Ф-об-001/033 Тақырыбы: 1980-1990 жж. Тунис Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму тенденциялары


Жаңа саяси бағыт және оның жүрісі



бет3/4
Дата12.03.2018
өлшемі0,9 Mb.
#38567
1   2   3   4

2.2. Жаңа саяси бағыт және оның жүрісі

Тунис президенті Бен Алиге елдегі бірпартиялық жүйені сақтап калуға болатын еді, бірақ ол елде көппартиялық дамуды көздеді. Фундаменталистер тарапынан туған қауіп-қатер, экономикадағы шиеленісті жағдай қоғамдық реформаның тұсауланып қалуына себепкер болуы мүмкін еді. Бірақ, президент елді азамат соғысынан және терең саяси дағдарыстан сақтап қалатын жалғыз әдіс - плюрализм бағытын таңдап алды. Плюрализм - бұл бостандыққа негізделген елдегі эффективті және жүйелі дамудың кепілі. Өйткені бостандық пен даму бір бірін толықтыратын көрініс. Егер де елде саяси бостандық болмаса, жеке инициативаны тудыратын ерікті экономика да болмайды. Сондықтан да, президент өндіріс саласында мемлекеттік араласуды әлсіретуге көмектесті. Экономика ерікті түрде шарауашылықта делдалдықсыз субъектер-дің әрекет ететін ортасы болу керек.

Мемлекет басқада істермен айналысады. Ол экономикалық бәсеке жолында маңызды шиеленістер туғызбау үшін және оның өзі әлеуметтік зардаптарға әкелмес үшін бақылап отырады. Мемлекет экономикалық өсу процессіне жағдай жасайды және жандандырады. Бен Алидің көзқарасы бойынша плюралистік процесстің даму стимулдарының бірі көпшілік мүлдем ұмытып кеткен патриотизм болып табылады. Соңғы жылдардағы тәжірибе әр түрлі көзқарастарға ие болған соң гунистіктердің қайтадан өздерінде патриоттық сезім оянғанын көрсетті. Дүние жүзінің барлық демократиялық мемлекеттерінде плюрализм - жалпы бәсекелес күштер үшін өзінің мүмкіндіктерін бағалай білді. Олардың ішінде ең негізгісі - патриотизм және елдің жоғарғы мүдделерін қорғау. Президент Бен Алидің саяси концепциясы кең көлемде патриоттық пікірге сүйенеді. Тунис елдерінің идеологиясы демократиялық плюрализм пайдасы үшін мемлекеттің тоталитарлық үлгісі сияқцы үкіметті сакрализациалауды жоққа шығарып, бірлесу принципін қолдайды.

Басқаша айтқанда, плюрализмнің дамуы және патриоттық кұндылықты нығайту бір бағыт қолдайды. Бен Али үшін патриотизм идеологиясы елде бостандықты дамытуға әрекетті және әртүрлі пікірлерді қолдайтындай ортаны құру.

Президент плюрализм идеясын қабылдап, өзінің саяси жоспарында ұлттық консенсус және келісімге келу шеңберінде "демократиялық оппозициямен" ынтымақтастықты нығайтатын міндеткерліктерді атап өтті. Тунистегі плюрализмді орнату процессіндегі саясат екі бірдей мәселені қарастырады: плюралистік альтернативті дайындау және бұрынғы режимнен қалған саяси вакуумды толтыру. Вакуум - бұл демократиялық оппозицияның жоқтығы. Ал плюрализм демократиялық оппозиция институтынсыз дами алмайды. Әйтпесе, плюрализм ұзаққа созылмайды.

Егерде жас демократияда оппозицияның осы түрі құрылмаса, онда режимде бұрынғы авторитаризмге қайтып келу қауіпі төнеді. Осы айтылғандардан қашу үшін, вакуумды бұрынғы қалдықтармен толтырып, жаңа демократиялық оппозицияны құру - дара үкіметтің қанауындағы өсімді беретін экстремизмге қарсы тұру күшінен де қиын.

Режим ауытқи бере, фанатик-экстремистер қозғалысы өзгерісті пайдаланып, өздерінің мүддесіне көндіктірді. Кайтадан бастау қашанда қиын. Демократия заңды өзгерту жолымен ғана құрылмайды, оппозициялық партиялар арасындағы бәсекелес сияқты жаңа ортаны құруды мәжбүр етеді. Тунистегі демократиялық оппазицияны құру плюрализмге бағытталған қиын жолдардың бірі.

Тунистегі демократияның орнау курсының өзіндік ерекшеліктері бар. Көптен бері демократияға жылжу бір ғана жолмен жүрмей, елдегі әртүрлі кедергілерге соқтығысады. Демократия көпшілікке өте қымбат жолмен келді. Мысалға: Алжир саяси плюралистік жүйені құруды Тунистен кейін бастады. Бірақ та істің басқа бағыты таңдалды.

