Ф-об-001/033 Тақырыбы: 1980-1990 жж. Тунис Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму тенденциялары



бет4/4
Дата12.03.2018
өлшемі0,9 Mb.
#38567
1   2   3   4

2.4. Тунистің шет елдермен байланысы

Тунистің жаңа президенті Зин аль-Абидин бен Али халықаралық қатынаста Тунис мемлекеті өз міндеттілігіне сенімді болып қалатынын, сонымен қатар, "исламдық, арабтық, африкалық және жерорта теңіз ынтымақтастығы" атауларын сақтайтындығын атап өтті .

Тунис Республикасы халықаралық еңбек бөлінісіне белсене қатысады және де оның экономиикалық жағдайы сыртқы экономикалық байланыстар оның экономикалық жағдайын сырткы экономикалық байланыстар тарапынан анықталатын болады.

Негізінен, Тунистің қазіргі уақыттағы сыртқы экономикалық байланыстары екі бағытта дамуда: сыртқы сауда және экономикалық ынтымақтастық бағыттары.

Тәуелсіздік жылдарында Тунис сыртқы сауда көлемінің күрт өскені айқын. Осы жылдары сауда серіктестерінің тобы ұлғайды және де әлсіз дамытуды шеттету процессінде, сонымен қатар бұрынғы метрополияның экономикалық тәуелділігін жоюға байланысты импорт және экспорт структурасында өзгерістер болды.

Тунистің сыртқы саудада негізгі серіктесі болып Франция қала береді, бірақ тәуелсіздік жылдарында оның импорттағы және экспорттағы салыстырмалы салмағы едәуір төмендеді. Тунис сонымен қатар, бұрынғы метрополиясынан өндіріс жабдықтарын, автокөліктің, трактор, оптика және гылыми аппаратураларын, өндіріс товарларын, әсіресе сүт өнімдерін сатып алуды көбейтті.

Тунистің саудада екінші серіктесі болып Италия және ФРГ табылады. 70-шы жылдары Италия Францияны ығыстырып, бірнеше жылдар бойы Гунистің сыртқы саудасында бірінші орында тұрды.

Тәуелсіздік алғаннан кейін Тунис дамушы елдер арасында ынтымақтастық байланыстарын дамыта бастады, әсіресе көрші Араб және Африка мемлекеттерімен. Араб Мағриб мемлекеттеріне жататын Алжир, Марокко, Тунис және Ливия, Мавритания арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамытудағы Солтүстік Африка елдерінің белсенділігін айрықша айта кеткен жөн. Олардың сауда саясатындағы мақсаты өзара бақталастықты жою және олардың өнімдерін халықаралық рынокта тұрақты өтіп тұруын қамтамасыз ету.

Алжир мен Тунис арасындағы екі жақты ынтымақтастық әсіресе Алжирден Италияға Тунис териториясы арқылы өтетін газ құбырының құрылысы аяқталғаннан кейін өте жемісті болды. 1983 жылғы Алжир мен Тунистің "бауырластық және қарым қатынас" туралы келісімінен кейін, 1988 жылы екі ел арасындағы шекараны белгілеу туралы шартқа (Конвенция ) қол койылып, экономика саласында бірнеше жаңа келісімдер жасалды.

Африканың басқа елдерімен сауда байланыстары мәнсіз және ретсіз болды. Бұл Египетке, Кот'д Ивуар, Сенегал, Камерун және Тогаға қатысты. Негізінен осы елдерден келетш импортты мақта, какао және ағаш құрайды. экспортқа тыңайтқыштар фосфор қышқылы, шарап және бірнеше электромеханикалық товарлар шығарылып отырады.

Азиаттық бағыттағы товар айырбасының негізгі серіктесі болып Жшония табылады. Олардан құрал - жабдықтардың кейбір түрлерін, оптикалық құралдарын және ғылыми аппараттар, кинофототоварларын сатып алады. Сонымен қатар, Индия және Индонезиямен сауда байланыстары ныгаюда. Бұл елдермен тыңайтқыштар жеткізудегі сауда балансында болымды сальдоға (айырма) ие (1988 жылы 60,4 млн. және 12,4 млн. ТД). Ирак және Сириямен саудада сондай-ақ, болымды сальдоға (1988 жылы 18,6 млн. және млн.ТД) ие болатын қолайлы қатынастар дамуда35.

Сауд Аравиясымен соңғы жылдары Бизертадағы мұнай тазарту заводы үшін мұнай шикізатын сатып алудың тоқталып қалуына байланысты иуда қатынастары қысқарып калды. Россия және Шығыс Европа елдері Тунистің сыртқы саудасында кішігірім орын алатынын айта кеткен жөн. Бұрынғы кеңес Одағы мен Тунис арасындағы сауда қатынасы 1957 жылы жасалған, 1977 жылы сәуірде Тунисте Совет сауда өкілетінің тағайындалуы туралы протоколға қол қойылған.

Кеңес Одағына Тунис зығыр майын, миндаль, цитрус өнімдерін, ұсақ тері шикізаттарын және тығын қабығын (пробковая кора) жеткізіп отырады. Ал, КСРО Тунисті антрацитпен (тас көмірдің ең жақсы сорты) және газет қағаздары, аралау материалдарымен толық қамтамасыз етіп отырды. КСРО-дан сондай–ақ, машиналар және құрал-жабдықтар, әйнек, сіріңке және баска да товарлар келіп отырды. Совет Одагының Сыртқы сауда ¥йымдары Етрацит, аралау материалдарын және басқа товарларды "ат-Тиджара ат-Тунисия" атты делдалдық фирмасына 2-2,5 процент көлемінде төлем беру арқылы сатып отырды36.

Тунис экономикалық ынтымақтастығын жеке мемлекеттермен, сонымен қатар, халықаралық ұйымдармен де белсенді дамытуда. Б¥¥-ның құрамындағы халықаралық ұйымдардан Тунис экономикалық көмек алып отырады. Олар Тунис Республикасының төлем балансын тұрақтандыруға және экономикалық қызметті либерализациялау, сондай-ақ, Тунис өнеркәсіптеріне Халықаралық рынокта бәсекелестік қабілетін иемденуге көмектеседі.

1988 жылы Франция Туниске екіжақты негізде 28,6 млн доллар көмек ссетті. Сондай-ақ, Франция өнеркәсіп құрылысының бағдарламасына және срсмажорлық жағдайға 420 млн. франк бөлген. Бұрынғы метрополия мемлекеттік қызметкерлерді қалыптастыруға және ұлттық статистиканы дайындауда үлкен септігін тигізді 1984-1989 жылдары Франция Тунис Орталық аудандарының гидрологиялық зерттеулеріне белсене қатысып, елдің табиғи ресурстары картографиясындағы жұмыстарына көмектесті.

Франция сондай-ақ, Туниске тұрғын үй құрылыстарын салуға және тұрғын үйлерді жөндеуге қызмет істей отыра қаланың жаңарту және қайтадан қалпына келтіру (реставрациялау) жұмыстарында көмек көрсетуде. Денсаулық сақтау саласында француз мамандарын әртүрлі госпитальдарда және Пастера институтында қызмет етіп, «метабольды» ауруларды зерттеуде.

Оқу ағарту саласында француз мұғалімдері әртүрлі орта және жоғарғы оқу орындарында жұмыс істеиді, ғылымды дамытып, жаңа технология енгізу үшін Франция Туниске 1988 жылы 9,884 млн. француз франкін бөлген. Бұл жәрдем Тунисте ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге және Францияда тәжірибеден өтуге үлкен септігін тигізді.

Тунис АҚШ-пен елдщ жаңа технологиямен қамтамасыз ету туралы келісім шарт жасады. 1981-1982 жылдары Америка тарапынан 45 млн. доллар бөлінген. Сондай-ақ, мұхиттың арғы бетіндегі серіктес өнеркәсіпті кеңейтуге 600 мың млн. доллар және елдің экономикасында жекеменшік секторын дамыту үшін 650 мың доллар қаржы аударылған.

Тунис пен ФРГ-ның экономикалық байланысының басталуы 1960 жылдардың 1-ші жартысына жатады, ФРГ-мен бірнеше рет техникалық ынтымақтастық, экономикалық және финанстық ынтымақтастық келісімдер жасалды. 1986-1987 жылдары ФРГ денсаулық сактау саласында Ұлттық денсаулық орталығының қызметкерлерін дайындау бағдарламасына және Беджа даласында аймақтық басқарма құруға қатысты. Немістер жағы сондай-ақ, экономиканың әртүрлі саласы үшін мамандандырылған кадрлар даярлауға көмектесіп, осы мақсатта Тунис жастарына степендия бөліп отырды.

Тунис экономикалық салада Батыс Европаның басқа да елдерімен байланыста. Тунистің Италиямен экономикалық ынтымақтастығы кеңейе түсуде. 1984-1990 жылдары Тунистің әлеуметтік-экономикалық дамуы мақсатында Италияндықтар тарапынан 136 млн. доллар қарыз кредит және сый түрінде бөлінді.

Италия Туниске геологиялық зерттеулерде үлкен септігін тигізді. Әсіресе, Кайруан ауданында қорғасын, мырыш өндіруге, Гафсы ауданында фосфат кендерін зерттеуге және Уэд-Лабидте (Эт-Тйп) агро-зоотехникалық орталығын құруға көмектесті. 1987 жылдан бері Италия тұрғын үй құрылысының жобасын дайындауға ат салысып, жуықпен 6,4 млн. доллар көлемінде кредит бөлді.

Италия Тунистің білім оқу - ағарту салаларының дамуына ерекше көңіл бөлуде. 1988-1990 жылдары техникалық кадрлар дайындау туралы жаңа үш келісім шарт жасалып, оған 29 млн. доллар бөлінді. Тунис сондай-ақ, Швециямен қарым қатынасын кеңейтті. 1982-1991 жылдары Швеция және Тунис Денсаулық Сақтау Министірлігі арасында түпкілікті байланыстар орнатылып, 455 мың. доллар әлеуметтік қамтамасыз ету үшін бөлінді. 1977 жылдан бері екі елдің арасында техникалық ынтымақтастық туралы байланыс бар.

Канада Солтүстік Америка континентінде Туниске техникалық және финанстық көмек көрсетуде ІІ-ші орынға ие. Экономикалық байланыс 1980-ші жылдардың П-ші жартысынан бастап жандандырылуда. Өндірісте бағаның өзгеруіне байланысты 1980-1990 жылдары Канада Туниске 196,16 мың доллар кредит бөлді.

Аграрлық салада ынтымақтастық қызу түрде дамыды. Тунис ұлттық ауыл шаруашылық институты әртүрлі техникалық дақылдарды өсіру үшін 272 мың доллар кредит алды. 1986-1988 жылдары орман шаруашылығын зерттеу институты канадалық мамандармен орман шаруашылығы саласында бірге қызмет атқарды.

80 жылдары Тунистің әлеуметтік-экономикалық дамуында Бельгия жәрдемі ұлғая және тереңдей түсті. 1988 жылы техникалық ынтымақтастық мақсатында Бельгия 3,208 млн доллар және 300 мың Бельгия франкін финанстық көмек ретінде табыс етті. Бельгия Тунис ауыл шаруашылығын дамытуда үлкен көмегін тигізді. 1986-1992 жылдары осы себеппен Бельгия жағы 2 млн. доллар бөлді. 1986-1990 жылдары Тунис елдің Солтүстік Батыс аудандарында ауыл шаруашылық өндіріс салу үшін 1,8 млн. доллар алып, пайдаланатын жерді бақылайтын орталық салды.

Сондай-ақ, Белгьия ¥лттық кадрларды дайындауға белсене қатысты. Осы мақсатпен 1986-1989 жылдары 1,2 млн. доллар бөлініп, Морнаго каласында құрылыс техника орталығы, Габес даласында жоғарғы дәрежелі мамандарды даярлайтын ¥лттық Орталық салынды. Өз уақытында Тунис Кеңес Одағымен де экономикалық қарым-катынастарын дамытты. 1988 жылы техникалық ынтымақтастық үшін КСРО Тунис үкіметіне 2,8 млн доллар қаржы аударып, бұдан басқа Кеңес Одағы 1988 жылы жедел жәрдем және гуманитарлық мақсатта Туниске 2,5 млн. доллар бөлді.

1988-1989 жылдары КСРО Туниске ауыл шаруашылығындағы зиянкестермен күресу үшін 2,5 млн. доллар көлемінде көмек көрсетті. 30 жыл бойы екі ел арасында ынтымақтастық жалғасуда. Көптеген Тунис жастары КСРО-ның жоғарғы оқу орындарында білім алып, казіргі кезде Россия мемлекетінде жалғастыруда.

Саяси жобада Тунис Азия және Африкадағы аймақтық шиеленістерді шешуде КСРО-ның көмегін еске ала отырып бейбітшілік инициативасын алға койды. Б¥¥-ын күшейту және оның эффектісінің жоғарлауы ұхынған Кеңес Одағымен Тунис бір пікірде екенін атап өтті37. Туниске финанстық және техникалық көмекті Б¥¥-ның кұрамындағы әртүрлі ұйымдар және Европа экономикалық бірлестігі де (ЕЭС) көрсетіп отырды.

1981-1990 жылдары Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы (МГШ) Туниске жемістер мен зығыр өндірітерін ұлғайту және әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту үшін 48,5 млн. доллар бөлді. ЮНИСЕФ ұйымы Туниске денсаулық сақтау саласында инфекциялық аурулармен күресуде және халықтарға вакцина егуге көмектесіп, 1987-1991 жылдары осы мақсатта 1,6 млн. доллар қаржы аударды. ЮНЕСКО ұйымы Тунис мемлекетіне мәдени гуманитарлық және әлеуметікк ғылымдар бойынша халыкаралық семинарлар өткізуге көңіл 45 бөлуде. Осы ұйым 1988 жылы 76 мың доллар бөліп, 10 семинар және түрлі аймақтық жиналыстар мен әртүрлі кеңес беру шараларын өткізді.

Экономиикалық ынтымақтастықта көршілес араб елдерінің қорлары соның ішінде Сауд Қоры, Кувейт Қоры әлеуметтік экономпканы дамытудағы Араб Қорымен тығыз байланысты. Тунис үкіметі елге валютаның қайнар көзі болып табылатын -туризм индустриясын дамытуға ерекше көңіл бөледі. Осы мақсатта елде 19.11.1990 жылы туризмді дамыту туралы арнайы заң қабылданды.

Тунис Республикасының негізгі туристік орталықтары: Хаммамет-Набуль, Сус- Кайруан, Монастир-Сфакс, Джерба аралы-Зарзис-Габес, Гафса-Таузар, Бизерта-Табарна. Тунистегі туризм индустриясы өте тиімді. Туристік бизнес 1986 жылы сәуірде американдықтардың Ливияны бомбылау салдарынан және 1990-1991 жылдары Парсы шығанағындағы дағдарысқа байланысты күйзеліске ұшырады. Ливия астанасын бомбылау салдарынан 1986 жылы туристер саны 1,5 млн. Адамға қысқартылғанымен, келесі жылы 1,9 млн. адамға көбейді.

Туризмнің өзі шет елмен байланысын дамытуда үлкен септігін тигізеді. 88 процент туристер Европадан, әсіресе Франциядан, ФРГ, Англия, Италия, Бельгия, Швейцария, Нидерландия, Австрия және Скандинавия елдерінен келіп отырады.

Қорыта келгенде, Тунистің шет елдермен байланысын негізгі үш фактормен анықтауға болды:

Бірінші фактор - жалпылай танылған құқық принциптерінің жолын ұстаушылық.

Екінші фактор - ғылыми техникалық жетістіктеріне шынайы ризашылық.

Үшінші - елдің ынтымақтастыққа және бірлестікке дайын екенін білдіретін түсіністік, достық факторы.

Тунистің сахарадан оңтүстікте жатқан Африка елдерімен қарым-қатынасы, мәдениеті, саяси стратегиясы бауырлас ынтымақтастықта, бірлікте. Тунис мемлекеті бірге отаршылдық бодандықта болғанын және одан бірге құтылғанын ұмытпайды. Палестина арабтары сияқты Намибия және Оңтүстік Африка елдерінің патриоттарын қолдауға бостандық үшін және ұлттық сезімдік күрестері біріктіреді. Халықаралық форумда африкандықтар заңды түрде бізді таныстырып, біз оларды таныстырамыз" - деді Тунис Республикасының КСРО-дағы төтенше елшісі Абд-ар-Руф Унайес. Шет елдермен байланыс жасау жобасында Тунис шынайы бейбітшілік принципін ұстайтын елдердің бірі болып табылатындығына күмән жоқ.

ҚОРЫТЫНДЫ

Сөйтіп, Тунис мемлекетінің экономикалық-әлеуметтік дамуы 80-90 жылдары жүйелі түрде жүрді. Елде 80-ші жылдың аяғында келген президент Бен Али жүргізген саяси плюралистік бағыт өз даму жолын тауып, дұрыс жолға түсті. Өз ісіне алғыр, батыл саясаткер елді демократияландыру негізінде жүргізген әр түрлі саладағы реформа нәтижесінде елде біркатар алға даму шаралары көзге түсті. Тунис елі өте гүлденген, шарықтаған араб елі болмаса да, европалық стандартқа жақын араб елдерінің бірі болды. Тунис мемлекетіндегі екі президент Бургиба мен Бен Алидің басқару әдістерін салыстыра келе, Бургибаны негізінен мемлекеттік құрылыс қызықтырса, Бен Али толык қоғамды дамытуға әрекеттенді. Бургиба өзінің ставкасын елін азат етуге қойса, Бен Али адамзат кұқығын азат етуге қойғанын көреміз. Бен Али үкімет басына келмей тұрып, жағдайдың өзгергенін түсінді. Ол жаңару процессінің бастамасын жариялай отырып былай деді: «Біздің халық азаматтарына, қоғамның барлық топтарына мемлекеттік істерді басқаруда катысуға мүмкіндік бере отырып, сана мен жетістіктің қажетті деңгейіне жетті»40. Сөйтіп, бұл диплом жұмысында Тунистің 80-90-шы жылдары дамуынан мәліметтер беруге, даму жолында бағыттар мен олардың нәтижесін алуға үлкен мән берді. Тунистің тәуелсіздік алған күнінен бастап, елдің әлеуметтік жағдайына жан-жакты талдау жасалды. Президент Бен Али жүргізген «жаңару процессінде» елде жекешелендіру жүргізіліп, нәтижесінде көптеген кәсіпорындар іске қосылып, өнімді нәтижелер берді. Сондай-ақ, көптеген өзін ақтай алмайтын кәсіпорындар жойылып, сауда және финанс жүйелері либерализацияланды. Елдің экономикалық жағдайымен бірге, әлеуметтік жағдайы да бірнеше табысты нәтижелерге ие болды. Жеке адамның құқығына терең мән беріліп, әр түрлі сайлауларда өз дауыстарын беруге және өздерін ұсыну құқығы берілді. Жұмыссыздыкты жою үшін көптеген шет ел инвестициялары арқылы кәсіпорындар мен өндіріс мекемелері салынды.

Сондай-ақ, елге шет елге кеткен тунис-эмигранттары оралып, өз елін дамыту жолында үлестерін қосты. Мемлекетте шығыс пен кіріс тұрақты жүйеге ие болды. Яғни, мемлекеттік шығын қысқартылып, кірісті көбейту үшін Тунис ұлттық өнімдері халықаралық рынокқа шығарыла бастады. Елдегі Жалпы Ішкі Өнім 70%-ке дейін өсті.

Бен Али өзінің құрған жаңа ортасы тунистіктердің өз күштеріне деген сенімін орнатуға және олардың жүрегінде отанына деген патриоттық сезімнің орнауына қызмет етуді көздейді. Мемлекет плюралистік дұрыс жолмен жұру нәтижесінде жетістіктерге жететіндіктеріне сенді. Сондықтан да, плюрализмде демократияландыру және кезең бойынша даму бағыттары таңдап алынды.

Бір сөзбен айтқанда, плюрализмнің дамуы және халықтык патриоттық құндылықтардың шешімдері - бір жолмен келуде. Тунистің 80-90-шы жылдардағы дамуы орнықты және жүйелі түрде дамуда деп саналады.

СІЛТЕМЕ


1.Садок Шаабан.Тунис: путь к политическому плюрализму. М., 1996, с.19.

2. Тунисская Республика. М. 1993. с.111.

З. Румянцев А., Фатис Ф. Тунисская Республика. М.1982.

4. Бұл да сол жерден.

5. Национальное освоботительное движение и идиологическая борьба

М.1982.стр.145-146 .

6. Бұл да сол жерден.

7.Тунисская Республика. М. 1984. С. 233-234.

8.Тунисская Республика. М. 1984. С. 100-102.

9. Новейшая история арабских стран Африки. М., 1990. с. 312.



  1. Известия. 1987 15.01. с. 3.

  2. Республика Тунис. 1993. с. 141.

12. Григорянц. А Древняя страна меняет облик. Новое время., 1987. N5. с. 28.

  1. Румянцев В., Фатис Ф. Тунисская Республика., 1982, с. 15.

  2. Социалъное обеспечение., 1990 N3. с. 18.

  3. Правда. 1989.28. 03.

  4. Азия и Африка сегодня. 1997. с. 9.

  5. 17. Капитонов.К. "Бен Али - человек обновления" (Азия и Африка сегодня)

М.1997 г.

18.Садок Шаабан. Тунис: путь к политическому плюрализму. М., 1996. с. 44.

19. Деловоймир. 1993. 16. О2.с. 3.

20.Абд Ар-Рауф Унолтес. В Тунисе не вторая Республика, а просто

своя республика./Азия и Африка сегодня/ N6. 1989. С.28. 21.Азия и Африка сегодня. 1997. С.13 22" Азия и Африка сегодня. 1997. с. 13. 21. Азия и Африка сегодня. 1997. с. 11. 24.Садок Шаабан. Тунис: путь к политическому плюрализму. М., 1996. с. 35.

22.Зарубежный Восток: политика, экономика, идеология. М, 1987.


вып.5 стр.305

23.Садок Шаабан. Тунис: путь к политическому плюрализму. М. 1996 г.с.ЮЗ


24.Известия. 1987. январь, с. 3.

25.Азия и Африка сегодня. 1997. с. 10.

26.Некоторые актуальные вопросы истории и экономики стран зарубежного

Востока. Ашхабад. 1992. с. 75.

27 .Зарубежный Восток: политика, экономика, идеология.

М.1987г. стр. 79

28.М.1982г. вып. 5 стр. 80.

29.Азия и Африка сегодня. N6. 1989. с. 29.

З0.СадокШаабан. Тунис: путь к политическому плюрализму. М. 1996. с. 105.

31. Садок Шаабан. Тунис: путь к политическому плюрализму. М. 1996.

32.Деловой мир. 1993ж. 16.02.

33. Азия и Африка сегодня. 1990. N9.

34.Правда-1989г, 28.03.

35. Социальное обеспечение. 1990. N2. с. 13.

36."Азия и Африка сегодня" N6. 1989. с. 28.

37.Садок Шаабан. Тунис: путь к политическому плюрализму. М., 1996, 109.


Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Григорьянц А. Древняя страна меняет облик.

  2. Румянцев А , Фатис Ф. Тунисская Республика М.1982 г.

  3. «Тунисская Республика» М. 1993 г.

  4. Арабские страны: История, экономика, политика. М.1986г.

  5. Арабский Восток и Магриб (Сб. статей Ан СССР инст. Востоков. Под ред. Е.А.Лебедев) М . 1977 г.

  6. Зарубежный Восток: экономика, политика, идеология. (Сб.индикативных рефератов. Инст. вост. ИННОН АН. СССР.)
    М.1986г. вып.2.

  7. Некоторые актуальные вопросы истории, экономики стран зарубежного Востока. Ашхабад 1987 г.

  8. Национально -освободительные движения и идеологическая
    борьба.М.1982г.



Мерзімді басылымдар:


  1. Капитонов К. «Президент Бен Али -человек обновления» (Азия и Африка сегодня ) М . 1997 г.

  2. Жданов С. Елизаров Ю. О туристических впечатлениях и не только о них (Азия и Африка сегодня) N.8.1989 г.

  3. Абд Ар- Рауф Унайес. В тунисе не вторая республика, а просто своя республика. (Азия и Африка сегодня) N 6 /1989.

  4. Елизаров Ю. Флаги на улице Хайреддина паши (Азия и Африка сегодня) N4 1985 г.

  5. Свистунов С. Тунис делает ставку на туристов. Известия 19 июня, 1997.

6.Филатов С. Надежда «Революции жасминов » 1989 г. 28. III.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет