қызметінің ерекшеліктерімен сай келетін көп түрлі әрекет – қылықтарды тастап, ретке келтіруге ат салысты. Осыған орай темпераменттің көп түрлі типологиясы қалыптасты. Бұлардың ішінде назар саларлықтай тип – адамның дене құрылымына байланысты дараланып, тума темперамент қасиеттеріне негізделген – конституциялық типология (Э. Кречмер). Бұл теорияның мәні: әр адам өз дене құрылымына орай өзіндік психикалық ерекшелікке ие. Осыдан, дене мүшелерінің сырттай өлшемдеріне байланысты төрт конституционалды психикалық тип белгіленген:
1.Лептосоматик- бойшаң, нәзік денелі, тар иықты, қол-аяғы ұзын, сидыйған.
2. Пикник- мығым, сезімшең, кіші не орта бойлы, қарны қампиған, домалақ бас.
3. Атлетик- бұлшық еттері күшті дамыған, денесі мығым, берік, ұзынша не орта бойлы, кең иықты, жамбас сүйектері тартылған.
4. Диспластик-дене бітімі қисынсыз. Бұл адамдар әрқилы мүшелік зақымдарға ұшырағандар.
Жоғарыда баяндалған конституциялық типология теориясының негізін қалаған- Э. Кречмер. Бұл теория Батыс Европада кең қолдауын тапты. Ал осы теорияны арықарай жалғастырған У. Шелден болды. Сонымен, әр адамның темпераменті әртүрлі, соған байланысты адамдар да әртүрлі.
Достарыңызбен бөлісу: |