Алжир үкіметі жаңа курсты жедел және дайындықсыз бастады. Олар партияларды құру туралы шешімдерді және өкіметті мекемелердегі сайлаулардың зардаптарын ескермеді. Бірнеше айдан соң Алжирде 60-тан астам партиялар пайда болды. Саясаткерлер назарын экстремистік түрдегі діни идеяға бұрды. Бұл Ислам Құтқару Майданы болды. Сол ұлттық азат ету майданы болды. Сондай ақ оқиғаны бербер қозғалысы да пайдаланды. Басқа партияларда да бөліну нышаны пайда болды. Сол уақытта бұрынғы билеуші партия қатарындағы Ұлттық Азат ету майданы паритясында қандай да бір өзін өзі критикалау талпынысы қабылданбады. Бұл партияны құртуға талпынбады. Алжир саяси анархия кезеңіне енді. Асығыс түрде жүрген жергілікті сайлауда діни фанаттар жеңді. Билікке келген олар енді алдағы уақытта парламенттік сайлауға қатысып, І-ші турда жеңіске жетуді көздеді. Кездесу үстінде Тунистің сол кездегі Ішкі Істер Министірі Абдалла аль-Каллял Алжир президентіне Тунистің демократиялық плюрализмге қарай өте мұқият жылжыуы және өте қиын кезеңде фундаменталистердің жаулап алу мүмкіндіктерін түсіндіргісі келді. Бен Джадид бұл ескетпелерді ескермеді, президент жыл өтпей-ақ, Алжир түгел қамтитын демократиялық дамуға жететінін атап өтті.

Бұл кездесу 1952 жылы 11-қаңтарда өткен еді. Бірнеше айдан соң президент Шозли Бен Джадид отставкаға кетуге мәжбүр болды. Үкімет жоғарғы мемлекеттік кеңес құрған армия қолына көшті. Президент постына Мұхаммед Будиаф келіп сайлауды кейінге қалдырып, демократияландыру саясатын өте мұқият пен сараптай және курсты түзете білді. Жаңа президент елде үкіметтің демократиялық институттарын құрды. Ол фундаменталистер мен экстресмистік күштердің алдын орады, бірақ олар позицианы иемденіп үлгеріп, жуырда жеңіске жететіндеріне сенді. 1992 жылы Будиаф өлтірілгеннен кейін, оның ізін әрі қарай Али аль -Кифи жалғастырды. 1993 жылы жазынан бастап президент Зерваль өмірге нақты және эффективті түрде саясатын іске асырды. Екі жақтан да 40 000 адам шығынға ұшырап, елде экономикалық даму тоқталып қалды.

Сондай-ақ, үлкен назар Кеңес одағындағы қайта құруға және КСРО-ның соңғы президенті М.С.Горбачев жүргізген жариялылық саясатына да
аударылды. Оның мақсаты - КСРО үшін бостандықпен демократия белгісінде жаңа құрылысқа негізделген ең күшті келешек еді. Осы процесстің тағы бір мақсаты-фундаменті шіріп, жорамалы болған социалистік режимнің жетіспеу-шілігін мойындау, саяси өмірге көбірек ашық мән беру. Горбачев Совет Со-циалистік құрылысын жақсарту үшін әнеркәсіпті және мемлекеттік басқаруды либерализациялауды кезең бойынша жүргізуді көздеді.

Горбачевтің позициясы Батыста масаттануға әкеліп, аналитиктер (талдау-шы адамдар) назарының орталығы болды. Олар Совет мемлекеті дұшпандық жүие бола алмайтынын бір ауыздан жорамалдады. Бірақ та, шапшаң жүріп, Горбачев окиғада бақылауды жоғалтып, нәтижесінде КСРО құлады. Сондай-ак, дара үкімет (единовластие) бодандығынан саяси бостандық пен шаруашылық бәсеке принциптеріне оралуды көздеген басқа да социалистік топтағы (лагерь) мемлекеттер де босады. Аналитиктер бірпартиялық жүйенің құлауы либерализімді ғана емес, сондай ақ, батыс өркениетінің құлдылығын жоюға қауіп тудыратын ртшылдық өшпенділікті ілестіретінін ескермеді. Міне, Кеңес Одағы мен Алжирдегі бұл жағдайлар плюрализм кезеңінің қиындығын, дара партиялық режимнен қалған ваккумды біртіндей толтыру керектігін дәлелдейді.

Саяси плюрализм бағыты барлық мемлекеттерде бірдей болмайды. Саяси плюрализмге өту Орталық және Шыгыс Европада "демократиялық жаңартуды" талап етті. Бен Али демократияға өзі дайындаған кезең бойынша өту бағдарламасын сараптау үшін теңдік күш пен мүдде де нәзіктікті сақтап қалуға тырысты. Тунис фундаментализмді заңды және күш тойтарысымен ғана шектеген жоқ. Бұл көріністі мемлекет жастарды жұмыспен қамтамасыз ету, кедейшіліктен құтылу және өсіп келе жатқан ұрпақты жаңа бағалы рухани рухпен тәрбиелеу арқасында шеттете білді. Тунисте азаматтар саяси партиялар өміріне еңді, адамдар еңбекке қызыға бастады және жеке инициативаны дамытумен айналысатын әртүрлі азаматтық коғамдағы институттар құрылды.

