Ф-ОБ-001/033
Тақырыбы: 1980-1990 жж. Тунис Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму тенденциялары
2008
МАЗМҰНЫ
Кіріспе .................. 3
1- тарау «Хабиб Бургиба үкіметінің құлауы»
1.1 Тунис Республикасының жағдайы (50 ж. аяғы-80 ж.басы)..................7
1.2 Тунис халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайының
нашарлауы................................................................................... .......20
1.3 Бургиба орнатқан тәртіптің дағдарысқа ұшырауы. Ереуілдер......25
2-тарау Жаңа үкіметтің билікке келуі және елдің 90 ж. дамуы
2.1 Бен Алидің үкімет басына келуі .........31
2.2 Жаңа саяси барыты, оның жүрісі .........38
2.3 Жаңа үкіметтің әлеуметтік-экономикалық шаралары .........46
2.4 Тунистің шет елдермен байланысы .........53
Корытынды ........61
Сілтеме ............................................................................................................63
Пайдаланған әдебиеттер тізімі .......65
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Тунис Мағриб елдерінің құрамына кіретін араб мемлекеттерінің бірі болып табылады. Тунис мемлекеті көптен бері араб әлемінің соңғы қатарлы елі болуын тоқтатты. Әлеуметтік-экономикалық және саяси дамулар біртіндеп Батыс Европамен және Араб Шығысымен жақындасуға әкелді. Егерде, Батыс елдерімен арақатынас толық Мағриб интеграциясындағы дүниежүзілік экономикалық байланыстар көпірі қызметін атқарса, онда осы күндері араб-мұсылман дүниесінің әсерін тек қана мәдени өмірдің маңызды үлгісін ғана емес, сондай-ақ, саналы іздену бағытындағы рухани жағдайды да анықтайды. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары Тунистің саяси тұрақтылығында өзінің рыноктық жекеменшік жолында дамуы күдікті әлеуметтік тәжірибелердің нәтижесін береді.
1981 жылдан бері елде көппартиялық плюрализм енгізілген, бірақ та бұл акт бойынша партиялар билеуші Дустур партиясымен бәсекелес бола алмады. Елде 1969 жылдан бері реформалық процесстер, әсіресе мемлекеттік өнеркәсіпті жекешелендіру процесі бола бастады. Бірақ, партиялар арасындағы ішінара келіспеушіліктер және президент Бургибаның елді басқаруда жіберген қателіктері елдегі жағдайдың нашарлауына әкелді.
1987 жылы үкімет басына келген Бен Алидің негізгі мақсаты болып тәуелсіз Тунис елінің егемендігін сақтап, елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту. Осы мақсатта күшіне енбеген, өзінің дұрыс даму жолын таппаған саяси бағыт көппартиялық плюрализм қолға қайтадан алынды.
Тунисте плюрализмді орнату процесстерінен Президент Бен Алидің кызметінің ашық логикасын және бағыттың даму заңдылықтарын көреміз. Оның саясаты екі бірдей мәселені: плюралистік альтернативаға дайындық және бұрынғы тәртіптен қалған саяси вакумды (кеңістікті) толтыру.
Ел басының саяси бағытта кезең бойынша дамуын таңдап алуы - елдегі жағдайдың даму деңгейінің көтерілгендігін көрсетеді. Сауда және финанс жүйелері либерализацияландырылып, өзін ақтамайтын кооперативтік мекемелер жойылып, кәсіпкерлік белсенді түрде кең құлаш жая бастады. Тунистегі аз мөлшерде өңдірілетін мұнайдың кішкене көлемде экспортқа шығарылуы елді керекті валютамен қамтамасыз етеді. Елдегі негізгі кіріс көзі болып табылатын - тунистік туризм қиралған Карфаген орнын еске түсіреді. Саяси құрылыс тұрактылығы, экономиканың динамикалық дамуы және елдегі мәдениеттің жоғары дәрежеде дамуы Тунистегі Солтүстік Африка ішіндегі елдердің арасында бай болмаса да, әсерлі ел ретінде танытады.
Тунис Мағриб елдері арасындағы өте гүлденген ел болып саналмаса да, европалық стандартқа жақын және орнықты мемлекет болып табылады. Тунистің 80-90-шы жылдарда дамуын зерттеп, жазудағы мақсат - Тунистің тәуелсіздік жылдарынан кейінгі даму жолындағы қателіктерін көрсету және саяси сахнаға 80-шы жылдың аяғында келген Бен Алидің плюралистік жолмен даму бағыттарын ашу, осы бағыттың нәтижелерін көрсету.
Тунистің экономикалық-әлеуметтік, саяси дамуы нәтижесінде басқа шет елдермен байланыстарын ашып көрсетіп, даму жолындағы ұқсастықтары мен айырмашылықтарын сипаттап көрсету.
Зерттелу деңгейі. Бұл тақырыпқа байланысты қазақша материалдар мүлдем жоқ. Бұл еңбекті жазып шығуда көмектескен дерек Садок Шаабанның «Тунис путь к политическому плюрализму» атты еңбегі. Бұл кітап 1996 жылы Москва каласында өңделіп, аудармасын пайдалана алдық. Бұл еңбекте президент Бен Али жүргізген саяси плюралистік даму бағыттары туралы жазылған. Онда діни қозғалысқа және экстремизмге қарсы күрестер, елді демократияландыру және кезең бойынша даму бағыттары көрсетілген. Бұл еңбек негізгі бөлімнің II тарауын жазуда көп көмегін тигізді.
Ал, арнайы зерттеулерге келсек: А.Румянцев, Ф.Фатия «Туниская республика» атты кітабында елдің тәуелсіз 25-жыл ішінде әлеуметтік-саяси және экономикалық өміріндегі өзгерістерді көрсетеді. Негізінен, елдің сыртқы саясатының негізгі бағыттары мен Совет-Тунис қатынасы туралы жазылған. Бұл кітап цифрлық мысалдар келтіруде көмегін тигізді. Сондай-ақ, «Зарубежный Восток: политика, экономика, идеология» атты кітапта жарияланған ағылшын тілінен аударылған мақалалар. Бұнда ислам экстремистері жайлы жазылған. Сондаң-ақ, ХХ-ғасырдағы исламистердің пікірлері және олардың бағыттары туралы көрсетілген.
Сондай-ақ, Тунистің 80-90 жж. дамуын зерттеуде орыс баспаларында жарық көрген мақалалар маңызды орын алады. Мысалы: «Деловой мир» газетінің 1993 жылдың 16 ақпанында жарияланған «Тунис: многообразие режимов» мақаласы жарық көрді. Сондай-ақ, «Азия и Африка сегодня» журналының 1989 ж. №6 санында «В Тунисе не вторая республика, а своя республика» атты мақала жарық көрді. Сондай-ақ, көптеген журналдар мен Известия, Правда атты газеттерде Тунис және оның дамуы туралы мақалалар шыққан.
К. Капитоновтың «Президент Бен Али -человек обновления» атты «Азия и Африка сегодня» ғылыми журналына берген мақаласынан (1997 г) үзінділер келтірейік:
«Хабиб Бургиба жуық арада Бен Алидің күш қуатын және шынайы патриотизімдік алғырлығын бағалай білді. Жан - жақтан көбейіп жатқан саяси және әлеуметтік қысымнан тәртіпті сақтап қалатын бірден-бір құтқарушы - Бен Али болды. (Бұл жерде 1984 жылы қамтыған жаппай толқулар әңгіме болып отыр).15
Осы кездері Бен Алиге жаңа тағайындаулар жан - жақтан келе бастады. 1985 жылы 23- қарашада ол ¥лттық Қауіпсіздік Министірі, ал бірнеше айдан соң 28-сәуір 1986 жылы ішкі істер Министірі болып тағайындалды. Сол жылдың маусым айында Бен Али негізгі шешімдерді дайындайтын Социалистік Дустур партиясы саяси бюросының құрамына кірді. Кейінірек, партияның Бас секретарының орынбасары болып тағайындалды. 1987 жылы 16-мамырда Бен Алиді мемлекеттік министр рангісіне дейін өсірді. Ал, 1987 жылы 2-ші карашасында ішкі істер Министрлігіндегі қызметін сақтай отырып, премьер-министр болып тағайындалды.
Осы жылы Социалистік Дустур Партиясының (СДП) Бас секретары міндетін иемденді. Бен Али өзінің тәртіптілігімен, белсенділігімен және қайырымдылығымен танымал. Жағдайлар шиеленіскен кезде ол ішінара дау - дамайдан алыс болды. Бен Али саяси қоғам және кәсіподақтар және адам құқығын қорғаушы Лигамен келісімдер жүргізе бастады. Сондай-ақ, ол Бургибаға қоғамға неғұрлым жақын болу бағдарламасын ұсынды.
Бірақ та, ол орныққан тәртіптің қулауы мүмкін екендігін сезді. Президентттің дәрменсіздгі басқарманың және барлық қоғамның берекесін қашырды. Сол уақытта Бен Али заң жүзінде және өркениет жолымен инициативаны батылдықпен өз қолына алды. Бен Алидің жетінші қазан декларациясының мазмұны көптеген Тунистіктердің үміт сеніміне бөледі. Олар Бургибаны елді тәуелсіздік жолына жеткізген басшылардың бірі және Туниске адал қызмет атқарған қайраткер ретінде құрметтеді»-деп Тунис халқының жиырма жылдық тарихына қысқаша шолу жасауға тырысты.
Диплом жұмысының мақсаттары мен міндеттері.
Мақсаты – 1980-1990 жылдар аралығындағы Тунис мемлекетінің әлеумет-тік-экономикалық ахуалын, елдегі саяси шиеленістерді толық көрсету.
Тақырыптың міндеттері:
Тунис Республикасының әлеуметтік-экономикалық жағдайына (50 ж. аяғы-80 ж.басы);
Бургиба орнатқан тәртіптің дағдарысқа ұшырауы. Ереуілдер, саяси шиеленістерге;
Бен Алидің саяси билігіне;
Жаңа үкіметтің әлеуметтік-экономикалық шараларына;
Сыртқы саясаттағы басты бағыттарына сипаттама жасау.
Тақырыптың құрылымы. Осындай дерек пен зерттеу еңбектері, мерзімдік басылымдарға сүйене отырып жазған диплом жұмысы кіріспе, негізгі және корытынды бөлімдерден тұрады.
«Бургиба үкіметінің құлауы» деп аталатын I тарау 3 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім «Тәуелсіз Тунис Республикасың жағдайы (50ж. аяғы 80 ж.басы)» деп аталады. Бұл бөлімде Тунис елінің тәуелсіздік алған күнінен бастап 80-шы жылдардың басына дейінгі жағдайды жалпы суреттейді. Яғни, негізінен елдегі жасалған түрлі экономикалық, саяси, әлеуметтік өзгерістер туралы Конституцияға енген жаңа заңдар туралы да айтылады.
Екінші бөлім «Тунис халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайының нашарлауы» деп аталады. Бұл бөлімде негізінен премьер-министр М.Мзалидің жүргізген реформалары туралы баяндаған. Мзалидің елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды жете түсінбеушілігінен туған келеңсіз оқиғалардың елдегі жағдайдың нашарлауына соқтырғанын көрсеткен. Осы салдардан туған халық ереуілдері туралы айтылған. Негізінен, бұл бөлімде цифрлар мен фактілер сөйлейді.
Үшінші бөлім «Бургиба орнатқан тәртіптің дағдарысқа ұшырауы» деп аталады. Бұл бөлімде президенттің епсіздігі, жіберген қателіктері туралы, билеуші партияның (СДП) және басқа да партиялардың ішіндегі келіспеушілік, дау-дамайлары сондай-ақ, елдегі тәртіптің дағдарысқа ұшырау себептері баяндалған.
«Жаңа үкіметтің билікке келуі және елдің 90-шы жылдарда дамуы» деп аталатын II тарау төрт бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім «Бен Алидің үкімет басына келуі» деп аталады. Бұл бөлімде жаңа үкіметтің билікке қалай келуі және келуіне итермелеген себептер және халықтың көзқарасы туралы баяндалған. «Жаңа саяси бағыт, оның жүрісі» деп аталатын екінші бөлімде Тунис елінің жаңа президенті Бен Алидің таңдап алған көппартиялық плюралисттік бағытының даму кезеңдері, экстремистік және діни фанаттар туралы, жаңа партиялар олардың қызметі туралы айтылған. Сонымен қатар, осы бағытының нәтижесінде жеткен табыстарға тоқталып, саяси бағыттың даму кезеңдерін ашып көрсетеді.
Үшінші бөлім «жаңа үкіметтің әлеуметтік -экономикалық шаралары» деп аталды. Бұл бөлімде Бен Алидің жүргізген әлеуметтік-экономикалық реформалары, оның даму жолдарын, осы реформаның нәтижелері туралы айтылған. Жекешелендіру процессі және оның нәтижесі баяндалған. Өнеркәсіпте, ауыл-шаруашылығында сияқты экономиканың басқа да салаларындағы мемлекеттік кіріс пен шығысты, капитал жұмсау фактілері көрсетілген.
Тунистің шет елдермен байланысы» атты төртінші бөлімде жаңа үкімет келгеннен соң жасалған шет елдермен байланысы туралы баяндалған. Сондай-ақ, көршілес араб елдерімен жасалған достық, бауырластық қарым-қатынастармен қатар, шет елдермен, бұрынғы КСРО-мен жасалған экономикалық байланыстары туралы айтылған. Қарым-қатынас арқылы қол жеткізген инвестициялар, экономикалық-әлеуметтік негізде даму үшін бөлінген қаржылар туралы баяндалады.
I- ТАРАУ. «ХАБИБ БУРГИБА ҮКІМЕТІНІҢ ҚҰЛАУЫ»
1.1. Тунис Республикасының жағдайы (50 ж. аяғы- 80 ж. басы)
Тунис ыкыласы бойынша 27.11.1956 жылы Парижде франко-тунистік келіссөздер басталды. Бұл келіссөздер 20.03.1956 жылы Франция Тунистің тәуелсіздігін мойындауы туралы протоколға қол қоюмен аяқталды. 03.06.1955 жылы келісімі мен 75 жыл бойы протектораттың құқықтық негізі болған 1881 жылы Бардостік шарт алынып тасталды. Тунис ішкі және сыртқы істерінің суверинитетін иемденген тәуелсіз мемлекет болды.
25.03.1956 жылы Тунистің ұлттық құрылтай жиналысына сайлау өткізілді. Оның міндеті - елдің жаңа Конституциясына жете үңіліп, оны қабылдау болды. Ол сайлауда Жаңа Дустур, ТЕЖО (Тунис еңбекшілерінің жалпы одағы), қолөнершілер мен саудагерлердің Тунистік одағы және Тунис диқандарының ұлттық одағы Ұлттық Майдан (¥М) шеңберінде бірігіп шықты. ¥М тізімі 98 орынға ие болды.2 ТКП-ның (Тунис Коммунистік Партиясы) 69 кандидатының бірде біреуі құрылтай жиналысына сайланбады.
14 сәуір күні жаңа Дустур партиясының председателі Бургиба тәуелсіз Тунистің тұңғыш үкіметінің негізін қалады. 17 сәуірде өзінің жоспарлы сөзінде ол өзі басқарып отырған кабинеттің ұлттық суверинитетінің негізін нығайтуға бел байлағандығын мәлімдеді. Тунис үкіметі осы мәлімдемеде айтылған ойларды басшылыққа ала отырып, саяси, әлеуметтік, экономикалық салаларда кезең-кезеңді өзгеріс жасауға кірісті. Бұл өзгерістер Жаңа Дустур басшылары мен Бургибаның шоғырландырылған, жеке өкіметінің қамқорлы-ғымен ұлттық құрылыстың әлеуметтік бағыттағы нақты стратегиясымен сәйкестендіріле жасалды. 31 мамыр бейлік әулеттердің бар артықшылықтары мен жеңілдіктерін жоятын декрет қабылдана отырып, оның мүшелерінің мүліктері конфискеленді [1; 19-21] .
21.06.1956 жылы заңға сәйкес жаңа әкімшілік-территориялық бөлініс енгізілді. 1957 жылы наурызда қалалық өзін-өзі басқару реформасы іске асырылды. Осы жылдың мамыр айында жалпы және теңдей сайлау құқығы негізінде муниципальдік кеңеске сайлау өтті. Онымен қатар, Тунис армииясын, полициясын және ұлттық гвардиясын құру жүріп жатты. Мемлекеттік аппаратты қайта құру сот реформасын өткізуді жеңілдетті. 10.07. 1956 жылы мен 3 тамыз декреттері бойынша шариғат соты жойылып, бірыңгай зиялы сот ісін жүргізу жүйесі тағайындалды.
13.08.1956 жылы Жаңа Дустур дәуірінің ең батыл әлеуметтік шарасы болып табылған, Азаматтық хал ахуал Кодексі қабылданды. Жаңа заңдар жеке және семьялық жүйені түп тамырымен өзгертті. Полигамияға (көп некелік) рұқсат берілмеді, азаматтық некеге тұруды ұйымдастыру, ажырасарда екі жақтың да "салмақ мөлшері" тең бөлуді енгізді. Ары қарайғы әйел эмансипациясының тағы бір қадамы, ол әйелдерге саяси құқық беру, оның ішінде сайлау және сайлану құқығы берілді. 1957 жылы 5 мамырда елдің тарихында бірінші рет әйелдер сайлауға катысты.
Сот істерін жүргізу реформаларымен қатар мұсылмандардың діни басшылығының мүліктік құқықтарын бірте-бірте қысқартуға бағытталған бірқатар шаралар іске асты. Діни институт аз-Зитуна және құрандық мектеп жүйесі Білім министрлігінің қарамағына берілді.
1956 жылы 11 мамырда үкімет қоғамдық хабустерді национализациалау
және секуляризациалау туралы декрет қабылдады, ал 18.06.1957 жылы
жекеменшік және завийлердің хабустерін секуляризациялау (қоғамның, жеке
адамның дін ықпалынан арылу, шіркеу меншіктерінің мемлекет меншігіне
аусуы) туралы декрет қабылданды. 1957-1958 жж. қауымдық жер меншігі
"аршты" жою ісі жүргізілді. Аграрлық аймақта үкімет бейлік әулеттінің жер меншігін және протекторат өкіметімен ауыз жаласқан коллаборационистердің жер және де басқа қозғалымсыздықтарын конфискеледі.
11.04.1958 жылы жекеменшік ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жердің көлемін 50-га мен шектеген Меджерда өзенінің төменгі ағысының далалы аймағында аграрлық реформа туралы заң қабылданды. Мұнымен бірге, үкімет европалық колонистердің жерлерін бірте-бірте сатып алу саясатын жүргізді. Осы реформа нәтижесінде босаған жерлердің бір бөлігі шаруаларға жалға берілсе, енді бірі мемлекет меншігінде қалды. Жаңа Дустур басшылары мен 1952-1954 жж. көтерілісшілер қозғалысының белсенділеріне "партиялық қызметі" үшін құнарлы жерлердің үлкен учаскелерін сыйға алды. Олардың көбі кейіннен аграрлық кәсіпкерлікпен айналысып кетті. Тунис үкіметінің Францияға экономикалық тәуелділіктен арылу өкіметтің басты мақсаты болды. Осы мақсатпен 1956-1959 жж. темір жолдар, ал 1961 жылы транспорттық компаниялар мен электроэнергияны өндіретін кәсіпорындар национализацияландырылды. Өндіруші кәсіпорындардың үстінен мемлекеттік бақылау жүргізіп отырды. 1959 жылы Тунис Франциямен кедендік одақтан шығады, ал одан бір жыл бұрын ұлттық валюта ретінде динар енгізілген еді.
Бұл әрекеттің барлығы да жекеменшік кәсіпкерліктің бостандығын жариялаған экономикалық либерализм саясатының аумағында болды. Өндірістің даму қарқынын жеделдетеді деген үмітпен негізгі назарды ұлттық жекеменшік капиталға аударды. Бұл үшін өкімет протекционистік шараларды іске асырды. 1959 жылы қыркүйекте тарифтау және техникалық қарым-қатынас туралы франко-тунистік конвенцияға қол қойылды және де Тунис территориясында Француздердің жекеменшікті сатып алуы туралы келісімге де қол қсйылды. Бірақ, өндіріс пен аграрлық аумактарға ұлттық капитал кірісі ойдағыдай болмады.
1957 жылы Француз капиталын сыртқа шығару 25 млрд. франкті құрап,
рекордтық деңгейге жетті. Бірақ, тунистік кәсіпкерлер өз капиталдарын
сауда мен қызмет көрсету аймақтарына салды.
Жаңа Дустур басшыларының Тунис шаруашылығын дамытудың әлеуметтік-экономикалық және юристік негізін дайындаған алғашқы декреттері бургибистік басшылар мен енді ғана құрылған кәсіпкерлер тобы арасындағы қарама-қайшылықты жоймады. X.Бургиба үкіметі экономикалық дамудың алғы шарттарын қамтамасыз етудегі ұйымдастырушылық міндетті өзіне алуға талпынды [2; 111-120].
Жаңа дустурлік режимнің нығаюы бейдің шексіз правосын шектеді. 1956 жылы 6 тамыз үкімет өздігімен бейдің атынан заң шығаруға рұқсат беретін декрет жарияланды. 22.07.1957 жылы Жаңа Дустурдың саяси бюросы Тунистегі монархияның жойылуы туралы шешім қабылдады. Хусейнидтік династияның соңғы бейі Сиди Ламин тақтан түсірілді. 25.07.1957 жылы ¥лттық құрылтай жиналысы салтанатты түрде Тунисті Республика деп жариялап, Хабиб Бургиба оның бірінші президенті болып тағайындалды.
1959 жылы 1 маусымда Тунисте республикалық сипаттағы өкіметті бекіткен, негізгі сяаси және азаматтық еркіндіктерді жариялаған, атқарушы және заң шығарушы өкіметтердің өзара қатынасының принциптерін тағайындаған Конституция халыққа жарияланды. Атқарушы өкімет билігі толықтай президентке беріле отырып, ол мемлекет пен үкіметтің басшысы болып сайланды. Өкіметтің жоғарғы заң шығарушы органы мен президентті жалпы, тікелей және жасырын сайлау жолымен 5 жылға тағайындаған Бірпалаталы Ұлттық жиын болды.
1959 жылы 2-5 наурызда Сусте Жаңа Дустурдің 4-ші съездінің шешімі бойынша орталықтанбаған 41 партияның федерациясы жойылып, олардың орнына жергілікті жүйе мен партияның орталық басқармасы арасындағы негізгі топ ретінде партия делегациалары енгізілді. Тунис қоғамының барлық топтары мен топтарына сіңе білген партия орталықтандырудың ұйымдастырушылық принціпін пайдалана отырып партиялардың ішінде кландар мен фракциялардың идеяларының таралуына төтеп беруіне мүмкіндігі болды және де мемлекеттік аппараттың көмегімен ұлттық кәсіпкерлердің түрлі топтары мен қала және ауылдардың орташа топтарының мүдделерін көрсете алды.
50 жылдары басында кәсіпшілер қозғалысы күрестің экономикалық түрін саяси түрмен белсенді түрде үйлестірді. Елде кәсіподақтың позициясының нығаюының нәтижесінде Дустур партиясы өзінің тұтас өкілдікке (единовластие) қолы жетпейтіндігін көріп, ¥М шеңберінде кәсіподақтармен одақтасуына мәжбүр болды. Бірақ, сол кезде Ахмет бен Салах басқарған ЖТЕО (ВСТТ) ұлттық дамудың Бургибаға тиімсіз жобасын ұсынды. Кәсіподақтар үкіметінің жекеменшік кәсіпкерліктерге қолдау көрсетіп отыратындығын сынға алды. Олар оның орнына мемлекеттің позициасын нығайтуды ұсынды, ең алдымен ауыл шаруашылығында жоспарлау принциптерін енгізуді сұрады. Ағылшындық лейборизм моделіне еліктеген Бен Салах кәсіподақтардың коллективті түрде партияға өтуін ұсынды. Бұл ұсыныстар бургибистердің жоспарына қайшы келді: олар Бен Салахтың кәсіподақтарды автономиялау талпынысына бірден қарсы шықты. 1956 жылы басында Жаңа Дустур басшылары ЖТЕО-ның бұқара халыққа саяси әсерін пайдаланды.
Олар мемлекетті басқару органдарының жүйесінде позициаларын нығайтты, сосын 1956 жылы күзде ВСТТ-ның жіктелуін арандатып, Бен Салахты алып тастады. 1957 жылы бургистердің көмегімен кәсіподақтың басына А. Тлили, X. Ашур топтары келді. Олар Бургиба мен Жаңа Дустурдың "таптық серіктестік" принципіне ант берген еді. Келесі жылдары үкімет елдегі кәсіподақтың барлық жұмысына өз бақылауын жүргізе алды.
1950 ж. аяғы - 1960ж. басында Тунистің сыртқы саясатындағы негізгі мәселе елдің ішіндегі шетелдік әскерді шығару болды. Шекаралық аудандарда тұрып тунистік үкіметтің сүйемелдеуінде болған алжирлік қашқындар мен Алжир ұлттық тәуелсіздік армиясының көтерілісшілерінде жиі-жиі әскери қақтығыстар болып тұрды. Тәуелсіздік алғаннан кейін Француз әскерлерін шығару туралы келіссөздер ұзақ уақыт бойы болымды нәтиже бермеді. Франция өз позициясын осы елде сақтап қалу үшін түрлі экономикалық бопсаларға барды, саяси және әскери басымшылық та көрсетті. 1958 жылы 8 ақпанда Тунистің шекаралық Сакиет-Сиди-Юсеф елді мекендерін бомбылады. Нәтижесінде 180 адамнан астамы жарақаттанды, қаза болды.
Елде француз әскерін жедел түрде эвакуациалау талабы күшейе түсті. 1958 жылы ақпанда Тунис үкіметі Б¥¥-ның Қауіпсіздік кеңесіне шағым айтты, елде болған француз әскерлерін қоршап алды. Францияда генерал де Голль өкіметі билікке келгеннен кейін 1958 жылы 17 сәуірде франко-тунистік келісім бекітілді. Келісім бойынша келесі 4 ай ішінде Тунистен 7 мың адамы бар француздік әскерлер шығарылды. Бірақ, Франция Жерорта теңізінің ауданында Солтүстік Атлантикалық Одақтың бекінісі болған Бизертадағы әскери теңіз базасын сақтап қалды.
"Бизерта үшін соғыс" X. Бургибаның колонияға қарсы негіздегі ұлттық бірлік сезімін мобилизациялау әрекеті болды. 1961 жылы 4 шілдеде Жаңа Дустурдің Саяси бюросы тұрғындарды Тунис жеріндегі "колониализм қалдықтарын " ығыстыруға шақырған коммюнике басып шығарды. Француз үкіметінің Бизертадағы әскери базасын алып кетуден бас тартудың нәтижесінде қарулы қақтығысқа әкеліп соқты. Тунис әскерлері мен еріктілер базаны қоршауға алды. 1961 жылы 19-22 шілдеде қантөгіс Ұрыс нәтижесінде тунистіктер көп шығынға ұшырап, шегінеді. Б¥¥ мүшелерінің (25 мемлекет) талабы бойынша Бизерта мәселесін 1961 жылы 21 тамызда Б¥¥-ның Бас Ассамблеясында қарастырып, Франция үкіметін осы келіспеушілікті бейбіт жолмен шешуге шақырады. 1961 жылы қазанда Келіссөздер басталып, Француз әкерлерін Бизертадан шығарумен 1963 жылы наурызда аяқталады.
1963 жылдан Бастап Тунисте қатаң авторитарлық режимнің қалыптасуы көбінесе өткен бес жылдықтың саяси және құқықтық актілерімен дайындалған еді. Бұрыштың басына орталықтанған партиялы-мемлекеттік жүйе құру мәселесі қойылған еді, экономикалық жағынан дамыған, тұрақты қоғам орнату мақсатымен.
1960 жылдын басында үкіметтің әлеуметтік-экономикалық саясатында бұрылыс болды. Төмендегілердің қысымы бойынша Бургиба жекеменшік кәсіпкерлікті колдау саясатынан бас тартуды жөн көрді. Бұл қадам 1950 жж. II-ші жартысында экономикалық либерализм шаруашылық дамудың жоспарланған қарқынын бере алмағандықтан да болды. 1961 жылды 1954 жылмен салыстырғанда ІЖО (ВВП) тек 14 процентке ғана көтерілді. Экономикада елеулі басым салмақ тиімсіз өндірістерге түсті, әлеуметтік қанағаттанбаушылық өсті. Сондықтан да, ел басшыларына, халықты қызықтыратындай ұрандары бар, мемлекеттің экономикасын басқару саясатына көшуі қажет болды.
1961 жылы Ахмет бен Салах жетекшілік еткен Мемлекеттік Жоспарлау және Қаражат секретариаты құрылды. 1960 жж. ортасына таяу Бургибаның қамқорлығын пайдаланып, алты министірлікті өз қол астында ұстады (экономика, жоспарлау, қаражат, өндіріс, ауыл шаруашылығы, ұлттық білім беру министірліктері). 1962 жылы 31 мамырда "Жоспарлы дамудың 10 жылдық келешегі (1962-197І жж.)" заңы қабылданды. Оның негізінде Мемлекеттік секретариаттың кепілдемесі жатты. Онжылдық жоспар шеңберінде 1962-1964 ж.ж. үш жылдық даму жоспарын іске асыру қарастырылды. Және де 1965-68 жж. мен 1968-71жж. төрт жылдық жоспарлар. Олар жеделдетілген жекешелендіру, шаруаларды бірлестіру, өнеркәсіп пен сауда да мемлекеттік секторды құруды көздеді.
1960 жылы аяғында өте кедей топтарды минималды табыспен қамтамасыз ету (жан басына 50 динардан), қорлану нормасын 26 процентке көтерумен бұларды шетел инвестициаларын мүмкіндігінше пайдаланбай қаржыландыру-дың ішкі қайнар көзінің арқасында мақсатқа жету жоспарланған еді [3; 33-35].
1962-1969 жылдары өнеркәсіпте өзгерістер болды: тунистік мөлшерлер бойынша ірі өнеркәсіптер салынды - Мензел Бургибада металлургиялық завод, Бизертада мұнайқорыту заводы, Сахельде бірқатар тоқыма өнеркәсіп-тері, машина жасау, химиялық өндірістер. Мемлекет бұл құрылысқа халық шаруашылығының 75 процент ақша қаражатын жұмсады. Өнеркәсіпте алдыңғы орынды, мемлекеттік және аралас өнеркәсіптен тұратын, қоғамдық сектор басты. Елдегі ішкі рынокты азық-түлікпен қамтамасыз ете алмайтын, агротехникалық деңгейі төмен көптеген шағын шаруашылықтардың санының көп болуы салдарынан үкімет аграрлық мәселені француз колонистерінің меншікті жерлерін тарату және де шаруашылықты жедел бірлестіру жолымен шешуге мәжбүр болды. 1964 жылы 12 мамырда президенттің шетелдіктердің жер иеліктерін национализациялау туралы декреті жарияланды (717 мың га.). Тунистің бұл әрекетіне Франция экономикалық көмекті тоқтату мен 1959 жылғы сауда-кедендік конвенцияны жоюмен жауап берді [4; 145-146].
Ұйымдастырылған мемлекеттік қор жерлерінде шаруашылықтың кооперативтік секторы құрылды. Өндірістік және коммерциялы - делдалдық кооперативтердің саны 1960 жылы 130-даы (23,9 мың. адам) 1968 жылы 967-ге (337,2 мың адам) өсті.
Өндіріс кооперативтерінің жері барлық егістік жерлерінің шамамен 4/1 бөлігін қамтыды. Ал 1969 жылдың бас кезінде 2/3. Мемлекеттің экономикалық шаралары әлеуметтік саладағы елеулі нәтижелермен көрінді. 1968 жылы ауыл шаруашылығындағы жұмысшылардың еңбек ақысы 26 процентке өсірілді. Халыққа медициналық қызмет көрсету сапасы жақсарды, сауықтыру мекемелерінің саны көбейді. Арзан үйлер құрылысы жедел қарқынмен жүрді. Әлеуметтік программаның он жылдық жоспарын жетілдіру нәтижесінде барлық балалардың тегін бастауыш білім алуы жүзеге асырылды. 1965 жылы мектепте оку және жоғарғы білім беру мүддесіне елдің мемлекет бюджетінен 25 проценттен жоғары қаражат жұмсалды [5; 233-234].
Бен Салахтың жасаған өзгерістерінің идеологиялық негізгі "дустур социализімінің" доктринасы болды, ол кейіннен "социалистік эксперимент" деп аталды. 1962 жылы 11 наурызда Жаңа Дустурдың Ұлттық Кеңесінің жиналысында Хабиб Бургиба оны ресми түрде баяндады. Бургиба партияның 4-ші съезінде өзінің социализм туралы түсінігін нақтылады. Ол европалық социал-демократтардың пікіріне өте ұқсас болды. Оның түсінігіндегі социа-лизм-мемлекеттің экономиканы тұрақтандыру тәртібіне ұксас және де кооперативтік қозғалыстарды түрлі әдістермен дамыту.
"Дустур социализімінің" доктринасы жекеменшіктің дербес праволылығын мойындады. Бургибаның бұл көзқарасы партиялы-мемлекеттік ақпарат құралдарынан тез арада үндестік тапты және де онымен Бен Салах пен солшыл радикалдардың реформаторлары және бірқатар кәсіподақ басшылары келісті. Осы съезде партияның программасы қабылданып, Жаңа Дустур деген аты Социалиспк Дустур Партиясы (СДП) деп өзгертілді.
1964 жылдан бастап партия мен жоғарғы әкімшілік кадрларын жаңарту процессі, өндірісте партия ошақтарын құру жедел қарқынмен жүрді. СДП-ның мүшелерінің жалпы саны 381 мың адам болды (елдің халқының 8,3 проценті).
1960 жылы "Дустур социализімі" ұраны бойынша экономиканы мемлекеттік тұрақтандыру мақсатымен кәсіподақтарға ынталы түрде адамдарды тартты. Осы мақсатпен 1964-1965 жж. кәсіподақтарды тазарту істері жүрді. ВСТТ бас секретарі болып СДП-ның саяси бюросының мүшесі Бешир Беллага тағайындалды [6; 100-102].
1960 жылдың аяғында СДП басшылары тұрақты өкімет институттары бар белгілі мөлшерде шоғырланған қоғам орнатты. Бургибистік мемлекет моделі - басқару әдісі өктем, полиция аппараты мен қаупсіздік органдарына сүйеніп, қоғамға партиялы-мемлекеттік басқару жүргізілді. Хабиб Бургиба халқының арасында ұлт-азаттық күрестің батыры ретінде талассыз беделі болды, ұлттық мемлекеттің негізін салушы лидер ретінде таныла отырып, ұлттық дамудың приоритеттерін Хабиб Бургибаның өзі тағайындады.
Өндіріс базасын құру, ауыл шаруашылық агротехникалық деңгейін жоғарылату, армияны жаңа кару-жарақтармен жабдықтау Тунисі үкіметін сырттан қаражат іздеуге мәжбүрледі. Шетелделрден жәрдемақы іздеу Тунистің ішіндегі қаражат мүмкіншілігінің шамалылығын, ұлттық жекеменшік капиталының әлсіздігін көрсетті және бір себебі франциямен қатынасы шиеленісіп, кей кездері Тунис товарларын өз базарларына өткізуде кедергілер көрсететін еді.
Өкімет институттары тұрақты бірыңғай саяси режимі, мемлекеттік тұрақтандырумен үйлескен қатыстық экономикалы режим АҚШ, ФРГ, Италия мен басқа да батыс инвесторларына өте тартымды болды.
1960 жылдың басында АҚШ Тунистің ең басты инвесторы болды. Оның үлесіне елдің алған кредитінің 50 проценті келді. Жалпы алғанда мемлекеттік жолмен алынған кредиттердің үлестері елдер бойынша былай болды: АКШ - 62 процент, 18 проценттен жоғарысы Батыс Европадан, 13 процент МБРР.
Тунистің батыспен қарым-қатынасын жөндеуде европалық социал-демократтар мен АФТ-КПП американдық кәсіподақтардың үлестері мол болды [7; 312-313].
Бургибаның араб мөселелеріне позициясы араб лидерлерінің Туниспен қарым-қатынастарына елеулі әсер етті. 1965 жылдың II айында Тунистің президенті мен ООП-нің лидері А. Шукейраның экстремизімін сынға алды. Және де Б¥¥-ның Палестинаны бөлу туралы резолюциясы негізі бойынша араб-израиль келіссөзіне шақырды. Египет және де басқа елдер Туниспен дипломатиялық қатынасын жойды. 1967 жылы алты күндік соғыс барысында оның араб әлемімен қарым-қатынасын тұрақты етті. Тунистің әскери жасақтары египеттік майданға жіберілді, бірақ уақытша бітім жариялануы нәтижесінде ешқандай әрекет жасамады. Содан кейін де, араб мемлекеттерінің басшылары Бургибаның Израильге шыдамдылық танытқаны үшін және араб-израиль диалогының жолын ұстанғандығы үшін оны сынға алды.
1969 жылы Бен Салахтың "социалистік экспериментін" Бургиба күшпен тоқтатып қойды. Бен Салах "экономиканы социализациялауды" жедел қарқынымен жүргізбек болды. Бен Салах пен оның үкіметтегі жақтастары өндірісті дамытуды жоғары шапшандықта іске асыру үшін 7-жыл ішінде реформалардың материалдық және қаржы базаларын күшейтуге мүмкіндіктері болмады. "Жеделдетілген бірлестіру" Бен Салахты формальді түрде қызметінен босатуға сылтау болды.
1965-1968 жж. арасында 900 мың га. (негізінен елдің солтүстігінде) кооперацияға бірлестірілді. Бұл реформа не саяси не материалды -техникалық жағынан қамтамасыздандырылмаған еді. Ірі ауылшаруашылық кәсіпкерлерін бірлестіру саясатына қарсы шыкты. Оған қарамастан, 1969 жылы Бургиба Бен Салахты бірлестіру саясатын жалғастыруға шақырды. 1969 жылы қаңтар-сәуір айларында 4 млн. га кооперацияға бірлестірілді [8; 3-4].
Шаруалардың бұл саясатқа наразылығын Бен Салахтың партиялар мен кәсіподақтардағы қарсыластары пайдаланды. Бен Салахка қарсы күресті басқарғандар: Хеди Нуира - көрнекті саяси функционер, СДП Саяси бюросының мүшесі, Тунистің орталық банкісінің председателі; Ахмед Местири - бұрын қорғаныс министірі және СДП-ның Саяси бюросының мүшесі болған. Бен Салахтың саяси бағытына наразылығының белгісі ретінде отставкаға кетеді; және Хабиб Ашур - партияның реабилитациясына кол жеткізіп, СДП-ға қайта кіреді. Бұл лидерлер белгілі бір саяси топтардың экономикалық мүдделерін көрсетті. Оларға президент сүйенді.
1969 жылы 25 тамызда екі мәжілісте - алдымен СДП-ның Саяси Бюросында, кейіннен Республика кеңесінде Бен Салахтың саясатын қатаң сынға алды. Ал өзі қуғынға ұшырады. 1969 жылы Бургиба үкіметі қайта құруды жүргізді, Бен Салахқа тек мемлекеттік ағартушылық қатынасының портфелін қалдырды. 1969 жылы 7 қарашада Министрлер кеңесі құрылып, оның премьері болып СДП-ның бас секретарі Бахи Ладгам сайланады.
Ахмет бен Салах пен оның жақтастарының жағдайы бірден нашарлады. 1969 жылы 2 қарашада кезекті президенттік және парламенттік сайлаулар өтті. Бургиба өз орнын сақтап қалды. Бен Салах жеткілікті дауыс ала алмады. 1969 жылы 9 қарашада Бен Салах СДП - дан шығарылды, содан кейін парламенттік мандатынан айрылып, сотқа тартылды да, 1970 жылы 10 жылға каторғалық жұмыс істеуге жіберілді.
1970 жылы Премьер министрдің орнына Тунистегі Орталық банктің директоры Хеди Нуира сайланды. 1974 жылы СДП -ның бас хатшысы және ресми түрде Бургибаның жолын қуушы болды. Ол экономикалық либерализм заманының архитекторы болды. Нуира қандай да болмасын жолмен экономиканы көтеруге бел байлап, дустур идеологиясының монополиялық әсері, бургибистік қоғамның партиялы – мемлекетінің авторитарлық моделін жақтады. Бургибаның жеке үстемдік етуі ішкі істер басқармасының наразылығын тудырды және 1971 жылдын қазанында СДП-ң 8 съезінде жоғар-ғы партиялық эшелонда дағдарыс туғызды. Съезде Ахмед Местири басшылығымен либерал оппозициясын ұстанушылар өздерін көрсетті. Олар интеллектуалды элиталардың, ірі мемлекеттік кәсіпорындардың және қалалық бұқараның ынта-ықыластарын білдірді. Бір партиялы жүйені мойындап, либерал оппозицияларды партия ішінде және профсоюздарды легализациалауды жақтады. Жаңа Орталық Комитетті (ОК) сайлауда олар көп дауыс жинап алды, саяси бюроның үстінен бақылау орнатуға оларға тек қана Бургибаның жеке араласуы ғана төтеп берді.
"Либералды оппозицияның" шабуылға шығуы бургибист партиялық ортодокстердің шұғыл түрде өз жағдайларын қатайтуға шаралар қабылдатты. Бастылар қайтадан өздерінің авторитарлық әдістерімен ықпал етті, көптеген саяси бөлім мүшелеріне отставкаға кетуге тура келді. Бұл жағдайда Бежи Наид Эссебси, Хабиб Буларес, Хасиб бен Аммар тап болды. Бургибаның жеке шешімімен А.Местири ОК құрамынан босатылып, партиядан шығарылды.
1977 жылы Тунис тұрғындарының 17 проценті жылына Ю.Одинардан кем кіріс алды. Бағалар өсіп жатты. Тунистік динар өзінің сатылу қабілетін
жоғалтып жатты. Ауыл тұрғындарының ішкі миграциясы өсті. Урбанизация-ланған орталықтарға бұрынғы шаруалар қоныстанып жартылай жұмыс істейтін және жұмыссыздар санын көбейтті [9; 141].
1970 жылы X.Ашур қайта басқарған кәсіподақ басшылығы "әлеуметтік серіктестік" принципін енгізуге талпынды. Соның артынша ТЕЖО (ВСТТ -1972 жылдан ВТОТ) лидерлері еңбекшілердің жалақысын индексоциялау мен алып-сатарлыққа қарсы күрес туралы талаптарымен келісе алмады.
1977 жылдың 10 айынан бастап Тунис жұмысшы стачкаларының толқулары астында қалды. 1977 жылы желтоқсан - 1978 жылдың қаңтар айларында Тунистегі ереуіл қозғалыстары шарықтау шегіне жетті. Осындай қалыптасқан жағдайда не істейміз деген сауалға басшылар жауап таппады. Басқарушы топтар екіге бөлінді: бірі оппозициялық күштерге жоғарғы дәрежедегі "қатаңдықтарды" пайдалануды ұсынса, ал екіншісі "ұстамдылық" танытып, бейбіт диалог жасау керек деген бағытты ұсынады. Бұл екі көзқарас әсіресе ¥лттық жиналыста қатты көрінді. "Қатаңдықты" ұстанғандар жағында Хеди Нуира, қорғаныс министрі Абдалла Фархат және СДП-ның директоры Мухаммед Сайяхтар болды. 1977 жылы 23 желтоқсанда "Қатаң" бағытты ұстанғандардың жеңіске жету нәтижесінде ішкі істер министрі Тахар Бельходжа отставкаға кетті. Үш күн өткеннен соң оған ынтымақтастық белгісі ретінде үкіметтің 5 мүшесі отставкаға берді: Абдельазиз Ласрам (экономика министрі), Хабиб Шатти (сыртқы істер министрі), Монго Коали (денсаулық сақтау министрі), Монсеф Бельхадж Амор (парламентпен байланыс министрі), Ахмед Беннур (ұлттық қауіпсіздік мәселесінің мемлекеттік хатшысы). Хабиб Бургиба мемлекеттегі екінші адамның қатаң көзқарасын қолдады. Нуира бұл жолда армия мен СДП басшыларынан қолдау тапты [10; 28-29].
60-жылдың аяғында Тунис университетінде алғашында Құранды қорғау ассоциациясы шеңберінде құрылған мұсылмандық қозғалыс пайда болды. Бірте-бірте қозғалыстың мәдени-ағартушылық қызметі айқын саяси лозунгілері бар радикалистер бағытымен алмастырылды. 70-жылдың аяғында Ирандағы исламистік революциямен сусындаған олар фундаменталистік мықты және орталықтандырылған саяси-діни жүйеге айналды. Исламдық бағыттағы қозғалыс "ДИН" атын алған фундаменталистік саяси ұйым, 80-жылдың ортасынан Тунисте "Аи-Нахда" деп аталды.
Фундаменталистерді ығыстырып, оларды студенттер мен шаруалар арасында әсерін әлсірету мақсатымен, 1980 жылы 29 қыркүйекте Тунистердің ұлы муфтиі Мұхаммед Хабиб Бельходжаның басшылығымен Мұсылмандық идеология мен дін мәселелері бойынша Комитет құрылады. 1978 жылы 26 қаңтар оқиғасынан кейін үкімет басында "қатаң" бағытты ұстанғандар өз орындарынан түсірілді: барлық қызметінен қауіпсіздік министрі СДП казначейі А.Фархат түсірілді, партияның директоры М.Сайяхты болмашы министерствоның басшысы етіп ауыстырды.
Бірақ, СДП-ның Х-съездінде (1979 жылы 6-9 қыркүйекте) Тунистің лидерлері плюрализмді енгізу әлі ерте деп тапты. Бірпартиялы өкіметті сақтай отырып, олар бірқатар нәрселерге жол берді. 1979 жылы 4 қыркүйекте Ұлттық жиынның кезекті сайлауы болды.
Сайлауда бір ауыздан СДП-ға дауыс берді. Дустур режимінің тұрақтылығына Тунистегі тау-кен өндірісінің орталығы - Гафсадағы оқиға тағы бір дәлел болды. 1980 жылы 26 қаңтар "каралы бейсенбінің" екінші жылдығында Триполидан самолетпен қарулы әскер келіп, казарма және ұлттық гвардияның постына шабуыл жасады. Олар ливиялық лагерьдегі тунистіктер болатын. Бұл атыстар 27 қаңтардың азанына дейін созылды. Армия мен полиция оны басып тастады да, қала бақылауға алынды. Тунистің ресми адамдары бұл әрекет ливиялық лидер Муаммар Каддафидің ісі деп мәлімдеді. Ливиямен дипломатиялық қатынастар үзілді. Бірақ, Ливия оған өз қатыстығын мойындамады [11; 15].
Достарыңызбен бөлісу: |