«Ғ.Мұстафин атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ
Оқу сауаттылығы апталығы
«ХХІ ғасыр - сауатты ұрпақ ғасыры!»
18-23.01.2021ж.
Тақырыбы: «1001 мақал, 101 жұмбақ»
(Танымдық сайыс)
Сынып: 7
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:
Малгабылова Макен Мажитовна
Қарағанды қаласы, 2021
Тақырыбы: «1001 мақал, 101 жұмбақ».
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың халық ауыз әдебиетін дамыту, тереңдету,
ізденушілігін арттыра отырып, ой - өрісін кеңейту.
Дамытушылық: Тіл байлығын молайту, ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетінің, сауаттылығын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың бойына адамгершілік қасиет дарыту, отанға, туған жерге, тілге деген сүйіспеншілік сезімін ояту. Еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Танымдық сайыс
Барысы:
Мұғалім: -Сәлеметсіздер ме,құрметті менің сүйікті оқушыларым!
Биылғы жылдың 18 қаңтарынан бастап 23 қаңтарға дейін қалалық
«ХХІ ғасыр - сауатты ұрпақ ғасыры» тақырыбында оқу сауаттылығы апталығы өткізілуде.
Біздің , «Ғабиден Мұстафин атындағы жалпы білім беретін мектебімізде» қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдерінің қолдауымен оқу сауаттылығына байланысты іс –шаралар осы аптаның дүйсенбі күнінен басталып кетті. Ендеше, балалар, сол іс- шараны жалғастыру барысында менде сіздермен , яғни 7 «Ә» сынып оқушылары мен 7 «А» сынып оқушыларының арасында «1001 мақал, 101 жұмбақ» атты танымдық сайысымызды ашық деп жариялаймын.
Мұғалім: -Балалар, өздеріңізге мәлім,мақал-мәтел, жұмбақ, шешендік өнер ата-бабаларымыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанмен мазмұны тереңдей, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді.
Мұндағы менің мақсатым – халық ауыз әдебиетін дамыту, халық мұрасын сақтау және жалғастыру, тапқырлық пен ой ұшқырлығына тәрбиелеу.
Мақал-мәтелдер – ғасырлар шежіресі, онда халық тарихы, оның тіршілігі, ақыл,өнегесі мол көрініс тапқан. Мақал-мәтелдер ой дәлдігімен, тереңдігімен, ықшамдығымен ерекшеленеді. Жұмбақтар да – ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан түрі. Жалпы алғанда, жұмбақ адамның дүниетану жолындағы ойының, қиялының шамасын білдіреді.
Сонымен,балалар, іске сәт! Кәне бастайық!
Қайырлы күн, достым!
Сәттілікке толсын!
Біздің алар бағамыз,
Кілең бестік болсын!
1-айналым. «Мақал –мәтелдер» сайысы
Бұл кезеңде суретке қарап , мақал -мәтелдерді толықтырасыздар.(10 мақал –мәтелдер,слайд бойыша ) 2-айналым. «Жұмбақтар» сайысы.
1.Судан шығады
Судан қорқады
(Тұз)
2.Зер -зер кілем, зер кілем
(Жер)
3.Қабат қабат қаттама ,
Ақылың болса аттама
(Кітап)
4.Мойны сұрақ белгісі
Бұл қандай көл құсы?
(Аққу)
3-айналым. Мақал –мәтелдерді жұмбақтың шешуімен сәйкестендіру.
Жұмбақтардың шешуін шешін, жауабына сәйкес келетін мақал –мәтелдерді табады.
Тұз.Досы жоқ адам - тұзсыз тағам.
Жер.Жер құтты болса, мал сүтті болады.
Кітап.Кітап -білім бұлағы, білім -өнер шырағы.
Аққу. Аққуды атпа, досыңды сатпа.
Осымен, балалар, бүгінгі өткен «1001 мақал, 101 жұмбақ» атты жарысымыз өз мәресіне жетіп, аяқталды.
Құрметті менің сүйікті оқушыларым! Мақал-мәтел, жұмбақтар–ұрпақтан ұрпаққа көшетін тарихи қалыптасқан әлеуметтік нормалар, қоғамдық әлеуметтік дүние, ол қоғамдық ұйымдар мен халықтың мінез-құлқы және іс-әрекеттің рухани негізі. Қазақтың өмір салты мен сыйластығы өте зор. Сөзімді қазақ халқының ақыны Мағжан Жұмабаевтың өлеңімен бітіргім келіп отыр:
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты –
Қырандай күштi қанатты.
Мен жастарға сенемiн!
Сіздер қазақтың тәрбиелі ұлдары мен қыздары бола беріңіздер!Еліміздің болашағы білімді ұрпақта,білімді болуларыңызға тілектеспін! Көріскенше, сау саламатта болыңыздар,балалар!
1Сонымен
Сонымен111-Қайырлы күн, достым
Қайырлы күн, достым, Сәттілікке толсын!
Біздің алар бағамыз,
Кілең бестік болсын!
Қайырлы күн, достым, Сәттілікке толсын!
Қайырлы күн, достым Біздің алар бағамыз,
Кілең бестік болсын!
Достарыңызбен бөлісу: |