Тунистің саяси плюралистік бағыты Бен Али таңдаған курс, яғни кезең бөйынша өтті. Плюрализм саяси стратегиясы үш бағытта жүрді. Бірінші: жаңа көріністермен басқару керек. Бұл 1987 жылы 7 ноябрьден кейінгі оқиғадан соң маңызды бола бастады. Халықтың наразылығын өздеріне керек салаға бұрғысы келген экстремистер оқиғаны пайдаланды. Жаңа режим осы жағдайларды ескеруі керек болды.

Екінші бағыт-үкіметтің реформа жүйесі. Көп жылдар бойғы тоқыраушылықтан кейін мемлекет басқармасы және билеуші партия ісінде түзету енгізу керек болды. Бұл жаңа режимді жақтаушылардың зиян келтіруші топтарына өтіп кетпес үшін, өте оқыс және мақсат тұтқан жұмысты күшейтуді талап етті. Бұрын елді жалғыз өзі билейтін партияның ішкі мүмкіншіліктерін ашу, сондай-ақ, көп партиялыққа дайындық Бен Али курсының ерекше түрі болып табылды.

Үшінші: Ең қиын және келешектегі дамуды көздеген бағыт болып демократиялық оппозиция табылды. Бен Алидің алып және күшті оппозиция пайда болуына көмектесетін елдегі жаңа саяси климатты өзінің қызметіндегі маңызды мәселе ретінде қарастырғаны бәріне бірдей мәлім емес.

Бен Али жалғыз партиялық жүйенің өмір сұру салдарынан болған ваккумды толтыру үшін оппозицияны қолдауға тырысты. Президент өзі жүргізген өзгерістер, тек қана елде басқарушы партиямен бәсекедес бола алатын демократиялық оппозиция құрылған кезде ғана нәтиже беретініне сенімді болды. Сол кезде ғана демократияның дамуы алға басып, экстремизм өзіне ваккумды толтыра алмайды. Экстремизм нағыз әрекетіне жауап беретін өзінің қуысына енеді. Барлық демократиялық қоғамдағы сияқты ол шамалы (екінші дәрежелі).

Фундаменталистер қоғамды қамтитын барлық сауалдарға жауап беретінін айтады. Олар адамды діншілдік нанымсыздық және құдайсыздық үшін айыптауға әрекетті. Фундаменталистер - дінді бүркемелейтін саясаткерлер. Сондықтан да, Тунис режимі "Дін барлығы үшін" деген ұранды көтерді. Бірде бір саяси қозғалыс оны монополияландыра алмайды. Мемлекет өзінің нейтралдығын сақтай отырып, исламды құрметтеуі қажет. Ол дінді қолдап, оған көмектеседі. Дәл осылай Бен Али қайтадан исламға мән берді. Елде қайтадан музин дауысы естіліп діни мейрамдар мен күндерге үлкен мән берілді25. Қайтадан негізгі мешіт ретінде Аз-Зейтунның авторитеті бағаланып, басқа да мешіттер мен имамдар кадрын дайындайтын орындарды қайта қалпына келтіру басталды.

Бен Али нағыз исламмен фанаттық исламды құртуға болатынын білді. Фундаментализмнен қорғаудың ең жақсы тәсілі болып, өсіп келе жатқан ұрпақты нағыз сенімді мұсылмандыққа тәрбиелеу екені айқын. Елде көптеген мешіттер салынды. Тунисте Құранды оқу кеңейтіліп, ең жақсы алғырға президент сыйлығы тағайындалды. Жыл сайын Рамадан күні (Орсуа) қарттар мен науқас адамдар үшін тамақ беріледі. Бұл шынайы қайырымдылық пен ынтымақтастықтың пайда болуы нәтижесінде Ислам саясатпен байланыссыз жаңа бағытқа ие болды. Кімде-кім шынайы ислам үшін күрес жылдарында өмір сүрсе, жаңару кезеңі басында тунистіктер үшін екі тәсілдің тән екенін біледі:

- біріншіден, тунистіктер исламға берілген, олар үшін ислам қасиетті. Бұл оның салт-дәстүрін қабылдағандарға да активті түрде сену қатарына жатпайтындарға да тән. Ислам олардың жанына берік орныққан.

- екшшіден, тунистіктер исламды саяси мүдделер үшін қолданбайды. Әрқайсысы оның шарттарын орындағаны немесе орындамағанына қарамай өздерін мұсылман деп санайды. Тунисте дін өздері үшін ғана, ал қалғандары құдайсыз деп санайтын саяси қозғалыстарға орын жоқ.

Егер де, оппозицияны режимнің өзі құратын болса, онда ол дербестікке ие болмайды. Шынайы және эффективті оппозицияның өмір сүруі үшін қолайлы климат қажет. Ол жеке күштерді беру мүмкіндіктеріне ие болып өзіндік жобаларды ұхынып, өзінің айналасына жақтастықтарын біріктіру қажет. Сондай ақ, ол басқа партиялармен бәсекелесіп, өз пікірі үшін күреске шығуы және альтернативті шешімдерді ұсыну керек.

Президент жүргізген өзгерістер Тунис өмірінде қауіпсіздік органында, сот жұмысында, білім саласын да шарпып өтті. Өзгерістер мәденибт саласында да жүргізілді. Тунистің өнер қызметкерлері мұсылман экстремизімінің қаупсіздігін көрсетуге және олардың теориялары мен кері ойларын жоюға тырысты. Бірақ та, ең маңызды өзгеріс әлеуметтік-экономикалық салада жүрді. Бен Али сол уакытта нағыз бостандық дамусыз, ал даму бостандықсыз алдыда жүре алмаитынын атап өтті.

Үкімет ешқандай теңселіссіз экономиканы либерализациялау курсын ұсынды. Көптеген реформалар жүргізілді. Тунисте ерікті экономиканың негативті салдарын табысты жеңіп отырды. Мемлекет номер 2626 есебі атауымен белгілі ¥лттық Ынтымақтастықтың қорын ашты. Бұл қор елдегі аудандардың дамуын және кедей кварталдағы өмірді жақсарту мақсатында ашылды.

Саяси өмірдегі демократияландыру - парламент пен үкіметтің арасындағы қарым қатынасты да өзгертті. Министрлер кабинеті парламент өздерінің қозғалтқыш қайысы ретінде санамайды, оны конституциялық биліктің бір тармағы ретінде қарастырады. Тунистегі өзгеріс кезеңі депутаттар палатасы Тунис Республикасының жоғарғы заң шығарушы органы болып табылатынын танытты.27

Саяси бағыттың алғашқы аптасында билеуші партия теңдесіз өрлеуді бастан кешірді. Партияда бағдарлама жағдайды жақсартуды және саяси бәсекелестік пен көппартиялықты қабылдайтын жаңа әдістерді қолдауға шақырған дискуссиялар өткізді. Саяси партиялар туралы жаңа заң (1988 жылы 03.05) көппартиялық жүйені құру үшін төмендегідей принциптерді ұсынды.

Біріншіден, әр партия елдегі тұрғындардың азаматтық құқығын, суверинититті, мемлекеттік республикалық құрылысын сақтай отырып қызмёт етуі керек. Бұл үш шартқа, "республикалық басқаруға қарсы шыққан партия қатарындағы діни фундаменталистік топ сәйкес келмейді. Фундаменталистер теократиялық тәртіпті орнатуға тырысады және олар үшін теориялық жағынан алғанда үкімет Аллаға жатып, ал егеменділік кұдай және адамдар арасындағы делдалдық міндеттің өзіне алған факихтерге тәуелді болады".

Екіншіден, өздерінің бағдарлама іс қағаздарында немесе қызметтерінде әрбір партия діни, нәсілдік немесе орыншылдық сылтауларға сүйенуіне болмайды.

Бұл принцип дін ұстану белгісі бойынша алалап, құқығынан айыруға (дискриминация), нәсілдік немесе ұлттық тиістілігіне қарай және т.б. тиым салатын Б¥¥-ның жалпылай таныс декларациясына жауап береді. Осы тәрізді тезис барлық демократиялық мемлекеттердің конституциясында қаралған. Партияларға жоғарыда айтылған принциптерді мойындау ғана керек емес, сонымен бірге іс жүзінде қолдану керек.

Үшіншіден, партия күштеу түрінің әрқайсысын айыптауға тиіс. Саяси бағыттың жүру желісінде партияның аты да өзгерді. Орталық Комитет пленумының шешімі бойынша (февраль 1988 жылы) Социалистік -Дустур Партиясы (Хизб аль-иштиракий аль-дустурий) Демократиялық Конституциялық Бірлестік Партиясы (Таджамму аль -дустури аль -димукрати) болып ауыстырылды.

Плюрализм бағытының жүруі қоғамдық ұйымдардың кызметі арқылы да өтті. Олар тәртіптің бәсекесі болып саналмайды, керісінше тірегі ретінде табылады. Қоғамдық ұйымдар тәртіптің қарсыластары емес, жақтасы (көмекшісі). Демократия инициатива дамуын қоғамдық салада калайды. Яғни, пікір алмасатын клубтар мен ассоциациялардың салынуы - қоғамдық топтардағы өкілеттердің Ұлттық құрылымда араласуына әсер етеді. Жаңа саяси мәдениет құру оңай процесс емес. Ол үшін бірнеше Ұрпақтардың өмірін қамтитын терең реформаны қажет етеді.

Бен Али үшін жеке партиялықтан плюралистік саяси мәдениетке өту 30 жыл бойы үстемдік еткен бір партияның ығысуын білдіреді. Бұл процесс өте көп күш және уақыт талап етеді.

Қортындылай келгенде, плюрализм әр түрлі пікірлерді таластыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ плюрализм барлық Патриоттарға қайта құру процессіне қатысуға құқық береді. Плюрализм ғана экстремистік күштерді қоғамдық өмірден аластатып, жалпы ұлттық келісімді қамтамасыз етеді. Жаңа саяси бағыт бірін бірі толтырып отыратын көрініс - бостандық пен дамуға негізделген елдің эффекті түрде дамуы.


2.3. Жаңа үкіметтің әлеуметтік- экономикалық шаралары

Бен Али үкімет басына келгеннен соң оның басшылығымен бірнеше мәселелерді қамтитын экономикалық бағдарлама жасалды. Бұл жүйе мемлекетті ретке келтіру және тек қана жекеменшік ұлттық капиталды жұмыс істету ғана емес, оның өсуі үшін де либералды тәртіп орнататын экономикалық дамуды көздеді. Реформаның басты элементтерінің ішінде негізгі үш мәселе қаралады. Олар: өнеркәсіпті көтеру және ұлттық өнімдердің экспортқа шығуына жағдай жасау, жұмыссыздықты тоқтату үшін жұмыс орындарын салу еді. Осы күнге дейін 10 жыл мерзім ішінде алға қойылған мақсаттардың көбісі орындалғанына күмән жоқ. Үкімет тұтыну және өндіріс товарларына деген бағаны босатты, жәрдем ақшаларын қысқартып, финанс рыногында либерализациялауды іске асырды, импортқа деген сұранысты белгілі мөлшерде шектеп, Туниске түйдегімен келіп жатқан шет ел инвестицияларын иемденді. Бұның бәрі яғни елдегі саяси жағдайдың тұрақты және үкімет арқылы басқарылып отыратындығын білдіреді. Тунистің экономикалық және әлеуметтік салада жеткен табыстарына бірнеше цифралық мысалдар келтірсек олар төмендегідей: 1986 жылы Жалпы Ішкі Өнім (ВВП) 7021 болса, 1991 жылы 12131, 1996 жылы 21700 доллар болды. Ал, шаруашылық құрылысында ауыл шаруашылық пен балық аулау 1986 жылы 17,9 процент болса, 1991 жылы 36,6 процент, ал 1996 жылы 37,3 процентке жетті. Сондай-ақ, туризм 1986 жылы 4 процентке ие болса, 1991 жылы 3,5 процентке, ал 1996 жылы 5,3 процентке жетті. Тунис үшін аз ғана тұрғыны мен жеткілікті шағын ішкі рыногы бар халыкаралық еңбек бөлінісінде экономиканың ашық түрі тән. Осындай ашық экономика дәрежесі ЖІӨ (ВВП)-де экспорт үлесі және қызмет атқарумен қатар, тұлынуда импорттың жалпы салыстырмалы салмағы арқылы өлшенеді (Жалпы Ішкі Өнімнен экспортты алып, импортты қосқанда). XX ғасырдың соңғы он жылдығында Тунис дайын өнеркәсіп заттарының және жартылай фабрикат өнімдерінің салыстырмалы салмағы бойынша алға шығып, экспортта тек араб лидерлерін ғана емес, басқада тәулсіз мемлекеттер ішіндегі Индия мен Турцияны да артта қалдырды. Қызмет аткару сферасы шаруашылық байланыстарымен ғана емес, елдің барлық экономикасында жандандырылды. 1987 жылы туристік шаруашылықтың 36,7 проценті өнімінің тұрақты көлемі Жалпы Ішкі Өнімдегі 22 процентті құрайды, ал оған құйатын барлық экспорт өнімдері мен қызмет атқару 80 процентке жетті.29 Тунистің таяудағы көзге түсетін экономикалық болашағы бұрынғыдай сайлауға тәуелділігін және халықаралық еңбек бөліністегі сенімділігін сақтап қалады. Сонымен қатар, 1987 жылғы экономиканың негізгі мәселесі ретінде мемлекеттік өнеркәсіптерді біртіндеп жекешелендіру болып табылады. Жекешелендіру (Приватизация) кезең бойынша және де 550 компанияның 450-ін қамтыды. Мемлекеттік өндірістерді жекешелендіру Тунис биржасы немесе арнайы құрылған аймактық инвестициялық қоғам аркылы акциаларды сату жолымен іске асырылды. Тунис мамандарының пікірінше, жуықпен акцианың 70 процентін Тунистің жеке адамдары мен мекемелер сатып алса, 20 процентін шет ел өндірістері және 10 процентін осы өндірістің қызметкерлері сатып ала алды. Приватизация мемлекеттік сектордағы өндіріс өнеркәсіптерінің экономикалық дамуында басты мәселелерді шешу үшін қарастырылды. Экономиканы қайта құру құрылысында жаңа инвестициялық кодекс қабылданды. Оның мақсаты өнеркәсіп сферасында жекеменшік кәсіпкерлікке қызу жағдай жасау.

Соңғы 10-15 жылда жекеменшік жаңашылдықтарын дамыту үшін құрылған қолайлы шарттар әуелде капиталистік өндірістің ең төменгі формасының сандық өсуіне әкелді. Бүгінде олар көптеген Тунис буржуазиясының тобы болып табылады.

1990 жылдардың басында ұсақ буржуазия саны 490 мың адамнан астам болды. Ұсақ өндірісті кеңейту көбінесе өндіріс иелерінде құралдардың жоқтығынан, кредиттердің шектеуінен, кәсіпкерлік дағдының жоқтығынан тоқталып қалды. Осыған қарамастан, ұсақ буржуазияның бөлігі эволюция жолымен бірте бірте дамыды, ал ұсақ товарлы және ұсақ капиталдық құ-рылыстар орта кәсіпкерлер үшін басты және құнарлы ортаға айналды.

Тунистің индустриалды дамуы үшін басты негіз болып, өндірілген өнімдердің толық немесе жартылай экспорты, жаңа өндіріс күштерін құру және жергілікті шикізатты пайдалануда жаңа технологияны игеруді жеделдету саналды.

1988 жылдары жоғарғы дәрежеде экспортқа жұмыс істейтін өндірістермен салалар 8-10 процентке жетті. Тунистің Жалпы Ішкі Өнімдегі тау кен өндіру өнеркәсібінің салыстырмалы салмағы үлкен болмағанымен, өнім валютаның қайнар көзі және ұлттық өңдеу өнеркәсіптері үшін шикізатпен жабдықтаушы болып табылды. Шойын өндірісі 1991 жылы 160 мың т. құраса, құрыш -193 мың т., темір 23 мың т. металлоконструкция 9 мың т. құрады.

Темір рудаларын өндіру Джериссадағы және Дуариядағы кен орындарының таусылуына байланысты қысқартылды. Тамер, әль -Харри және Джебель-ол кен орындарының рудалары Мензиль Бургиба (Бургиба үйі) металлургиялық өндірісіне келіп түседі. Рудадағы металл құрамы 40 проценттен аспайды, сондықтан да, оны өндіру орындарында көбейтеді. Енді сонымен қатар, мырыш, қола, барий, калии тұзын және уран рудаларын өңдейді.Тунисте екі жаңа мырыш, қола, руда кен орындары табылды. Мырыш- 17-18 процентті құраса, қола 2-3 процентті құрайды.

Машина жасау саласында Тунис 1980 жылдардың соңында дағдарыскқа ұшырады. Тунис өзін толықтай машинаның және құрал жабдықтың түрімен қамтамасыз ете алмады. Осы салада импорт 20 процентті құрайды. Тунис автомобиль құру бастамасын өнеркәсіптік күші Сус каласында орналасқан автомобиль өнеркәсібі компаниясы салды.

Бұл компаниядан басқа мемлекеттің қарауындағы және улттық немесе шет ел жекеменшік капиталы ("СОВИ", "Рено монтаж Тюнизи-Матиж", "Берлие Тюнизи", "Эндюстри мехеник Магребьен-Кайруан", және т. б.) 9 ұсақ компаниялар қызмет етеді. Тунис өнеркәсіптің түрін көбейту үшін шет және көрші елдермен карым қатынас жасады. 1991 жылы Кайруанда "Опель" және "Исузи" жеңіл машиналарын жөндейтін зауытты іске қосты бұл зауыттың 4 процент капиталын американдықтар мен жапондықтар құрайды. Сондай-ақ, Алжир -Тунис дизель двигательдерін өндіретін өндірістер ашылды.

1980-ші жылдардың соңында Тунисте электротехника жедел дамыды, қазір бұл салада жуықпен 40 өндіріс орындары жұмыс істейді, олардың өнімдерінің жарытысы шет ел капиталына немесе толықтай әкспортқа бағытталады. Өнеркәсіп, негізінен, телевизор, радио және телефон аппараттарын шығара бастады. Германия "Телефункен" лицензиясы негізіндегі телевизор және радио қабылдағыш өндірістері 100 мың данадан шығарды.

Тунис экономика саласында басты жетекшілікті химия өнеркәсібі кұрайды. Бұндағы басты орында фосфор және минералды тыңайтқыштарды өндіру алады. Тунис дүние жүзінде фосфор шикі затының қоры бойынша 6-шы орында (200 млн т.). Оның үлесіне дүние жүзілік фосфат өндірудің 4 проценті келеді. Фосфат өндіру кен орындарына Гафсы, Эф-Кеф және Мекнес (Шығыс) аудандары жатады. Ашық әдіс түрінде фосфаттың 60 проценті өңдіріледі. Тунис фосфор тыңайтқыштарының рыноктағы өнімдерін Батыс Европа, әсіресе Италия мен Франция қамтамасыз етеді.

Минералды тыңайтқыштардан басқа фармоцевтік өнеркәсібі дамыған. Тунис бұл салада шет ел ғалымдарымен бірлесе қызмет істейді. Тунис химия өнеркәсібі өндірісі сондай-ақ, дөңгелектер және резинке техникалық заттарын өндіреді.

Соңғы кездерде Тунис экономика саласында құрылыс индустриясы қолға алынды. Жыл сайын жуықпен 70 мың пәтер және құрылыс техникалары көбеюде. Құрылыс саласы цемент, әк тасы, керамикалық құбыр, санитарлық жабдыктар, плиталар және әйнек дайындаумен айналысады. 1991 жылы 4200 мың т. цемент. 156 млн. куб. плита, 3100 мың дана кірпіш, 21 мың т. әйнек өндірілді.30 300 жыл бұрын технология құпиямен араб испаниясынан (Андалусия) әкелінгенінің арқасында керамика өндірісі дами түсті.

Жоғарғы сападағы керамикалық өнімдер Тунистің Солтүстік Шығыс бөлігіндегі мемлекеттің өндіріс орындарында да, жекеменшік секторларында да өндіріледі. Испания мен АҚШ мемлекеттерін қоса дүние жүзінің 14 елдеріне жіберілетін жоғарғы сапалы өнімдер "Харраз" (Набуль қаласы) мануфактурасында өндіріледі. Парсы шығанағы Эмираты орнаментке бағалы металдар қосылатын өңдегіш плиткаларына заказ береді. "Харраз" плиткалармен астанадағы президент сарайы және ең жақсы қонақ үйлер капталған.

Мемлекет сондай-ақ, энергетика шаруашылығын толықтай бақылап отырады. Тунистің энергетикалық комплексі өнеркәсіптің жанармай саласы және электорэнергетикадан тұрады. Тунисте мұнай өндіру жұмыстарын бірлескен екі қоғам мұнай өндірудегі Италия - Тунис қоғамы (СИТЕП) және Француз-Тунис қоғамы (СЕРЕПТ) жүргізеді. Тунис көмір сутегін өндіруде 1991 жылы 5,4 млн т. ие болып, сондай ак 300 млн. куб. м. газ өндірді.31

VII бесжылдың (1987-1991) жоспарында энергетиканы дамыту ушін 870 млн. т.д. колемінде қаржы бөлінді. Тунис экономикасында шет ел капиталының ұзақ билік етуі ауыл шаруашылығында әлеуметтік-экономикалық қатынасты дамытуға үлкен әсерін тигізді.

1980 жылдардың аяғында елдегі агробизнестің дамуына ауыл шаруашылық өндірістері мен шет ел фирмаларына мемлекеттік жерлерді ұзақ мерзімге жалға өткізу шарттары туралы заңның қабылдануы да әсерін тигізді. Мемлекет бірлескен ауыл шаруашылық өндірістерін (мал шаруашылығы комплексі, сүт, құс өсіру фермалары және т.б.) шет ел капиталдарының араласуымен құруды ұлғайта түсті.

Жаңа үкіметтің жүргізген экономикалық реформасында қабылданған шаралар ауыл шаруашылық өндірістерінің дәрежесін көтеру үшін қолданылды. 1989 жылдың аяғына дейін ауыл шаруашылығы кәсіпкерлері қарыздарынан толық құтылды. ¥зақ мерзімге дайындалған бағдарлама: ауыл аймақтарын дамытуды, орта және ұсақ өндірістерді құруды, тұрғын үй және мәдени кұрылыс салуды қамтыды. Бұл бағдарлама жастарды ауыл өмірін топтастырып, ауыл тұрғындарының өмірін жақсартуды көздеді. 1987 жылы аяғында жаңа үкімет өндірісте қызмет етуші құрал ретінде кредит - финанс саясатын пайдаланды. Ішкі тұтынуды шектетуді, мемлекеттік шығындарды азайтуды көздеді.

VII бесжылдың жоспар (1987-1991) өз назарын негізінен ауыл шаруашылығын дамытуға аударды. Оған жұмсалатын қаражат мөлшері 19 процентке өсті. Сырттан қарыз алу кысқартылды. Тунистегі экономикалық реформаның нәтижесінде оның экономика саласында сапалы өзгерістер болды. Тунис 1990 жылдың қарсаңында аграрлы-индустриялды елден индустриалды-аграрлы мемлекетке айналды.

Тунис өнеркәсібі жалпы ішкі өнімде бірінші орында тұрып, ауыл шаруашылығында қызмет көрсету және балық аулау, туризм саласын кейін ығыстырды. Өндіру өнеркәсіп құрылысында ең жоғарғы баға тоқыма және былғары өнеркәсіптерінде (14) көрсетеді. Жалпы түрде өнеркәсіп өндіріс саласы тұрақты болғанымен, кейбір салаларда құлдырау да кездесті.

Мәселен, агробизнес 1993 жылы 1992 жылға қарағанда 7 процентке қысқарғанымен, 1994 жылы қайтадан көбейді. Энергетика өнеркәсібі 3 проценттен 1994 жылы 5 процентке, химия өнеркәсібі 3 проценттен 6.5 процентке көбейді. Тоқыма өнеркәсібі ерекше дамыды, 6 проценттен 1994 жылы 14 процентке дейін көбейді.

Тунис президенті Зин аль-Абиден Бен Али елдегі экономиканың негізінде құрылған аграрлық өндіріс мәселелері бойынша "жасыл революция" жүргізді - деп жариялады "Ренуво" газеті. Бен Али 35 млн. динар көлеміндегі қарыздан ауылшаруашылық кәсіпкерлері 1989 жылы толық кұтылатынын көрсетті. "Импортты либерализациялау" туралы шешім кабылданды, ауылшаруашылық аудандарын жедел дамыту бағдарламасы жасалды.32

Тунисте мемлекет бірнеше ынтымақтастық қорларын кұрды. Соның бірі - ұлттық ынтымақтасу қоры. Бұл қор әлеуметтік-экономикалық мәселелердің жағдаиын жақсартуға қызмет атқарды. Қордың құрылуы, сондай-ақ кедейлер өздерін керексіз санамайтын әлеуметтің механизімін құру үшін қалыптасты.

Б¥¥ бағдарламасы есебіндегі 1994 жылы даму бойынша: "Тунис ішкі резервтерін қолдануды тұрғындардың хал - ахуалын көтеру үшін санайды. Сол нәтижеде даму мен әлеуметтік сферадағы талаптар арасындағы салмақты баланс құрылды. Дәл осы кездері Тунис халықаралық финанс орталықтарының сеніміне ие болды"33 .

Тунистің жаңа үкімет келгеннен кейін жүргізген әлеуметтік-экономикалық реформасының нәтижесі бар екені түсінікті. Жалпы Ішкі Өнім соңғы жылдары 5 процентті құраса, инфляция 4.7 проценттен көтерілмейді. Бюджет дефициті Жалпы Ішкі Өнімнен 1.9 процент деңгейінде төмендеді. Өз кезегінде инвестиция Жалпы Ішкі өнімнен 24.6 процентін құрайды. Ерікті баға өндіріс саласында 90 процент енгізілсе, бөлу саласында 50 процент құрайды.

Сондай-ақ, импортты либерализациялау 90 процентті құраса, ал кедендік салық жоғарғы дәрежеде 43 процентті құрайды. Жекеменшік секторы өндірісті капитал жұмсауда 63 процентпен жабдықтаса, ал туризм саласында - 98 процент көмектеседі. Тунисте экономикалық дамудың жеке аспектілерін қамтамасыз ету үшін бірнеше мамандандырылған институттар салынды. Осы үкіметтік ұйымдар арқылы экономикадағы Орталықтанған финанстық операциялар жургізілді. Осындай институттардың ең ірісі - Тунис экономикалық дамуындағы Банк (БЭРТ).

Сондай-ақ, Тунис экономикасындағы ең перспективті салаларының бірін дамыту үшін құрған бірнеше арнайы банктар бар. Бұл -Туризмді дамыту Ұлттық Банкі (НБРТ). 1983 жылы елге ЕЭС-тен ауыл шаруашылық көмегі ретінде ауыл шаруашылығын дамыту каналы бойынша Ауыл Шаруашылықты Дамыту ¥лтық Банкі құрылды.

1987 жылы Тунис үкіметі шаруашылықты дамыту мақсатында кредит- финанс саясатын қолданды. Осы сайясат шеңберінде 1987-1990 жылдары Тунистің Ұлттық Банкісінің есептік ставкасы 9,25 проценттен 11,27 процентке көбейді. Депозит бойынша ставка 5,135 проценттнен 6,63 процентке ұлғайды.

1988-1991 жылдары Тунисте Халықаралық Валюталық Қор (МВФ) бақылауымен орта жылдамыдықта қаражатты қалыпына келтіру бағдарламасы іске асырылды. Бағдарламаның негізгі мақсаты - сыртқы сауданы либерализациялау есебінде орталық бюджет дифицитін қысқарту. Сондай-ақ, құрылысы мен қызмет түрін өзгерту. Сонымен қатар, мемлекет өзінің кірісін көбейтуді көздеді. 1991 жылы бюджеттің салық құю кірісі 70 процентке өсті. Негізінен бағаның шығыны 1987-1991 жылдары орта есеппен 6 процентке өсіп отыруы керек болды.

Тунистің негізгі кредиторлары болып халықаралық қаражат ұйымдары (МВФ және МБРР) оларға 30 процент қарыз беру мен кредит иеленсе, АҚШ -14,1, Араб елдері- 11,7, Франция-10,6, Япония- 10 және 9,4 процентін құрайды. Дүниежүзілік Банк Тунистің Бас кредиторы бола отырып, 1,4 млрд. ТД жуықпен 80 жобаны даярлауға берді.

Қорыта келгенде, Тунисте жаңа үкімет келген соң жүргізілген әлеуметтік- экономикалық реформа шаралары елдегі экономикалық өсу концепциясында негізгі ұйымдастырушы, инвестор, реттеуші болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет