2. Бағдарламасы 2.1 Кіріспе «Ішкі аурулар негіздері» медицинаның негізін қалаушы пән. «Жалпы медицина» мамандығының 4-ші курсында «Ішкі аурулар негіздері» пәнінің профилдік маңызы бар.
Осы пәнді оқытудың негізгі мақсаты – студенттерге айғақтық медицина принциптері тұрғысынан анағұрлым кең тараған аурулардың диагностикасын және емін үйрету.
Ішкі аурулар негіздері оқытудың квалификациялық талаптарға сәйкес келетін - кең тараған аурулардың сипатты көріністерін анықтау, алдын-алу сұрақтары бойынша және халықтың денсаулығын нығайту мәселесінде кәсіби сауатты медицина бакалаврын дайындауда үлкен маңызға ие.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің медицина мамандықтарының түлектерін оқытудың соңғы нәтижелеріне сәйкес оқу курсы келесі құзіреттіліктердің дамуына бағытталған.